Кіріспе. Мамандыққа кіріспе - «Фармация» мамандығының қалыптасқан кезеңінен қазіргі күндерге дейінгі даму

Мамандыққа кіріспе - «Фармация» мамандығының қалыптасқан кезеңінен қазіргі күндерге дейінгі даму этаптарын, мамандықтың зерттейтін мәселелерін, дәріхана ұйымдарының жұмысын ұйымдастыруды және болашақтағы мамандықтықтың даму мүмкіндіктерін қарастырады.

Қазіргі кезеңдегі фармацияның дамуының ерекшелігі отандық экономиканың нарықтық қатынастарға өтуімен, меншік формаларының өзгеруімен және капиталистік экономика жағдайында фармацевтикалық нарықтың жұмыс істеуінің нормативті-құқықтық базасын жасаумен байланысты.

Әрбір адамның денсаулығы, бүкіл халықтың денсаулығын құраушы ретінде, тек оның толық бағалы өмір сүруін ғана емес, сонымен бірге оның мүмкіндіктерінің потенциалын анықтайтын факторға айналды. Медициналық көмек көрсетудің жетімділігін, қз уақытында болуын, сапасын қамтамасыз етуге бағытталған бірыңғай дамыған, әлеуметтік бағытталған жүйе болып табылатын денсаулық сақтау саласы республикадағы негізгі приоритеттердің бірі болып табылады. Қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасында нарықтық экономика жағдайларына бейімдеу үшін фармацевтикалық саланы қайта құру процесі басталды. Қазақстан Республикасының «Халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексін жүзеге асыру үшін дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысын реттейтін нормативті құқықтық актілер жасалды. Мемлекеттік қолдау іс-шаралары номенклатура мен өндіріс көлемінің жыл сайын отандық өндірушілердің сапалы фармацевтикалық өнімдерімен қамтамасыз етіп отыруға бағытталған.

2.2 Пәннің мақсаты:

Студенттерде фармацияның заманауи даму этапында медициналық және фармацевтикалық көмекті ұйымдастырудың негізгі принциптерін білу үшін қажетті теориялық білімдерді, практикалық дағдыларды қалыптастыру.

Мамандықтың қалыптасуын, денсаулық сақтау жүйесіндегі «Фармация» мамандығының алатын орнын және оған тигізетін әсерін, халыққа негізгі дәрілік көмекті көрсететін дәріхана ұйымдарының түрлері мен олардың жұмысын ұйымдастыру принциптерін зерттеу.

Дәрілік заттар айналысы сферасындағы көтерме сауда кәсіпорындары және дәріханалық мекемелердің, соның ішінде дәрілік заттарды көтерме және бөлшек саудада босату, дәрілік заттарды дайындау қызметтерінің заңдылықтарын түсіндіру.

2.3 Пәнді оқытудың міндеттері:

Студенттерде:

-тұрғындарға медициналық және фармацевтикалық көмек көрсетудің негізгі принциптері туралы

білім қалыптастыру;

- фармацевтикалық қызметті нормативті-құқықтық қамтамасыз ету туралы көзқарасты

қалыптастыру;

- тұрғындарға медициналық және фармацевтикалық көмек көрсетуді ұйымдастыру жүйесі туралы

білім қалыптастыру;

- медициналық және фармацевтикалық қызметкерлердің міндеттері, құқығы, жауапкершілігі

туралы жүйелі білім және дағды қалыптастыру

- дәрілік заттардың айналым сферасындағы азаматтардың құқы және міндеттері бойынша білімді

беру.

2.4 Пәнді оқытудың қорытынды нәтижелері:

Студенттерде білім қалыптастыру керек:

· фармацевтикалық ұйымдар жүзеге асыратын қызметтің жалпы заңдылықтарын;

· фармация мамандығының қарастыратын мәселелерін;

· фармацияның денсаулық сақтау жүйесіндегі ролі мен алатын орнын;

· фармация саласындағы жетістіктерді;

· дәріхана ұйымдарының номенклатурасын және түрлерін;

· дәріхана ұйымдарындағы қызмет түрлерін;

· дәріхана ұйымдарындағы жүргізілетін құжаттарды.

· фармацевтикалық ұйымдар жүзеге асыратын қызметтің жалпы заңдылықтарын;

· дәрілік заттардың айналымының негізгі принциптерін.

· тұрғындарға көрсетілетін медициналық және фармацевтикалық көмекті ұйымдастырудың ұйымдастыру-құқықтық, заңды және әдістемелік негіздерін;

· ҚР фармацевтикалық қызметінің негізгі нормативті-құқықтық құжаттарын;

· тұрғындарға медициналық және фармацевтикалық көмекті ұйымдастыру жүйесін;

· дәрілік заттардың айналым сферасындағы азаматтардың құқы мен міндеттерін.

Студенттерде практикалық дағды қалыптастыру керек:

· мамандық ретіндегі фармацияның негізгі міндеттерін анықтауды;

· әрбір кезеңдегі фармация саласындағы жетістіктерін ашуды;

· халыққа фармацевтикалық қызметті көрсетудегі негізгі функциясын анықтауды;

· денсаулық сақтау жүйесіндегі ролін анықтай білуді;

· дәріхана ұйымдарының түрлерін анықтауды;

· дәріхана ұйымдарындағы қызметкерлердің міндеттерін анықтауды;

· фармацевтикалық нарық қызметінің негізгі принциптерін анықтауды;

· фармацевтикалық көтерме және бөлшек ұйымдардың қызметінің негізгі белгілерін анықтауды;

· дәріхана ұйымының өндірістік қызметінің функцияларын тұжырымдауды.

Студенттерде келесі коммуникативтік дағды қалыптастыру керек:

· дәріхана ұйымдарының қызметкерлеріне қойылатын талаптарды анықтау бойынша;

· фармацевтикалық нарықты дифференциялауды;

· фармацевтикалық бөлшек және көтерме кәсіпорындардың қызметін дифференциялауды.

Студенттерде келесі құқықтық дағды қалыптастыру керек:

· определить обязанности персоналов аптечных организации;

· Работа в команде и владение лидерскими качествами;

· фармацевтикалық қызмет бойынша нормативті құжаттарды пайдалануды;

· фармацевтикалық қызметті нормативті-құқықтық қамтамасыз етуді негіздеуді;

· дәріхана ұйымдарында құжаттарды жүргізуді (құжатайналымын).

Студенттерде келесі өзін- өзі жетілдіру дағдысын қалыптастыру керек:

· Өздігінен ақпараттармен танысу (оқулық, анықтамалық әдебиет, нормативтік құжаттар, ғылыми әдебиет, интернет-ресурстар);

· СӨЖ-дің күрделі түрлерін орындау: көп сатылы кроссвордтар құрастыру, тесттер құрастыру.

2.5 Пәннің пререквизиттері:неорганикалық және аналитикалық химия, «Фармацияны ұйымдастыру және экономикасы» пәні бойынша оқу-таныстыру практикасы..

2.6 Пәннің постреквизиттері: Фармация тарихы, фармацевтикалық қызметті ұйымдастыру негіздері, медициналық және фармацевтикалық тауартану, фамрмацияның ұйымдастырылуы және экономикасы, фармацевтикалық химия, дәрілік қалыптар технологиясы, фармакогнозия.

2.7 ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТАРДЫҢ, ОЖСӨЖ ЖӘНЕ СӨЖ ТАҚЫРЫПТЫҚ


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: