Кулимова Л.Т. Коммуникация негіздері. Құрастырған: Оқытушы Тилепбаева А.К

Курсы: 3

Семестр: 5,6

Құрастырған: Оқытушы Тилепбаева А.К.

Шымкент 2014

Оқу әдістемелік нұсқау Қазақстан тарихы және қоғамдық пәндер кафедра мәжілісінде қаралды.

«____» _________ 2014 ж. №___ хаттама

Кафедра меңгерушісі, филос.ғ.к, доцент ____________ Кемелбеков Қ.Б.

1- сабақ.

1. Сабақтың тақырыбы: Медициналық сұхбат,оның құрылымы.Емделушіні сұрау.

2. Сағат саны: 90 мин (100%)

3. Сабақ түрі: теория

4. Сабақтың мақсаты: Науқастың жекеше психологиялық қасиеттерін біліп,бағалау. Психологиялық ерекшеліктерінің сапасын анықтау, олардың күшін,ауырдлығын жіктеу.Алынған мәліметті психологиялық феномендерге немесе психопатологиялық белгілерге жатқызу. Сонымен қатар, сұхбаттың мақсатына адамның шағымдарын анықтау және оның тәртібінің, жүріс-тұрысының ішкі себептерін, ықпалдарын айқындау жатады.Медициналық қызметкердің науқасқа психологиялық жәрдем беруіне де негізделеді.Медициналық интервьюдің мағынасы, қарапайым сұрастырудан өзгеше болады, себебі ол науқастың шағымдарын белсенді түрде анықтаумен қатар,адам қылықтарының,өзін-өзі ұстауының жасырын мотивтерін іздестіруге және науқасқа жәрдем беруге бағытталады.

*оқыту: Білімді қалыптастыру (тың мәліметтер беру, білімді қалыптастыру).

*тәрбиелік: Адамгершілік тәрбиесін беру

*дамыту: Танымдық қызығушылықты дамыту.

5. Материалды техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар:компьютер, интерактивті тақта, мультимедиялық құрылғы.

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар:өзіндік жұмыстарға арналған кеспелер,тест тапсырмалары,сөзжұмбақтар.

б) оқыту орны: дәріс аудиториясы

6. Әдебиеттер:

Кулимова Л.Т. Коммуникация негіздері.

2.Көбекова Ж.С. Психология негіздері.

3. Илешова Р. Медициналық психология.

1) Ұйымдастыру кезеңі – 5 мин. - (6%)

а) Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

ә) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

б) Сабақтың мақсаты мен міндеті.

7.Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 15 мин (16%)

8.Жаңа сабақты түсіндіру: 40 мин (44%)

Медициналық сұхбат,оның құрылымы. Емделушіні сұрау.

Мақсаты: жаңа тақырып бойынша түсінік беру.

Ақпаратты – дидактикалық бөлім.

1. Медициналық сұхбат, ұғымы және құрылысы

2. Медициналық сұхбаттасудың кезеңдері

Медициналық сұхбат – тұлғаның психологиялық қасиеті және белгілері,дерттің ішкі бейнесі мен науқастың мәселелері туралы ақпарат жинау және науқаспен жанасу негізінде оған психологиялық ірекет жасау әдісі.Мақсаты:

1.Науқастың жекеше психологиялық қасиеттерңн біліп,бағалау.

2.Психологиялық ерекшеліктерінің сапасын анықтау, олардың күшін,ауырдлығын жіктеу.

3.Алынған мәліметті психологиялық феномендерге немесе психопатологиялық белгілерге жатқызу.

Сонымен қатар,сұхбаттың мақсатына адамның шағымдарын анықтау және оның тәртібінің,жүріс-тұрысының ішкі себептерін,ықпалдарын айқындау жатады.Медициналық қызметкердің науқасқа психологиялық жәрдем беруіне де негізделеді.

Медициналық интервьюдің мағынасы,қарапайым сұрастырудан өзгеше болады,себебі ол науқастың шағымдарын белсенді түрде анықтаумен қатар,адам қылықтарының,өзін-өзі ұстауының жасырын мотивтерін іздестіруге және науқасқа жәрдем беруге бағытталады.

Сұхбаттасудың функциялары.

1.Диагностикалық

2.Терапевтік

Олар бірге, параллелді түрде жүзеге асу керек,себебі тек үйлесу жағдайында,ғана медициналық мақсатына жетеді.Көбінесе науқас өзінің шағымдарын,мәселелерін және жағдайын сипаттап түсінікті түрде айта алмайды.Сондықтан, науқастың айткан мәселелерін джәрігердің тыңдай білуі-сұхбаттың бір кезеңі болып табылады. Сұхбаттың принцптеріне келесілер жатады.

-Қойылған сауалдарға медициналық қызметкердің жасаған тұжырымы дәл,ашық,сәйкес және түсінікті болуы.

-бірізділік және адекватты, біркелкі болуы.

-алынған мәліметті тексеру мүмкіншілігі болуы.

Медициналық қызметкердің қойған сауалдары мен тұжырымдары дәл және тиісті,науқастарға түсінікті,арнайы терминсіз болуы керек.Олар аурудың тілі мен мәдениетіне,біліміне сәйкес келуі қажет.Сондықтан науқастың әлеуметтік статусы,білім дәрежесі,мәдениеті мен сөйлесу мәнері анықталады.

Интервьюдің бірізділігі дегеніміз,алдымен науқастың шағымдарына негізделіп,дерттің белгілерін құрастырып,онан соң бұзылыстарды және олардың себептерін анықтау.Ол үшін медициналық дерттің белгілерін,психологиялық әрекеттесу түрлерін және бұзылыстарын білу керек.Әр ауруда көптеген клиникалық белгілер болуына байланысты,олардың барлығының бар жоғын сұрастыру медициналық қызметкердің білгірлігінің төмен дәрежеде екенін көрсетеді,науқасты жалықтырып,шаршатады.

Медицина қызметкерінің келесі сауалдары аурудың әрекеттесу түрін бағалауға, бұзылыс дәрежесі мен себептерін анықтауға бағытталады.Бірізділік принципі бойынша науқасты ұқыпты түрде сұрастырып,аурудың белгілерінің даму ретін,оларға байланысты себептерін анықтау керек. Мұнда,аурудың баяндауын тәптіштеп,егжей-тегжейіне дейін толыө тыңдап қадағалау,оқиғалардың соңғы нәтижесі,науқастың ойлары және олардың талқылауы маңызды роль атқарады.

Құштарлықсыз принцпі дегеніміз медициналық қызметкер науқасты өз пікіріне итермелеуі.Бұл ұстаным медициналық қызметкердің науқасқа ауруы туралы өз пікірін айтып, иландыруы,сендіруі,яғни сұхбаттасуы бір жақты жүргізілгенін білдіреді.Яғни,медициналық қызметкер анықтаған бұзылыстар туралы науқас адамды өз ойына жетелеуі,итермелеуі.

Мәліметтің тексеру мүмкіншілігі және адекватты болуы дегеніміз-интервью барысында жинастырылған науқастың берілген жауаптарының дұрыстығын тексеріп,тиісті талқылау жүргізу.Интервьюдің әдістемелік негіздеріне жататындары;

-алғашқы қатынастың ұзақтығы 50 минут шамасынан аспауы;

-кейінгі қатынастар мерзімі бұдан қысқа болуы мүмкін;

-Вербальді және вербальді емес тәсілдерді кеңінен қолдану;

МЕДИЦИНАЛЫҚ СҰХБАТТАСУДЫҢ КЕЗЕҢДЕРІ;

1.Науқас адамның сезімділігін тудыратын жағдай жасау,құпиясын сақтауға кепілдік білдіру және сұқпаттың бастауыш мотивтерін анықтау.

2.Науқастың шағымдарын анықтап, талқылау, аурудың ішкі бейнесін бағалау.

3.Сұхбаттан жане емдеуден тосатын нәтижелеріне баға беру,адамның психалогиялық бейнесін анықтау.

4.Дерттің аяқталу түрлерін және болжамды емдеу нәтижелерін айтып,тусіндіру.

Психологтардың мәліметі бойынша адам туралы пікір танысудың 18-ші секундінде пайда болады.БІРІНШІЛІК кезең-сұқпаттасуға сенімділік тудыратын жағдай жасау. Бұл белсенді интервью,ол өте маңызды және қиынға түсетін кезең.Интервьюдің әрі қарай ағымы, жалғастыру мүмкіншілігі,сұхбаттық егжей-тегжейдің толық ашылуы,науқастың алғашқы пікірі мен көзқкрксына байланысты болатын анық.Бұнда медициналық қызметкер науқастың көзіне тік қарап,оған назарын аударғанын көрсетеді.Сіз айтар жайттар уайымдар тек осы жерде,екеуміздің арамызда қалатыны туралы,мен сізге конфенденциалдықты сақтайтыным туралы кепілдік беремін-деп қайталап,ескертіп отырады.ЕКІНШІЛІК кезеңде медициналық қызметкердің белсенділік рөлі доғарылып,ол пассивті сұхбаттаушыға айналады.Науөас адамға тиісті уақыт беріліп,оның шағымдарын асықпай,ұқыпты,өзі таңдаған бірізділікті,қажеттілігімен маңыздылығы бойынша айтуға мүмкіншілік беріледі.Медициналық анамнезді жинау сұхбаттасудың бұл кезеңінің ең маңыздысы болады.Оның мақсаты –адамның толық ақпарат алудың негізінде оның тұлғасына,өзіне және дертке көзқарасына,өзіне жасаған аурудың әсеріне баға беру болады.Мұнда науқастың өмір жолын,ауру барысын,аурудың тәртібіне,тұлғалық жүйе қатынастарына әсерін анықтау өте маңызды болады.Келесі ҮШІНШІ кезеңде,сұхбаттасушы аурудың осы пікірлесуден және емдеуден тосатын нәтижелерін анықтауға бағытталады;»Сіз айтқан шағымдардың қайсысынан тез арылғыңыз келеді».Соңғы сұрақ науқастың өзі қолдайтын ем тәсілін анықтауға мүмкіншілік береді, себебі кейбір адамдар медициналық қызметкер ұсынған емдеуден бас тартады,сенімін білдірмейді.ТӨРТІНШІ кезеңінде медициналық қызметкер тағы белсенділікті өз қолына алады.Бұл тәсіл тірек-сызба арқылы аурудың жағдайын дәл анықтап,оның тұлғалық және ауруына байланысты құпияларын ашып,ем нәтижесін өсіруге болады.Клиникалық сұхбаттасу үстінде вервальді және вербальді емес тәсілдерді қолдана білу өте маңызды және мағыналы болады.Алайда,кейбір жағдайларда,әсіресе депрессивті адамдарға және шектеулі мәлімет айтылған кезде аурудың көзіне тік қарамаған дұрыс болады.Сонымен қатар,вербальді және вербальді емес тәсілдерді қолдану, пацент проблемаларын дәл түсініп, сұхбаттасуға қолайлы жағдай тудырады.

9.Жаңа тақырыпты бекіту.20 мин (22%)

1. Жаңа материал бойынша негізгі түсініктерге тоқталу.

2. Негізгі терминдер мен тезистерді жұмыс дәптерлеріне жаздыру.

10.Сабақты қорытындылау.5 мин (6%)

Бақылау сұрақтары:

1.Сауалдаманың мақсаты.

2. Сауалдаманың түрлері.

3. Медицина қызметкерінің науқаспен сұхбатты жүргізу барысы.

4. Медициналық сұхбаттың функциясы.

1. Оқушыларды бағалау.

2. Келесі сабақ тақырыбын қысқаша хабарлау. Сауалнамалар құрастыру, емделушінің медицина қызметкеріне келу себептерін анықтау.

11.Үйге тапсырма беру.5 мин (6%)

№2- сабақ.

1.Сабақтың тақырыбы: Сауалнамалар құрастыру, емделушінің медицина қызметкеріне келу себептерін анықтау.

2. Сағат саны: 90 мин (100%)

3. Сабақ түрі: теория

4. Сабақтың мақсаты: Сауалдаманың мақсаты-науқастың бағытын, өзі жайлы,айналасындағы адамдар жайлы ой-пікірін анықтау. Сауалдаманы басқа тәсілдермен қосарластырып қолданған өте тиімді болады және де көптеген қатерлердің алдын алады.

*оқыту: Білімді қалыптастыру (тың мәліметтер беру, білімді қалыптастыру).

*тәрбиелік: Адамгершілік тәрбиесін беру

*дамыту: Танымдық қызығушылықты дамыту.

5. Материалды техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар:компьютер, интерактивті тақта, мультимедиялық құрылғы.

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар:өзіндік жұмыстарға арналған кеспелер,тест тапсырмалары,сөзжұмбақтар.

б) оқыту орны: дәріс аудиториясы

6. Әдебиеттер:


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: