Д) туберкулезді бронхоаденит

459. Өкпенің фиброзды-кавернозды туберкулезінде қандай перкуторлы дыбыс анықталады:

а) барлық алаңда қорапты дыбыс, көбінесе төменгі бөлікте

б) + екі жақты немесе бір жақты жоғары бөлікте дыбыстың қысқаруы, төменгі бөлікте қорапты дыбыс түрінде

в) өкпеде дыбыс жиі өзгермеген, ал кейде төменгі бөлікте қысқарған

г) зақымдалған учаскенің үстінде тимпаникалық дыбыс, басқа бөліктерде өкпелік дыбыс.

д) барлық өкпеде ашық өкпелік дыбыс

460. Өкпенің фиброзды-кавернозды туберкулезінде зақымдалған учаскеде НЕ естілмейді?

а) қатаң тыныс және аздаған майда көпіршікті ылғалды сырылдар

б) әлсіз тыныс және құрғақ жөтел

в) амфорикалық тыныс және әртүрлі сырылдар

г) + везикулярлы тыныс

д) бронхиальды тыныс және әртүрлі сырылдар

461. Өкпенің фиброзды-кавернозды туберкулезінде болатын қандағы өзгерістер:

а) айқын емес лейкоцитоз, эозинофилия, моноцитоз

б) гиперлейкоцитоз, лейкограмманың солға айқын ығысуы, ЭШЖ 50-60 мм/сағ.

в) + жиі айқын емес лейкоцитоз, лимфопения, формуланың солға ығысуы, гипохромды анемия, пойкилоцитоз, анизоцитоз, ЭШЖ 20-30 мм/сағ.

г) лейкоциттері қалыпты, лейкограмманың оңға ығысуы, ЭТЖ 10-20 мм/сағ.

д) лейкограмма қалыпты

462. Өкпенің фиброзды-кавернозды туберкулезіне тән қақырық және бациллярлық:

а) шырышты, ТМБ+

б) іріңді, ТМБ+

В) шырышты, ТМБ-

г) іріңді-шырышты, ТМБ-

д) + іріңді-шырышты, ТМБ+

463.Фиброзды-кавернозды туберкулезінің үдемелі ағымында болатын науқастың жағдайы:

а) жиі қанағаттанарлықтай, сирек орташа ауырлықта, қалыпты тамақтануы

б) жиі ауыр, сирек орташа ауырлықта, қалыпты тамақтануы

в) әр уақытта қанағаттанарлықтай

г) оқтын- оқтын нашарлайды

д) + ауыр, тыныс жетіспеушілігі және өкпелік жүректің әсерінен

464. Бірінші рет анықталған туберкулездің арасында өкпе туберкулезінің асқындырылған түріне қайсысы жатады:

А) жедел диссеминирлі

Б) инфильтратты

В) туберкулома

г) + фиброзды-кавернозды

Д) туберкулезді плеврит

465. Өкпенің фиброзды-кавернозды туберкулезінде рентгенмен не анықталады:

а) 6 сегментте орналасқан дөңгелек пішінді орташа өлшемдегі каверна, қабырғасы қалың айналасын-да ошақты және инфильтратты өзгерістер көрінеді

б) 3 сегментте орналасқан сопақша дұрыс пішінді, сақинатәріздес көлеңке диаметрі 2 см-ге дейін, қабырғасы орташа қалыңдықта, айналасында ошақты көлеңкелер көрінеді

в) өкпенің жоғарғы бөлігінде бір немесе бірнеше жіңішке қабырғалы қуыс

г) + жоғарғы бөлігінің көлемі кішірейген, гомогенді емес күңгірттену, жарықтану учаскесі бар, кеуде аралық ағзалардың зақымдалған жаққа ығысуы, плевральды және фиброзды өзгерулері көрінеді

д) өзгермеген өкпе тінінің арасында ыдырау қуысы көрінеді

466. Өкпенің фиброзды-кавернозды туберкулезіне төмендегі белгілердің қайсысы тән емес:

а) айқын улану

б) әртүлі сырыл

в) + жалғыз жұқа қабырғалы каверна перифокальды өзгеріссіз


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: