double arrow

Сот ісі

Соттау құқығы ханның, билер мен рубасыларының қолында болады.

Істі шешкені үшін билер мен арада жүргізушілерге өтелетін есенің оннан бір бөлігі берілуге тиіс.

Айыптау үшін 2-7 куә қажет. Куә болмаған жағдайда адалдығымен белгілі адам ант беруге тиіс.

Билерге сенім білдірмесе, айыпкер билерді ауыстырылуын сұрауға құқылы.

Сұлтанды немесе қожаны тіл тигізіп, ренжітуші адам 9 мал; соққыға жығушы 27 мал айып төлейді.

Сұлтанды не қожаны өлтірсе 7 адамның құнын төлеу.

Әйелді зорлағанды өлім жазасына кесу.

Әйелге тіл тигізуші одан кешірім сұрайды, бұлай істеуден бас тартса, қорлағаны үшін құн төлейді.

Жеті куә әшкерелесе, құдайға тіл тигізушіні таспен ұрып өлтіреді.

Ұрлық үшін үш тоғыз (27) төлейді, бұл жаза айбана деп (100 түйе - 300 жылқыға немесе 1000 қойға тең) аталады.

Өлтірілген тазы немесе бүркіт үшін иесі кұл немесе күң талап етеді.

Хан, сұлтандар, ру ақсақалдары халық істерін талқылау үшін күзде жиналуы қажет.

Жиналысқа қару-жарақсыз келуге рұқсат етілмейді. Қарусыз адамның дауысы болмайды және оған жасы кішілер орын бермейді.

Әрбір тармақтың, ру мен бөлімшенің өз таңбасы болуы қажет.

«Жеті жарғы» қабылданғаннан кейін ішкі қырқыстар азайып, қоғамда біршама тыныштық орнады. Тәуке хан мемлекеттің ішкі жағдайын нығайту барысында басқа да шараларды жүзеге асырды.

Қорыта келгенде, Тәуке хан өзі билік еткен жылдары ішкі және сыртқы саясатты сәтті жүргізді. Ол ХҮІІ ғ. аяғы мен ХҮІІІ ғ. басында Қазақ хандығындағы саяси жағдайды реттей алды. Бұл кезде Қазақ хандығы біртұтас мемлекет болды.

Тәуке ханның күшті мемлекет құрғаны туралы А.Левшин, Е.Бекмаханов т.б. көрнекті тарихшылар жазды. XVII ғасырдың соңы мен XVIII ғасырдың басында қазақ қоғамында интеграциялық сана күшейіп, хан билігі нығайды. Үш жүздің құрамына 112 ру кіріп, қазақ халқының саны 2-3 миллион адамға жетті.

30.ХҮІІ-ХҮІІІ ғ. 1-ші ширегінде қазақ-жоңғар қатынастарының шиеленісуі және «Ақтабан шұбырынды», Аңырақай шайқасы жөніндегі сіздің ойыңыз.

XVIII ғасырдың басында Қазақ хандығының сыртқы саяси жағдайы шиеленісті. Тәуке хан өзара тартыстарды уақытша тыйып, тыныштықты қалпына келтірген еді. Алайда сұлтандардың өз алдына оқшауланып, билік үшін күресуі көп ұзамай бірлікті бұзды.

Қазақ хандықтарының саяси бытыраңқы-лығын пайдаланып, 1723 жылы көктемде жоңғарлар 70 мың әскермен жеті бағыттан қазақ жеріне тұтқиылдан басып кірді. Алғашқы соққыны Жетісу мен Ертіс өңірінің қазақтары қабылдады. Жоңғарлардың шапқын-ғын күтпеген, дайындалмаған халық әуел баста оларға еш қарсылық көрсете алмады. Жоңғарлар халықты жаппай қырып, мал-мүлкін тонады. Қапыда қалған қазақтар үйлерін, мал-мүліктерін тастап босып кетуге мәжбүр болды. Жоңғарлар Қазақ хандығы территориясының басым бөлігін жаулап алды. Ендігі жерде қазақ жері мен жоңғарлар ұлысының шекарасы Ұлытау, Балқаш көлі мен Шу, Талас өзендерінің арасымен өтті. Қазақ тарихында бұл кезең «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» деп аталады. Қашып, босқан қазақтардың паналаған жері Сырдарияның сыртындағы Алқакөл көлі болды. Бұл оқиға қазақтың кіші жүзі арасында «Сауран айналған» деген атпен әйгілі болған. Жоңғарлардан қашқан Кіші жүз қазақтары соңынан түскен жауды көз жаздыру үшін Сауран қаласын айнала көшкендіктен, бұл оқиға «Сауран айналған» деп аталған екен. Осы заманнан бізге дейін жеткен «Елім-ай» әні халық бұқарасының сол жылдардағы мұң-зарын бейнелейді.

Жоңғар басқыншыларына қарсы Отан соғысында қазақ тарихы үшін маңызы зор шайқастардың бірі – Аңырақай шайқасы. Бұл шайқас 1730 жылы Балқаштың оңтүстік-батысындағы Алакөл маңында орын алды.

1997 жылы Қазақстан халық жазушысы Ә.Кекілбаев пен тарихшы М.Қозыбаев бастаған ғылыми экспедиция шайқас болған жерді жан-жақты зерттеді.

Аңырақай шайқасына қатысқан қазақ сарбаздары асқан ерлік көрсетті. Қаракерей Қабанбай, Саңырық, Шақшақ Жәнібек, Тама Есет, Шапырашты Наурызбай, Райымбек, Құдайменді Жібекбай, Сенгірбай, Шүйкебай тағы басқа батырлар қанды шайқастардың алдыңғы шептерінде болып, талай рет суырылып шығып, ерлік үлгісін танытты.

Қазақтардың 1730 жылғы Аңырақай жеңісіне қарамастан Жоңғар хандығының жаңа шабуылының тікелей қаупі сақталып қалды. Жоңғар шапқыншылығы қазақ қоғамының әлеуметтік қатынастарына да теріс әсерін тигізді. Елдің құлдырауы мен күйзелуі салдарынан кедейлер, қоңсылар, жатақтар және т.б. көбейді.

31. ХҮІ-ХҮІІІ ғ. басындағы шынайы қазақ-орыс қатынастарын ашып көрсетіңіз:

Қасым ханнан кейінгі тартыстан әлсіреп қалған хандықты қайтадан нығайтып, біріктіруге Хақназар хан әрекет жасады, Қазақ хандығын 42 жыл (1538-1580) биледі. Ол дарынды қолбасшы, қажырлы қайраткер, сонымен бірге сыртқы саясатта дипломат екенін керсетті.

Хақназар хан басқарған жылдары Қазақ хандығының батыстағы шекарасында ірі өзгерістер болды.

Бұл кезде батыста күшейе түскен орыс мемлекеті шығысқа қарай жылжып 1552 жылы Қазақ хандығын, 1556 жылы Астрахан хандығын басып алды. Осы жағдайға байланысты, Еділ мен Жайық арасындағы ұлан-байтақ территорияны мекендеген Ноғай Ордасы ыдырай бастады. Ноғай ордасындағы қазақ тайпалары Қазақ хандығына келіп қосылды.

Ноғай ордасының әлсірегенін пайдаланып Хақназар Ноғай ордасының көп бөлігін өзіне қосып алды. Соған байланысты Хакназарды "қазақтар мен ноғайлардың ханы" деп атаған. Ноғай Ордасы 1569 жылы өзінің мемлекет ретінде өмір сүруін тоқтатты.

Хақназар хан тұсында орыс мемлекетімен саяси және сауда қатынастары дамыды. Орыс елшілері:

1569 жылы Семен Мальцев, 1573 жылы Третьяк Чебуков қазақ хандығы туралы көптеген мәліметтер қалдырды. (ІV Иван тұсында).

Хақназар хан өзін «патша, әрі ұлы князьбен татумын» деп санады. Бұл туралы орыс елшісі Борис Доможиров (1577ж) дерегінде жазылған. 1594 жылы Мәскеуге Құл-Құхаммед бастаған елшілік жіберіледі. Оның басты мақсаты Ресеймен әскери одақ құру және жиені Ораз-Мұхамедті босату.

Сауда жолдарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін орыс мемлекеті жоңғар шапқыншылығына тыйым салу шараларын қолданды:

1616 жыл – Есілде бекініс салынып, жоңғарлардың Ертіс бойымен ілгері жылжуына жол жабылды.

1619 жыл – орыс патшасы жоңғарлардың қазақ даласына енуіне шек қойды.

Тәуке ханның Ресеймен байланыста болуына қарсы кейбір қазақ феодалдары Ресейдің шекаралас елді мекендеріне шабуыл жасап отырды. Тәуке хан бұл кедергілерді реттеу бағытында 1686-1693 жж шаралар қолданды.

1694 жыл – Тәуке хан І Петрмен елші Аталықов арқылы сауда байланысын күшейту туралы келісті.

І Петр Ресейдің шығыспен сауда қатынасын өрістету үшін Қазақстан – «кілт және қақпа» болады деп ерекше мән берді. Қазақ жерін зерттеу жұмысы басталып, Каспий мен Арал теңізі, Жайық өзені зерттелді.

Осыдан бастап қазақ-орыс қатынастары нығайды. Ол кездерде қазақ хандығын Есім хан, Жәңгір хан, Тәуке хан басқарды. Ал Әбілхайыр хан кезінде қазақ елінің ауыр сыртқы жағдайын Ресей империясының қолдауы арқылы шешпекші болды.

1731 жылдың 10 қазанында Кіші жүздің 27 старшинасы Ресейдің қол астына кіруге ант береді. Бұл осы жылдың 19 ақпанындағы Анна Ионовнаның кіші жүзді қол астына алу туралы шешімінің жалғасы еді. Осыдан кейін Әбілқайырдың башқұрттарға қосылуынан қорыққан Ресей империясы екінші рет ант қабылдайды. Келесі жылдары ханның беделі өсе түседі, оған империя дара биліктің күшеюіне қарсы болады. Оны сезген Әбілхайыр Ресейдің қол астынан шығайын дейін, бірақ 1748 жылы А.Тевкелевпен кездесіп, екі арадағы қатынас қалпына келеді.

Осыдан кейін таққа Абылай келеді. Ол сыртқы жауларынан халықты аман алып қалу үшін Ресейдің және Цинь империясының билігін сөз жүзінде мойындайды.

ХУ-ХУІІІ ғғ қазақ-орыс қатынастары осындай дәрежеде дамыды. Ресейдің басты мақсаты қазақ жерін отарлау және оның алдында қазақ жерінің байлығын әртүрлі экспедициялардың көмегімен зерттеу. Ал қазақ халқының басқа амалы қалмағандықтан Ресей империясының билігін мойындауға тура келді.

32. ХҮ-ХҮІІІ ғ. басындағы қазақтардың дәстүрлі шаруашылығына талдау жасаңыз.

XV-XVIII ғасырларда қазақтарда шаруашылықтың 3 саласы анық байқалады: көшпелі, жартылай көшпелі, отырықшы. Малдың негізгі түлігі - қой, жылқы, түйе. Ірі қара аз болып, негізінен отырықшы аймақтарда өсірілді.

Маусымды жайылым 4 кезеңге бөлінді: Көктеу – көктемгі көш, малдың өлдеу мерзіміне сәйкес келеді. Жас төлдердің жағдайына байланысты, күніне 8-10 шақырымнан аспай көшу қозы көш деп аталған. Жайлау - жазғы кеш, мамыр айының басында басталады. Маусым айының аяғындағы тоқтыларды суға түсіріп, жуындыру - тоғыту. Қозылардың жүнін қырқатын мезгіл - қозы күзем. Әйелдер жаз бойы шекпен, тон, кеудеше, баскиім, колғап тіккен. Жайлауда қыз ұзату, ас беру, ат жарыс, ақындар айтысы т.б. той-думандар өткізген. Күзеу - күзгі көш, суық басталысымен көшеді. Күзгі көш күніне 25-30 шақырым жол жүрген. Күздік көш жүгін қысқа дайындаған азық-түліктері, киіз-төсеніштері, киімдері ауырлатқан. Қыстау - қысқы көш, қарашаның ақырғы күндері қар жауып, мұз қата бастағанда көшеді. Қыста көшудің негізгі бағыттары өзен арналары болған (Қуандария, Іңкәрдария, Жаңадария.) Түйе мен қой-ешкілер жайылымы үшін Қызылқұм тандалған. Жұт - жем-шөптің таусылып, кыстың ұзарып, қатты суык болудан, қар қалың түсіп бетінің мұз басып қатуынан және турлі жұкпалы аурулардан малдың қырылуы. Малдың жұқпалы аурулары: кебенек - ешкіде, карасан - сиырда, топалаң - қойда, аусыл - жылқыда, Сыралғы - аңшылардың ұстаған аң-құстарын жолда кездескен сыйлы адамдарға, достарына байлап кету дәстүрі. Малынан айырылып, көшуге мүмкіншілігі болмаған кедейлер егіншілікпен айналысқан. Оларды жатақтар деп атаған. Қазақтар аңшылықпен, үй кәсіпшілігімен, қолөнермен айналысқан.

33.ХҮ-ХҮІІІ ғғ қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымы мен әлеуметтік жіктелісін талдаңыз.

Қазақ қоғамы екі негізгі әлеуметтік топтан тұрды: Ақсүйектер - Шыңғыс ұрпақтары мен қожалар (асыл сүйектер); Қарасүйектер - мүліктік жағдайына қарамастан қоғамның қалған топтары. Сұлтан - ұлыс билеушісі, хан болып сайлануға құқылы. Ол хан үшін міндеткерліктер атқарудан босатылды. Қазақ ұлысындағы сұлтандардың "Арқар" деп айтылатын ерекше ұраны болды. Оны қарасүйектердің қолдануына болмайтын еді. Шыңғыс ұрпақтарын билер соты соттамады, хан немесе сұлтан соттайды. Билер - ру және тайпа басшылары, заң ілімін меңгерген, сот кызметін атқарушылар, әскери билік жүргізушілер. Ең ықпалды рубасылары хан жанындағы "билер кеңесіне" кірген. Билер 4 міндетті ұштастырып отырған: Әскербасы. Әкімшілік адамы. Би. Дала ақсүйектерінің өкілі. Батырлар-қазақ жасақтарын бастаған қолбасшылар, кәсіби әскерилер, жаумен жекпе-жекке шығатын ержүрек адамдар. Ақсақалдар – іс жүзінде белгілі бір заңдық өкілеттігі жоқ, жасына, байлығына және сіңірген еңбегіне қарай құрметке бөленген адамдар.

Қарапайым халық (райаттар) - алым-салықты төлеп, міндеткерліктер өтеушілер. Құлдар – ең құқықсыз әлеуметтік топ. Олардың негізгі міндеті - қожасына жеке тауелді болу. Алым-салық түрлері: Соғым, сыбаға, ерулік, зекет т.б. малшылардан алынды. Ұшыр, тағар, баж, хараж т.б. – егіншілер мен қолөнершілерден алынды.

34. ХҮ-ХҮІІІ ғ. бас. қазақ халқының мәдениетін ашып көрсетіңіз. Ақын- жыраулар: Асан Қайғы, Шалгиіз, Қазтуған, Доспанбет, Ақтамберді, Бұқар және т.б. шығармаларына талдау жасаңыз.

XV-XVIII ғасырларда қазақ халқының өзіндік мәдениеті қалыптасқан. Қазақ тілі Қазақстан территориясындағы ежелден тұратын, тeгі жағынан біp-біpінe жақын тайпалардың тілдері негізінде шықты. XV ғ - қазақ тілі өзіне тін ерекше белгілерімен дербес тілге айналып, қазақ тілінде тарихи шығармалар пайда болды. XV-XVIIғ қазақтар араб жазуын қолданды. Қазақ халқының ауыз әдебиеті XV-XVIIIғ кеңінен өркендеді. Ауыз әдебиет - қоғам өмірінің айнасы. Халық арасында көп тараған батырлық эпостар: «Қобыланды», «Ер Тарғын», «Қамбар», «Алпамыс», «Ер Қосай». XV-XVII ғасырларда өміp сүрген жыраулар: Доспамбет, Марғаска, Жиембет, Шалкиіз, Ақтамберді, Буқар.

Доспамбет жырау (1490-1523ж.) – шешен және батыр. Қырым, Ноғайлы, Қазан хандықтары арасындағы ұрыстарда қол бастаған.

Шалкиіз Тіленішұлы (1465-1560/к.) Едіге ұрпағынан тараған білімді жырау. Оның 30-ға жуық туындылары бізге жеткен.

Жиембет жырау Бортоғашұлы - XVI ғасырдың соңғы ширегі XVII ғасырдың алғашқы жартысында өмір сүрген жырау. Есім ханның Kіші жуздегі ел басқарушы биі, әскербасы болған.

Актамберді Сарыұлы - (1668-1762 ж.ж.) жырау, қолбасшы батыр, қоғам қайратксрі. Ол 17 жасынан бастап Орта Азия хандықтарымен, қалмақтармсн соғыста қолбасшылық қабілетімен көзге түскен. "Ақтабан шұбырынды" оқиғаларының куәгері. Оның 26 туындысы бізге жеткен.

Бұқар Қалқаманұлы (1668-1781жж), халық арасында "көмекей әулие" атанған. Бұқар Тәуке хан тұсында ел билеу іcінe араласып, кейін Абылай х ақылшысы болған. Ол қазақтың үш жүзінің басы қосылып, бip орталыққа бағынған күшті мемлекет болуын аңсаған. Абылайды осы арманды жүзсге асырушы деп есептеп, хандық өкімстінің берік болуы жолында күреседі. Үмбетей жырау Тітеуұлы (1697-1786ж.) Әкесі - шебер қобызшы, жыршы. Жорықтарға қатысып, батырлардың ерліктерін көріп, оларды мадақтап өлеңдер шығарды. Оның "Бөгенбай өліміне".

35. ХҮ-ХҮІІ ғғ. Қазақстан ғалымдары Мұхаммед Хайдар Дулати, Қадырғали Жалайыри және т.б. еңбектерінің маңызын көрсетіңіз.

“Тарихи-рашиди” М.Х. Дулатидің 1541-1546 жылдары Кашмирде парсы тілінде жазған еңбегі. Моғолстан мен оған іргелес жатқан аймақтардың тарихы туралы мол мағлұмат береді. Ол моғолдардың хан сарайында сақталған тарихи құжаттар мен аңыз-әңгімелер, оқиға куәгерлері мен автардың өзі байқаған жайттары негізінде жазылған. Онда ортағасырлардағы қазақтар тарихы, Дешті Қыпшақтағы оқиғалар, Моғолстанның құлауы, феодалдық соғыстар, сыртқы жауға қарсы қазақтардың өзбектермен және қырғыздармен достық одағының қалыптасуы туралы көптеген мағлұматтар беріледі. Шығармада 15-16 ғасырлардағы Оңтүстік және Шығыс Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайы, қала, егіншілік мәдениеті, Жетісудың таихы географиясы-жалпы ортағасырлардағы Қазақстан жайлы құнды деректер бар. Бұл шығармада қазақ хандары Жәнібек пен Керейдің Өзбек хандығынан бөлініп кету себептері тұңғыш рет айтылады. М.Х. Дулатидің арғы атасы Жетісуды билеген әмірші Поладшы Дулати еді. Х.Д оның жетінші ұрпағы болатын. Қазақ хандығы күшейіп, Моғол хандығы ыдырай бастаған кезде Х.Дді туыстары Қабұлғазы Бабыр сұлтанның тәрбиесіне береді. Одан немере ағасы Саид сұльан хан сарайына келеді. Сайд хан өлген соң өкімет басына келген билеушілердің тарапынан қысымшылық көрген Х.Д Кашмирге кетеді.

М.Х. Дулати арб, парсы тілдерін өзінің ана тіліндей жетік білді. Хан сарайында жүргенде көптеген тарихи оқиғаларға тікелей қатысып, сарайда сақталған тарихи құжаттарды зейін қоя оқып, ой елегінен өткізеді. Әлемге әйгілі болған атақты ғалым тарихшылар: Жамал Қаршидің, Рашид ад-Диннің, Жувейнидің, Әбдіразақ Самарқанидің т.б. еңбектерін зерттей оқып, һзінің тарихи шығармаларына арқау еткен.

“Шежірелер жинағы ” Қадығали Қосымұлы жалайридің (1530-1605) 1600-1602 жылдары жазған еңбегі. Орта ғасырда өмір сүрген қазаұтың ғұлама ғалымы Қ.Ж Сырдария бойын мекендеген жалайыр тайпасынан шыққан. Қ.Ж Қазақ хандығының Орда сарайында хан кеңесшісі және ханзадалардың тәрбиешісі болып қызмет істеген. 1558 жылы өазаө ханзадасы Ораз- Мұхаммед сұлтанмен бірге Ертіс бойында өаршыға салып жүргенде оларды орыс әскерлері тқтқындап, Мәскеуге алып кетеді. Жалайыри тұтқында отырп жазған “Жылнамалар жинағы” атты еңбегін достықтың белгісі ретінде орыс патшасы Борис Годуновқа сыйға тартып, оның қамқорлық жасауын өтінген. 1854 жылы Қазан қаласында баспадан шыққпн 15-17 ғасырлардағы қазақ тарихы жайындағы өте маңыды шығарма.

36. Патшалық Ресейдің Қазақстанды жаулап алуының басталуы. Ресей мемлекетінің Қазақстанның әлеуметтік кеңістігіне кіруінің негізгі кезеңдерін көрсетіп, оған талдау жасаңыз.

ХҮІІІ ғасырдың 20-шы жылдарының соңы мен 30-шы жылдардың басындағы жеңістердің нәтижесінде жоңғарлар қазақтың біраз жерін босатуға мәжбүр болады. Әрине, қазақтың барлық жері түгел азат етілмесе де, бұл үлкен жетістік еді. Қазақтар осы шайқастарда біріксе ғана біртұтас күш ретінде елі мен жерін қорғауға шамасы жететінін көрсетті. Алайда, Ұлы хандық билік үшін күрес қазақтарды тағы бөлшектеді. Ұлы хандықтан үміткер Кіші жүзден - Әбілқайыр, Орта жүзден - Сәмеке өздерін елеусіз қалдырды деп, Аңырақайдағы жеңістен соң шайқас алаңын тастап кетіп қалды. Осы ішкі алауыздықтарды, қырқысуларды пайдаланған жоңғарлар қазақ жерлерін басып алу үшін қайтадан батысқа қарай жылжыды. Осындай қиын–қыстау жағдай Әбілқайыр ханды Ресей мемлекеті сияқты одақтас іздеуге мәжбүр етті.

1730 жылы жазда Әбілқайыр Уфа наместнигі арқылы Петербургке Сейітқұл Құндағұлы мен Құтлымбет Қоштайұлын елші етіп жіберіп, Ресей империясының бодандығына қабылдауды өтінеді. Тұтас алғанда Кіші жүздің Ресей бодандығын қабылдауының объективті негіздерін жоққа шығармай, Әбілқайырдың алысты көздейтін жеке басының менмендігін, оның барған сайын айқын көріне түскен қара басын ойлаған мүдделерін естен шығармау керек екенін атап өтеміз. Хатында Әбілхайыр хан Орта және Кіші жүз қазақтарымен түгел Ресей бодандығын қабылдайтынын атап көрсетті.

Еділ қалмақтарын, Қабарда княздігін, Грузин билеушілерінің жерлерін Ресей құрамына қабылдау Сыртқы істер алқасы дипломатиялық қызметінің өрісін едәуір кеңейтті. Бұл жолы да Әбілхайыр ханның елшілігіне барынша құрмет көрсетілді. Оның Құтлымбет Қоштайұлы бастаған 7 адамнан тұратын елшілері құрметпен қабылданып, бағалы сыйлықтар тартылды.

1731 жылы 19 ақпанда Ресейдің патшасы Анна Иоановна қазақтарды Ресей бодандығына қабылдау жөніндегі құжатқа қол қойды. Осы грамотаны қазақтарға жеткізу үшін 1731 жылдың 31 сәуірінде Ресей Кіші жүзге Сыртқы істер коллегиясының тілмәші А.И.Тевкелев бастаған арнайы елшілік жіберді.

1731 жылы 5 қазанда А.И.Тевкелев Ырғыз өзеніндегі хан ордасы орналасқан Майтөбе сайына келді. Бірінші болып бодандыққа Әбілхайыр хан ант берді, оған Бөкенбай ақсақал, содан соң Есет батыр қосылды. Сол арада адалдыққа 27 ақсақал ант берді.

Сонымен қатар Ресей патшалығы қазақ хандықтарын түгел өзіне қарату мақсатында бұл өлкеге бірнеше экспедиция жасақтады. 1734 жылы мамырда қырғыз-қайсақ экспедициясы құрылды. Көп кешікпей оны Орынбор экспедициясы деп атады. Ол экспедицияны сенаттың обер хатшысы И. К. Кириллов басқарды. Ол өлген соң 1737 жылы Н. Татищев келді. Бұл экспедициялардың мақсаты Кіші жүз және Орта жүздегі ықпалды Шыңғыс ұрпақтарының бодандығын нығайту болды. 1740 жылы Орынбор бекінісіне олар қазақтың беделді сұлтандарын шақырып, Ресейге өздерінің бодандығын мойындауды талап етті. Осы жолы орта жүздің біраз сұлтандары Ресей бодандығын қабылдады. Алайда, айта кету керек, бұл жерде бодандық қабылдау тұралы құжатқа қол қою рәсімі болған жоқ.

ХVІІІ ғасырдың 30-40 жылдары-ақ Кіші жүз және Орта жүз қазақтарының Ресей протекторатын қабылдағанына қарамастан, олардың бағынуы нақты болмады. Себебі, қазақ билеушілері бұл кезде жоңғар жаулаушыларымен қырғи-қабақ соғыста еді. Оның үстіне Қазақстан шекарасында күшті Цин империясының пайда болуы күрделі саяси жағдайдың тууына және қазақтардың Ресей ықпалынан шығып кету қаупіне әкеліп соқты. Жоңғар басқыншыларының қазақ жеріне әлсін-әлсін шабуылын Ресей үкіметі тиімді пайдалануға тырысты. Осыған орай Қазақстанның осы аймақтарын Ресей бодандығында ұстау шекаралық өкімет орындарының негізгі міндетіне айналды.

Ресейдің Қазақстан территориясына экспанциясы нәтижесінде 1752 жылдан бастап Ертістің жоғарғы ағысындағы Үлбі, Бұқтырма және Нарын бойындағы жерлердің Ресейге қосылғаны туралы ресми түрде жарияланды.

Ресей империясы қазақ жерін отарлау саясатын барған сайын күшейтті. Шекаралық өкімет билеушісі И.И.Неплюевтің “бөліп ал да билей бер“ принципіне негізделген идеялары мен жоспарлары қолданысқа кірді. Қазақ руларының Жайыққа, Жайық қалашығы мен бекіністерге жақын жерлерде көшіп жүруіне тиым салу туралы 1742 жылы 19 қазанда жарлық шықты. Кейін ол 1756 жылы толықтырылып, түгел Жайық пен Еділ арасында қазақтарға көшіп-қонуға тиым салынды.

1764 жылы қазақтардың Ертіске 10 шақырымнан және орыс бекіністерінен 30 шақырымнан жақын жерде көшіп жүруіне мүлде тиым салынды. Осылай 1730-1740 жж. Кіші және Орта жүз билеуші топтарының Ресей бодандығын қабылдауы нәтижесінде солтүстік–батыс Қазақстан жері Ресей империясының отарына айналды.

37.Абылай ханның мем-т қайраткері, саясаткер және дипломат екендігі жөнінде тұжырымдар жасаңыз.

Абылай хан бүкіл өмірін қазақ халқы (қазақ елінің) бостандығы, егемендігі үшін арнады. Шоқан Уәлиханов «Қазақ жерінде Абылайдың даңқы аса зор. Абылай заманы оларда қазақтың ерлік заманы болып саналады» деп жазған еді. Ауыр «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» жылдары Абылай 12 жасында жауынгерлердің қатарына қосылады да, 22–де батыр, қолбасшы ретінде танылады.

XVІІІ ғасырдың орта шенінде қазақ елін жаулардан қорғау үшін Абылай Ресеймен және Қытаймен татулық, достық қатынас сақтап, олардың қолдауы арқасында жоңғар басқыншылығын талқандауды жөн көрді. Ең ірі қауіп жоңғарлардың басқыншылығы екендігін түсінді. 1740 жылғы шайқаста Абылай қазақ жауынгерлерінің тікелей қолбасшысы болды. Қазақ әскері жоңғарларға қатты соққы берді. Жоңғарлар көп шығынға ұшырап, кейін шегінуге мәжбүр болды. Абылай қазақ әскерлерін ұйымдастырып, жауға қарсы көтеріп, басын біріктіріп, негізгі әскери күшті жинап көрші мемлекеттерге қазақ хандығы біртұтас ел екенін көрсетті. Абылай сұлтан бұл кезде қазақтарды біртіндеп жоңғар шабуылдарынан құтқарып, елдің тыныштығын, халықтың тұтастығын, мемлекеттің егемендігін, тәуелсіздігін сақтап қалуды мақсат еткен.

Абылай өткір ойлы, терең білімді шешен адам болған. Бірнеше түрік халықтарының және де парсы, қытай, орыс тілдерін жетік білген. 1741 жылы Абылай сұлтан жоңғарлардың қоршауында қалып, тұтқынға түседі. Тұтқында болған екі жыл ішінде олардың тілі мен жазуын үйреніп, жоңғар хандығының ішкі саяси жағдайын жіті бақылап, бұл мемлекеттің күштілігі – мықты орталықтанған билікке бағынуында және де халықтың бірлігінде екенін түсінеді. Абылай сұлтан және де бірге болған серіктері, барлығы отыз бес адам қалмақ тұтқынынан 1743 жылдың 5-і қыркүйегінде елге қайтып оралады. Абылайдың тұтқындағы екі жылдай уақыт ішінде өзінің қадыр–қасиетін жоғалтпай жоғары ұстауы, сөз жүйесіндегі тапқырлығы мен батылдығы жауларын таңқалдырған. Қалдан Церен Абылайдың даналағына бас иіп, оған жоғары мәртебелі сый–сыяпат көрсеткен және де «ол (Абылай) заманынан жүз жыл бұрын ерте туды, бүкіл әлемді билеу қолынан келеді» деп тегіннен–тегін айтпаған болар.

Абылай ханның алға ұстаған саясаты, мақсаты – қазақ халқының бостандығы мен бірлігі, мемлекеттігі мен тәуелсіздігі еді. Алайда ол дүние салғаннан кейін қазақ мемлекеті қайта бөлшектеніп ыдырай бастады. Ресей империясы қазақ жерін отарлауды қызу қолға алды. Оны іске асыру әр түрлі жолдармен іске асты, яғни әскери шеп бекіністер салу, қазақ жерін тартып алу, хандық билікті жою, рухани отарлау және т.б.

Абылай кезінде қазақ хандығының саяси және экономикалық жағдайы жақсарды. Қазақ халқы бірлікке, тәуелсіздікке, бейбіт өмірге ұмтылды. Абылай сұлтан болған кезінде ақыл–айласымен, сабырлы салмақтылығымен маңайына Төле би, Айтеке би, Қазыбек би, Байдалы би, Сасық билерді, Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шақшақұлы Жәнібек, Шапырашты Наурызбай т.б. батырларды, Бұхар жырау, Ақтамберді жырау, Үмбетей жырау сияқты сыншы-жырауларды топтастыра білді. Абылай ел арасында аса зор беделге ие болған. Қазақ халқының басқа халықтармен терезесі тең дамуы үшін жан аямай арпалысқан хан. Көзі тірісінде-ақ аты аңызға айналған Абылай деген ат тәуелсіздік, бостандық, бірлік, ерлік, азаматтық, мемлекеттік тәрізді ұғымдармен бірге айтылатын болды.

38. Е.Пугачев бастаған көтеріліске кіші жүз қазақтарының қатысуын және оның себептерін көрсетіңіз.

ХҮІІІ ғасырдың 30-шы жылдары Кіші жүзді өзіне тәуелді еткен соң патшалық Ресей біртіндеп қазақ даласындағы отарлау саясатын тереңдете бастады. Оның барысында елдің шаруашылығы күйзеліске ұшырап, саяси жағдайлар шиеленісе түсті. Мұның барлығы Қазақстанның әр өңірінде халықтың наразылығын тудырып, көтеріліске шығуға итермеледі. Ал, Кіші жүз өңірінде қалыптасқан жағдайлар қазақтардың Е. Пугачев бастаған көтеріліске қатысуына себеп болды. Өзін “ІІІ Петрмін” деп жариялап лақап ат жамылған Е. Пугачев пен оның төңірегіндегілер қазақ даласында болып жатқан мәселелерден біршама хабардар еді және олар қазақтардың көтерілісті қолдайтынын түсінген болатын. Сондықтан, ол жағдайларды өз мүддесіне пайдалануға тырысып, 1773 жылдың 6 кыркүйегінде қазақтарға “қамқор” болатынын білдіріп манифест жазып, 200 адамнан тұратын қазақ жасақтарын жіберуді сұрайды. Пугачевтың жазған мұндай үндеулері қазақтар арасынан біршама қолдау тапты.

Осыдан кейін, кыркүйектің 20-сына қарай Нұралы хан 1000-ға жуық қазақ жасағымен Жайық қалашығының жанына келеді, бірақ, Пугачевқа көмек көрсетуден тартынып, көп ұзамай кері қайтып кетеді. Пугачев 1773 жылдың 20 қыркүйегінде қазақтарға арнап тағы да манифест жазады. Одан соң, Пугачев Жайық қалашығына шабуыл жасап оны ала алмайды да, онда аз ғана отрядын қалдырып негізгі күшін алып Орынборға қарай кетеді. Жол бойында Чернореченск, Татищев бекіністерін басып алады.

Қазақ жасақтары Жайық қалашығына, Озерная, Сахарная, Кожехаров, Красногор дистанциялық бекіністеріне шабуылдар жасайды. 1773 жылдың 5 қазанында Пугачевтың көтерілісшілері Орынборды қоршауға алған тұста Досалы сұлтан бастаған қазақ жасақтары Пугачевтың өтініші бойынша Орынборды қоршауға алуға қатысады. Досалы сұлтанның үш баласы Пугачевты қолдап көтеріліске қатысқан болатын. Орынборды қоршау 5 айға созылып, оның барысында 2000-дай қазақ жасағы қолдау көрсетті.

1774 жылдың тамыз айында старшын Дайыр сұлтан бастаған 50 қазақ жасағы Пресногорьков бекінісін шабуылдады. Құлсары батыр бастаған қазақтар редутке шабуыл жасап, оған старшындар Алғабай, Итек және Дәуітбай тархан қатысты.

Пугачев көтерілісіне қазақтардан басқа башқұрттар, қалмақтар, т.б., қатысқан еді. Бұл көтерілісті басуға патша әкімшілігі жақсы қаруланған жазалаушы әскерді көп жіберді. Жазалаушы әскер Қазан маңында көтерілісшілерді басып-жаншыған соң, Пугачев бастаған көтеріліс жеңіліс тапты. 1775 жылдың көктемінде жазалаушы әскер көтеріліске қолдау көрсеткен қазақ ауылдарына шапқаншылықтар жасады. Бұған шыдамаған қазақтар далаға ішкерілей көшіп кетіп, бас сауғалайды.

Мақсаты: Отарлық езгіге қарсылық, жер мәселесі. 3 кезеңге бөлінді, Пугачев үндеулері кең тарап, стихиялық бағытта тартылуы (1773 қырк. – 1774 наурыз); Кең жайылуы (1774 наурыз-күз); саябырлап басылуы (1775қырк. - 1776 ақпан). 1773ж 20-қыркүйек – Пугачев Нұралыға үндеу жолдап: жер мен суды қазақтарға қайтаруға уәде беріп, қазақтарды өзіне тартпақшы болады. Бірақ Жайық бекінісін алудағы сәтсіздік үшін Нұралы (2 бағытты ұстанды: көтерілісті пайдаланып, жер тапшылығын жою; көтеріліс өршуінен қорқып, қазақтарды тәуелділікте ұстап, жеңілсе патша алдында жауап беру.) көмек беруге асықпады. Орынбор қоршауындағы сәтсіздік Троицкке шегінуге мәжбүрледі. Орта жүзде Дәуітбай би қолдау көрсететінін мәлімдеді. 1774ж қарауыл, қыпшақ, керей т.б. рулар Пресногорск, Петропавл, Верхнеозерный бекіністеріне шабуыдады. Сібірде патша әскері көбейтілді. 1775ж Пугачев Көтерілісі әлсіреді. Суворов көтеріліс ошақтарын талқандады.

Маңызы: орыс, қазақ шаруаларын біріктірді; Сырым көтерілісін тездетті.

Нәтижесі: 1775 7 қараша-қыста Еділ, Каспий, Ертіс пен Жайықтың оң жағалауын, Ембі, Сағыз өзендері бойындағы жайылымдарды пайдалануға рұқсат берді.

39. Сырым Датұлы басқарған Кіші жүз қазақтарының көтерілісінің себептерін, барысын, ерекшеліктерін ашып беріңіз.

Қоғамдағы әлеуметтік - саяси себептер С.Датұлы бастаған Кіші жүз қазақтарының көтеріліске шығуына негіз болды, Яғни 1783 жылдың көктемінде Жайық казактарының қазақтардың 4 мыңнан аса жылқысын айдап әкетуі елдің ішіндегі жағдайды одан әрі шиеленістіріп, көтерілістің басталуына әкеп соғады. Көтеріліс алғаш Кіші жүздің батыс өңірін Тама руын қамтып, кейін Орал мен Жем өзендерінің арасына қоныстанған басқа да руларға таралды. Көтеріліске елге жастайынан ақылдылығымен, шешендігімен танымал болып бала би атанған халық арасында беделі зор, ықпалы күшті Байбақты руының старшыны С.Датұлы жетекшілік жасады.

1783 жылы көтерілісшілер қазақ ауылдарына шабуыл жасаған казак-орыс атамандарының бірі Чагановтың отрядын талқандап, оның өзін тұтқынға алып, кейін Хиуа хандығына құлдыққа сатып жібереді. Осы жағдайдан кейін көтерілісшілерге қарсы Орал қаласынан әскер шығып, 1783 жылдың желтоқсанында күтпеген жерден С.Датұлын қолға түсіреді. Бірнеше ай түрмеде отырған Сырымды құдасы Нұралы хан 1784 жылы кепілдікке 70 жылқы, 350 рубль ақша төлеп босатып алады. 1784 жылдың мамырында елге оралған Сырым өз жасағымен Орал әскерлеріне қайта шабуыл бастайды. Бірақ, оның бұл әрекеті Нұралы хан тарапынан қолдау таппайды. Нұралы оған керісінше қарсы болып, көтерілісті басуға әкімшіліктен қосымша әскер жіберуді сұрайды. Нұралы ханның бұл ісіне риза болмаған Сырым, онымен араздасып, енді көтеріліс тек Жайық казактарына ғана емес, Әбілқайыр әулетінен шыққан хан мен сұлтандарға да қарсы бағытталады.

Көтерілісшілер өз тарапынан патша әкімшілігіне мынадай талаптар қояды: 1) Еділ мен Жайық арасындағы қоныстарды қайтару; 2) Орал казак-орыс әскерлерінің жазалау отрядтарын жіберуді тоқтату; 3) Нұралы ханды тақтан түсіру. Елшіліктен қайтып келген М.Құсайынов патша ІІ Екатеринаға көтерілісшілердің талаптарын ескертіп, хабарлама жолдайды. 1785 жылдың күзінде тағы да старшындар мен көтерілісшілер қатысқан жиналыс өтіп, оған қатысушылар Нұралы ханды тақтан түсіру жөніндегі шешімдерін күшінде қалдырып, бұдан былай оны хан ретінде мойындамайтындықтарын білдіреді.

1791 жылы күзіне қарай генерал-губернатордың қатысуымен Ор қаласының жанында өткен жиналыста билер мен ру басыларының шешіміне қарамастан Ералы хан сайланды. Ералының хан сайлануы ел ішінде наразылық тудырып, стихиялық баскөтерулер байқалды.

1794 жылы Ералы хан қайтыс болғаннан кейін патша үкіметі жаңа хан сайлауға біршама ойланып барып, 1795 жылы Нұралының баласы Есім хандыққа сайланады. 1795-1796 жылдардағы ауа райының қолайсыздығы Кіші жүз халқының шаруашылығын күйзелтіп кетеді. Оған қарамастан Есім хан түрлі салық жинауды тоқтатпайды. 1797 жылы О.А.Игельстром Орынбор генерал-губернаторлығына қайта тағайындалады. Осыдан кейін Сырымның Есім ханға қарсы қозғалысы басталады.

77 жастағы Айшуақ сұлтанды 1797 жылы қазан айында патша үкіметі хан етіп тағайындайды. Осылайша, 1783 жылдан 1797 жылға дейін 14 жылға созылған Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс халықтың босқа қырылмауы, ел ішінде тыныштық сақтау мақсатында тоқтатылады. Көтерілістің қозғаушы күші - халық болды. Оған билер мен батырлар, старшындар мен ру басылары да, қарапайым шаруалар да қатысты.

Қорыта айтқанда, Сырым Датұлы бастаған көтеріліс қазақ тарихында Ресей империясының отаршылдық саясаты мен жергілікті билеуші топ өкілдерінің езгісіне қарсы бағытталған маңызы зор азаттық қозғалыстың бірі болды.

40. Бөкей хандығындағы Исатай Тайманұлы және Махамбет Өтемісұлы бастаған көтерілістің себептерін, барысын, ерекшеліктерін ашып көрсетіңіз.(1836-1838 жж.)

Территориясы: Жайық пен Тобылдан бастап, Сырдарияның төменгі ағысына дейін.

Көтерілістің себептері:

Ақшалай салықтың өсуі.

Күз сайын әр шаңырақтың хан сарайының мұқтажына құны 70 сомдық жылқы беруге міндеттенуі.

Көшіп-қонғаны, шөп жинағаны, орыс помещиктерінің шабындығын басып өткені үшін салық төлеу.

Жәңгір ханның әділетсіздігі мен рақымсыздығы. Қазақтардың жер үшін күресін әлсірету.

Мақсаты:

Хан озбырлығына шек қою.

Шаруалар жағдайын жақсарту.

Жер мәселесіндегі патша үкіметінің отаршылдық саясатын өзгерту.

Әскери бекіністердің салынуын тоқтату.

Көтеріліс барысы

1836 жылы Жәңгір хан Қарауылқожаға котеріліс басшыларын тұтқындауды тапсырды.

Қарауылқожаның Исатайга беріліп ханға бас июді талап етуі, көтерілістін өршуін тездетті. 1836 жылы Исатай маңына косымша 20 ауыл көшіп келді.1836 жылы 13 желтоксанда Жәнгір маңындағы старшындар Махамбет ауылына шабуылдап, малдарын талап әкетті.

1837 жылы30 наурыз - Шекаралык комиссия Исатай мен Махамбетті сотқа тартуды талап етті.

1837 жылы 15 қараша –Тастөбе шайқасы.

1837 жылы 13 желтоқсан- батыр Жаманқала бекінісі маңында жазалаушылар торын бұзып, Жайықтан шығыска қарай өтіп кетті

1838 ж. 12 шілде – Ақбұлақ шайқасы. Ауыр жараланған Исатайды казактар қылышпен шауып, атып өлтірді.

1838 ж. 23 шілде – Махамбет тобы хан ауылына шабуылдады.

Басты қозғаушы күш –қарапайым көшпенділер Патша үкіметінің қысымына қарсы би, старшын, батырлар да қатысты.

Көтеріліс басшысы Махамбет Өтемісұлы (1804-1846) мен Исатай Тайманұлы (1791-1838). 1836 ж. ақпанның басында басталған көтеріліс халық-азаттық сипатта болып, Қарауылқожаны биліктен тайдыруға, ханның жарлықтарын мойындамауға шақырды.

Нәтижесі:

Салық мөлшеріне шек қойылды.

Патша үкіметі қазақ старшындарымен санасатын боды.

Ішкі Ордадағы хандық биліктің әлсірегендігін дәлелдеді.

Қазақ феодалдарының отаршылдық басқарумен байланыста екенін көрсетті.

Әртүрлі халықтардың қанаушыларға қарсы бірігіп күресуінің негізі қаланды.

Тарихи маңызы:

XIX ғ. 30 жж. ірі әлеуметтік ұлт-азаттық қозғалыс.

Отаршылдыққа қарсы бағытталды.

Ресейдегі азаттық қозғалыстың құрамдас бөлігі.

Жеңілу себептері:

Үстем тап өкілдерінің опасыздығы.

Көтеріліс басш-ның Кіші жүздегі және Ішкі ордадағы көтерілістерді біріктіре алмауы.

Қару-жарақтың теңсіздігі.

Стихиялығы, ұйымшылдықтың жеткіліксіздігі.

Көтерілісшілердің бір бөлігінің өз ісіне сенімсіз болуы.

И.Тайманұлы мен М.Өтемісұлы бастаған көтерілісті үш кезеңге бөліп қарастыруға болады. Бірінші кезең - 1833-1836 жылдар аралығы қарулы көтеріліске даярлық ретінде сипатталса, екінші кезең - 1837 жылдың басында көтерілісшілердің ханға қарсы аттануынан бастап, олардың осы жылдың күз айларына жеңіліске ұшырауына дейінгі аралық. Үшінші кезең - 1837 жылдың желтоқсанында Исатай мен Махамбет бастаған көтерілісшілердің шағын тобының Жайықтың сол жағалауына өтіп, күш жинап көтеріліске қайта шығуынан бастап, 1838 жылдың шілде айының ортасында Ақбұлақ өзенінің маңында болған шайқаста біржола жеңіліске ұшырауына дейінгі уақытты қамтиды.

Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған көтеріліс - қоғамдағы әлеуметтік теңдік үшін болған, қазақ халқының Ресей империясының отаршылдық саясатына қарсы халықтың азаттық рухын жігерлендірген көтеріліс. Сондықтан да, бұл көтеріліс халқымыздың тарихында өзіндік орны бар, маңызы зор көтерілістердің бірі.

41 Әкімшілік-территориялық басқару жүйесінің дамуына талдау жасаңыз. 1822-1824 ж.ж. Жарғылар. Қазақстанда хандық биліктің жойылуы жөнінде не ойлайсыз.

ХІХ ғ. 20-30 жылдары орыс-ағылшын бақталастығының шиеленісуіне байланысты патшалық Ресей Орта Азия мен Қазақстанда өз ықпалы мен билігін одан әрі нығайту басты міндеті деп санады. Қазақстанның Ресей мен Орта Азия хандықтарының және Қытай аралығында геосаяси орналасуы Ресей тарапынан қазақ даласын отарлау үрдісін тездетті. Осы мақсатпен Ресей империясы 1822 ж. «Сібір қырғыздары туралы», 1824 ж. «Орынбор қырғыздары туралы» Жарғыны қабылдады. Ресейдің хандық билікті жоюға асығуы соншалықты, олар әрбір мүмкіндікті пайдаланып, ел ішіндегі ықпалды адамдарды, хандарды, билер мен батырларды бір-біріне айдап сала отырып, алдау, күш көрсету сияқты шараларды қолданды.

1822-1824 жылдардағы Жарғының қабылдануымен Орта және Кіші жүзде хандық билік жойылды. Авторы Сібір әскери губернаторы М.Сперанский болған «Сібір қырғыздары туралы» (1822 ж.) Жарғы бүкіл Орта жүздің жерін қамтыса, авторы Орынбор әскери губернаторы П.Эссен болған «Орынбор қырғыздары туралы» (1824 ж.) Жарғы Кіші жүз территориясына таралды.

«Сібір қырғыздары туралы» Жарғы бойынша Орта жүз территориясы «Сібір қырғыздарының облысы» аталып Батыс Сібір генерал-губернаторына бағынатын болды да орталығы алғаш Тобыл, 1839 ж. бастап Омбы болды. Хандық билік жойылғаннан кейін Оңтүстік-батыс Сібірде тұратын қазақтар ішкі округтерге біріктірілді, ал Орта жүздің қалған қазақтары сыртқы округтерді құрады. 1838 жылға қарай 7 сыртқы округ құрылды: Қарқаралы (1824 ж.), Көкшетау (1824 ж.), Аягөз (1831 ж.), Ақмола (1832 ж.), Баянауыл (1833 ж.), Құсмұрын (1834 ж.), Көкпекті (1838 ж.).

Әр округ болыстар мен ауылдарға бөлінді. Батыс-Сібір генерал-губернаторлығын генерал-губернатор басқарды, оған сібір қырғыздарының облысы бағынды. Округтердің басшылығында округтік приказдар тұрды және оларды сұлтандар жиналысында 3 жылға сайланатын аға сұлтандар басқарды. Округке 15-тен 20-ға дейін болыс кірді. Болыстарды сұлтандар басқарды. Бір болыстың құрамында 10-нан 12-ге дейін ауыл болды. Ауылдарды ауыл старшындары басқарды, әр ауылда 50-ден 70-ке дейін үй болды. Қазақтарға тек қана өз округында ғана көшіп-қонуға рұқсат берілді, ал бір округтен екінші округке өту үшін жергілікті басшылардан рұқсат алуы керек болды.

Жаңа әкімшілік бөлініс қазақтардың дәстүрлі жер қатынасын күйретті де – рулық қауым құлдырады. Сонымен қатар, оған аға сұлтандарға, болыс сұлтандарына, тілмаштарға, казактарға түрлі көлемде жер бөліп беру де әсер етті. Оларға өңдеуге, мал шаруашылығына, омартаға т.б. ыңғайлы жерлер бөлінді және егерде ол жерлер қойылатын талаптар бойынша дұрыс пайдаланылатын болса, онда оның иесі жерге меншік құқығын иеленуге де мүмкіндігі болды.Патша өкіметінің қарауы бойынша Орта жүз жері бөлініске түсіп, бір әкімшілік басқарудан екіншісіне өтіп жатты. Осылайша, Омбы облысы Тобыл губерниясына кірді, Семей және Өскемен уездері Том губерниясына берілді.

1822 ж. Жарғы бойынша сот істеріне де өзгерістер енгізілді, ол өзгерістер бойынша сот үш категорияға бөлінді:

қылмыстық істер (мемлекеттік сатқындық, ұрлық, барымта, билікке бағынбау);

арыз-шағымдар («қазақтардың әдет-ғұрып заңдары» бойынша билер шешетін екінші кезектегі істер);

облыстық басшыға берілетін арыздар бойынша (қазақтардың сұлтандар мен билерге, болыстарға т.б.).

1824 ж. Орынбор генерал-губернаторы П.Эссен даярлаған «Орынбор қырғыздары туралы» Жарғы кіші жүзде жүзеге асырылды. Бұл реформа барысында Кіші жүздегі хандық билік жойылып, оның территориясы: Батыс, Орта және Шығыс болып үшке бөлініп, Орынбор генерал-губернаторлығына бағынды. Бұл бөліктердің басында аға сұлтандар тұрды. Бірінші аға сұлтандар: Қаратай Нұралыұлы, Темір Ералыұлы, Жұма Құдаймендеұлы болды. Аға сұлтандардың жанына Ресейдің «көзі мен құлағы» саналған 200 адамнан тұратын казак-орыс отрядтары берілді. Сұлтандарға жылына 1200 сом жалақы төленді.1824 ж. Жарғы бойынша құрамында төраға, төрт кеңесші және төрт ауқатты қазақтан тұратын шекаралық комиссия құрылды.

Осылайша, Ресей империясы Қазақстанды өз отарына айналдыру үшін хандық билікті, яғни, қазақ мемлекеттілігін жойып, орнына орыстың әкімшілік-территориялық басқару жүйесін енгізді. Алғаш Кіші жүз қазақтары шекаралық комиссия арқылы басқарылды, ал Орта жүз қазақтары шекаралық басқармаға бағынды. Кейін 1822-1824 жж. Ресей империясы Орынбор және Сібір ведомстваларының территориясында тұратын Кіші және Орта жүз қазақтарын басқару туралы Жарғыларды қабылдады.Осы және одан кейін жалғасқан ХІХ ғасырдың 30-50 жылдарындағы реформалар патшалық Ресейдің қазақ жерлерін одан әрі отарлау үшін жағдай жасады. ХІХ ғасырдың 60 жылдарының аяғына қарай қазақ даласы тұтастай Ресей империясына бағынышты болды және жаңа заңдар қабылданып, Ресейлік басқару жүйесіне қарай жақындатылды.

42. Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілістің себептерін, барысын, ерекшеліктерін және оның тарихи маңызын жүйелі түрде талдаңыз

Ресей империясының қазақ даласындағы хандық билікті жоюы, шекаралық аймақтарда жаңа бекіністерді салып, қазақ жерлерін күштеп тартып алуды одан әрі жалғастыруы, қазақ қоғамында әлеуметтік қатынастардың шиеленісуі Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілістің шығуына себеп болды. Қазақтардың ХҮІІІ-ХІХ ғасырларда болған басқа барлық көтерілістермен салыс-тырғанда Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық күрестің ерекшелігі, оған үш жүздің бұқара халқы түгелге дерлік катысты. Бұл күрестің кең қанат жайып, бүкілхалықтық сипат алуы, Кенесары күресінің өзіне тән саяси ерекшелігі деу керек.

Кенесарыны анағұрлым белсенді қолдаған рулар: Қыпшақ, Төрткара, Жағалбайлы, Табын, Тама, Бағаналы, ІІІекті, Алшын, Керей, Жаппас, Арғын, Үйсін, Дулат т.б. Кенесары жетекшілік жасаған азаттық күресіне ру басылары мен билер және басқа да ауқатты топ өкілдері қатысты. Олар, мысалы, Ш. Едігенов, Шорман Күшіков, Мұса Шорманов және т.б. Кенесарыға белсенді қолдау көрсет-кендердің бірі оның әпкесі Бопай.

Кенесары бастаған азаттық күрестің мақсаты Абылай хан тұсындағы қазақ хандығының территориялық тұтастығын қалпына келтіру, Ресейдің құрамына кірмеген қазақ жерлерінің тәуелсіздігін сақтап қалу болды. Кенесары Ресей отаршылдығына қарсы азаттық соғысты бастамас бұрын бірнеше дипломатиялық қадамдар жасады. 1837 жылдың көктемінде патша үкіметіне жаңа бекіністер жүйесін салудан бас тартып, салынған бекіністерді бұзуды, орыс әскерлерінің қазақ даласына ішкерілей енуін тоқтатуды талап етіп бірнеше хат жолдаған болатын. Бірақ, Кенесарының бұл хаттары патша әкімшілігі тарапынан жауапсыз қалдырылды. Одан кейін Кенесары 1837 жылдың күзіне қарай ашық күреске шығады. Қараша айында Петропавлдан оңтүстікке қарай бара жатқан керуенді қорғаушы Ақтау бекінісінің казак отрядына шабуыл жасайды.

1838 жылы Кенесары әскері Ақтау мен Ақмола арасындағы шептерге шабуыл жасап, онда орналасқан Симоновтың отрядын талқандап, қару-жарақ, оқ-дәріні қолға түсірді. 1838 жылдың күзінде Кенесары сарбаздары патша үкіметінің жазалаушы әскерлерімен бірнеше дүркін қарулы қақтығысқа түсті. Солардың ішінде айрықша кескілескен шайқас мықты бекіністердің бірі саналатын Ақмола бекінісі үшін болды. Оны аға сұлтан полковник Қоңырқұлжа Құдаймендиннің жасағы мен старшина Карбышев басқаратын жақсы қаруланған гарнизон қорғайтын. Кенесарының әскері бекіністі өртеп, жаудың біраз әскерлерін тұтқындап, қару-жарақтарын олжалады.

1841 жылдың қыркүйек айында қазақтың үш жүзінің атынан жиналған ықпалды билер мен сұлтандар Кенесары Қасымұлын ата салт бойынша ақ киізге салып көтеріп, бүкілқазақ халқына билігі жүретін хан етіп сайлады. Осылайша, Қазақ хандығы қайта құрылып, қазақ мемлекеттілігі қайтадан қалпына келтірілді. Хан Кеңесі құрылып, оған батырлар, билер, сұлтандар, сон


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



Сейчас читают про: