Когнитивті компетенция. 1. Әртүрлі патологиялық жағдайларда қолданылатынн антигипертензивті заттардың жалпы сипаттамасы

1. Әртүрлі патологиялық жағдайларда қолданылатынн антигипертензивті заттардың жалпы сипаттамасы, әсер ету механизмін, негізгі фармакологиялық және жанама әсерлері.

2. Антигипертензивті заттарды әртүрлі ағзалар мен жүйелердің қызметтерінің бұзылыстарына байланысты емдік әсерін күшейту мақсатында қолдануды үйрену.

3. Әртүрлі патологиялық жағдайларда қолданылатын дәрілік қалыптарды таңдау, оларды қолдануға көрсетулер, препараттарға рецепт жаза білу.

4. Препараттарды қолдануға қарсы көрсетулерді анықтау, дәрілердің жағымсыз әсерлерінің дер кезінде алдын алып отыру.

5. Дәрілердің жағымсыз әсерлерінің алдын алу мақсатында және емдік әсерді күшейту үшін антигипертензивті заттарды жұптастырып қолдануды үйрену.

Операционалды компетенция

1. Дәрілік заттарды рецептте жазу және талдау дағдысын игеру.

2. Препараттың бірреттік дозасын есептей білу.

Коммуникативті компетенция:

1. Шешендік сөйлеу мәнерін игеру.

2. Даулы жағдайдың дамуын алдын алу және шеше білу.

3. Ұжым мүшелері арасында мотивация, сенімділік, достық райды қалыптастыру мәселелерін пайдалана білу.

4. Мәселеге өзінің көзқарасын білдіре білу.

5. Фармакологияның мәселелері бойынша логикалық ойлау, пікірталас, жарыс сөз өткізу.

Өзіндік даму (үздіксіз оқу және білім алу):

1. Өз бетінше ақпараттар іздену, өңдеу және оны қазіргі заманғы зерттеу әдістерін, компьютерлік технологияны пайдаланып талдау.

2. СӨЖ әртүрлі формасын орындау (эссе, тесттік тапсырмалар, презентация, реферат және т.с.с құрастыру.)


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: