double arrow

Электромагниттік индукция

Тұйық контурды тесіп өтетін магнит ағыны өзгергенде контурда электр тогы пайда болу құбылысын электромагниттік индукция деп атайды.

Мысалы суретте көрсетілген тұйық тізбектің катушкасына тұрақты магнитті енгізгенде немесе шығарғанда тізбекте электр тогы пайда болады.

Электромагниттік индукция құбылысы кезінде пайда болатын электр тогын индукция тогы деп атайды, ал электр қозғаушы күшін индукция электр қозғаушы күші деп атайды.

Фарадейдің электромагниттік индукция заңы

Тұйық контурды тесіп өтетін магнит ағыны өзгергенде контурда пайда болатын индукция электр қозғаушы күші осы контурды тесіп өтетін магнит ағынының өзгеру жылдамдығына тура пропорционал.

.

Индукция тогының бағыты Ленц ережесімен анықталады:

Индукция тогы өзін тудырған себептерге қарсы бағытталады.

1)

2)

СИ жүйесінде к=1, сонда

Егер тізбекті тесіп өтетін магнит ағыны бірқалыпты өзгеретін болса

Тұйық контурда пайда болатын индукция электр қозғаушы күші магнит ағынының өзгеру жылдамдығына тең.

Электромагниттік индукция құбылысы келесі жағдайда байқалады:

1) Магнит өрісіндегі контур деформацияланғанда немесе контурдың ауданы өзгергенде.

2. Контур сыртқы магнит өрісінде жиілікпен айналғанда.

3. Контур айнымалы магнит өрісінде орналасқанда.

Айнымалы магнит өрісі өзін қоршаған кеңістікте құйынды электр өрісін тудырады. Өз кезегінде айнымалы электр өрісі өзін қоршаған кеңістікте құйынды магнит өрісін тудырады.

Өздік индукция құбылысы

Айнымалы ток жүріп тұрған контурды тесіп өтетін магнит ағыны да айнымалы болады. Бұл жағдайда айнымалы ток жүріп тұрған контурдың өзінде индукция тогы пайда болады. Бұл құбылыс өздік индукция деп аталады.

Магнит ағыны тізбектегі ток күшіне тура пропорционал:

мұндағы: пропорционалдық коэффицент- контурдың индуктивтілігі немесе өздік индукция коэффициенті деп аталады, өлшем бірлігі

Жалпы жағдайда өздік индукция заңы

Контурдың индуктивтілігі контурдың пішініне және контур орналасқан ортаның магниттік қасиеттеріне тәуелді болады.

Соленоидтың (ұзын катушка) индуктивтілігі келесі формуламен анықталады

Контурдың пішіні өзгермесе және контур ферромагнетик емес ортада орналасқан жағдайда контур индуктивтігі тұрақты болады және бұл жағдайда өздік индукция заңы:

өздік индукция электр қозғаушы күші тізбектегі ток күшінің өзгеру жылдамдығына тура пропорционал болады.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



Сейчас читают про: