Дайындау сатысы

Растрлық деректермен жұмыс кезінде екі вариант болады: жаңа картамен жұмыс - құру, қолда бар картамен жұмыс – түзету немесе жаңарту.

Бірінші жағдайда Файл > Новая Карта командасы қолданылады. Екіншісінде Файл > Открыть командасы қолданылады. Кейбір ГАЖ-де «карта» термині басқамен ауыстырылуы мүмкін. Мысалы, Maplnfo бағдарламасында «карта» термині орнына «кесте» термині қолданылады, ал кестені «тізім» термині білдіреді.

Көптеген ГАЖ картографиялық композиция түзетін картаның қабаттар жинағын құруды

талап етеді. Мұндай жинақпен деректердің біртұтас бірігуі ретінде жұмыс жасау қолайлы. Бұл режимді «Рабочий набор» немесе "Проект" режимі қамтамасыз етеді. Терезе Рабочий Наборды ашқан кезде қайтадан ашылады. Егер алдында ашық тұрған терезлер мен кестелер қажет болмаса, онда алдымен Файл> Бəрін жабу командасы арқылы бəрін толық жабу керек. Əйтпесе жаңа жұмыс жинағы терезелері ашық тұрған терезелерге қосылады.

Ақпаратты көшірген кезде, мысалы дискетке, тек жұмыс жинағын ғана емес карта құрамына кіретін барлық қабат та көшірілуі тиіс. Өйткені жұмыс жинағы файлында қабаттардың кезектілігі, құрылымы жəне директориясы туралы ақпарат болады, бірақ файлдардың өзі жеке сақталады.

DXF форматындағы файлдарды картографиялық негіз құру үшін қолдану

Нақты ГАЖ жұмыс кезінде бастапқы карта негізі ретінде басқа ақпараттық жүйелерден

графикалық материалдар қолданылуы мүмкін. Басқа ГАЖ немесе САПР жүйелерінде құрылған карталарды қолдану үшін арнайы DXF форматы қолданылады. Ол үшін басқа ГАЖ-ге немесе басқа жүйеге (мысалы, AutoCAD) ішкі форматтан DXF форматына айырбастайды. ГАЖ-ге DXF форматындағы файл «Импорт» процедурасы көмегімен жүргізіледі. Жаңа картамен немесе файлды импорттаған соң жұмыс кезінде картаның нүктелерін өлшеу бірлігі енгізілуі тиіс.

Растрлық деректермен жұмыс

Растрлық бейнені енгізу. Бастапқы растрлық бейне кеңістіктік байланыспаған пиксельдер жинағы ретінде көрінеді. Сол себептен растрлық деректерді енгізу сатысында позициялау қажет. Бейнелердлі позициялау үшін координаттары белгілі нүктелер алдын-ала анықталуы тиіс. Растрлық бейнені позициялау екі тəсілмен жүргізіледі. Біріншісінде картаның бақылау нүктелерінің координаттары тұтынушымен клавиатурадан енгізіледі, екіншісінде олар қолда бар векторлық карта бойынша анықталады.

Тіркеудің бірінші тəсілі растрлық бейнені векторлау қажет болған жағдайда қолданылады. Басқа сөзбен айтқанда мұндай тіркеу жаңа картаны құру кезінде қажет. Мұндай тəсіл картаның бақылау ретінде қолданылатын нүктелерінің координаттарын алдын-ала анықтауды талап етеді. Сондықтан, оператор құзырында мүмкіндік бақылау нүктелерінің координаттарымен кез-келген бір кесте болу керек. Бұл тəсілдің бақылау нүктелері маркерленген кезде тиімділігі жоғарылайды, яғни растрлық бейненің қағаз түпнұсқасында ерекшеленуі тиіс. Егер растрлық бейне картаны сканерлеу жолымен алынса, онда мұндай бейнені енгізу кезінде қолданылатын картада бар картографиялық проекцияны беру керек. Растрлық бейнелерді тіркеудің екінші тəсілі қолда бар векторлық картадан бақылау нүктелерінің координаттарын таңдау жолымен енгізуге негізделген. Бұл процедура векторлық картаның электрондық түріне растрлық бейнелерді байланыстыру қажет болған кезде қолданылады. Басқа сөзбен айтқанда мұндай тіркеу қолда бар картаны жаңарту кезінде қолданылады. Бұл тəсіл картаның бақылау ретінде қолданылатын нүктелерінің координаттарын алдын-ала анықтауды талап етпейді. Жəне операторға бақылау нүктелерінің коориднаттарымен кесте керек емес. Алайда бұл тəсіл үшін растрлық бейнеде жəне оның электрондық түпнұсқасында бақылау нүктелерін алдын-ала тану мен идентификациялау қажет. Бейнені тіркеуді орындған соң ГАЖ арнайы кестелік файл түзеді, онда позициялау туралы ақпарат сақталады. Келесі жолы осы растрлық бейнені позициялау процедурасын қайталамай "Файл > Открыть карту" командасы арқылы ашуға болады.

Растрлық бейнені векторизациялау. Векторлық үлгілерді түзу түзетін координаттар кезектілігінің негізгі үлгісі ретінде қолданады. Векторлық үлгіні əртүрлі тəсілдермен алады. Ең кеңінен таралғандары сканерленген (растрлық) бейнелерді векторизациялау. Ол сканерленген бейнеден векторлық объектілерді ерекшелеумен жəне оларды векторлық форматта алумен тұжырымдалады.

Векторизациялау үшін растрлық бейненің жоғары сапасы керек (анық түзулер мен жиектер). Түзулердің қажет нақтылығын қамтамасыз ету үшін кейде бейненің сапасын жақсартумен айналысуға да тура келеді. Сканерлеу процесінің өзі уақытты аз алады, бірақ кезекті векторизацичлау қажеттілігі қолмен цифрлау деңгейіне дейін уақыт шығынын ұлғайтуды талап етеді. Векторизациялау кезінде қателер пайда болады, оларды түзету екі сатыға бөлінеді:

1) растрлық бейнені оны векторизациялауға дейін түзету;

2) векторлық объектілерді түзету.

Векторлық үлгілер деректердің дискретті жинағы көмегімен үзіліссіз объектілерді немесе құбылыстарды көрсетеді. Сондықтан, векторлық дискретизация туралы да айтуға болады. Растрлық бейне бойынша жаңа политүзу немесе полигондарды құру кезінде ГАЖ қатарында жартылай автоматты (трассировка) немесе автоматты векторлау режимдері қолданылады. Политүзу немесе полигон түйіндерінің трассировкасын жүргізу үшін трассировка режимін қосу керек. Трассировка жасалатын объект типі таңдалады: Полигон немесе Политүзу. Сосын алғашқы нүктедегі трассировкаланатын объекті шекарасы ерекшеленеді. Трассировка тек бір объект үшін берілген уақыт кезеңінде ғана жұмыс ітейді. Басқа объектіні ерекшелеген кезде осы объектілер түйіндері арасында түзу сызық сызылады.

Графикалық мəліметтерді түзету. ГАЖ тұтынушысының қазіргі графикалық интерфейсі MS Windows графикалық стандарттарына негізделген. Осы себеппен геоақпараттық жүйенің қазіргі тұтынушысы MS Windows операциялық жүйесін жəне оның графикалық интерфейсін білуі тиіс. Жеке алғанда ГАЖ тұтынушысы қарапайым графикалық редактор жұмысын білуі тиіс. «Добавить узлы» командасын орындау кезінде ГАЖ Бағдарламалық Құралы ағымды өзгертілетін объектіге түйіндер қосады, ол объектілердің топологиялық қасиеттерін өзгертуге мүмкіндік береді. Түзу сызық кесіндісіне түйін қосу кезінде ГАЖ түзуді сынық сызыққа айналдырады (политүзуге). Түйінді эллипске немесе тікбұрышқа қосу үшін осы объектіні «сызықты» типінен «облыс» типіне айналдырады. Түйіндерді жою оларды ерекшелеумен (жалғыз немесе топпен) жəне жою режимін таңдауға негізделген Егер тұтынушы түйінді буферлік алмасуға орналастырғысы келсе, онда оны Правка > Вырезать командасы көмегімен орындауға болады. Орналасқан түйінді көшіру кезінде тұтынушы бос кестелік өрістері бар объект алады. Егер барлық түйінді жойса, онда объект – политүзу немесе облыс толығымен жойылады. Бірнеше түйіндерді жойған кезде объект қайтадан сызылады. Полигон (облыс) типінен түйін жойылған кезде объект типі сақталады. Облысты политүзуге айналдыру үшін Объекты > Превратить в полилинии командасы қолданылады. Жұмыс процесінде деректерді буфер алмасуы арқылы қабаттан қабатқа, картадан картаға, бір Жұмыс Жинағынан екіншісіне немесе Maplnfo бағдарламасынан Windows басқа қосымшаларына беру қажеттілігі туады. Мұндай процедура буфер алмасуы арқылы жүреді (Clipboard).

Нүктелік объектілерді құру. Картада нүктелік объектілер көп мөлшері де кездеседі. Олар көбінесе шартты белгілер ретінде көрсетіледі. ГАЖ-де картада нүктелік объектілерді түзу құралды ГАЖ беретін шартты белгілер кітапханасын қолдану есебінен жүргізіледі. Шартты белгіні қою үшін ол алдымен кітапхана бірінен белсендіріледі, оның стилі анықталады (түсі, көлемі жəне т.б.). Сосын нүктелік объектіні енгізу режимі анықталып, бағыттағыш көмегімен шартты белгінің (нүктелік объектінің) координатты жағдайы анықталады.

«Стиль символа» режимі сызу жинағын, көлем мен түсті өзгертуді, бұрылу бұрышын, нүктелік объект символы үшін арнайы эффекттерді таңдауды (көлеңкесін, сызу, жиектеу жəне т.б.), қолда бар нүктелік объектінің атрибуттарын өзгертуді ұсынады.

Негізгі əдебиет (2нег.[62-76])

Қосымша əдебиет (1 қос.[411-428])

Бақылау сұрақтары:

1. ГАЖ-де деректерді өңдеудің негізгі технологиялық сатылары қандай?

2. ГАЖ МапИнфо графикалық интерфейсін сипаттаңыз.

3. Арнайы DXF форматы не үшін жəне қандай жолмен қолданылады?

4. Растрлы деректерді енгізу сатысында позициялау қалай жүргізіледі?

15 – дəріс.

ГАЖ-ден деректерді шығару. Талдау нəтижелерін көрсету

Дәрістің мақсаты: ГАЖ-ден деректерді шығаруды үйрену

Нəтижелерді шығару – кез-келген сараптаудың соңғы өнімі. Сараптау нəтижелерін шығару шығару қондырғысының типіне байланысты тұрақты немесе уақытша болуы мүмкін. Бірінші категорияға қағазға, таспаға немесе магнитті тасығыштарға шығару жатады – олардың барлығы нəтижені ұзақ уақыт сақтайды. Екінші категория – монитор экранына немесе сараптау нəтижелерін демонстрациялау үшін немесе файлдарды сараптауда, немесе тұрақты шығаруға қолдану туралы алдын-ала қарастыру мақсатымен проекциялық экранға шығару. Шығару адамдық-бағдарланғанға жəне машиналық-бағдарланғанға бөлінеді. Машиналық-бағдарланған шығару ақпараттың компьютерлік тасығыштарда материалдарды сақтау үшін қолданылады; ол ГАЖ шығаруды жүйелік тармақтан сақтау жəне түзету жүйе тармақтарына қайтарады. Адамдық-бағдарланған шығару адаммен қабылдануға арналған. Адамдық-бағдарланған пішіндер деректер құрылымы, ақпарат тасығышы жəне басқа бағдарламалар мен компьютермен үйлесімділігі туралы шешімді талап етеді. Карталар географиялық ақпараттарды ең жинақы тəсілмен көрсету тəсілі ретінде сақталуда.

ГАЖ əртүрлі карталар құрастыруға мүмкіндік береді. Алайда бүгінде көптеген ГАЖ- сарапшылардың картографиялық өндіріс пен дизайнда тəжірибелері шектеулі. Сол себептен карталар тұтынушылары тұрақты ұлғаюда, тиімді көрсету талаптары маңызды болып барады.

Карталарды дайындау мақсаты сəйкес нақты қоршаған ортаның қалай көрінуі туралы тұтынушыға көрініс беру болып табылады. Жалпы географиялық карталар əртүрлі географиялық феномендердің кең спектрін біруақытта көрсетуге ұмтылуда. Көптеген карталар ГАЖ-ге шығу алдында таңдалған тема жақтауында құрылымды ққатынастарды ерекшелейтін тематикалық карталарға жатады. ГАЖ жағдайында «тема» сөзін «шешімге» ауыстыруға болады, себебі бұндай карталар көбінесе шешім қабылдау процесінің аяқталуының кілті немесе белгілі мəселенің шешімінің нəтижесі болып табылады. Тематикалық картада зерттелетін объектілерді орналастырудан басқа, онда осы объекттердің географиялық кеңістіктегі жағдайын анықтау мүмкіндігі болу үшін координаттардың біршама жүйелері қатысуы тиіс. Кейбір жағдайларда, мысалы, спутниктен алынған деректерді көрсету кезінде координаттық жүйе өте маңызды, себебі тұтынушы картаны координаттық торсыз оқи алмауы мүмкін. Одан басқа, координаттық тор объекттің кеңістіктік ұзақтығын жəне ауданын анықтауға мұмкіндік береді. Тематикалық картаны құрастыру кезіндегі бірінші ереже ол оқылуы, сарапталуы жəне түсінілуі тиіс. Картаға енгізілге нəрбір объект картаның осы темасы туралы ақпарат беруі тиіс. Артық ешнəрсе болмауы тиіс. Артық объекттер жойылған соң да, шығарылатын деректерді таңдау, өңдеу жəне генерализациялау туралы, ал сосын осы деректерді тұтынушы оңай түсінетіндей көрсету үшін сəйкес символдарды қолдану туралы көптеген шешімдер қабылдануы тиіс. Бұл процесс ғылым мен өнердің қоспаларынан тұрады, жəне жақсы нəтижеге қол жеткізу үшін картаны нақты шығарар алдында бірнеше алдын-ала наброскалар жасалынуы тиіс.

Картографиялық дизайн (cartographic design) – синонимі карталарды көркемдік жобалау – картаның, атластың, кез-келген картографиялық шығарманың оның функцияналдық мақсатымен, тематикасымен, қазіргі көркемдік принциптерімен жəне техникалық мүмкіндіктерімен сəйкес эстетикалық бейнесін қалыптастыру. Карта дизайні өте күрделі болуы мүмкін, əсіресе қазіргі компьютерлік бағдарламалардың кең мүмкіндіктері кезінде. Алайда картографиялық дизайнның логикалық (интеллектуалдық) жəне графикалық (визуалдық) мақсаттары қарама-қайшылыққа ие болады. Осы проблемалардың шешілуі қашанда компромисс жолымен шешіледі. Мысалы, егер тұрғын үй символдарын картада орналастыру керек болса, онда логика да, эстетика да келісілген тəсілді айтады – символдарды үйлердің нақты координаттарында орналастыру. Бірақ, егер осы үйлерге жақын өтетін жолды көрсететін, сызықтық символ бар болса, онда не жол символы не үй символдары жылжуы тиіс. Кейбір жағдайларда не жол символы не үй символдары олардың нақты координаттарынан жылжыту қажеттілігі туады.

Алғашқы қадам карта типін таңдаудан тұрады, ол онда объекттер мен оның жалпы түрін

орналастырумен құрастырылады. Бұл сатының нəтижесі- картаның жалпы көрінісі. Колдан орындалған наброскалар да пайдалы болуы мүмкін. Одан кейін объекттерді, класс аралықтарын, түстерді, түзу типтерін жəне басқа сызбалық элементтерді көрсету үшін символдар алынады. Бұны да эскизде орындауға болады. Бұндай кезде объект мөлшерлері жəне олардың арасындағы қашықтық белгіленеді, олар кейін бағдарламаға енгізіледі.

Карта компоновкасы (map montage, map assembly) – картографиялық бейнелеуді, карта атауын, легендасын, кесіп қиылуларды жəне басқа деректерді карта жақтаулары, оның өрістері немесе парақ шегінде орналастыру. Дизайн процесінің соңғы сатысы алдыңғы сатыда орындалғандардың нақты келтіруден тұрады. Бұл жерде картаның жалпы жоспарына тек кейбір кішігірім өзгерулер енгізіледі. Бастысы – монитор экранында баспаға шығара алдында прототип түзу, себебі принтерлер мен плоттерлер монитор экранына қарағанда баяу. Бұндай кезде монитор экраны мен қағаздағы бейнелердің айырмашылықтары ескерілуі тиіс. Мəтінді шығару кезінде компьютердегі шрифт пен принтердегі шрифт біршама ерекшеленеді, ол экранда байқалмаған жазбалардың беттесуіне немесе жылжуына, немесе кодтары компьютер мен принтерде ерекшеленетін кейбір символдардың ауысуына əкеледі (əсіресе ұлттық жəне арнайы алфавит символдары). Басқа жиі кездесетін проблема – түстердің сəйкес келмеуі: компьютер экранында айырылатын түстер қағазды мүлдем бірдей болуы мүмкін. Картаны құрастыру кезінде нүктелік, сызықтық жəне аудандық объекттер ажыратылатындай етіп графикалық примитивтер түрлерін өзгертуге болады. Өзгеруі мүмкін негізгі параметрлер – бұл пішін, мөлшер, бағдар жəне түс. Одан басқа, аудандық объекттерді толтыру үшін штриховка қолдануға болады, олар тұрақты немесе кездейсоқ ұйымдармен, бақылау жиілігімен, элементтерді ашық немесе қою түске жəне осы элементтердің бағдарын сипаттайды. Барлық осы параметрлерді объекттер мен топтарды графикалық көрсетуді жақсарту үшін өзгертуге болады. Карталар бір тұтас ретінде қарастырылады (сөзден кейін сөз ретінде кезектілікпен қабылданатын мəтіннен басқа).

Графикалық дизайн принциптері. Картаны қорытындылай отырып, оның элементтерін шектелген ауданда орналастыруға тура келеді. Көптеген карталар оларды ақ фон тым көп, немесе тым аз болғаннан қызықсыз болып шығады. Берілген жағдайда бейне мен фонның қатынасына мысал келтірілген. Толығымен негізгі бейнеден ғана тұратын карта, біршама аморфты фоннан тұратын, негізгі бейнені түсіндіретін картаға қарағанда қызықсыз. Фон контраст пен визуальді қызығушылықты көтереді. Фон тым көп карта негізгі бейне мағынасын төмендетеді жəне көрерменге картаның толық еместігі туралы күмəн туғызады. Бірақ сурет-фон қатынасы мөлшерлер қатынасынан жақсы. Егер су мен құрлық беттері бірдей түсте болса, көрермен оларды оңай шатыстырады. Атау, шекаралардың таныс белгілері, картографиялық торлар жəне штриховкаларда қосы тұтынушы картаның зерттеліп отырған облысын жəне сарапталмаған учаскелерін оңай ажыратады. Фигура-фон қатынасы «жақсы контур» деп аталатын аспект құрайды. Мысалы, кейде, картаға жазба кіргізу үшін оның астында орналасқан бір түзуді үзу керек болады. Бұл логикалық тұтастылықты бұзбайды, себебі көрермен картада ол үзілсе де елестетілген түзуді қабылдайды, жазбаны оқуға болады. Басқа мысалдар су мен құрлықтың, шекара мен жолдың, өсімдік пен құрылыстардың логикалық дифференциациясын қосады. Бір облыстың екі картасы фон мен суреттің контрасты қандай облыстың құрлық,

Қандайы су екенін көруді жеңулдетеді. Бұндай кезде дизайн принципінің көп санын қолдану емес пайдалы карта құрастыру мақсат.

Графикалық дизайнның соңғы принципі иерархиялық ұйымдастыру болып табылады. Картада қатысатын барлық графикалық элементтер ең маңыздысын көрсететіндей ұйымдастырылуы тиіс. Бұл принцип жалпы географиялық карталарда нашар қолданылады, себебі олардың мақсаты – тұтынушы талабы бойынша əртүрлі маңызды элементтерді сиқырлау мүмкіндігі. Ал ГАЖ ортасында кеңінен таралған тематикалық карталар нақты объекттерді немесе сараптау мүмкіндіктерін сызып көрсетуі тиіс. Бұл иерархиялық ұйымдастырудың қатысуымен немесе визуалды мағына деңгейі бойынша элементтерді бөлу арқылы жасалынуы мүмкін. Иерархиялық ұйымдастыққа қол жеткізудің үш негізгі тəсілі бар. Стереограммды тəсіл

маңызды элементтерді маңыздылығы аз элементтерге қарағанда жоғарыда орналасқан сияқты көрсету үшін сызбалық мысалдарды таңдауды жəне модификациялауды талап етеді. Бұл фигура-фон қатынасын жақсарту үшін пайдалы. Тереңдікті қабылдауға кілттер ретінде түзу қалыңдықтарын, түстерін, ашықтылығын немесе мөлшерін айыра отырып үш өлшемді объекттер алынуы мүмкін.

Екніші тəсіл кеңейткіш деп аталады, сызықтық немесе нүктелік объекттерді реттеу үшін

қолданылады. Мысалы, негізгі жолдар екінші деңгейлілерге қарағанда оңай байқалатын болуы тиіс. Бұл жерде түзулер қалыңдығын, олардың ашықтылығын немесе ішкі құрылымдарын (үзілгіштік, штрих ұзындығы жəне т.б.), ал сонымен қатар əрбір сызықтық объектінің маңыздылығын көрсету үшін осы қасиеттердің комбинацияларын өзгертуге болады. Кейбір ГАЖ символдарды өзгерту мүмкіндігі шектеулі, бірақ қолда бар құралдармен қажет нəтижеге қол жеткізуге болады. Бөлінгіш иерархия тəсілі деп аталатын соңғы тəсіл ең бастысы облыстардың ішкі құрылысындағы айырмашылықтарды көрсету үшін қолданылады. Мысалы, жайылымдар қарқынды-, қалыпты- жəне аз пайдаланылатындарға бөлінеді. Бұл тəсіл мемлекеттер шекараларын қою түзулермен белгілеу кезінде қолданылады, жəне бұндай кезде ішкі əкімшілік бөлінулер жіңішке түзулермен көрсетіледі. Кеңейткіш иерархияның айырмашылығы ол өзгерудің реттік шкаласына, ал бөлінгіш иерархия номинальдіге сай келеді. Барлық өлшеу шкалалары графикалық иерархиямен байланыса алады. Жоғарыда келтірілген барлық дизайн принциптері құрастырылатын картаның табиғатын, қолданылатын графикалық элементтердің жəне дизайннің қоладнылатын принциптерін анықтайтын ішкі факторларға байланысты. Алғашқы жəне ең маңызды фактор картаның мақсаты болып табылады, мағыналық міндеті бейнеленетін ақпараттың табиғатымен байланысты. ГАЖ-де құрастырылатын тематикалық карталар сараптаудың нақты нəтижелерін көрсетуге арналған. Бұл жердегі маңызды қарапайымдылық шығаруды сиқырлаған сайын ол оңай түсініледі. ГАЖ ортасында карта құрастырудың дəстүрлі қолмен сызылған картамен салыстырғандағы төменгі құны салдарынан күрделі карталардың аз санын құрастыру қажеттілігі жоқ. Жеке аналитикалық

процедуралар нəтижелерін жеке карталармен көрсетуге болады.

Карта мақсатының басқа аспектісі, эргономикалық міндет, ол көрсетілгенді оқу емес, оның қалац жасалатынын ескереді. Картады не көрсетілетінін шешкен соң, хабарды адекватты бере алатын көрсету түрін де таңдау керек. Егер карта қауіпті зоналарды көрсетсе, онда оның дизайні олардың маңыздылығын тура демонсрациялауы тиіс; оның жағымды сыртқы бейнесі кейбір көркемдік бағалылыққа ие болса да, бірақ көременге жіберілуі тиіс хабарды бермеуі мүмкін.

Екінші фактор реализм, ол əрбір облыстың өзінің сипатамасы бар екенін білдіреді. Географиялық сараптауды физикалық, транспорттық, əлеуметтік немесе экономикалық құрылымдары күрделі облыстар қатысады, осылар кеңістіктік сараптауды талап етеді. Бұл күрделілік атауларды, символдар мөлшерлері жəне стильдері, штриховка типтері жəне т.б. орналасу мүмкіндіктерін шектеуі мүмкін. Бұндай шектеулер кездеседі, жəне бұл жерде зерттелу облысын жəне ол туралы деректердің табиғатын практикалық білу ғана көмектеседі. Үшінші фактор деректердің болуы – мəселе тек картаны дайындау ғана емес, бірақ кеңістіктік сараптауды жүргізу. ГАЖ-дің көптеге нДБ маңызды көлемг ие – сараптау талабы осындай; одан басқа сараптау көбінесе үлкен территориялар үшін жүргізіледі. Мысалы, жерді пайдаланудың жүздеген категориялары бар карта дейік, оның жүз ерекше түстерді түзу күрделілеу. Бұл жағдайда əрбір бөлінулер үшін штриховканың түстері жəне типтері əртүрлі бөлгіш иерархиясын қосу үшін дизайн процедурасын өзгерту. Деректер болған кезде қарама-қарсы проблема пайда болады: деректер сараптау мен көрсету үшін жеткіліксіз, не олар ескі жəне басқа принциптермен жиналған, немесе олар үшін тым сирек таңдаулар қолданылған. Мысалы, ғасыр бұрын жиналған өсімдіктер жайлы деректерді қазіргілермен салыстыру оңай емес. Алғашқылары деректерді жинаушының жеке тəжірибесінің əсеріндегі біршама жалпы категориялар құрауы мүмкін, ал ДЗД классификациялаудың компьютерлік алгоритмдері бойынша алынған категориялардың көптеген санына ие болады. Келесі фактор мақсаттық аудитория. ГАЖ-дің шығатын құжаттарының көптеген тұтынушылары география мен картография жағынан білімі мен тəжірибесі болмайды, карта ең маңызды объекттер мен атауларды жəне жалпыға белгілі символдарды ғана сақтауға байланысты оңай қабылдануы тиіс. Ал тəжірибелі тұтынушылар қосымша ақпаратты ала алады.

Қолдану шарттары карта дизайнында маңызда роль атқарады. Мында тек карта-плакат немесе үстел үсті құжаты варианттары жалғыз кірмейді. Егер карта нашар жарықтандыру жағдайында қолданса, онда контраст пен символ мөлшерлерін ұлғайту керек. Егер карта далалық жағдайда қолданса, онда оны ламинирлеу керек. Жоғарыда көрсетілген факторлардан басқа карта дизайнына жабдықтардың техникалық шектеулері əсер етеді. Əрине, ақ-қара түсті принтерде түрлі-түсті карталарды шығара алмайсыз. Арзан түрлі-түсті принтерлер шығарылатынт үстердің тек азғана санына ие болады. Шығару қондырғысының символдар мөлшерін жəне жетелеу деңгейін шектейтін кеңістіктік мүмкіндігі де маңызды.

Тематикалық карталар дəстүрлі түрде ең бастысы олардың ортографиялық түрінде құрастырылады, яғни көремен жерге төбеден қарайды. Бұндай карталар пішіндер мен қатынастардың нақты жақын қабылдануына есептелген. Бірақ көптеген коммерциялық ГАЖ-

де бар басқа да картографиялық пішіндер де бар. Бұндай карталар сараптау тұрғысынан құны төмен болса да,, əсіресе беттіктер түрінде көрсетілген сараптау нəтижелерін көрсетуде өте тиімді. Бұндай кезде дизайнның қосымша параметрлері де ескерілуі тиіс: қашықтық, көру азимуты жəне бұрышы, сонымен қатар жарықтандыру көзінің орналасуы. Қазіргі бағдарламалар осы үш өлшемдік беттерге басқа жабын деректерін визуалді қоюға мүмкіндік береді, жəне тұтынушы топография мен басқа факторлар арасындағы байланысты оңай анықтайды.

Дəстүрсіз картографиялық шығаруларға картограммаларды жатқызуға болады. Картограмманың екі анықтамасы бар. Картограмма (картодиаграмма, картосхема) (choropleth map, cartogram, chorogram, chorisogram) – белгілі территориялық, көбінесе əкімшілік бірліктер бойынша салыстырмалы көрсеткіштердің (тығыздық, қарқындылық кез-келген құбылыс, меншікті шамалар жəне т.б.) таралуын көрсететін карта.

Картограмма территориялық бөлулер контурларын (көбінесе, əкімшілік бірліктерді) тоны əртүрлі түстік бояулармен, тығыздығы əртүрлі штриховкалармен толтыру жолымен салыстырмалы статистикалық деректерді көрсету үшін қолданылатын картографиялық бейнелеу тəсілдерінің бірі. Автоматизация құралы картограммаларды үзіліссіз немесе аралықсыз шкалаларда құруға мүмкіндік береді. Картограммалар картаның сыртқы түріне ие болады, бірақ олардыға орналасулар кеңістіктегі нақты жағдайға сəйкес келмейді. Арқашықтық жəне басқа кеңістіктік қатынастар нақты емес салыстырмалық. Картограммаларды барлық жерде кездестіруге болады, ол олардың пайдалылығын көрсетеді.

Мысалы, автобустар мен поездарда маршруттар схемаларын көруге болады. Оларды аялдамалық пункттер екі өлшемді кеңістікте емес түзу сызықпен көрсетіледі, əрі олардың арасындағы арақашықтық нақты қашықтыққа сəйкес келмейді. Бұл шарттылық картаны схема деңгейіне дейін, тек ең маңызды сипаттамаларын – аялдамалар құрамы мен кезектілігін, жəне мүмкін қайтадан оытыруларды ғана қалдырып жеңілдетеді.

Графикалық символдар бөлек орналасуы тиіс: жеке түзулер – бөлінге, түстер - əртүрлі, пішіндер - танылатындай. Символдар мөлшерлері карта қарастырылатын жəне жеке жұмыс кезінде бірнеше сантиметрден бірнеше метрге дейін өзгеруі мүмкін қашықтық ескерілуі тиіс. Жəне жабдықтың физикалық шектеулері мен адам көзін де ескеру керек. Тағы бір ереже символдардың өздері көрініп тұруы тиіс. Мысалы, түзулер оңай көрінеді, сол себептен оларды кең қылудың қажеті жоқ. Түстердің бір үйлесімі түстерді айыруға көмектеседі (қара əріптер ақ фонда сияқты), басқалары – кедергі келтіреді (сол қара əріптер қою көк фонда). Соңында, оңай ажыратылатын символдарды жəне олардың комбинацияларын қолдану анықтап қарауға көмектеседі- мысал ретінде жол белгілерінде қолданылатын фигуралар алынады олар хабарды мəтіннің қолдануынсыз беруге мүмкіндік береді.

Визуалды контраст графикалық символдарды жəне фондағы мəтінді, сонымен қатар оларды жақын орналасу кезінде айыру үшін қажет. Егер кейбір элементтер мөлшерлерінің, пішіндерінің, штриховканың немесе басқа параметрлердің ұқсастығынан бірдей сияқты көрінсе, онда контрастты ұлғайту үшін қосымша өзгертулерді енгізу пайдалы болуы мүмкін. Жəне бұндай кезде де ұқыптылық қажет, контрасттың ұлғаюы ұзақ қарастыру кезінде көрерменді шаршатып жіберуі мүмкін

Негізгі əдебиет (1 нег.[131-164])

Қосымша əдебиет (1 қос.[411-428])

Бақылау сұрақтары:

1. Картаны дайындаудағы мақсат неде?

2. Нəтижелерді шығаруды қалай түсінесіз?

3. «Картографиялық дизайн» деген не?

4. Нəтижелерді шығару шығару қалай жүргізіледі (карталарды алу)?

5. Картографиялық дизайнның сыртқы факторлары деген не?

6. Дəстүрлі емес графикалық дизайн немен ерекшеленеді


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: