D – витаминдер

Егер де тамақта бұл витаминдер, яғни Д – витаминдері жетіспесе рахиттің пайда болуына әкеп соқтырады. Олар суда ерімейді, бірақ майларда жақсы ериді. Д – витаминдер тобы жануарлар организмдерінде ғана кездесіп отырады. Ал өсімдіктердің құрамдарында стеролдар болады, олар ультракүлгін сәулелерінің шағылысу кезінде Д- витаминдер тобы түзіледі. Бұл стеролдардың ең маңыздысы болып эргостерол болып табылады, бұлар дрожжды (ашытқы) және көгерген саңырауқұлақтарда көп мөлшерде болады, бұлардан өндірістерде Д- витаминдерін алуға болады.

Эргостеролды сәуле түсіру арқылы оны ультракүлгін жарық сәулесімен сәулелендіргенде Д2 витамині түзіледі; гидрирленген -эргостеролдан Д4 – витамині түзіледі, ал 7- дегидрохлестеролдан –Д3 витамині түзіледі. Бұл стеролдарды Д – провитамині деп атайды. Төменде Д2- витаминінің құрылымдық формуласы көрсетілген.

D2 – витамині: балық майында, сүтқоректілердің және де құстардың бауырында көп кездеседі.Сонымен қатар Д- витамині: сүтте, сары майда, жұмыртқаның сарыуызының құрамында кездеседі.

Тамақ өндірісінде қазіргі кезде осы витаминге, яғни Д витаминіне бай өсімдіктер кең түрде қолданылады, олар: маргарин, балық майы және басқалар


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: