Коммуникативті компетенция

1. Сауатты және жетік түрде сөйлеуді игеру;

2. Даулы жағдайларды шешу және оның алдын алу

3. Ұжым мүшелерінің арасындағы қарым-қатынасқа әсер етуді ынталандыру мақсатында мотивация сұрақтарын қолдану.

4. Жеке ой-пікірін жеткізе білу.

5. Тақырыптың мәселері бойынша логикалық ойлау, еркін түрде пікірталас жүргізе білу

Үздіксіз оқыту және білім беру компетенциясы:

1. Өзіндік қазіргі замандағы зерттеу әдістерін, компьютерлік технологиялар қолдану, ақпарат жинау және оларды өңдеу және талдау жасау (оқулықтар, анықтамалық әдебиет, нормативті құжаттар, ғылыми әдебиет және интернет-қоры)

2. СӨЖ-тың күрделі түрлерін орындай білу (көп деңгейлі кроссвордтарды, тесттік тапсырмаларды, презентацияларды, эссе, рефераттарды құру).

Хронометраж.

Сабақтың ұзақтылығы 2 сағат (100 мин)

· Ұйымдастыру кезеңі -3 мин

· Студенттердің өзіндік жұмысы -30 мин

· Студенттердің оқытушымен бірлесіп жұмысы -35 мин

· Білімнің соңғы деңгейін тексеру -25 мин

· Білімнің жалпы білімін бағалау – 3 мин

· Өзіндік жұмыс бойынша тапсырмалар орындау - 2 мин

4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Жедел гломерулонефриттерде қолданылатын препараттар. Жіктелуі.

2. Жедел гломерулонефриттерде қолданылатын антибиотиктер. Әсер ету механизмдері, негізгі препараттардың сипаттамасы, жанама әсерлері.

3. Тікелей әсерлі антикоагулянттар (гепарин), әсер ету механизмі, жанама әсерлері.

4. Антиагреганттар (аденозиндезаминаза тежегіші - дипиридамол).

5. Созылмалы гломерулонефриттің иммуносупрессивті емі. Стероидты емдеу принциптері.

6. Глюкокориткоидтар. Иммуннодепрессивті әсерінің механизмі. Негізгі препараттардың сипаттамасы. Стериодты емнің жанама әсерлері.

7. Пульстерапия туралы түсінік, қолдануға көрсетулер.

8. Цитостатикалық препараттар (циклофосфамид, хлорамбуцил, циклоспорин).

9. Созылмалы гломерулонефритті емдеудің үшкомпонентті (цитостатиктер немесе глюкокортикоидтар, антиагерганттар, гепарин) және төрткомпонентті сызбалары(глюкокортикоидтар, цитостатиктер, антиагреганттар, гепарин, кейінірек фенилинге өту). Әсер ету механизмі, қолдануға көрсетулер, қарсы көрсетулер, жанама әсерлері, жастық аспектіде қолданудың ерекшеліктері.

10. Гломерулонефриттерде СЕҚҚП қолдану (индометацин).

11. Гломерулонефрит түрлерінде су-электролиттік тепе-теңдік бұзылыстарын, зат алмасу және гемодинамикалық бұзылыстарды түзету. Симптоматикалық емі.

5.Оқыту әдістері: ауызша сұрау, тесттік тапсырмалар мен жағдайлық есептерді, нұсқаулықтар бойынша тапсырмаларды шешу және қорытынды беру, талдауымен және бір реттік мөлшерін анықтауымен бірге рецепт жазу, пікірталастар, кіші топтарда жұмыс жасау, көрнекті құралдармен жұмыс жасау.

6.Әдебиеттер:

Негізгі:

1.Фармакология: оқулық /Д.А. Харкевич; жауапты редактор С.Б.Сламжанова. – 11 ші басылым, толықтырылған. – М.: ГЭОТАР-Медиа, 2014. - 784 б.

2.Харкевич Д.А. Фармакология. Жоғары оқу орындарына арналған оқулық.. Мемлекеттік тілдегі аудармасы. – Алматы, 2009.-608 б.

3.Машковский М.Д. Лекарственные средства. – 16-е изд., перераб., испр. и доп. - М. Новая волна: издатель Умеренков, 2012.- 1216 б.

Қосымша:

1.Клиническая фармакология: Учебник, 4-е издание, перераб. и доп.\Под ред. В.Г.Кукеса.– М: ГЭОТАР-МЕДИА. -2009. -1056б.

2.Клиническая фармакология. /Под ред. Ю.Б. Белоусова, В.Г. Кукеса, В.К. Лепахина, В.И. Петрова. –М.: ГЭОТАР-МЕДИА. -2014. -976б.

3.Венгеровский А.И. Лекции по фармакологии для врачей и провизоров: М.: ГЭОТАР-МЕДИА. 2012. -726б.

4.Аляутдин Р.Н. Фармакология. 4-е изд. перераб. и доп. "ГЭОТАР-МЕДИА". -2013.-832б.

5.Руководство к лабораторным занятиям по фармакологии /Под ред. Д.А. Харкевича, "ГЭОТАР-МЕДИА", 2012. –488б.

Бағдарламалық препараттар: пенициллин қатарының антибиотиктері, цефоперазон, цефтриаксон, преднизолон, метилпреднизолон, дексаметазон,индометацин, азатиоприн, меркаптопурин, циклофосфан, циклоспорин, хлорамбуцил, гепарин, фраксипарин, эноксипарин, варфарин, кислота ацетилсалициловая, пентоксифилин (трентал), дипиридамол (курантил), тиклопидин, клопидогрель, фенилин, гипотиазид, фуросемид, полиглюкин, верапамил, эналоприл, фозиноприл, рамиприл

Рецепт жазуға арналған препараттар: метилпреднизолон, гепарин, циклофосфан, азатиоприн, дипиридамол, цефтриаксон, эналоприл

7.Бақылау:

Операционалды компетенция бағаланады (дағды)

Рецепт жазу және талдау (фармакологиялық тобын, әсер механизмін, фармакологиялық әсерлерін, қолдануға көрсетілулерін және жанама әсерлерін көрсету)


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: