Алматы, 2012 ж

ТАҚЫРЫП: ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ НОРМАТИВТІ-ҚҰҚЫҚТЫҚ

ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

МАҚСАТЫ: Студент білуі керек:

· медициналық және фармацевтикалық қызметтің норматвиті-құқықтық қамтамасыз етілуін;

· азаматтардың денсаулығын қорғау сферасындағы қатынастарды мемлекеттік реттеу тәртібін;

· ҚР фармацевтикалық қызметті реттеу тәртібін.

Орындай білуі керек:

· азаматтардың денсаулығын қорғау облысындағы мемлекеттік саясаттың негізгі принциптерін анықтауды;

· азаматтардың денсаулығын қорғау облысындағы басқарудың әртүрлі деңгейінің компетенттілігін жіктеуді;

· денсаулықты сақтау және бекіту сферасындағы азаматтардың құқы мен міндеттерін анықтауды.

ӨТКІЗУ ФОРМАСЫ:

Тапсырмаларды орындау, кіші топтадағы жұмыс, жұптасып жұмыс істеу, оқытушымен бірге тақырып сұрақтарын талқылау.

ТАҚЫРЫП БОЙЫНША ТАПСЫРМА

1 есеп. Азаматтардың денсаулығын қорғау облысындағы мемлекеттік саясат принсиптерін жазбаша көрсетіңдер.

2 есеп. Азаматтардың денсаулығын қорғауды ұйымдамтырудың схемасын құрыңдар.

3 есеп. Азаматтардың денсаулығын қорғау сферасындағы қатынастарды мемлекеттік реттеуді схема түрінде көрсетіңдер:

· азаматтардың денсаулығын қорғау облысындағы ҚР Ұкіметінің компетенциясы;

· азаматтардың денсаулығын қорғау облысындағы өкілетті оргадардың компетенциясы;

· азаматтардың денсаулығын қорғау облысындағы жергілікті (облыс, қала және т.б.) мемлекеттік басқару органдарының компетенциясы;

4 есеп. Денсаулығвын сақтау және бекіту бойынша азаматтардың міндеттерін схема түрінде көрсетіңдер.

5 есеп. Қоршаған ортаға қауіп төндіретін аурумен ауыратын азаматтардың міндеттерін жазбаша көрсетіңдер.

6 есеп. Дәрілік қамтамасыз етудің мемлекеттік кепіл жүйесінің 4 деңгейін схема түрінде көрсетіңдер.

ТАРАТУ МАТЕРИАЛЫ

Фармацевтикалық қызметті нормативті-құқықтық қамтамасыз ету

ХХІ ғасырда біздің еліміздің алдында тұрған стратегиялық міндеттер, адамдардың денсаулығын барлық бағытта (физикалық, рухани және әлеуметтік) қолдауды және бекітуді талап етеді. Қазақстан халқының денсаулығы еліміздің ұлттық қауіпсіздігінің негізгі факторы және ұлттың жақсы болуының негізі ретінде қарастырылады. Осыны түсіне отырып, мемлекет азаматтарға денсаулықты қорғау облысында сәйкес құқықтар мен кепілдерді ұсына отырып ұлт денсаулығының белгілі бір деңгейін қолдау бойынша міндеттерді өзіне алады.

ҚР-да дәрілік қамтамасыз етудің мемлекеттік кепіл жүйесінің төрт деңгейі қарастырылған.

Бірінші деңгейінде халыққа жедел медициналық көмекті көрсету үшін ҚР Үкіметінің жанынан шектелген номенклатурадағы дәрілік заттардың оперативті аймақтық қорын құру қамтамасыз етіледі. Бұл резервтер Денсаулық сақтау министрлігінің және денсаулық сақтау мен фармацевтикалық қызметті басқару органдарының құзырында болады.

Екінші деңгейінде денсаулық сақтаудың дәрімен қамтамасыз етудің ұлтық жүйесі арқылы халықтың белгілі бір категорияларына дәрілік заттарды тұтынудың әлеуметтік стандарттарына сәйкес тегін дәрілік көмекті алуға кепілдік етеді.

Үшінші деңгейінде денсаулық сақтаудың дәрімен қамтамасыз етудің аймақтық жүйелері арқылы дәрілік заттарды тұтынудың аймақтық әлеуметтік стандарттарына сәйкес тегін көмек алатын азаматтардың категорияларын қамтамасыз ету қарастырылған.

Алғашқы үш деңгейді қаржыландыру аймақтық бюджет есебінен жүргізіледі.

Төртінші деңгейі компенсациялық механизмді енгізу арқылы жүзеге асырылады, ол мемлекеттік және аймақтық әлеуметтік стандарттардан тыс алынған дәрілік заттар үшін халыққа қосымша төлемді қарастырады. Бұл деңгейді қаржыландыру ерікті медициналық сақтандыру есебінен және азаматтардың жеке қаржылары есебінен жүргізіледі.

Ұзаққа созылған тарихи даму нәтижесінде денсаулықты сақтау облысында халықаралық нормалар жасалды. Қазіргі кезде әрбір дамыған мемлекет құжаттарды қабылдау кезінде әлемдік қоғамдастықтың жетістігіне бағыт түзеуі керек.

Адам құқын анықтайтын негізгі халықаралық құжат – бұл 1948 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясымен қабылданған адам құқының жалпыға бірдей декларациясы. Осы құжаттың 25 статьясында, әрбір адам өзінің және отбасының жағдайын және денсаулығын қолдауға қажетті өмірлік деңгейге құқы бар деп жазылған.

Азаматтардың денсаулығын қорғау туралы ҚР заңдылығының конституциялық негіздері. 1995 жылы күшіне енген ҚР конституциясының арнайы статьясында азаматтың денсаулығын қорғауға және медициналық көмекке құқы бекітілген. Мемлекеттік денсаулық мекемелерінде азаматтарға медициналық көмек сәйкес бюджеттің, сақтандыру жарналарының, басқа да түсімдердің есебінен тегін көрсетілетін конституция тұрғысынан белгіленген.

Конституциялық кепілдерді жүзеге асыру үшін ҚР Үкіметі ҚР азаматтарын тегін медициналық көмекпен қамтамасыз етудің мемлекеттік кепіл бағдарламасын жасады. Бағдарлама шеңберінде бюджет қаржысы есебінен (жедел көмек, әлеуметтік маңызы бар науқастарға медициналық көмек, мысалы, психиатриялық, онкологиялық және де медициналық көмектің қымбат тұратын түрі), сонымен бірге міндетті медициналық сақтандыру есебінен ҚР азаматтарына көрсетілетін медициналық көмек түрлері мен көлемі белгіленген. Тегін медициналық көмек белгіленген көлем мен норматив шегінде көрсетіледі, яғни әртүрлі аурулар мен дәрігерлік араласуларға диагностикалық зерттеулер мен емдік шаралар анықталған. Осы нормадан асып кететіндердің барлығы азаматтардың жеке қаржысынан немесе ерікті медициналық сақтандыру есебінен төленуі керек.

ҚР Конституциясының 29 бабында ерекше көрсетілген, ҚР тұрғындарының денсаулығын сақтау және бекіту үшін республикалық бағдарламалар қаржыландырылады (мысалы, қант диабеті және туберкулез аруларымен күрес, аналар мен балаларды қолдау), денсаулық сақтаудың жеке және мемлекеттік жүйесін дамыту бойынша шаралар қабылданады, адамның денсаулығын бекітуге, дене шынықтыру мен спортты дамытуға, экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық жайлы жағдай жасауға мүмкіндік жасайтын қызмет түрлері ынталандырылады. Бұл құжаттың преамбуласында азаматтардың денсаулығына деген мемлекеттің қатынасы құрылатын негізгі қағидалар мазмұндалған:

· азаматтардың денсаулығын қорғау қоғам өмірінің ажырамас бөлігі ретінде танылған;

· азаматтардың денсаулығын сақтау және бекіту үшін мемлекеттің жауапкершілігі бекітілген;

· денсаулықты сақтау саласындағы адамдар мен азаматтардың құқы мен еркіндік приоритеттері бекітілген.

Азаматтардың денсаулығын қорғау туралы заңдылық клесі міндеттерді шешеді:

· азаматтардың денсаулығын қорғау мәселелері бойынша жергілікті өзін-өзі басқару және мемлекеттік өкімет органдарының жауапркешілігі мен компетенттілігін анықтау;

· азаматтардың денсаулығын қорғау саласындағы құқықтық реттеу, меншік формасына тәуелсіз барлық ұйымдардың, сонымен бірге денсаулық сақтаудың мемлекеттік, муниципальды және жеке жүйелерін;

· денсаулық сақтау саласындағы азаматтардың, тұрғындадың жеке топтарының құқықтарын анықтау және оларлың сақталуына кепілді белгілеу;

· медициналық және фармацевтикалық қызметкерлердің жауапкершілігін, кәсіби құқықтары мен міндеттерін анықтау және олардың әлеуметтік қорғалуына кепілді белгілуе.

Арнайы статьяда азаматтардың денсаулығын қорғаудың негізгі принциптері алғаш рет тұжырымдалып берілді:

· денсаулық сақтау саласындағы азаматтардың құқының сақталуы және осы құқықтармен байланысты мемлекеттік кепілімен қамтамасыз ету;

· азаматтардың денсаулығын қорғау саласында прифлактикалық шаралардың приоритеті;

· медициналық-әлеуметтік көмектің жеткілікті болуы;

· денсаулығын жоғалтқан жағдайда азаматтардың әлеуметтік қорғалуы;

· денсаулық сақтау саласында азаматтардың құқының қамтамасыз етілуіне мемлекеттік өкімет және басқару органдарының, меншік формасына тәуелсіз осы саладағы ұйымдардың, қызметтегі тұлғалардың жауапкершілігі.

Медициналық және фармацевтикалық қызметкерлердің негізгі құқықтарына жатады:

· еңбекті қорғау талаптарына сәйкес қызмет шарттарымен қамтамасыз ету;

· еңбек келісімі (контракт) бойынша жұмыс істеу, соның ішінде шетелде;

· өзінің кәсіби ары мен намысын қорғау;

· қол жеткізген теориялық және практикалық дайындық деңгейіне сәйкес біліктілік категорияларын алу;

· кәсіби білімдерін жетілдіру;

· кәсіби міндеттерін салақ орындауымен байланысты емес, азаматтардың денсаулығына зиян келтірген кәсіби қателіктерін сақтандыру.

Қазақстан Республикасының 07.07.2006 ж. №170-ІІІ (Азаматтардың денсаулығын қорғау туралы» заңы

Бұл заң Қазақстан Республикасының азаматтарының денсаулығын қорғау саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, азаматтардың денсаулығын қорғауға конституциялық құқықтарын жүзеге асыруда мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың қатысуын реттейді.

3 статья. Азаматтардың денсаулығын қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі принциптері.

4 статья. Азаматтардың денсаулығын қорғауды ұйымдастыру.

18 статья. Денсаулығын қорғау және бекітудегіә азаматтардың міндеттері.

19 статья. Қоршаған ортаға қауіп төндіретін аурумен ауыратын азаматтардың міндеттері.

20 статья. Шетелдік азаматтардың және азаматтығы жоқ тұлғалардың денсаулығын қорғаудағы міндеттері мен құқықтары.

37 статья. Азаматтардың денсаулығын қорғау туралы Қазақстан Республикасының заңдылығын бұзғаны үшін жауапкершілік.

Медициналық және фармацевтикалық қызметті реттеу

Реттеуді арнайы мемлекеттік органдар жүзеге асырады. Фармацевтикалық қызметтің құықытық негізін құрудағы маңызды оқиға 2004 жылы «Дәрілік заттар туралы» заңды қабылдау болды. Дәрілік зататрдың айналыс сферасында қолданылатын негізгі түсініктер заңды түрде алғаш рет бекітиілді.

«Дәрілік заттар туралы» заңның құрылымы

Бөлімі Статья
І Жалпы қағидалар 1-3
ІІ Дәрілік заттардың айналыс сферасындағы қатынастарды мемлекеттік реттеу 4-14
ІІІ Дәрілік заттардың айналыс сферасындағы азаматтардың құқы мен міндеттері 15-16
ІV Дәрілік заттарды жасау, зерттеу және (немесе) сынау 17-21
V Дәрілік заттарды қолдану, айналысы 22-32
Қорытынды қағидалар 33-34

Фармацевтикалық қызмет – бұл дәрілік заттарды дайындаудан, оларды көтерме және бөлшек саудада босатудан тұратын, дәрілік заттардың айналыс сферасындағы көтерме сауда кәсіпорындары мен дәріханалық ұйымдар жүзеге аcыратын қызмет.

Дәрілік заттардың айналысымен байланысты негізгі қызмет түрлері:

· дәрілік затты жасау;

· зерттеу;

· өндіру;

· дайындау;

· мемлекеттік тіркеу;

· стандарттау және бақылау;

· буып-түю;

· таңбалау;

· сақтау;

· жарнамалау;

· тасымалдау,

· сату;

· тұтыну;

· жою.

Медициналық және фармацевтикалық көмек саласындағы әртүрлі қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін қоғамның әлеуметтік және экономикалық өмірінің барлық сфераларында қолданылатын бірқатар заңдар мен нормативті-құқықтық актілер қолданылады, мысалы, «Тұтынушылардың құқын қорғау туралы», «Қызметтің барлық түрін лицензиялау», «Жарнама туралы» заңдар.

Медициналық және фармацевтикалы қызметті ҚР Үкіметінің қаулылары, ҚР Президентінің жарлықтары, денсаулық сақтау және қаржы министрліктерінің бұйрықтары, инструкциялары, қағидалары.

Можно сказать, что любой вид деятельности в любой аптечной организации (аптеке, аптечном пункте, аптечном складе) осуществляется в соответствии с определенными регламентами. Например, организация работы строится на документах, определяющих порядок лицензирования фармацевтической деятельности, правила работы аптечных организаций, соблюдение санитарного режима и др. Для исполнения фармацевтической деятельности разработаны документы, определяющие порядок сертификации продукции, перечень товаров аптечного ассортимента, порядок проведения фармацевтической экспертизы и отпуска лекарств из аптеки, организации хранения лекарственных средств, проведения внутриаптечного контроля качества ЛС и др.

Қызметтің экономикалық аспектілері баға түзу процесін реттейтін, бухгалтерлік есепті жүргізетін, қаржылық-экономикалық талдауды жүргізетін құжаттардың негізінде жүзеге асырылады.

ӘДЕБИЕТ

Негізгі:

1. Лоскутова Е.Е. Управление и экономика фармации. Фармацевтическая деятельность. Организация и регулирование. – Москва: ACADEMIA, 2003.

2. Багирова В.Л. Управление и экономика фармации. – Москва: Медицина, 2004.

3. Закон Республики Казахстан от 07.07.06 № 170-III «Об охране здоровья граждан»

4. Закон Республики Казахстан от 13.01.04 № 523-II «О лекарственных средствах»

Қосымша:

5. Сборник законодательных и нормативных актов по фармацевтической деятельности (второе издание). – Алматы, 2006.

СҰРАҚТАР БОЙЫНША БАҚЫЛАУ

Вариант 1

1. Перечислить уровни системы государственных гарантий лекарственного обеспечения.

2. Дать определение понятию «биологически активные вещества».

Вариант 2

1. Конституционные основы законодательства РК об охране здоровья граждан.

2. Дать определение понятию «гомеопатические лекарственные средства».

Вариант 3

1. Дать определение понятию «биоэквивалентность».

2. Перечислить объекты фармацевтической деятельности.

Вариант 4

1. Дать определение понятию «классификация лекарственных средств».

2. Перечислить разделы «Закона о лекарственных средствах» (от 13.01.04).

Вариант 5

1. Основные принципы охраны здоровья граждан.

2. Дать определение понятию «Государственный реестр».

Вариант 6

1. Дать определение понятию «балк-продукт».

2. Перечислить основные виды деятельности, связанные с обращением лекарственных средств.

Вариант 7

1. Дать определение понятию «качество лекарственных средств».

2. Обязанности граждан по сохранению и укреплению здоровья.

Вариант 8

1. Дать определение понятию «экспертиза лекарственных средств».

2. Обязанности граждан с заболеваниями, представляющими опасность для окружающих.

ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ БОЙЫНША БАҚЫЛАУ

1 вариант

1. ҚР азаматтарына тегін берілетін медициналық көмектің түрлері:

а) жедел жәрдем

б) әлеуметтік маңызы бар ауруларға

в) психиатриялық аурулар кезінде

г) онкологиялық аурулар кезінде

д) пневмонияда

2. Дәрілік қамтамасыз етудің мемлекеттік кепіл жүйесінің деңгейлері:

а) ҚР Үкіметінің жанындағы

б) денсаулық сақтаудағы дәрімен қамтамасыз етудің ұлттық жүйесі

в) денсаулық сақтаудағы дәрімен қамтамасыз етудің аймақтық жүйесі

г) компенсациялық механизмді енгізу арқылы

д) ЕАҰ жүйесі арқылы

3. Дәрілік заттардың айналымымен байланысты қызметтің түрлері:

а) жасау

б) зерттеу

в) өндіру

г) мәдени өсіру

д) дайындау

4. «Дәрілік заттар туралы» ҚР Заңының негізгі бөлімдері:

а) дәрілік заттарды жасау, зерттеу және (немесе) сынау

б) Қорытынды қағида

в) Негізгі (өмірлік маңызы бар) дәрілік заттар

г) Фармакологиялық зат

д) Парафармацевтиктер

5. Денсаулықты сақтау – бұл келесі іс-шаралардың жиынтығы:

а) саяси

б) мәдени

в) экономикалық

г) медициналық

д) әлеуметтік

2 вариант

1. Фармацевтикалық қызметпен айналысуға кімдердің құқы бар:

а) орта фармацевтикалық білімі барлардың

б) орта медициналық білімі барлардың

в) жоғары фармацевтикалық білімі барлардың

г) орта мектепті бітіргендердің

д) педагогикалық институтты бітіргендердің

2. Азаматтардың рұқсатынсыз медициналық көмек кімдерге көрсетіледі:

а) есін білмей жатқандарға

б) төңірегіндегілерге қауіп төндіретін аурумен ауыратындарға

в) психикалық бұзылулардың ауыр түрімен ауыратындарға

г) психикалық аурумен ауыратын және қоғамға қауіпті іс жасағандарға

д) суық тиіп ауыратындарға

3. Мемлекеттік уәкілетті орган реттеуді жүзеге асырады:

а) азаматтардың денсаулығын сақтау саласында

б) медициналық және фармацевтикалық ғылым саласында

а) медициналық және фармацевтикалық білім саласында

г) дәрілік заттар айналымында

д) аурудың пайда болу заңдылықтарын реттеуде

4. «Дәрілік заттар туралы» ҚР Заңының негізгі бөлімдері:

а) Фармацевтикалық тексеру

б) Жалпы қағидалар

в) Дәрілік заттардың айналым саласындағы қатынастарды мемлекеттік реттеу

г) дәрілік заттардың айналым саласындағы азматтардың құқы мен міндеттері

д) дәрілік заттардың айналымы

5. Дәрілік заттардың айналымы – бұл.

а) дәрілік заттарды сақтау

б) дәрілік заттарды тізімнен шығару

в) дәрілік заттарды жарнамалау

г) дәрілік заттарды тасымалдау

д) дәрілік заттарды сату

3 вариант

1. Фармацевтикалық және медициналық қызметкерлердің негізгі құқықтары:

а) еңбекті қорғау талаптарына сәйкес қызмет жағдайларымен қамтамасыз ету

б) өзінің кәсіби ар-ожданын және намысын қорғау

в) біліктілік категориясын алу

г) кәсіби білімін жетілдіру

д) кәсіби құпияны сақтау

2. Туберкулезбен (жегімен) ауыратындар міндетті түрде:

а) медициналық байқаудан өту керек

б) емделу керек

в) жұқпалы формасында міндетті түрде госпитализациялануы керек

г) қажетті дәрілік заттармен қамтамасыз етілу керек

д) курортта емделу керек

3. Денсаулық – келесі жағдайлардың жақсы болуы:

а) физикалық

б) психикалық

в) рухани

г) қаржылық

д) отбасылық

4. Дәрілік заттардың айналымына келесі қызмет түрлері кіреді:

а) мемлекеттік тіркеу

б) стандарттау және сапасын бақылау

в) балк-өнім

г) буып-түю

д) таңбалау

5. «Дәрілік заттар туралы» ҚР Заңында қолданылатын түсініктер:

а) дәрілік заттарды бөлшек саудада сату

б) дәрілік заттардың сертификациясы

в) дәрілік заттардың өндірісі

г) дәрілік заттарды жою

д) дәрілік заттардың жіктелуі

4 вариант

1. Туберкулезбен (жегімен) ауыратындар міндетті түрде:

а) медициналық байқаудан өту керек

б) емделу керек

в) жұқпалы формасында міндетті түрде госпитализациялануы керек

г) қажетті дәрілік заттармен қамтамасыз етілу керек

д) курортта емделу керек

2. Денсаулық – келесі жағдайлардың жақсы болуы:

а) физикалық

б) психикалық

в) рухани

г) қаржылық

д) отбасылық

3. ҚР азаматтарына тегін берілетін медициналық көмектің түрлері:

а) жедел жәрдем

б) әлеуметтік маңызы бар ауруларға

в) психиатриялық аурулар кезінде

г) онкологиялық аурулар кезінде

д) пневмонияда

4. «Дәрілік заттар туралы» ҚР Заңының негізгі бөлімдері:

а) Фармацевтикалық тексеру

б) Жалпы қағидалар

в) Дәрілік заттардың айналым саласындағы қатынастарды мемлекеттік реттеу

г) дәрілік заттардың айналым саласындағы азматтардың құқы мен міндеттері

д) дәрілік заттардың айналымы

5. Дәрілік заттардың айналымы – бұл.

а) дәрілік заттарды сақтау

б) дәрілік заттарды тізімнен шығару

в) дәрілік заттарды жарнамалау

г) дәрілік заттарды тасымалдау

д) дәрілік заттарды сату


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: