Реферативтік баяндамаларды даярлау

Реферат – ол тақырып бойынша әдебиеттің, ғылыми жұмыстың мазмұның ашу бойынша жазбаша түрде немесе бұқаралық нысанда қысқаша мазмұндау. Рефераттың екі түрін бөледі: бір кітаптің, бір ілімнің немесе ғылыми мәселенің мағынасын беретін және белгілі бір тақырып бойынша бірнеше әдебиеттерден алынған мәліметтерді қамтитын.

Реферативтік баяндаманы дайындау кезінде тек қана баяндаманың мазмұнын ғана ойластырмай (теоретикалық деңгейін, қисындылығын, актуалдығын), сонымен қатар оны аудиторияға жеткізудің әдістемесін ескеру қажет.

6. Тәжірибелік/семинарлық сабақтарды өткізу жоспары және оларға дайындалудың әдістемелік нұсқаулықтары

Тақырып 1

1.Әлеуметтанудың объектісі мен пәні.

2.Әлеуметтанудың категориялары, заңдары мен қызметі.

3. Әлеуметтанудың басқа гуманитарлық ғылымдармен байланысы.

Тақырып 2

1.Әлеуметтану ғылымының пайда болуы.

2.Әлеуметтанудың дамуындағы классикалық кезең:

А) О.Конт әлеуметтанудың негізін салушы;

ә) Г.Спенсердің әлеуметтанулық ой-пікірлері.

Тақырып 3

1.Қоғам және оның мәні.

2.Қоғамның әлеуметтік құрылымы.

3.Қоғамдардың жіктелуі.

Тақырып 4

1.Әлеуметтік стратификация теориясы және оның мәні

2.Әлеуметтік мобильділік түсінігі және оның түрлері.

3.Қазақстандағы әлеуметтік стратификация мен әлеуметтік мобильділіктің даму деңгейлері

Тақырып 5

1.Институттану процесі және институттардың дамуы

2.Әлеуметтік институттардың функциясы және ерекшеліктері.

Тақырып 6

1.З.Фрейд теориясындағы жасөспірімдік тұлғаның даму ерекшеліктері.

2. Э.Эриксон бойынша тұлғаның дамуындағы өмірлік жолдың фазалары.

Тақырып 7

1.Э.Дюркгеймнің аномия немесе қоғамдағы дезорганизация жағдайын талдау.

2. Р. Мертонның ауытқушылық мінез-құлық типологиясы.

3. Т.Селлиннің мәдениеттің конфликт теориясы.

4. Э.Фромм әлеуметтік сипат және адамдық деструктивтік туралы.

Тақырып 8

1.Неке мен отбасының эволюциялық өзгеруі.

2. Некенің формалары.

3. Отбасының функциялары.

Тақырып 9

1. «Экономикалық сана»

2. «Экономикалық ойлау»

3. «Экономикалық ғадет»

Тақырып 10

1. Әлеуметтік шиеленістердің себептері, атқаратын қызметтері және жіктелуі.

2. Әлеуметтік шиеленістердің дамуындағы сатылар.

3. Шиеленістердің алдын алу мәселесі және шешу жолдары.

Тақырып 11

1. Бұқаралық мәдениет және контрмәдениет.

2. Жастар субмәдениеті.

3. Субмәдениеттілік факторлары.

Тақырып 12

1.Қоғамдық өмірдегі дін және діннің құрылымы.

2. Діншілдік типологиясы.

Тақырып 13

1. Нарықтық экономика жағдайындағы ұлтаралық қатынастар.

2. Жалпы ұлттық сана және оның қалыптасуы

Тақырып 14

1. Басқару стильдері және оларды қолдану стратегиясы.

2. Басқарудағы билік пен ықпал ету.

3. Басқарушылық қызметтегі көшбасшылық ролі.

4. Ұйымдастырушылық мәдениеті.

Тақырып 15

1. Сұрау. Интервью.

2. Контент-талдау. Эксперттік сұрау.

3. Эксперимент. Бақылау.

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛЫҚТАР

Семинар сабағы

Семинар сабағының басты мақсаты – студентпен білімді өзі игеруге себеп болып табылады. Семинар сабақтары ойлау қабілетін белсендіреді, берілген материалды ұғынықты талдауға көмек етеді, талаптылықты ынталандырады. Семинар сабағының тиімділігі бір қатар шарттарға бағынышты: мақсаттарды қою, мәселені тұжырымдау, түсіндіру, сөз сөйлеу регламентін анықтау, ережелерді ескерту. Семинар басталар алдында терминдер мен ұғымдарды айқындап алу керек, ал семинар сабағындағы дискусиялар аяқталғаннан кейін қатысушыларына ортақ және дұрыс пікірге келуге көмек ету керек.

Тәжірибелік сабақ

Тәжірибелік сабақ әр-бір студентке теоретикалық білімдерін деректі материалдармен толықтыруға және теорияны тәжірибеде қолдану бойынша біліктілікті алуға мүмкіншілік береді. Тәжірибелік сабақтар – ол оқытудың тәжірибелік әдістері, оның барысында білімдер, машықтар, икемдер ие болынады және қалыптасады. Тәжірибелік сабақтар бақылау және өзін-өзі бақылау мақсаттарын шешуге себеп болады, сабақ өткізу барысында таңу белсенділігің ынталандырады. Тәжірибелік сабақтар білімдегі де және ептегі де ақаулардың алдын алуға және жол бермеуге мүмкіншілік береді.

7. Білім алушылардың өздік жұмысына арналған тапсырмалар және олардың орындалуы бойынша әдістемелік нұсқаулықтар

1.Әлеуметтану не үшін қажет? 2. Әлеуметтану және қоғамдық пікір 3. Әлеуметтану және қоғам 4. Әлеуметтанудың пайда болуының алғышарттары, оның жеке ғылымдық пән ретінде пайда болуының қажеттілігі 5.Огюст Конт- әлеуметтану ғылымының атасы 6. XIXғ. - XX ғасырдың басында әлеуметтанудың қалыптасуы мен дамуы 7. XX ғасырдағы әлеуметтану: эмпирия және теория 8. Әлеуметтанудың дамуының қазіргі кезеңі: оның парадигмалары 9. Жаңа социологиялық ойлар

10. Социологияның объектісі және пәні, оның негізгі функциялары.

11. Социологиялық білімнің құрылымы мен деңгейлері.

12. Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар жүйесіндегі социологияның орны.

13. Әлеуметтік жүйелер, олардың типтері, формалары, әлеуметтік ұйымдасу деңгейлері. Адам әлеуметтік жүйенің компоненті ретінде.

14. Әлеуметтік жүйелердің динамикасы, тұрақтылық проблемалары. Әлеуметтік жүйелерді тану әдістері.

15. Қоғамның жүйе ретіндегі мәні, құрылымы және функциялары. «Қоғамның» социологиялық ұғымы, оның сапалық сипаты: біртұтастық, әлеуметтілік, автономдылық және өзінділік, өзін-өзі реттеу қабілеттілігі.

Өздік тапсырмаларын орындау бойынша әдістемелік нұсқаулар

БӨЖ тапсырмалары оқытушының қатысуынсыз аудиториядан тыс орындалады. СӨЖ-тың негізгі міндеті семинарлық сабақтар мен дәрістерге дайындалу. Семинарлық сабақтарда қарастырылатын сұрақтар көлемі тақырыптың толық мазмұны қамтымайды. Сондықтан өз білімін тереңдету және кеңейту бойынша әрі қарай жұмыс жасауы қажет. Ол СӨЖ процесінде жүзеге асырылады. Сондықтан СӨЖ – да тақырыптың мазмұның толық ашатын қосымша сұрақтар, мәселе, тапсырмалар қарастырылады.

БӨЖ формалары мен мазмұнын өңдеу.

Тақырып бойынша шолу жасау – басым мен Интернеттің ақпараттық ресурстарынан қосымша материалдарды тарту арқылы ұсынылатын тақырып бойынша 1- 2 беттік қысқаша шолу жасау.

Реферат – СӨЖ – дің неғұрлым кең таралған формасы бола отырып, әдебиетті міндетті түрде крсете отырып, белгілі тақырыпқа жасалған баяндаманы білдіреді. Рефератты оппенирлеу неғұрлым қызықты да шығармашылық жұмыс болып табылады. Осы жұмыс нәтежесінде пікір – талас жүргізу, оған талдау жасау ептіліктері өңделеді.

Коллоквиум – білімді нақты оқытылатын пәннің түрлі тақырыптары бойынша дайындық деңгейін айқындауға мүмкіндік береді.

Өзін - өзі бақылауға арналған сұрақтар – тәртіп бойынша, спецификалық құрылымға ие, сондықтан жауаптар жинақталған материалды талдау негізінде ғана беріле алады.

Эссе – бұл сын, публицистика сияқты түрлі жанрларда өзекті әлеуметтік-экономикалық мәселерге қатысты өз ойларын баяндау.

Презентация – тыңдаушы өзінің презентациясы үшін кез-келген тақырыпты таңдап, презентацияда қарастырылатын кез-келген аспектіні түсінуін не түсінбеуін білдіре алады; презентация тақырыптың қаншалықты ашылу және қоршағандардан қаншалықты қызығушылық тудыру, тыңдаушының қарастырып отырған мәселесін қаншалықты кәсіби қарастыру критериі бойынша бағаланады.

Білім беруге арналған нақты жағдайлар (кейстер) – тыңдаушыларға жауап беру талап етілетін көптеген қарапайым және күрделі жағдайлар беріледі; неғұрлым дайындалған тыңдаушылар өз кейсін жаза алады.

Іскерлік ойындар болашақ кәсіби іс-әрекет үшін қажетті дағды, ептіліктерді өңдеуге көмектеседі; кей ойындар бойынша үйде дайындалу немесе кітапханада аяқтау қажет.

Топтық жоба – топта 3-5 адамнан құрылып, әрбіреуі өз жобасын өңдеуі керек.

Жеке жоба – неғұрлым дайын тыңдаушылар өз қалауы бойынша орындайды; жұмыс тақырыптың әмбебаптылығымен, зерттеушілік сипатымен ерекшеленуі керек, жоба нәтижелері ғылыми конференцияда қарастырылуы мүмкін.

Жобаларды орындау. Тапсырманы орындау тәртібі:

- өзіндік жұмыстар графигімен бекітілген мерзімнен кешіктірмей тапсырмаларды орындауға кірісу;

- егер тапсырманы орындау барысында қиындықтар туындаса, онда курстың сәйкес тақырыбына қайтып оралып, оны толықтырып, тапсырманы орындауға қайта кірісу;

- егер осыдан кейін қиындықтар туындаса, онда оқытушыға консультацияға келу;

- алынған шешімді талдау;

- тапсырманы қорғауға дайындала отырып, теорияның сәйкес ережесін тексеру керек;

- тапсырманы орындау барысында қолданылған әдісті түсінгенге көз жеткізу;

- тапсырма графикпен (орын) бекітілген мерзімнен кешіктірмей қорғалуы керек, себебі ол академиялық берешек болып есептеледі.

Өзіндік жұмысқа берілген уақыт шектелген, сондықтан өзіндік жұмысты тиімді жоспарлауға, өзіндік жұмыс дағдыларын меңгеруге ұмтылуға, саналы демалуға үйрену қажет. Сондықтан әрбір оқытушы мен кафедраның өзіндік жұмыс әдістемесін тыңдаушыларға үйретуге қатысты жауапкершілігі артады.

Рефератты қорғау немесе презентация. Бұл сіздің өздік жұмысыңыздың қорытындысын білдіреді. Яғни сіз өзіңіздің қандай жұмыс жасағаныңызды,

шығармашылық деңгейіңізді көрсете аласыз. Бұған қалай дайындалуға болады? Ол үшін өзіңіз келесі жоспар бойынша дайындалуыңызға болады:

  1. Жұмыстың мақсатын анықтау. Өзіңізге қанша уақыт бөлінгенін білу қажет. Егер нақты ақпарат жоқ болса, оқытушыдан сұрауды ұмытпаңыз.
  2. Сіз ауызша сөйлеген кезде негізі ойы-бағытыңыз қандай болмақ. Бұл сіздің компасыңыз тәрізді болмақ және ойыңыз бәріне түсінікті болу қажет.
  3. Сіздің сөзіңіз қандай жанрда? Өзіңіздің рөліңізге байланысты соттағы адвокаттың, үгіт-насихат кезіндегі кандидаттың, симпозиумдағы оқымыстының сөз сөйлеу үлгісін таңдауға болады немесе телевизордағы, кинофильмдерде көргендеріңізге ұқсауға болады.
  4. Дәлелдерді жинақтау өз күшіңізді анықтап алу. Пікір-талас туып қалған жағдай болса сіз өз ойыңызды дәлелдей ала аласыз.
  5. Сөз сөйлеудің де жоспарын дайындап алыңыз. Бірінші, екінші... деп пунктерге бөліп алыңыз. Үш-төрт пункт жеткілікті.
  6. Тыңдаушылар жалығып кетпесін. Мысалдар мен афоризмдер, тіпті анекдотпен көркемдеуге болады. Тек оның бәрі сіздің ойыңызды ашуға көмектесуі тиіс.
  7. Сөйлеу жылдамдылығы. Ол не тез, не баяу болмауы қажет, негізгі ойды айтқанда сөз сөйлеу ритмін өзгертуге болады.
  8. Сөз сөйлеуге дайындалу қажет. Достарыңыздың немесе айнаның алдына отырып сөзіңізді дайындаңыз. Берілген уақытқа үлгеруге тырысу қажет. Тәжірибелі оратор, саясаткер Уинстон Черчилльдің өзі бірнеше күн бойы дайындалған.
  9. Егер сіз жалғыз емес топпен бірге сөйлейтін болсаңыз өз мәтініңіздіі басқалармен салыстырып алыңыз. Қайталанулар болмауы қажет.

Реферат тақырыбы бойынша студент семинар сабағында, конференцияда айтуға болады.

Рефератты бағалағанда келесі пунктерге баса назар аударылады:

- жазылған материалды толық әрі жүйелі түрде жеткізе білу;

- сұрақтар қойылғанда, өз ойын дәл айтып дәлелдемелерді дұрыс қолдана білу;

- рефератты жазу барысында өзіндік дағдының жоғарғы болуы;

8. Ағымдық, аралық және қорытынды бақылауға арналған материалдар және олардың орындалуы бойынша әдістемелік нұсқаулықтар

  • Әлеуметтану және қоғам
  • О.Конттың әлеуметтік доктринасы
  • Г.Спенсердің әлеуметтік доктринасы
  • Маркстік социологияның артықшылықтары мен кемшіліктері
  • Социологиядағы психологиялық бағыт
  • В.Паретоның социологиялық теориясы
  • П.Сорокинның социологиялық ойлары
  • Эмпирикалық социологияның қалыптасу ерекшеліктері
  • Социологиядағы фрейдизм мен неофрейдизм
  • 1920-1930 жж. кеңестік социологиялық ғылымның қалыптасуы
  • 1960-1980 жж. кеңестік социологияның қайта жандануы мен дамуының ерекшеліктері
  • Қазіргі кездегі социологиялық парадигмалар.
  • Әлеуметтік және социологиялық заңдар
  • Микро және макросоциологияның ерекшеліктері
  • Ғылыми дискуссиялардағы әлеуметтік прблемасы
  • Социология және билік
  • Социологиялық білімнің спецификасы
  • Социологияның негізгі функциялары,оны қолданудың негізгі сфералары
  • XXI ғасыр табалдырығындағы социология: зерттеулердің жаңа бағыттары
  • Социология: ол не біледі және не істей алады
  • О.Конт қоғам эволюциясының үш кезеңі туралы
  • Н.Бердяев тарих пен прогрестің мәні туралы
  • Т.Парсонс қазіргі қоғамдар жүйесі туралы
  • Қоғам әлеуметтік өмірдің субъектісі ретінде
  • Қоғам социомәдени жүйе ретінде
  • Қоғамның әлеуметтік құрылымы және оның негізгі элементтері
  • Макс Вебер: класс, статус, партия.
  • П.Сорокинның әлеуметтік стратификация концепциясы
  • Әлеуметтік теңсіздіктің қазіргі кездегі формалары
  • Теңсіздік әділетті болуы мүмкін бе?
  • Әлеуметтік стратификация әлеуметтік теңсіздіктің моделі ретінде
  • Ер адамдар мен әйел адамдардың әлеуметтік статусы
  • Қазақстанда «жаңа қазақтар» бар ма?
  • Әлеуметтік бедел
  • Қазақстандағы және дамыған капитализм елдеріндегі жұмыссыздың әлеуметтік статусы
  • Элиталар теориясы стратификациялық зерттеулердің ерекше бағыты ретінде
  • Ашық қоғам- тең мүмкіндіктер қоғамы ма?
  • Қазақстан қоғамының құрылымындағы маргиналдар
  • Босқындардың құқықтары мен еркіндіктерін қамтамасыз ету әлеуметтік проблема ретінде
  • Қоғамдағы әлеуметтік прцестерге социологиялық талдау (әлеуметтік мобильділік, интнграция және дифференциация)
  • Қазақстан қоғамының әлеуметтік құрылымы және оның даму тенденциялары.

Эссе қалай жазылады?

Эссе дегеніміз (фр. тіл. essai -тәжірбие, лат.т. exagium - құрау) - философиялық, әдеби, тарихи, публицистикалық, әлеуметтанулық, саяси және тағы басқа саладағы ғылыми емес, автордың жеке көзқарасын білдіретін прозалық мәтін. Жанр ретінде енгізген 1580 ж. Мишель Монтень болатын, ал «эссе» сөзін біріші рет қолданып, осы жанрда 1597 жылы Френсис Бэкон кітаптарын жазып шығарды.

Эссе екіге бөлінеді: 1) субъективті; негізгі мақсаты – авторды жан жақты ашу, таныту. 2) объективті; негізгі мақсаты – белгілі бір ғылыми тақырып бойынша автордың көзқарасын ашу, таныту. Қолданылуына қарай: әдеби жанрда, білімді бақылау әдісі ретінде, батыс елдерінде ЖОО-ға түсуде талап етіледі. Жазылу көлемі: 500 сөз, 1-2 беттен 20 бетке дейін.

Эссе жазу кезеңдері: Проблеманы анықтау -ойлану–жоспарлау –жазу–тексеру

ЭССЕ жазу барысында қатаң сақталынуы тиіс ТАЛАПТАР:

  • Жеке көзқарастың көрінісі
  • Фактілі дәлелдер (аргументтер)
  • Теоретикалық негіздеме
  • Терминдерді қолдану
  • Цитаталарды келтіру
  • Әртүрлі көзқарастарды мысалға алу
  • Логикалық заңдылықтың сақталынуы
  • Салыстыру және қорытындылау әдістерін қолдану
  • Сауаттылық (пункт., орфогр.)
  • Юмор, сарказм

Эссенің жазылу құрылымы:

1. Кіріспе. Тақырыптың негізгі мәні мен негіздемесі тезис түрінде көрсетіледі.

2. Тақырыпты дамыту: Тақырыпқа сәйкес бар біліміңізбен: теория, фактілер, идея, ақпараттар, паралелдеу, аналогия, ассоцация, теңеу, сұрақтар қою, т.б. қолданып, дәлелдейсіз (аргументация).

3. Қорытынды. Жалпылау мен аргументтеріңіздің логикалық қорытындысы. «Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні”.

Жиі кездесетін қателіктер:

– Проблема ашылмайды.

– Автордың жеке позициясы көрінбейді.

– Теоретикалық негіздемесі жоқ.

– Терминдерді орынсыз, сауатсыз қолдану.

– Тым қарапайым өмірдің мысалдары көп.

– Ауызекі сөздер, диалект, сленг, жаргон сөздер.

– Келтірілген мысалдар автор позициясына қайшы.

– Қорытындылау, түйін шығару деген жоқ.

– Логиканың болмауы.

Әлеуметтану пәнінен

білім алушылардың білімін бағалауға арналған сұрақтар

  • Бәріне қажет ғылым (немесе: әлеуметтану не үшін қажет?)
  • Әлемдегі әлеуметтанулық білімнің тарихы
  • Әлеуметтануды пән ретінде ЖООда оқытудың маңыздылығы
  • Әлеуметтану не үшін қажет?
  • Әлеуметтану сізге не береді?
  • Қазіргі күнде әлеуметтанудың маңызы неге артып отыр?
  • Әлеуметтанушының кәсібилігінің сапалары. Бұл мамандық қандай тұлғаға қарама-қайшы?
  • Социологияның пайда болуының алғышарттарын білесіз бе?
  • «Социология» термині ғылыми айналымға қашан енді, оның негізін салушы деп кімді айтады және неліктен? Мүмкін бірнеше негізін салушы бар шығар?
  • Социологияның дамуының негізгі кезеңдері қандай?
  • XIXғ аяғы мен XX ғасырдың басындағы белгілі социологтарды атаңыз.олардың социологиялық ойлардың дамуына қосқан үлесі қандай?
  • Американдық социологияның ерекшеліктері қандай?
  • Отандық социологиялық ойлардың дамуы туралы не білесіз? Көрнекті өкілдерін атаңыз.
  • Қазіргі кездегі социологияның дамуының ерекшеліктері неде?
  • Қоғам туралы ғылымдардың арасында социология қандай орын алады?
  • Социологияның объектісінің оның пәнінен айырмашылығы неде?
  • Социологияны ғылым деп айтуға қандай негіз бар?
  • Қазіргі социологияның ерекшеліктері мен міндеттері қандай? Оның негізгі функцияларының мәні неде?
  • Социологияның құрылымы қандай? Теориялық социология эмпирикалық социологиядан қалай ерекшеленеді?
  • Сіздерге белгілі арнайы социологиялық теорияны атаңыз. Сіздің мамандығығыңызға қайсысы жақын?
  • Социологияның қандай категорияларын білесіз? Негізгі категориясын атай аласыз ба?
  • Социологияның заңдары туралы не білесіз?
  • Социология қандай әдісті немесе әдістерді қолданады?
  • Әлеуметтік жүйе дегеніміз не?
  • Сіздің көзқарасыңыз бойынша әлеуметтік жүйенің құрылымдық бірлігі болып не табылады?
  • «Қоғам» дегеніміз не? Адам неге қоғамнан тыс өмір сүре алмайды?
  • Адамзат қоғамының дамуының спецификасы мен тенденциясын қандай факторлар анықтайды? Қоғамды табиғаттан не бөліп тұр?
  • Қоғамның қандай тарихи типтерін білесіз?
  • Қоғамның жүйелік талдауы терминдерімен Қазақстанның қазіргі жағдайын сипаттап беріңіз. Қазіргі Қазақстан қоғамының негізгі жүйелік белгісі не?
  • Әлеуметік пргрестің критерилері қандай?
  • Ақпарттық қоғамның мәні неде? Ол қашан айқындалады?
  • Әлеуметтік қауымдастық дегеніміз не? Сіздерге қандай қауымдастықтар белгілі?
  • Неге социологияда «әлеуметтік қауымдастық» ұғымымен қатар «әлеуметтік топ» ұғымы бар? Әлеуметтік топтың белгілері қандай? Қоғамда әлеуметтік топтардың қандай типтері бар?
  • «Қоғамның әлеуметтік құрылымы» ұғымына не енеді? Қоғамның әлеуметтік құрылымының қандай концепцияларын білесіз?
  • Қоғамның негізгі және негізгі емес кластарға, әлеуметтік жіктерге бөлінуінің себебі неде?
  • В.И.Ленин классқа қандай анықтама берген? Қоғамның әлеуметтік құрылымын түсіндіруде әлеуметтік мүдделердің ролі қандай?
  • КСРОдағы бюрократияны тап деп сипаттауға бола ма?
  • Қоғамның әлеуметтік құрылымына меншіктің алуан түрлі формалары мен нарықтық қатынастар қалай әсер етеді?
  • Тұлғаның өмірінде, оның әлеуметтік байланыстарында еңбек қандай роль атқарады? Еңбек адамды «жасады» ма әлде «бұзды ма»?
  • Еңбектің құрылымының өзгеруі қоғамның әлеметтік құрылымына әсер етеді ме?
  • Стратификациялық теориялардың мәні неде: Т.Парсонс жасаған қоғамның страталарға бөліне критериі, Л.Уорнер, П.Сорокин бойынша стратификация.
  • Сіздерге қандай стратификацияның модельдері, стратификациялық жүйелердің типтері белгілі?
  • Қазақстан қоғамының қазіргі құрылымының өзгеру тенденциялары қандай? Біздің қоғамдағы қандай негізгі жіктерді атап бере аласыз? Қоғамда интеллигенцияның орны мен ролі қандай? Нағыз интеллигент деп кімді атауға болады?

· Әлеуметтік мобильділік – қазақстандық қоғамның әлеуметтік құрылымын өзгертудің көрсеткіші

9. Курстық жұмысты орындау бойынша әдістемелік нұсқаулықтар (оқу жоспарында қарастырылмаған)

10. Оқу сабақтарын бағдарламалық және мультимедиялық сүйемелдеу тізімі (пәннің мазмұнына байланысты)

Әзірлеуші: ә.ғ.к., доцент м.а. Тағаева С.Б. ___________________

(қолы)

Әлеуметтану кафедрасының отырысында қаралды ______________________________ хаттама № ______ «______» __________2014 ж.

Кафедра меңгерушісі ___________ ә.ғ.д., профессор Забирова А.Т.

(қолы) (Т.А.Ә.)

Факультеттің оқу-әдістемелік

Комиссиясының төрағасы ___________ _ Албытова Н.П.

(қолы) (Т.А.Ә.)

Қосымша 1


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: