Компьютерлерді интеллектендіру принципі. 3 страница

А.Шопенгауэр дәулетті саудагер семьясында дүниеге келді. Өзінің өмірінде коммерция, медицина, кейін философиямен шұғылданды. Ол Берлин университетінде приват-доцент болып орналасқан соң, әйгілі Гегельмен бақталастырды. Шопенгауэр Гегельдің сабақ кестесін қарай отырып, сол уақытқа өз сабағын қояды. Әрине, студенттер дәрісті Гегельден тыңдады. Осының салдарынан ол оқытушылықты тастап, философиямен өз бетінше шұғылданды. Тірі кезінде танылмай, атаусыз қалса да, өлген соң кенеттен аты әйгілі болды.

Ол өзінің «Дүние ерік пен елес ретінде» атты еңбегінде Канттың көзқарасын жалғастырды. Шопенгауэрдің пікірінше: «Дүниеде негіз де, ақыл–ой да жоқ, тек қана «ерік» бар. «Еріктің» мәні кең, оны адамның жаны емес, табиғаттағы, қоғамдағы «ұмытылыс» деп санайды. Мысалы, жануарлар дүниесіндегі «ұмтылыс» өмірін сақтап қалу талабы, физикалық дүниеде «өзіне тарту - тартылыс» бар, ал қоғамда мемлекеттің, нәсілдің, халықтың және адамдардың «еркі» бар - ол өмір сүру. Бұл ерік көмескі болғандықтан, ақыл-ой да, мақсаты да жоқ, яғни иррационалды.

«Ерік» ─ дүниедегі барлық процестер мен құбылыстарды негізсіз және себепсіз тудырады. Адам деңгейінде «ерік» шектен тыс сезім күйі – ашу-ызадан уақытша естен тану, мансапқорлық, кекшілдік, жыныстық ұмтылыс, сүйіспеншілік, делебесінің қозуы, қобалжу түрінде болады. Егер дүниенің негізі «ерік» ақылсыз болса, онда дүниеде де ақыл жоқ. Ғылым - дүние құбылыстарын ақыл-ой заңдарымен негіздеуге ұмтылып, әрдайым тұйыққа тірелді. Техниканың дамуы, адамға жақсылық емес, зиян келтіреді.

Шопенгауэрдің адам тағдырына, бостандығына, қажеттілігіне, бақытына байланысты көзқарасы түңілушілік (пессимистік) сипатта болды. Өмірдің мәні - дүниенің қайғы екенін түсіну. Ол адамның қоғам заңын және дүниені танудағы әлсіздігі мен үмітсіздігін алға тартты. Моральдық прогресті, бақытты және ақылға сиятын мемлекет құру мүмкіндігін жоққа шығарды. Бұл идеялар ХІХ-ХХ ғасырларда экзистенциализм философиясының қалыптасуына алып келді.

Фридрих Ницше (1844-1900 ж.) қазіргі батыс философиясындағы «Өмір философиясы» тұжырымдамасының негізін салушының бірі, оның әсерімен адам және оның өмірі мәселелері терең зерттеле басталды. Ф. Ницше философиясының мақсаты ─ адамға өмірінің мәнін іске асыруына, қоршаған ортаға бейімделеуіне көмектесу. Өмір - философияның өзегі, дүниетанушы субъектіге берілген фактілерді түсіндірудің бір қыры. Нақты адам үшін жалғыз ақиқат - «ерік». Ол өмірдің бастауы және қоршаған ортаға қатынасы болады.

Алғашқы кезде Ницше Шопенгауэрдің тұжырымдамасын қолдап, оны философияның негізгі мәселесі етіп «ерікті» қойды, кейіннен Ницше классикалық философияның категориялары - материя мен рухтың орнына, «билікке жету еркін» қойып, Шопенгауэрден де алшақтайды. Ницше өмірдің мәнін анықтай отырып, оны «билікке жету еркі» - деп есептеді. «Билікке жету еркі» - бұл қоғамдағы өмірдің негізгі мотиві, ол адам табиғатының өмір сүру негізінде бар. Еркектің әйелге, ақсақалдардың жастарға билігі, т. б.

Әдептілік мәселесінде Ницше ниглист (барлық тұрақталған құндылықтарды жоққа шығараып, жаңа позитивтілерді ұсынады). Ол өз заманының мәдениеті төмендеп, ыдырап бара жатыр, мораль оны іштей ірітуде деп есептеген. Христиандық діндегі әдептілік қағиданы, ол моральдың құлы ретінде көрсетті. Сондықтан құндылықты қайта бағалау мәселелерін көтерді. Біздің заманда «Құдай өлді» - деп Ницше жар салды, жаңа дәуірге жаңа құндылық жүйесін алып келді. Жаңа адам – «Асқан адам» (сверхчеловек), ол өзін қоғамнан, құқық және адамгершілік қағидаларынан жоғары қоятын адам. Ол – жылпос, сұмпайы, алаяқ. Тек «Асқан адам» өмір сүруге құқылы, әлсіз, кемтарлар өле берсін - бұл әділдік Адамды сүюдің алғашқы өсиеті осы және олардың өлуіне көмектесу де керек.

Ницшенің «Асқан адамы» «жақсылық пен зұлымдықтан» жоғары тұрады, ол ешқандай моральдық, әдептілік қағидаларымен байланысты емес. Ницше моральдың екі түрін: мырза мен құлды көрсетті. Тек «Асқан адам» жаратылысынан аристократ, бәрінен мүлде бос. Ол батыр да немесе Бетховен, Наполеон, Шопенгауэр, Гете секілді Ұлы адам да емес. Бұл адамның жаңа тұқымы, ол бұдан бұрын дүниеде болмаған. «Асқан адам» бір ұлттан пайда болмайды. Ол адамзат дамуының жемісі, алдымен еуропалықтардан шығады. Бұл жаңа каста адамзаттың келешек мәдениеті мен моралін өзгертеді. Олар халық үшін ескінің орына, жаңа миф жасайды.

Ницшенің пікірінше: адам моральдан, ең алдымен оның рационалдық бастамасынан туған ұжымдық элементтерден арылуы керек. Ницше не жақсы? деген сұраққа: - адамның билікке деген ұмтылысы, өз билігін нығайтуы, - деп жауап береді. Не жаман? деген сұраққа - адамның әлсіздігі, - дүниеде шындық бар ма? деген сұраққа - шындық та, әділдік те жоқ – дейді.

Бізді бағындыратын қолында күші болса, онда ол адамның істегенінің бәрі шын. Ницше еркі жоғары, қолынан іс келетін адамға табынуды уағыздайды. Осы ілім кейін Гитлер өкіметінің мемлекеттік идеологиясымен, философиясына айналды: өкіметті басқару үшін дана болудың қажеті жоқ, тек ерік пен күш болса болды. Ницше ұраны - «қорқынышты өмір сүр». Ницше әдептілікті релятивтік түрде түсінді, әлсіздерге не жақын болса, күштілерге сол жаман болады деді.

97.Кездейсоқтық және компьютерлер.

Қажеттілік және кездейсоқтық - материалды әлемнің объективті болмыстарының екі түрін бейнелейтін философиялық категориялар. Қажеттілік пен кездейсоқтық – диалектикалық материализмнің негізгі категорияларының бірі жұбы.

Қажеттілік – құбылыстардың ішкі мәнінен туатын байланыс. Ол – заң, заңдылық, тәртіп ұғымдарымен біртектес. Қажеттілікке тұрақтылық тән, қажетті құбылыс белгілі бір жағдайда болмай қоймайды. Кездейсоқтық – заттар мен құбылыстардың тікелей мәнінен тумайтын сыртқы байланысын белгілейтін ұғым. Кездейсоқ нәрсенің болуы да, болмауы да мүмкін. Оған белгісіздік, құбылмалық тұрақсыздық тән. Философия тарихында қажеттілік пен кездейсоқтық мәселесін алғаш қойғандар – Ежелгі грек атомистері Левкипп пен Демокрит. Олар қажеттілік пен кездейсоқтықты өзара қатынаста қарасытрады. Демокрит ілімі бойынша бос кеңістікке қозғалатын атомдар болмыстың ішкі мәнін құрайды.

Диалектикалық материализмнің Қажеттілік пен кездейсоқтық туралы ілімі объективтік дүниенің заңдылықтарын танып-білуге сілтейді. Ф.Энгельс айтқандай қажетті байланыс жоқ болса, ғылым до болмас еді (Маркс К. И Энгельс Ф., Соч., т.20, с.533). Бұдан ғылым кездейсоқтықты ескермейді, кездейсоқтықтың танымдық маңызы жоқ деген ұғым тумаса керек. Ғылымға, танымға қажеттілік қандай маңызды, мәнді болса, оның нақтылы көрінісі болатын кездейсоқтық та сондай маңызды, сондай мәнді. Қажеттілік пен кездейсоқтық та диалектиканың басқа категорияларымен субординациялық байланыста болады. Диалектикалық материализмнің детерменизм принципі бойынша статистикалық заңда Қажеттілік пен кездейсоқтықтың бірлігі айқын көрінеді: кездейсоқтық тобын бөліп-жарып қажеттілік, заңдылық, белгілі бір тәртіптілік байқалады. Қазіргі буржуазия философияда қажеттілік пен кездейсоқтық объективтік мәні жоққа шығарылады, оларды метафизика түсіну басым. Мысалы, неопозитивизм объективтік қажеттілік жоқ, қажеттіліктің тек логикалық мәні бар дейді, тек кездейсоқтық мойындалады. Бұл – неопозитивизмнің жалпылықты жоққа шығарып, жекелікті абсолютендіру теориялық рөлін кемітіп, эмпиризмді уағыдауының салдары.

Компьютер (ағылш. computer — «есептегіш»), ЭЕМ (электрондық есептеуіш машина) — есептеулерді жүргізуге, және ақпаратты алдын ала белгіленген алгоритм бойынша қабылдау, қайта өңдеу, сақтау және нәтиже шығару үшін арналған машина. Компьютер дәуірінің бастапқы кезеңдерінде компьютердің негізгі қызметі — есептеу деп саналатын. Қазіргі кезде олардың негізгі қызметі — басқару болып табылады.

«Компьютер» сөзі ағылшын тілінен аударғанда есептеуіш, емептеуге арналған құрылғы дегенді білдіреді. Компьютерлер есептеу операцияларының қатарларын адамның қатысуынсыз, алдын ала көрсетілген нұсқаулық – бағдарлама бойынша жүргізуге мүмкіндік береді. Есептеуіш техниканың қазіргі тарихының негізі 1943 жылы «Марк-1» машинасының дүниеге келуінен бастап қаланды. Компьютерлердің алдыңғы буындары шамдық есептеуіш машиналар болатын, олардың орнын транзисторлы электронды есептеуіш машиналар (ЭЕМ), содан кейін – интегралды сызбалар пайдаланылатын электронды есептеуіш машиналар және ең ақырында, қазіргі таңда аса үлкен интеграциялық деңгейлі сызбалар пайдаланылатын ЭЕМ басты.

Негізгі принциптері: Өзінің алдына қойылған тапсырманы орындау үшін компьютер механикалық бөліктердің орын ауыстырылуын, электрондардың, фотондардың, кванттық бөлшектердің ағынын немесе басқа да жақсы зерттелген физикалық құбылыс әсерлерін қолданады. Көбімізге компьютерлердің ең көп таралған түрі — дербес компьютер жақсы таныс.

98.Материя - философиялық категория ретінде. (В.И. Лениннің «Материализм және эмпириокритицизм» кітабы бойынша). Қазіргі ғылым материя құрылымы мен қасиеттері туралы.

Материя - кеңiстiк пен уақытта өмiр сүрiп, қозғалыста болатын, сарқылмас көп қасиеттерi бар алуан түрлi объектiлер мен системалардың сансыз көп жиынтығы.

В.И.Ленин метерияның диалектикалық-материалистiк анықтамасың бердi: “Материя дегенiмiз- адамға оның түйсiктерi арқылы мәлiм болатын, бiздiң түйсiктерiмiзге тәуелсiз түрде бар бола отырып, сол түйсiктерiмiз арқылы көшiрмесi алыналатын, суретi түсiрiлетiн, бейнесiжасалатын, объективтiк реалдықты белгiлеу үшiн қолданылатын философиялық категория” (“Материализм және эмпириокритицизм”, ш.т.ж.18т.138б.).

Материя- дүниенi адамның санасынан тыс, әрi тәуелсiз объективтi шындық деп қарайтын дүниетанымның түп қазығы, мән мағынасы болып табылатын, және сана арқылы бейнеленетiн әмбебап категория.

Бұл анықтамада материяның негiзгiбелгiлерi айқын көрсетiледi: 1) материя адам санасына тәуелсiз өмiр сүредi; 2) ол адам санасында бейнеленедi; 3) материя санаға қарағанда бiрiншi, бастапқы екендiгiн бiлдiредi; 4) материалдық дүниенi танып бiлуге болатындығын көрсетедi.

Материя категориясы абстракция, өйткенi“таза” өмiр суретiн материя жоқ. Ол әрқашанда белгiлi ұйымдасқан материалдық жүйе

Материя мәнгi, шексiз, жасанды емес, кеңiстiк пен уақытта үнемi қозғалыста болады. (Спиноза- материя өзi өзiнiң себебi). Бұл қасиеттерiнiң бәрi материядан ажырамас бiрлiкте- атрибуттар. Олардаң басқа тағы, модустар бар- материяның жеке түрлерiнiң әр түрлiкүйлерi мен құрылымдық даму деңгейлерi (жылу өтiмдiлiгi, электрөтiмдiлiгi, тектiлiк т.б.).

Астрономияда, космологияда және физикада Ғаламның “үлкен жарылыс” арқылы пайда болғаны туралы гипотеза бар (18 млрд. жыл бұрын ваакумде жарылыс болды, ол элементарлы бөлшектердiң, олар атомдар мен молекулалардың, макробөлшектер мен макроденелер, жұлдыздар, планеталар, органикалық денелерт.б. тiрi организмдердiн пайда болуына әкелдi).

Философияда дүние жайында бiр неше түсiнiктер бар:

* монистiк концепция: а) материалистiк (Маркс, Ленин); в) рухани субстанцияны мойындайтың- абсолютты идея (Гегель), билiкке ұмтылған жiгер (Ницше), өмiрге деген құштарлық (Швейцер), субъектiнiң экзистенциясы (Бердяев), құдай өлшеуш және өлшейтiн күш ретiнде (Маритен) т.б.* дуалистiк концепция: екi субстанцияны мойындау- қашықтықта созылатың материя және ойлай алатың рух (Декарт).

* плюралистiк концепция: көп бастамаларды мойындау- жер, от, су, ауа, заттардың тамыры (Эмпедокл); бейорганикалық, органикалық, жанды, рухани болмыстар деңгейлер (Гартман).

3. Қозғалыс-м атерияның ең маңызды, жалпыға ортақ атрибуты, оның өмiр сурү тәсiлi. Дүниеде қозғалыссыз материяның болмайтыны сияқты, материясыз қозғалыстың болуы да мүмкiн емес.

Қозғалыс- материяның өмiр сүру тәсiлi, сондықтан ол да материя сияқты мәңгi, жасанды емес және жойылмайды, сытқы себептер арқылы тумайды, тек бiр формадаң басқасына ауысып отырады, өзi-өзiнiң себебi бола отырып.

Пiкiр: Бәрi де өзгередi, бәрiде ағады. Гераклид

Қозғалыс- үздiксiз орын ауыстыру болып табылады. Т.Гоббс

Әр күн бiр жаңалық тудыратыны, қандай ғажап. Г.Рейхенбах

4. Кеңiстiк пен уақыт материяның ажырамас қасиеттерi, атрибуттары; өмiр сүру формалары. әлемде қозғалыстағы материя ғана бар дедiк, ендеше ол қозғалыс кеңiстiкте және уақытта ғана iске асады, өзiн айқындайды, мәнге ие болады.

Дүниенiңқұрылымдық қасиеттерiн, материалдық объектiлердiң және жүйелердiң, оларды құрайтын бөлшектердiң аумағын, басқа заттардың, денелердiң, құбылыстар мен процесстердiң арасындағы алатын орынын, олардың өзара орналасуы мен байланысын кеңiстiк ұғымы сипаттайды. Басқаша айтқанда, кеңiстiк дегенiмiз- қозғалушы материяның объективтi түрде өмiр сүруiнiң формасы, ол заттардың бiр-бiрi мен қатар және бөлек өмiр сүруiн, олардың тұрқын, олардың бiр-бiрне қатысты алғандағы орналасу тәртiбiн бiлдiредi.

Кеңiстiктiң осы жалпы қасиеттерiнен басқа да жеке, спецификалық қасиеттерi де бар: симметрия және ассиметрия, олардың формалары ман көлемi, элементтер мен жүйелердiн арасындағы қашықтық, олардың шекаралары т.б.

Осы заманғы ғыл. түсінік бойынша М-ның маңызды қасиеттері:

· сақталу мен өзгеру (қозғалыс),

· үздіктілік пен үздіксіздік,

· кеңістік пен уақыт.

Бұл қасиеттер объективті дүниеде бірімен-бірі ажырамас диалект. бірлікте болады. Материалдық дүниедегі объектілердің ішкі құрылымы тәртіпке келіп реттелген элементтерден түзілген жүйелер болып келді. М-ның біртұтастығы оның әмбебап қасиеттерінен айқын көрінеді. Ол қасиеттерге жататындар: М-ның жаңадан пайда болмайтындығы мен жойылмайтындығы, уақыт өлшемінде мәңгі өмір сүретіндігі, кеңістіктегі шексіздігі, құрылымының алуан түрлілігі. А.Қалибасұлы.

99.«Алаш» партиясының бағдарламасы. Алаш Орда үкіметінің кұрылуы. (Ә. Бөкейханов, X. Досмухамедов, М. Шокаев және т.б.). Алаш ордашылардың Қоғамдық өмірдің әлеуметтік — саяси формалары. Демократия, либерализм, анархия.

«Алаш» партиясы (1917—1920) — 1917 ж. Ақпан төңкерісінен соң Ресей конституциялы демократиялық партиясының қазақ мүше тобынан құрылған. Төрағасы —Әлихан Бөкейханов. Әлихан Бөкейханов көшбасшы болған Қазақ интелегенциясының алдында ұлттық территориялық қазақ мемлекетін құру міндеті тұрды. Бұл қасиетті борышты іске асырушы күрескелердің қатарында Алаштың көрнекті жетекшілері А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Шоқаев, М.Тынышбаев, Ж. Досмұхамедов, Х.Досмұхамедов, Ә.Ермеков, Ж.Ақбаев, Х.Ғаббасовтар тұрды. Бұлардың көпшілігі Петербург, Москва, Варшава, Қазан, Орынбор мен Том жоғары оқу орындарын бітіріп шыққан аса білімді, біртуар адамдар еді. Алаш көсемдерінің 1917 жылы Алашорда үкіметін жариялап, тәуелсіз қазақ мемлекетін құру үшін күрескен жолы аяқсыз қаламағанына барлығымыз куәміз. Кеңестік тарихнамада Алашорда үкіметінің көсемдерінің өмір жолын зерттеуге тиым салынды, зерттеле қалған күнде тарихи шындықтан алшақтатылып, бұрмаланып жазылды. Зерттеушілер олардың қызметіне «буржуазияшыл – ұлтшыл», «халық жауы»- деген баға берді.

Алашорда үкіметінің 1917-1919 жылдардағы қоғамдық-саяси қызметіне қарап, бүгінгі күнде біздер ХХ-ғасыр басындағы халқымыздың сын сағаттағы тарихын біліп, көптеген мәселелерді анықтауға мүмкіндігіміз бар.

Қазақ ұлтының санасын ояту жолында тәуекел еткен нар тұлғалар Ә.Бөкейханов, М.Дулатов, А.Байтұрсынов, Б.Қаратаев, Ә.Ермеков және басқа зиялылардың нақты іс-әрекеттері қазақ халқының болашағын ойлағандықтан туған еді. Алашорда үкіметінің қоғамдық саяси қызметіне Кеңес дәуірінде мүлде басқаша көзқараспен қарады. Бұл үкімет халыққа жат тек ескілікті көксеген кертартпа байлардың ғана үкіметі деп жазылып келеді. Алаш үкіметінің мемлекеттік жобасы, оның партиялық бағдарламасы қазақ халқының өркениетті даму жолына бастайтыны большевиктер тарапынан мойындалған жоқ.

Алашорда үкіметі деп аталатын бұл қозғалыстың өкілдері өздерінің қажырлы іс-әрекетінің арқасында ХХ-ғасыр басындағы қазақ халқының ұлттық-территориялық Алашорда үкіметін құрды. Алаш қайраткерлерінің прогрессивті мемлекет құруына большевиктер мүлдем келіскен жоқ. Бір жақта солақай саясат жүргізген кеңестік тарихнама Алаш интелегенциясының тарихи роліне байланысты, оң тұжырым жасағысы келген жоқ. Кеңестік идеологтар үшін қазақ қоғамының ішінде орта ғасырлық мешеуліктен прогрес жолына алып шығатын әлеуметтік күш болған емес, бұл тарихи миссия орыс пролетариаты мен большевиктер партиясы үлесіне тиді – деген тұжырымға келетін еді. Азамат соғысы жылдарында 1918-1920 жылдары Алашорда үкіметі Кеңес үкіметіне қарсы жау күштермен одақтас болды. Нәтижесінде, азамат соғысында жеңіске жеткен Кеңес өкіметі Алаш пен Алашорданы Қазақстанның қоғамдық саяси өмірінен алдау мен арбау әдістерін, қару жұмсап күштеу жолында қолданып, оларды тарихи сахнадан кетірді. Алашорда үкіметі 1917-1919 жылдар аралығында өмір сүреді. Бұл 2 жыл Алаш пен Алашорда үкіметі көсемдері үшін олардың соңынан ерген қазақ халқы үшін қастерлі де қасіретті жол еді. Қастерлісі 1917-1919 жылдары бір мезгілде қазақ халқының ұлттық-территориялық тәуелсіз мемлекеті қалыпына келгендей болды. 1917-1919 жылдары Алашорда үкіметі құрылып, қазақ халқының бір тұтас ұлттық-территориялық мемлекет болып аз да болса өмір сүрген тарихи уақыты болып саналады.

Алаш партиясы бағдарламасының тарихи маңызы зор екенін біз осы күні көріп отырмыз. Алаш бағдарламасы 1917 жылы большивиктер жеңіске жеткен Қазан төңкерісінен кейін жарияланды. Бұл кезде халықты алдап-арбап жеңіске жеткен большевиктер 1917 жылы қарашаның 2-ісінде бүкілроссия халықтарына оның ішінде «Шығыстың барлық мұсылман халықтарына үндеу» жариялайды. Үндеуде езілген ұлттарға өзін-өзі билеу құқығы беріледі деп елді алдады. Алаш басшылары осыған дейін Қазақстанның ең басты, ең өзекті мәселелерін шеше алмаған Уақытша үкіметке сенуден қалса, енді оның орнына келіп, жоғарыда аталған проблемаларды таптық принциптер негізінде шешуге уәде еткен Совет үкіметіне сенімсіздікпен қарады.

Петроградта революция жеңіске жетіп, Қазақстанда Совет үкіметін орнату процесі жүріп жатқан кезде «Қазақ» газетінің 1917 жылғы қарашаның 21-інде 251 санында Алаш партиясы бағдарламасының жобасы жарияланды.

Бірінші жалпы қазақ съезінің шешімдеріне сәйкес Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, Елдес Ғұмаров, Е. Тұрмұхамедов, Ғ.Жүндібаев, Ғазымбек Бірімжанов дайындаған партия бағдарламасының жобасы он баптан тұрады. Олардың ең маңыздылары мыналар:

І. Мемлекеттік қалпы. Россия демократическая, федеративная республика болу.

ІІ. Жергілікті бостандық. Қазақ жүрген облыстардың бәрі байланып, өз тізгіні өзінде болып, Россия федерациясының бір ағзасы болу.

ІІІ. Негізгі. Құқық. Россия республикасында дінге, қанға қарамай, еркек-әйел демей адам баласы тең болу.

IV. Дін ісі. Дін ісі мемлекет ісінен бөлек болады. Дін біткенге тең құқық. Дін жоюға ерік.

V. Билік және сот. Әр жұртқа билік пен сот тұрмыс ыңғайына қарай болуы.

VI. Ел қорғау. Ел қорғау үшін әскер осы күнгі түрде ұсталмауы тиіс. Әскерлік жасына жеткен жастар жерінде үйретіліп, жерінде қызмет ету керек. Әскер табына бөлгенде туысқан табына қарай бөлу. Әскерлік міндеттерін қазақ атты милиция түрінде атқару.

VII. Салық мәселесі. Салық мал-ауқат, табысқа қарай, байға-байша, кедейге-кедейше әділ жолмен таратылуы керек.

VIII.Жұмысшылар. Жұмысшылар закон панасында болуы керек. Қазақ жерінде завод-фабрика аз, сондықтан қазақтың жұмысшылары да аз. Алаш партиясы жұмысшылар турасында социал демократтардың меньшевик табының бағдарламасын жақтайды.

IX.Ғылым-білім үйрету

X. Жер мәселесі.

Демократия – халық билігін,заңдылықты мойындап, азаматтардың теңдігін, құқықтары мен бостандықтарын қадірлеуге негізделген мемлекеттік органдардың сайланып қойылуын және олардың жұмысы халықтың бақылауында болуын, сайлау құқығы бәріне тең болуын, адамдардың экономикалық және саяси қорғалуын, шешім қабылдағанда азшылықтың көпшілікке бағынуын, сонымен қатар азшылықтың да пікірі еске алынуын және т.б. қалайтын қоғамның саяси және экономикалық құрылыс түрі. Бұл – тарихи ұғым.

Адамзат тарихының даму кезеңдеріне сай оның принциптері өзгеріп, байып отырады.

Либерализм –

1)жеке адамның саяси және экономикалық құқықтарын мақұлдап, мемлекеттің экономикаға араласуын шектеуге тырысатын ілім, саяси бағыт;

2)бірқатар елдерде орта топтың мүддесін қорғайтын либералдық партиялар.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: