Ломустин, кармустин 5. циклофосфан, меркаптопурин

«Қан түзу жүйесі» модулі бойынша студенттердің өзіндік жұмысына арналған әдістемелік нұсқау

№1 СӨЖ

1.Тақырыбы: «ҚТІШҚҰ-синдромы емінің принциптері»

2.Мақсаты: «ҚТІШҚҰ-синдромын емдеудің негізі принциптері» тақырыбы бойынша материалды өз бетінше зерделеу

3.Міндеттері:

«ҚТІШҚҰ-синдромын емдеудің негізі принциптері» тақырыбына хабарлама жазу

4. Орындау түрі: Реферат орындау. Оқулықпен және қосымша әдебиеттермен жұмыс істеу. Балл жүйесі бойынша оқытушының бағалау.

5. Орындалу критериі:

а) соңғы жылдардың әдебиеттерін таңдау және оқу

б) мәліметтерді өңдеу және жүйелендіру

в) жоспар құру

г) библиография құрастыру

д) реферат жұмысын безендіру

Реферативті жұмысының құрылымы:

- мұқаба парақ (үлгі бойынша безендіріледі);

- мазмұны (негізгі бөлімдердің беттерін көрсетіп, кезектестіріп жазу);

- кіріспе (зерттелетін мәселені негіздеу, оның мәні мен өзектілігі; жұмыстың мақсаты мен міндеттерін анықтау);

- негізгі бөлім (әр бөлім жеке мәселенің алдыңғы бөлімнің жалғасы ретінде, бір жағын немесе бір бөлігін дәлелмен анықталуы қажет; бұл бөлімде кестелер, сызбалар, суреттерді қолдануға болады немесе оларды реферативті жұмыстың жалғасы ретінде қосымша безендіруге болады);

- қорытынды (қорытынды жасалады, тұжырымдар мен кеңестер ұсынылады);

- әдебиеттер тізімі (үлгі бойынша безендіріледі)

Рефератты безендіруге және орындалуына қойылатын талаптар:

а) рефераттың көлемі 10-15 басылым бетінен артық болмауы қажет* (рефераттың көлеміне қосымша кірмейді);

б) реферативті жұмыстың жазылуы ұқыпты түзетілген және грамматикалық қатесіз болуы қажет;

в) әдебиетке сілтеме жасау санмен көрсетіледі және ол әдебиет тізіміндегі санмен сәйкес болуы қажет;

г) әдебиет тізімі рефератты жұмыстың аяғында жазылады және мәтіне көрсетілген пайдалану ретімен жазылады.

6.Тапсыру мерзімі: «Қан жасау жүйесі» модулі бойынша аралық бақылауға дейін.

7. Бағалау критерилері: максималды 100 балл

Критерий Деңгейі, балл түрінде бағалау
Өте жақсы Қолайлы Түзетуді талап етеді Қолайлы емес
1. Реферат мазмұнының тақырыпқа, реферат жоспарына және қойылған міндеттерге сәйкес келуі   9,75 6,5  
2. Тақырыптың толықтығы және ашылуының логикаға сай болуы   9,75 6,5  
3. Материалды жалпыландыру, қорытынды жасай білу қабілеті   9,75 6,5  
4. Ақпарат көздерімен жұмыс жасай білуі   9,75 6,5  
5. Реферат бойынша сұрақтарға жауап бере білуі        
6. Рефераттың безендірілуі модульдің талаптарына сәйкес келуі        
7. Көрнекті материалдардың сапасы мен толықтығы        
8. Әдебиетті іріктеу        
  Барлығы        

8. Әдебиеттер:

Негізгі:

1. Фармакология: оқулық /Д.А. Харкевич; жауапты редактор С.Б.Сламжанова. – 11ші басылым және толықтырылған. – М.: ГЭОТАР-Медиа, 2014. - 784 б.

2. Харкевич Д.А. Фармакология. Жоғары оқу орындарына арналған оқулық.. Мемлекеттік тілдегі аудармасы. – Алматы, 2009.-608 б.

3. Машковский М.Д. Лекарственные средства. – 16-е изд., перераб., испр. и доп. - М. Новая волна: издатель Умеренков, 2012.- 1216 б.

Қосымша:

1. Клиническая фармакология: Учебник, 4-е издание, перераб. и доп.\ Под ред. В.Г.Кукеса.– М: ГЭОТАР-МЕДИА, 2009, - 1056 б.

2. Клиническая фармакология. \Под ред.Ю.Б.Белоусова, В.Г. Кукеса, В.К. Лепахина, В.И. Петрова. – М: ГЭОТАР-МЕДИА, 2014. – 976 б.

3. Венгеровский А.И. Лекции по фармакологии для врачей и провизоров: уч. пособие.-М.: Гэотар-Медиа. 2012.- 726 б.

4. Р.Н. Аляутдина. Фармакология.4-е изд. перераб. и доп. «ГЭОТАР-МЕД». 2013.- 832 б.

5. Руководство к лабораторным занятиям по фармакологии. \Под ред. Д.А. Харкевича, «ГЭОТАР-МЕД». 2012.- 488 б.

9. Бақылау:

1. ҚТШҚҰ-синдромының ерте кешенді емінің принциптері

2. ҚТШҚҰ-синдромы кешенді емінің компоненттері

3. Гепаринотерапия асқынулар

«Жүрек-қантамыр жүйесі» модулі

«Жүрек-қантамыр жүйесі» модулі бойынша практикалық сабаққа арналған әдістемелік нұсқаулар

№1 сабақ

1. Тақырып: «Антиангиналды заттар. Әсер ету механизмі, қолдануға көрсетулер, қарсы көрсетулер және жанама әсерлері»

2. Мақсаты: Антиангиналды заттардың негізгі фармакокинетикалық және фармакодинамикалық заңдылықтарын үйрету, әртүрлі патологиялық жағдайларда рационалды таңдау

3. Оқыту міндеттері:

Когнитивті компетенция:

1. Әртүрлі патологиялық жағдайларда түзетуге қолданылатын антиангиналды заттардың жалпы сипаттамасын, әсер ету механизмін, негізгі фармакологиялық және жанама әсерлерін зерделеу;

2. Емдік әсерін күшейту мақсатында әртүрлі ағзалар мен жүйелердің қызметтерін бағыттап өзгерту үшін қолданылатын антиангиналды заттарды таңдау;

3. Әртүрлі патологиялық жағдайларда қолданылатын дәрілік қалыптарды таңдау, оларды қолдануға көрсетулер, препараттарға рецепт жаза білу;

4. Препараттарды қолдануға қарсы көрсетулерді анықтау, дәрілердің жағымсыз әсерлерінің дер кезінде алдын алу;

5. Дәрілердің жағымсыз әсерлерінің алдын алу мақсатында және емдік әсерді күшейту үшін антиангиналды заттарды жұптастырып қолдануды таңдау.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: