Тапсырма №952

42 жастағы әйел жоғарғы жақтың фронтальды тістердің химиялық тітіркендіргіштерге ауру сезіміне шағымданады. Қарап тексергенде: 21,22 тістердің вестибулярлы бетінде шыны тірізді ақау байқалады.

Төменде көрсетілген тексеру әдістерінің қайсысы диагноз қою үшін НЕҒҰРЛЫМ мақсатты болып келеді:

1) Қағып тексеру

2) Рентгенография

3) Термотест

4) Электроодонтометрия

5) +Шұқып тексеру

!953

45 жастағы әйел жоғарғы жақтың фронтальды тістердің химиялық тітіркендіргіштерге ауру сезіміне шағымданады. Қарап тексергенде: 21,22 тістердің вестибулярлы бетінде жылтыр жұмсақ табанымен қабырғалары және тығыз табақша тірізді ақау байқалады. Шұқып тексеренде ауырмайды.

Төменде көрсетілген тексеру әдістерінің қайсысы болжам диагноз қою үшін НЕҒҰРЛЫМ сәйкес келеді?

1) Бастапқы тіс жегі

2) +Кіреуке эрозиясы

3) Кіреуке некрозы

4) Сына тәрізді ақау

5) беткей тіс жегі

!954

32 жастағы әйел жоғарғы және төменгі фронтальды тістердің косметикалық ақауына шағымданады. Тістердегі кіреуке өзгерісі бала кезден байқалады. Қарап тексергенде: жоғарғы және төменгі жақтың фронтальды тістердің вестибулярлы бетінде көптеген қоңыр түсті бор тәрізді дақтар және түрлі терңдікте ақаулар байқалады.

Төменде көрсетілген болжам диагноздың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ сәйкес келеді?

1) Флюороз, дақ тәрізді түрі

2) +Флюороз, эрозивті түрі

3) Флюороз деструктивті түрі

4) Флюороз, штрихті түрі

5) Флюороз. Ақ-бор түрі

Тапсырма №955

25 жастағы әйел жоғарғы және төменгі жақтың фронтальды тістердің косметикалық ақауына шағымданады. Қарап тексергенде: жоғарғы және төменгі жақтың фронтальды тістердің вестибулярлы бетінде ақ – қоңыр түсті дақтар, пішіні әр түрлі тереңдікте желінген, шұқып тексергенде тайғанақтайды.

Төменде көрсетілген тексеру әдістерінің қайсысы диагноз қою үшін НЕҒҰРЛЫМ сәйкес келеді

1) +Ауру тарихы

2) Рентгенография

3) Қағып тексеру

4) Электроодонтометрия

5) Термотест

!956

25 жастағы жас жігіт жоғарғы жақтың косметикалық ақауына шағымданады. Тістердегі кіреукенің түс өзгерістері бала кезден байқалады. Жас кезінде рахитпен ауырған. Қарап тексергенде: бірінші үлкен азу тісте және орталық күрек тістің вестибулярлы бетінде бор тәрізді ұнтақтар симметриялы орналасқан. Дақ беті – жұмсақ, жылтыр. Дақ 2℅ метилен көгімен боялмайды.

Төменде көрсетілген қандай болжам диагноз НЕҒҰРЛЫМ сәйкес келеді

1) Флюороз, штрихті формада

2) Бастапқы тіс жегі

3) +Жүйелік гипоплазия

4) Күңгірт – бор тәрізді фомасы

5) Флюороз, эрозивті формадағы


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: