Классификация

Қазіргі ГАЖ тек картографиялық пен векторлық ақпаратты ғана қолданып қоймайды, сонымен қатар фототүсірім деректерін жəне сəйкес растрлық бейнелерді де қолданады. Векторлық деректерді объектілік, растрлықты – далалық деп атайды. Соңғылары жаңа құбылыстарды зерттеу мен анықтау үшін кеңінен қолданылады. Жаңа объектілерді анықтауға мүмкіндік беретін геоақпараттық үлгілеудің тəсілдерінің бірі болып деректерді класссификациялау табылады. Ол ұқсас спектральді сигнатуралары бар бейне пикселдерінің бір классқа бірігіуіне негізделген.

Бұл процедура бейнелерді тану тəсілінен толығымен алынған жəне ГАЖ-технологияларында ара қашықтықтан зондылау деректерін технологиялық өңдеу нəтижелері болып табылады. Классификация зерттелетін объектінің белгілі класқа жатуын анықтаумен тұжырымдалады. Ол оператормен берілетін белгілер жинағы бойынша автоматты түрде жүргізіледі. Классификацияны бір немесе бірнеше кластар бойынша жүргізуге болады.ол келесі векторизация үшін немесе бейненің сапасын жақсарту үшін қолданылуы мүмкін.

Негізгі əдебиет (2 нег.[62-76])

Қосымша əдебиет (1 доп.[411-428])

Бақылау сұрақтары:

1. Геоақпараттық үлгілеудің бес негізгі типтерін атаңыз?

2. Геоақпараттық үлгілеудің негізгі арнайы технологияларын атаңыз.

3. Таңдалған объектілерді жинақтаудың негізгі процедуралары қандай?

4. Буферизация деген не?

5. Геокодтау процедурасының атқаратын функциясы?

6. Деректерді классификациялау процедурасының мақсаты?

14 – дəріс.

ГАЖ-де деректерді өңдеудің негізгі технологиялық сатылары

Дәрістің мақсаты: деректерді өңдеудің негізгі технологиялық сатыларымен танысу

Геоақпараттық жүйелердің бағдарламалық реализацияларының əртүрлілігіне қарамастан

кез-келген ГАЖ жұмыс кезінде жалпы тəсіл мен жалпы принципті ұстануға болады. Жеке жағдайларда технологиялық тəсілдер мысалы ретінде ең қарапайым пакет ретінде Maplnfo бағдарламалық құралы кешенінің мүмкіндіктері қолданылады. Векторлық ГАЖ технологиясын қарастырайық. Осындай геоақпараттық жүйе операция жасайтын негізгі объектілер болып векторлық объектілер табылады.

Векторлық ГАЖ-дегі негізгі технологиялық процестер келесі топтарға бөлінеді, деректерді енгізу, векторизация, графикалық редакторлар, геоақпараттық үлгілеу, деректерді баспаға дайындау. Төменірек ГАЖ-технологиялардың құраушыларын қарастырайық. Картаны құрастыру үш түрлі жолмен жүргізілуі мүмкін:

1. Оператор енгізген ақпарат негізніде жаңа карта құрастыру.

2. Қолда бар векторлық картаны модификациялау немесе жаңарту негізінде жаңа карта құрастыру.

3. Сканерленген түсірімдер немесе карталар ретіндегі растрлық бейнелерді векторлау негізінде жаңа карта құрастыру.

ГАЖ интерфесінің негізгі функциялары

Оператор пернетақтадан енгізген ақпарат негізінде жаңа картаны құрастырудың нəтижесі аз жəне практикада қолданылмайды. Бұл процесс технологиялық жағынан карталарды түзетуде қолданылады. ГАЖ жұмыс кезінде оператор графикалық интерфейсті қолданады, ол жұмыстың негізгі жəне көмекші режимдерін береді, визуализацияны келтіруді жəне параметрлерді анықтауға мүмкіндік береді.

Графический интерфейс ГАЖ командалары, режимдері жəне функцияларын жұмысын қамтамасыз ететін баспалап мен құлама менюлер жинағын көрсетеді. Кейде құлама меню командаларын опциялар деп те атайды. Көптеген ГАЖ жалпы опциялары қатарына келесілер жатады:

• Таңдауды топқа қосу

• Объектілерді таңдау режимдері

• Объектінің орнын ауыстыру

• Объект мониторында бейне түрін өзгерту

Монитордағы бейненің орнын ауыстыру (pan)

• Ерекшеленген объект туралы ішкі ақпаратты шығару (info)

• Мəтінді енгізу

• Қабаттарды басқару

• Легенда

• Бейне сызықтарын көрсету

• Объектіні жеке таңдау

• Статистика функциясын қолдану

• Бейне масштабын өзгерту (зуммирование)

• Түйіндерді түзету

• Доғаларды түзету

• Графикалық примитивтерді бейнелеу

• Графикалық объект пішінін өзгерту

• Графикалық объектерді топтау

• Графикалық объектерді топтан ажырату

• Стиль түзу немесе өзгерту (түзулердің, нүктелердің, полигондардың, мəтіннің)

• Арнайы пішіндер құру (фреймдер).

Бұл опциялардың толық емес тізімі. ГАЖ тізімде жоқ қосымша опциялар болуы мүмкін, ал тізімдегілердің кейбіреуі болмауы да мүмкін. Əрбір ГАЖ басты құлама меню бар, жалпы бөлімдері болып Файл, Правка, Запрос, Таблица, Настройки, Окно, Карта, Справка командалырының бөлімдері табылады.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: