Хронометраж. · Ұйымдастыру бөлімі – 3 мин

Сабақтың ұзақтығы 2 сағат (100 мин.)

· Ұйымдастыру бөлімі – 3 мин.

· Студенттің өзіндік жұмысы (рецепт жазу, тесттік тапсырманы шешу) – 30 мин.

· Студенттің оқытушымен бірге орындайтын жұмысы – 35 мин.

· Білімнің соңғы деңгейін бақылау - 25 мин.

· Жалпы білімді бағалау – 3 мин.

· Өзіндік дайындыққа тапсырма – 2 мин.

4. Оқыту әдістері: барлық сұрақтар бойынша кеңес беру, тақырыпты өз бетінше оқу, жағдайлық есептерді шешу, кестемен жұмыс істеу, өзіндік бақылауға арналған тесттік тапсырмаларды орындау, электрондық материалдармен жұмыс істеу, кіші топтарда жұмыс істеу, рецепт жазу, талдау, препараттың бір реттік мөлшерін анықтау.

5. Бөлім бойынша тапсырмалар:

1. Гормондық препараттардың жіктелуі, алыну көздері, әсер ету механизмдері. Гормондық терапияның принциптері.

2. Қалқанша безінің тиреоидты гормондарының зат алмасуына әсерлері. Гипо- және гипертиреоз туралы түсінік.

3. Гипотиреоз синдромында қолданылатын заттар.Құрамында йоды бар қалқанша безінің гормондары,алу көздері мен әдістері. Жеке препараттар тиімділігін салыстырмалы бағалау, қолдану көрсеткіштері, болуы мүмкін жанама әсерлері. Балалар практикасында қолдану ерекшеліктері.

4. Гипертиреоз синдромындақолданылатын заттар (антитиреоидты заттар). Әсер ету механизмдері, жеке препараттар тиімділігін салыстырмалы бағалау, қолдану көрсеткіштері, болуы мүмкін жанама әсерлері. Балалар практикасында қолдану ерекшеліктері.

5. Гипергликемияда, гипогликемияда және бүйрек үсті безінің жетіспеушілігі синдромы туралы түсінік.

6. Инсулиннің және глюкагонның және глюко-, минералокортикоидтардың зат алмасуға әсері.

7. Гипергликемия синдромында қолданылатын заттар. Инсулиннің алыну көздері мен алу жолдары. Инсулиннің тазартылған препараттары (монопикті және монокомпонентті) қысқа және әсері ұзақ (ұзақтығы орташа және ұзақ) препараттары, олардың әсердің басталуы мен әсердің шыңы бойынша салыстырмалы сипаттамасы. Қантты диабетті емдеу үшін инсулинді дозалау принципі. Асқынулары, көмек шаралары.

8. Синтетикалық гипогликемиялық заттар сульфонилмочевинаның туындылары және бигуанидтер глинидтер, әсер ету механизмі, препараттардың салыстырмалы сипаттамасы, қолданылуы, жанама әсерлері.

9. Тіндердің инсулинге сезімталдығын жоғарылататын заттар (пиоглитазон, розиглитазон).

10. Аш ішекте глюкозаның сіңірілуін тежейтін заттар (a-гликозидазаның ингибиторлары).

11. Гипогликемия синдромында қолданылатын заттар (глюкагон, адреналин гидрохлориді, глюкоза), әсер ету механизмі, препараттардың салыстырмалы сипаттамасы, қолданылуы, жанама әсерлері.

12. Бүйрекүсті безінің жетіспеушілігінде қолданылатын заттар (глюкокортикоидтар, минералокортикоидтар). Әсер ету механизмі, жеке препараттардың салыстырмалы сипаттамасы, қолданылуы мен жанама әсерлері. Балаларда қолдану ерекшелігі.

13. Семірудің пайда болу себептері. Семіру кезінде қолданылатын препараттардың жіктелуі.

14. Семіру кезінде қолданылатын препараттардың фармакодинамика мен фармакокинетикасының ерекшеліктері. Препараттардың салыстырмалы сипаттамасы.

15. Семіру кезінде қолданылатын препараттардың мүмкін болатын жанама әсерлері.

6. Қолданылатын материалдар: кестелер, жағдайлық есептер, өзіндік бақылауға арналған тесттік тапсырмалар, үлгілер, суреттер

7. Әдебиеттер:

Негізгі:

1. Фармакология: оқулық /Д.А. Харкевич; жауапты редактор С.Б.Сламжанова. – 11ші басылым және толықтырылған. – М.: ГЭОТАР-Медиа, 2014. - 784 б.

2. Харкевич Д.А. Фармакология. Жоғары оқу орындарына арналған оқулық.. Мемлекеттік тілдегі аудармасы. – Алматы, 2009.-608 б.

3. Машковский М.Д. Лекарственные средства. – 16-е изд., перераб., испр. и доп. - М. Новая волна: издатель Умеренков, 2012.- 1216 б.

Қосымша:

1. Клиническая фармакология: Учебник, 4-е издание, перераб. и доп.\ Под ред. В.Г.Кукеса.– М: ГЭОТАР-МЕДИА, 2009, - 1056 б.

2. Клиническая фармакология. \Под ред.Ю.Б.Белоусова, В.Г. Кукеса, В.К. Лепахина, В.И. Петрова. – М: ГЭОТАР-МЕДИА, 2014. – 976 б.

3. Венгеровский А.И. Лекции по фармакологии для врачей и провизоров: уч. пособие.-М.: Гэотар-Медиа. 2012.- 726 б.

4. Р.Н. Аляутдина. Фармакология.4-е изд. перераб. и доп. «ГЭОТАР-МЕД». 2013.- 832 б.

5. Руководство к лабораторным занятиям по фармакологии \Под ред. Д.А. Харкевича, «ГЭОТАР-МЕД». 2012.- 488 б.

Бағдарламалық препараттар: L-тироксин, трийодтиронин гидрохлориді, тиреокомб, тиреотом, мерказолил, калий перхлораты, йод препараттары,актрапид НМ (қысқа уақыт әсер ететін адам инсулині), хумулин-регуляр, хумалог (инсулин-лизпро), протафан, хумулин ультраленте, глибенкламид, гликлазид, глипизид, глимепирид, метформин, рапеглинид, натеглинид (старликс), глибомет,акарбоза, глюкагон, пиоглитазон, розиглитазон, дезоксикортикостерон ацетаты, флудрокортизон, гидрокортизон ацетаты, преднизолон, метилпреднизолон, дексаметазон, триамцинолон, митотан, аминоглютетимид, спиронолактон, адреналин гидрохлориді, глюкоза, сибутрамин, орлистат, олестра.

Рецепт жазуға арналған препараттар: L-тироксин, трийодтиронин гидрохлориді, мерказолил, актрапид НМ (қысқа уақыт әсер ететін адам инсулині), глибенкламид, преднизолон, адреналин гидрохлориді, глюкоза,метилпреднизолон.

8. Бақылау:

Келесі компетенциялар бағаланады: когнитивті, операционалды, коммуникативті

1. Тақырыптың негізгі сұрақтары бойынша ауызша сұрау-әңгімелесу

2. Рецептті талдап жазу, препараттың бір реттік дозасын есептеу

3. Тапсырмаларды тест түрінде орындау.

Өзіндік бақылауға арналған тесттік тапсырмалар

Тест №1. Белокты-пептидті гормондар:

1. жасушаішілік әсер етеді 2.аденилатциклазаны белсендіреді3. цАМФ құрамын жоғарылатады

4. ДНҚ деңгейінде ферменттердің синтезін белсендіреді5.цитоплазматикалық мембрана деңгейінде әсер етеді

Тест №2. Кортикостероидтардың, эстрогендердің және андрогендердің биосинтезін тежейтіндер:

1. митотан 2. аминоглютетимид 3. преднизолон 4. дезоксикортисотерон ацетаты

5. дексаметазон

Тест №3. α-глюкозидаза ингибиторлары:

1.ас қорыту ферменттерімен конкурентті әрекеттеседі 2. ди-, олиго- и полисахаридтердің ферменттену және сіңірілу үрдісін баяулатады 3.жеке постпрандиалды гипергликемияда және ашқарында қанда глюкозаның деңгейі қалыпты болғанда тиімділігі жоғары 4.гипогликемия дамытады 5. қант диабетінің 1 типін емдеу үшін тағайындайды

Тест №4. Біріншілік бүйрекүсті безі жеткіліксіздігіне тән:

1.бүйрек үсті безінің милы қабатының созылмалы жеткіліксіздігі 2.минералокортикоидтардың жеткілікті түспеуіне байланысты натрий және хлор иондарының шығарылуының жоғарылауы 3.глюкокортикоидтар құрамының төмендеуі 4.еттік әлсіздік, адинамия, әлсіздік, арықтау 5.көмірсудың және белоктың алмасуы жоғарылайды

Тест №5. Пероралды қолданылатын қанттың деңгейін төмендететін препараттар:

1. глимепирид 2. глибенкламид (манинил) 3. актрапид НМ 4. хумулин-регуляр 5. глюкоза

Тест №6. Препаратты анықтау. Гипертиреозда қолданылады, ТТГ босап шығуын тежейді, кері байланыс механизмі бойынша әсер етеді:

1. трийодтиронин гидрохлориді 2. мерказолил 3. тиреокомб 4.йод препараттары

5. L-тироксин

Тест №7. Диабеттік кома дамығанда қолданылады:

1. актрапид НМ 2. хумулин регуляр 3. протафан 4. гликлазид 5. глюкоза

Тест №8. Минералокортикоидтардың синтетикалық аналогтары:

1. дезоксикортистерон ацетаты 2. дексаметазон 3. гидрокортизон ацетаты 4. метилпреднизолон 5. флудрокортизон ацетаты

Тест №9. Препаратты анықтау. Гидрирленген липстатин туындысы, арнайы асқазандық және панкреатикалық липазаның ингибиторы. Липазаның белсенді сериндік аймағымен ковалентті байланыса отырып, ыдырауына кедергі жасайды, кейінгі майдың сіңірілуіне әсер етеді.

1. сибутрамин 2. орлистат 3. олестра 4. актрапид НМ 5. L-тироксин

Тест №10. Глинидтерге жатады:

1. натеглинид, глибенкламид 2. глибомет, рапеглинид 3. натеглинид, рапеглинид 4. акарбоза,протафан 5. актрапид, хумалог

Тест №11. Препаратты анықтау. Гипогликемиялық әсері қаңқа бұлшық еттерімен глюкозаның ұстауы жоғарылауына, глюкоза утилизациясының жоғарылауына (анаэробты гликолиздің ынталануы), қанда глюкагон деңгейінің төмендеуіне, гепатоциттермен глюкозаның өндірілуінің төмендеуіне, инсулинтәуелді тіндердің инсулинге сезімталдығының жоғарылауына байланысты:

1. глимепирид 2. гликлазид 3. акарбоза 4. метформин 5. актрапид НМ

Тест №12. Глюкокортикостероидтар қолданылады:

1.орын басушы ем ретінде 2.супрессивті ем үшін 3.жүйелік және жергілікті фармакодинамикалық ем үшін 4.алдын алу үшін 5. пульс-терапия үшін

Тест №13. Препаратты анықтау. Құрамында левотироксин натрий, трийодтиронин және калий йодиді бар жұптастырылған препарат:

1. тиреокомб 2. мерказолил 3. L-тироксин 4. тиреотом 5. калийперхлораты

Тест №14. Глюкокортикостероидтардың жанама әсерлері:

1. гипергликемия, глюкозурия 2. гипокалиемия, гипокалигистия 3. сұйықтықтың жиналуы, артериалды гипертензия 4. көзішілік сұйықтықтың ағуы бұзылады, катарактаның дамуы 5.белок синтезінің күшеюі

Тест №15. Глимепирид:

1. глибенкламидке қарағанда инсулиннің босап шығуын2,5-3рет жылдам дамытады2.инсулиннің секрециясының жоғарылауы тек тамақтан соң күшейеді 3.айқын гипогликемия шақырмайды 4.сульфонилмочевина препараты болып табылады 5.орын басушы ем үшін қолданылады

Тест №16. Айқын гипогликемия шақырады:

1. инсулин препараттары 2. адреналин 3. преднизолон 4. глимепирид 5. глибенкламид

Тест №17. Мерказолилдің зобогенді әсерінің (медикаментозды гипотиреоз) алдын алу үшін тағайындалады:

1. L-тироксин 2. трийодтиронин 3. тиреокомб 4. йод препараты 5.калий перхлораты

Тест №18. Препараты анықтау. Үшіншілік амин, орталық жүйке жүйесінде нейромедиаторлардың: норадреналин, серотонин және дофаминнің кері ұсталуын тежейді. Тамақты қабылдауды төмендетеді, тез қарнының тою сезімін шақырады және ол ұзаққа созылады. Одан кейінгі тамақты қабылдауды тоқтатады. Термогенезге әсер етеді, ағзада энергия жұмсалуын арттырады. Дене салмағын төмендетеді және науқастың дене салмағын төмендеген деңгейде сақтап қалуға көмектеседі.

1. Сибутрамин 2.Орлистат 3.Олестра 4.Инсулин 5.L-тироксин

Тест №19. Глюкокортикоидтармен емді тоқтатқа «тоқтату» синдромының дамуы байланысты:

1. бүйрек үсті безінің гипотрофиясына байланысты 2.препараттың ульцерогенді әсеріне байланысты 3. АКТГ өндіріліуінің төмендеуіне байланысты 4. АКТГ аз дозасын енгізуге байланысты әлсірейді 5. Бүйрек үсті безінің белсенуімен түсіндіріледі

Тест №20. Қалқанша безіне тікелей әсер етеді:

1. мерказолил 2.радиоактивті йод 3. глюкагон 4. преднизолон 5. инсулин

«Эндокринді жүйе» модулі бойынша студенттің өзіндік жұмысына арналған әдістемелік нұсқаулар

№ 1 СӨЖ

1.Тақырыбы: «Семіру кезіндегі фармакотерапия принциптері»

2. Мақсаты: Семіру кезінде қолданылатын препараттардың фармакокинетика мен фармакодинамикасын өз бетімен оқып білу.

3.Тапсырма: «Семіру кезіндегі фармакотерапия принциптері» тақырыбына кесте-сызба құрастыру.

4.Орындалу түрі: Кесте-сызба дайындау

5. Орындау шарттары:

- А4 форматында сызба түрінде семіру кезінде қолданылатын препараттардың жіктелуін, фармакологиялық әсерлерін, дозалау тәртібін, жанама әсерлерін және шығарылу қалпын жазу

- 3-4 сызба дайындау (семіру кезінде қолданылатын препараттардың фармакодинамикасы бойынша)

6.Орындалу уақыты: «Эндокринді жүйе» модулі бойынша аралық бақылауға дейін

7. Бағалау критерийлері:

№ п/п Критерий Деңгейі, балл түрінде бағалау
Өте жақсы Қолайлы Түзетуді талап етеді Қолайлы емес
1. Кесте мазмұнының тақырыпқа сай келуі        
2. Препараттарды фармакодинамикалық көрсеткіштер бойынша салыстырмалы сипаттамасын көрсету        
3. Препараттарды фармакокинетикалық көрсеткіштер бойынша салыстырмалы сипаттамасын көрсету        
4. Қолданылған әдебиеттер тізімінің болуы.        
5. Эстетикалық жағынан ұстамды безендендіру        
  Барлығы        

Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: