Тапсырма №1407

18 жасар жігіт жоғарғы тістердің косметикалық дефектіне шағымданады. Тістердің түсінің өзгеруін бала жасынан байқаған. Бала кезінде рахитпен ауырған. Қарап тексергенде: ортаңғы күрек тістерінің вестибулярлы бетінде және бірінші үлкен тістердің төмпешіктерінде – симметриялы орналасқан борлы бақтар. Дақтардың беті – жылтыр, тегіс.

Төменде аталған тексеру әдістерінің қайсысын қолданған ең дұрыс болады:

A) Перкуссия

B) Рентгенография

C) +витальды бояу әдісі

D) Электроодонтометрия

E) температуралық тітіркендіргіштеріне реакциясы

Тапсырма №1408

65 жасар ер адам төменгі тістердің саутының ақауына шағымданады. Қарап тексергенде: 36, 35, 34 тістердің вестибулырлы бетінің мойын бөлігінде дентин маңында тістің қатты тіндерінің ақауы бар, қабырғалары бұрышпен қосылады. Ақауының беті жылтыр, тегіс. Зондпен шұқып тексергенде ауырмайды.

Алғашқы диагноздардың қайсысы ең дұрыс болып келеді:

A) тістің қатты тіндерінің некрозы

B) тістің қатты тіндерінің эрозиясы

C) беткей кариес

D) орта кариес

E) +сына тәрізді ақау

Тапсырма №1409

54 жасар әйел тәтті мен қышқылдан тез басылатын ауру сезіміне шағымданады. Қарап тексергенде: 34 және 44 тістің мойын бөлігінде дентин маңында тістің қатты тіндерінің ақауы байқалады. Ақаудың қабырғалары бұрышпен қосылады, тегіс, жылтыр, зондпен шұқып тексергенде ауырмайды.

Алғашқы диагноздардың қайсысы ең дұрыс болып келеді:

A) тістің қатты тіндерінің некрозы

B) тістің қатты тіндерінің эрозиясы

C) +сына тәрізді ақау

D) беткей кариес

E) тістің қатты тіндерінің гиперестезиясы

Тапсырма №1410

20 жасар қыз бала жасынан алдыңғы тістердің косметикалық ақауына шағымданады, Жоғарғы ортаңғы тістер күбі тәрізді (бочкообразная) кесу қырында жарты ай ойындысы бар (полулунная вырезка).

Алғашқы диагноздардың қайсысы ең дұрыс болып келеді:

A) Фурнье тістер

B) кіреукенің эрозиясы

C) Пфлюгер тістер

D) Турнер тістер

E) + Гетчинсон тістер

Тапсырма №1411

58 жасар ер адам тістер саутының көп ақауларына шағымданады. Қарап тексергенде: жоғарғы және төменгі кіші азу тістердің вестибулырлы бетінің мойын бөлігінде дентин маңында тістің қатты тіндерінің ақауы байқалады, қабырғалары тығыз, жылтыр, бұрышпен қосылады зондпен тексергенде беті тегіс

Алғашқы диагноздардың қайсысы ең дұрыс болып келеді:

A) +сына тәрізді ақау

B) Флюороз, эрозивты түрі

C) жергілікті гипоплазия

D) терең кариес

E) орта кариес


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: