Антропометрия

Антропометрия - науқас денесі мен жеке мүшелерін өлшеу арқылы адамның жетілуін анықтау. Аурухана бөлімшелеріндегі, емханалардағы, шипажайлардағы, демалыс үйлеріндегі мейірбикелер де қарапайым антропометриялық зерттеулер жүргізеді. Мейірбике сырқаттың бойын және көкірек шеңберін өлшейді.

Арнайы аспаппен сырқаттың бойын өлшеу. Аспаптың тік тіреуі сантиметрлік бөліктері бар алаңшаға бекітілген. Тіркеудің бойымен көлденең орналасқан тақтайша қозғалады. Бойын өлшегенде сырқат тіркеуішке өкшесін, бөксесін, жауырынын, желкесін тигізіп арқа жағымен тұрады. Құлақ қалқанының жоғарғы ұшы мен көз сызығының ұшы бір горизонтал сызықтың бойында болатындай етіп басын ұстау қажет: тақтайшаны басына түсіріп, оның төменгі бөлуінің көрсеткішін санайды. Кейбір жағдайда сырқат бойын отырғызып қойып өлшейді, мұнда алынған санға отырғыштан еденге дейінгі қашықтықты қосады.

Салмағын өлшеу дұрыс орнатылған, жақсы реттелген медициналық таразыда өлшейді. Аш қарынға іш киіммен, дәрет сындырғаннан кейін өлшену ұсынылады. Ауыр науқастарды алдын ала орындық салмағын анықтаған соң, отырғызып өлшейді. Таразыға аурудың асықпай көтерілгені абзал.

Көкірек қуысының шеңберін сантиметрлік лентаны алдынан ІV қабырғаның бойымен, ал сырт жағынан жауырынның ұшына сала отырып өлшейді. Сырқат қолдарын түсіріп, бір қалыпты дем шығарып тұруы тиіс. Өлшеу дем шығару және өте терең дем алу кезінде жүргізіледі.

Динамометрия. Динамометрия деп бұлшық ет күшін өлшеу әдісін айтады. Оны арнайы динамометр деп аталатын аспаптың көмегімен жүргізеді. Динамометрді қолмен қысқанда аспап ішіндегі тіл шкала бойынша жылжып, қысуға қатысатын бұлшық еттің күшін көрсетеді. Динамометрияның көмегімен дененің түрлі бұлшық еттерінің күшін өлшеуге мүмкіндік болады.

Термометрия. Әрбір науқасқа д ене температурасын өлшеуді жүргізу қажет. Бұл науқаста қызбаның бар – жоғын анықтауға мүмкіндік береді. Дене температурасының пайда болуы ағзаның инфекцияға жауап реакциясы ретінде қаралады.

Спирометрия. Спирометр өкпе сыйымдылығын анықтайтын құрал. Оны қолдану үшін терең дем алып спирометрдің ұшын ерінмен жинап қысып үрлейміз. Әйел адамдар мен ерлердің және спортшылардың өз ерекшеліктері болады.

Мейірбике антропометриялық өлшеуден соң сырқатты дәрігердің тексеруі кезінде де қатысады, консультант шақырады, ЭКГ мен басқа да диагноз қоюға арналған жедел зерттеулерге көмектеседі, содан кейін сырқаттарды санитарлық жуып-шаюға арналған жерге дейін апарады.

СЫРҚАТТЫ САНИТАРЛЫҚ ЖУЫП – ШАЮ

Науқастарды педикулезге қарау қажет. Бас пен киімнен шыққан биттер түрлі қауіпті жұқпалы аурулардың тасымалдаушылары болып есептеледі. Санитарлық жуып шаю бөлмесінде науқастың шашын тексереді. Егер бит немесе сірке табылса, ауруды шешіндірместен кушеткаға отырғызып, қолда бар ерітінділердің бірімен тазалайды, яғни дезинсекция (жұқпалы аурулардың қоздырғыштарын тасымалдайтын зиянды жәндіктерді жою) жүргізіледі.

Карбофостың 0,15% сулы – эмульсиялы ерітіндісімен тазалау

Дайындау керек:

0,15% карбофос ерітіндісі, клеенка орамал, мата орамал, жылы су, 6% асханалық сірке суы, майда тарақ, арнайы қап.

Іс- әрекеттер:

1. Орамалды байлап, халат пен биялай киіңіз.

2. Науқасты кушеткаға отырғызып, шашына 0,15% карбофос ерітіндісін

жағыңыз.

3. Клеенка орамалмен, сонан соң сыртынан мата орамалмен ораңыз.

4. 15-20 минуттан кейін жылы сумен жуыңыз, содан кейін 6% асханалық

сірке суымен шайыңыз.

5. Шашын майда тарақпен тараңыз.

6. Науқастың киімін зарарсыздандыру камерасына өткізу үшін қапқа

салыңыз.

7. Медициналық картаның мұқаба бетінің оң жақ бұрышына педикулез

табылған туралы «Р» деген белгі қойыңыз.

8. Науқаспен байланыста болған заттар мен жабдықтарды да жоғарыда

аталған дезинсекциялық ерітіндімен тазалаңыз.

9. Мейірбикенің орамалын, халатын, биялайын, қапқа салып,

зарарсыздандыру камерасына өткізіңіз.

10. Ф-058 «Жұқпалы ауру туралы жедел хабарламаны» қағазын толтырып,

жергілікті санитарлық эпидемиологиялық станцияға жіберіңіз.

Ескерту!

Карбофос ерітіндісін, жүкті әйелдер мен 5 жасқа дейінгі балаларға қолдануға болмайды.

Осы ерітінділерді қолданған кезде көздің, мұрынның, ауыз қуысының кілегей қабаттарына шашырамаудың алдын алу керек. Шашыраған сәтте ағынды сумен жуу керек.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: