Тесттік тапсырмалар. Тест №1.Жүкті әйелдегі пиелонефритте қолданылатын таңдамалы препарат


Тест №1. Жүкті әйелдегі пиелонефритте қолданылатын таңдамалы препарат:


1. Линкомицин

2. Ципрофлоксацин

3. Амоксициллин

4. Гентамицин

5. Хлорамфеникол


Тест №2. Бүйректің кальцилік тастардың рецидивтерін емдеу үшін тиімділігі жоғары зат

1. Маннитол

2. Фуросемид

3. Спиронолактон

4. Гидрохлоротиазид

5. Диакарб


Тест №3. Гиперкалиемия кезінді пациентке қауіпсіз зәр айдағыш препарат


1. Калий хлориді

2. Каптоприл

3. Гидрохлортиазид

4. Спиронолактон

5. Триамтерен


Тест №4. Ұзақ қолданғанда гипокалиемия шақыратын диуретик препарат:


1. Спиронолактон

2. Диакарб

3. Триамтерен

4. Гидрохлортиазид

5. Маннитол


Тест №5. Кальций белсенді шығаратын диуретик

1. Диакарб

2. Гидрохлортиазид

3. Фуросемид

4. Спиронолактон

5. Индапамид


Тест №6. Зәр шығару жолдарының инфекциялық ауруларында жиі колданылатын микробқа қарсы препарат

1. Фторхинолондар

2. Цефалоспориндер

3. Аминогликозидтер

4. Карбапенемдер

5. Полимиксиндер


Тест №7. Пуриндік зат алмасуды реттейтін, бүйрек-тас ауруында қолданылатын препаратты атаңыз


1. Аллопуринол

2. Глюкоза

3. Натрий гидрокарбонаты

4. Инсулин

5. Леспенефрил


Тест №8. Созылмалы бүйрек жеткіліксіздігінде қолданылатын өсімдік тектес гипоазотемиялық зат


1. Цианокобаламин

2. Эпоэтин-альфа

3. Леспенефрил

4. Метионин

5. Аллопуринол


Тест №9. Бүйрек тас ауруын емдеудің негізгі бағыттары

1. Ауру сезімін басу

2. Асқынуларды емдеу (жедел және созылмалы пиелонефрит, цистит ж.т.б.).

3. Тастың шығарылуын жылдамдатуға бағытталған шаралар.

4. Несеп-қышқылды тастардыеріту

5. Сұйықтықты қабылдауды шектеу

Тест №10. Бүйрек тас ауруын емдеуде қолданылатын негізгі топ препараттары


1. Антибактериалды препараттар

2. Спазмолитикалық заттар

3. Зәр айдағыштар

4. Кальций препараттары

5. Тастарды ерітетін препараттар

Тест №11. Зәр шығару жолдары ауруларында қолданылатын жұптастырылған сульфаниламидтік препарат

1. Амоксициллин

2. Аугментин

3. Имипенем+целастатин

4. Ко-тримоксазол

5. Азтреонам

Тест №12. Бүйрек жеткіліксіздігіне байланысты дамыған анемияда қолданылатын препараттар


1. Темір препараттары

2. Цианокобаламин

3. Эпоэтин-альфа

4. Фолий қышқылы

5. Бор қышқылы

Тест №13. Жедел гломерулонефритте қолданылады


1. Эноксапарин

2. Викасол

3. Преднизолон

4. Циклофосфамид

5. Дипиридамол


Тест №14. Созылмалы гломерулонефритте қолданылады

1. Антиагреганттар

2. Антикоагулянттар

3. Коагулянттар

4. Глюкокортикоидтар

5. Цитостатиктер

Тест №15. СБЖ қолданылатын иммунодепрессант- цитостатик

1. Азатиоприн

2. Меркаптопурин

3. Циклофосфан

4. Преднизолон

5. Эпоэтин-альфа


«Зәр-жыныс жүйесі» модулі бойынша студенттің өзіндік жұмысына арналған әдістемелік нұсқаулар

№1 СӨЖ

1. Тақырыбы: «БЖЖ фармакотерапиясының қазіргі принциптері»

2. Мақсаты: ЖБЖ фармакотерапиясында қолданылатын заттардың жіктелуі және номенклатурасын өз бетінше меңгеру; ЖБЖ кезінде препараттарды таңдау және дұрыс қолдану үшін жеке препараттардыңфармакодинамикасын, фармакокинетикасын және жанама әсерлерін талдау.

3. Міндеттері:

1. ЖБЖ фармакотерапиясында қолданылатын дәрілік заттардың фармакологиялық әсерлері;

2. ЖБЖ фармакотерапиясында қолданылатын фармакологиялық заттардың әсер ету механизмі туралы түсінік;

3. Медицинада негізгі қолданылуы;

4. Негізгі жанама әсерлері;

5. Басқа препараттармен өзара әсерлесуі.

4. Орындау түрі:

«ЖБЖ фармакотерапиясының қазіргі принциптері» тақырыбына реферат дайындау

5. Орындау критерийлері:

а) соңғы жылдардағы әдебиет көздерін талдау және меңгеру;

б) ақпараттарды өңдеу және жүйелендіру;

в) жоспарын жасау;

г) библиография құрастыру;

д) реферативті жұмысты рәсімдеу.

Реферативті жұмыстың құрылымы:

1) мұқаба парақ(үлгі бойынша безендіріледі );

2) мазмұны (негізгі бөлімдердің беттерін көрсетіп, кезектестіріп жазу);

3) кіріспе (зерттелетін мәселені негіздеу, оның мәні мен өзектілігі; жұмыстың мақсаты мен міндеттерін анықтау);

4) негізгі бөлім (әр бөлім жеке мәселенің алдыңғы бөлімнің жалғасы ретінде, бір жағын немесе бір бөлігін дәлелмен анықталуы қажет; бұл бөлімде кестелер, сызбалар, суреттерді қолдануға болады немесе оларды реферативті жұмыстың жалғасы ретінде қосымша безендіруге болады);

5) қорытынды (қорытынды жасалады, тұжырымдар мен кеңестер ұсынылады);

6) әдебиеттер тізімі (үлгі бойынша безендіріледі)

Рефераттың мұқаба парағы С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ КАФЕДРА______________________________________________________ Р Е Ф Е Р А Т Тақырыбы: _________________________________________________ _________________________________________________ Студенттың аты жөні__________________________________________ Факультеті _____________________________________________ Курсы ____________________________________________________ Тобы __________________________________________________ Оқытушы ___________________________________________ Алматы, 200_- 200_ оқу жылы

Рефератты безендіруге және орындалуына қойылатын талаптар:

а) рефераттың көлемі 10-15 басылым бетінен артық болмауы қажет* (рефераттың көлеміне қосымша кірмейді);

б) реферативті жұмыстың жазылуы ұқыпты түзетілген және грамматикалық қатесіз болуы қажет;

в) әдебиетке сілтеме жасау санмен көрсетіледі және ол әдебиет тізіміндегі санмен сәйкес болуы қажет;

г) әдебиет тізімі рефератты жұмыстың аяғында жазылады және мәтіне көрсетілген пайдалану ретімен жазылады.

6.Тапсыру мерзімі: «Несеп-жынысі» модулі бойынша аралық бақылауға дейін.

7. Бағалау критерийі:

Рефератты бағалау критерийлері

Критерий Деңгейі, балл түрінде бағалау
Өте жақсы Қолайлы Түзетуді талап етеді Қолайлы емес
1. Реферат мазмұнының тақырыпқа, реферат жоспарына және қойылған міндеттерге сәйкес келуі   9,75 6,5  
2. Тақырыптың толықтығы және ашылуының логикаға сай болуы   9,75 6,5  
3. Материалды жалпыландыру, қорытынды жасай білу қабілеті   9,75 6,5  
4. Ақпарат көздерімен жұмыс жасай білуі   9,75 6,5  
5. Реферат бойынша сұрақтарға жауап бере білуі        
6. Рефераттың безендірілуі модульдің талаптарына сәйкес келуі        
7. Көрнекті материалдардың сапасы мен толықтығы        
8. Әдебиетті іріктеу        
  Барлығы        

Ең жоғары балл – 100

8.Әдебиеттер:

Негізгі:

1.Фармакология: оқулық /Д.А. Харкевич; жауапты редактор С.Б.Сламжанова. – 11 ші басылым, толықтырылған. – М.: ГЭОТАР-Медиа, 2014. - 784 б.

2.Харкевич Д.А. Фармакология. Жоғары оқу орындарына арналған оқулық.. Мемлекеттік тілдегі аудармасы. – Алматы, 2009.-608 б.

3.Машковский М.Д. Лекарственные средства. – 16-е изд., перераб., испр. и доп. - М. Новая волна: издатель Умеренков, 2012.- 1216 б.

Қосымша:

1.Клиническая фармакология: Учебник, 4-е издание, перераб. и доп.\Под ред. В.Г.Кукеса.– М: ГЭОТАР-МЕДИА. -2009. -1056б.

2.Клиническая фармакология. /Под ред. Ю.Б. Белоусова, В.Г. Кукеса, В.К. Лепахина, В.И. Петрова. –М.: ГЭОТАР-МЕДИА. -2014. -976б.

3.Венгеровский А.И. Лекции по фармакологии для врачей и провизоров: М.: ГЭОТАР-МЕДИА. 2012. -726б.

4.Аляутдин Р.Н. Фармакология. 4-е изд. перераб. и доп. "ГЭОТАР-МЕДИА". -2013.-832б.

5.Руководство к лабораторным занятиям по фармакологии /Под ред. Д.А. Харкевича, "ГЭОТАР-МЕДИА", 2012. –488б.

9.Бақылау:

1. БЖЖ қандай препараттар тобы қолданылады?

2. БЖЖ қолданылатын препараттардың әсер механизмі қандай?

3. Препараттарды қолданудың ерекшеліктері және дамитын жанама әсерлері.

№2 СӨЖ

1. Тақырыбы: «Несеп-тас ауруы кезіндегі дәрілік емнің негізгі бағыттары»

2. Мақсаты: «Несе-тас ауруының дәрілік емі» тақырыбы бойынша материалдарды өз бетінше меңгеру

3. Міндеттері: несеп тас ауруының дәрілік емінде қолданылатын препараттарды қамтитын хабарлама жазу

4. Орындау түрі: эссе

5.Орындау критерийлері:

а) соңғы жылдардағы әдебиет көздерін талдау және меңгеру;

б) ақпараттарды өңдеу және жүйелендіру;

в) жоспарын жасау;

г) библиография құрастыру;

д) эссені рәсімдеу.

Эссе құрылымы:

1) мұқаба парағы (СӨЖ түріне сәйкес рәсімделеді)

2) кіріспе(зерттелетін материалды негіздеу, мақсаты мен міндеттерін анықтау)

3) негізгі бөлімі(мәселені ашу)

4) қорытынды

5) әдебиеттер тізімі(3-4 әдебиеттен кем болмауы тиіс)

Эссені орындауға және рәсімдеуге қойылатын талаптар:

а) эссе көлемі 0,5-1,0 баспа парағы болуы тиіс;

б) эссе мәтіні толық өңделген және грамматикалық тексерілген болуы тиіс;

в) қолданылған әдебиетке сілтеме қолданылған әдебиеттер тізіміндегі номерге сәйкес рәсімделеді;

г) әдебиеттер тізімі мәтінтің соңында сәйкес реттілікпен орналастырылады.

6. Тапсыру мерзімі: «Зәр жыныс жүйесі» модулі бойынша аралық бақылауға дейін

7. Бағалау критерийлері:

№ п/п Критерий Деңгейі, балл түрінде бағалау
Өте жақсы Қолайлы Түзетуді талап етеді Қолайлы емес
1. Эссе мазмұнының таңдалған тақырыпқа сай келуі        
2. Сауатты және қысқаша құрастырылуы   7,5 5,0  
3. Зерттелетін мәселенің негізделуі, мақсатты мен міндеттерін анықталуы        
4. Ақпарат көзімен жұмыс жасай білу   7,5 5,0  
5. Қолданылған әдебиеттер тізімінің болуы.        
6. Эстетикалық жағынан ұстамды безендендіру        
  Барлығы        

Ең жоғары балл – 100.

8.Әдебиеттер

Негізгі:

1.Фармакология: оқулық /Д.А. Харкевич; жауапты редактор С.Б.Сламжанова. – 11 ші басылым, толықтырылған. – М.: ГЭОТАР-Медиа, 2014. - 784 б.

2.Харкевич Д.А. Фармакология. Жоғары оқу орындарына арналған оқулық.. Мемлекеттік тілдегі аудармасы. – Алматы, 2009.-608 б.

3.Машковский М.Д. Лекарственные средства. – 16-е изд., перераб., испр. и доп. - М. Новая волна: издатель Умеренков, 2012.- 1216 б.

Қосымша:

1.Клиническая фармакология: Учебник, 4-е издание, перераб. и доп.\Под ред. В.Г.Кукеса.– М: ГЭОТАР-МЕДИА. -2009. -1056б.

2.Клиническая фармакология. /Под ред. Ю.Б. Белоусова, В.Г. Кукеса, В.К. Лепахина, В.И. Петрова. –М.: ГЭОТАР-МЕДИА. -2014. -976б.

3.Венгеровский А.И. Лекции по фармакологии для врачей и провизоров: М.: ГЭОТАР-МЕДИА. 2012. -726б.

4.Аляутдин Р.Н. Фармакология. 4-е изд. перераб. и доп. "ГЭОТАР-МЕДИА". -2013.-832б.

5.Руководство к лабораторным занятиям по фармакологии /Под ред. Д.А. Харкевича, "ГЭОТАР-МЕДИА", 2012. –488б.

9.Бақылау

1. Несеп-тас ауруында қандай дәрілік заттар тобы қолданылады?

2. Несеп-тас ауруында қолданылатын заттардың әсер механизмі.

3. Препараттарды қолданудың ерекшеліктері және дамитын жанама әсерлері.

«Тірек-қимыл жүйесі» модулі

«Тірек-қимыл жүйесі» модулі бойынша практикалық сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар

1.Тақырыбы. Буындық синдромда қолданылатын қабынуға қарсы заттар. Жастық аспектіде қолданудың ерекшеліктері.

2.Мақсаты: буындық синдромда қолданылатын дәрілік заттардың фармакокинетика және фармакодинамикасының ерекшеліктері жайында білімін қалыптастыру.

3.Оқыту міндеттері:


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: