Электрлік диполь. Electric dipole (гр. di – екі и pólos – полюс), douplet, electric douplet

Electric dipole (гр. di – екі и pólos – полюс), douplet, electric douplet

Бір-бірінен белгілі бір қашықтықта орналасқан, абсолют шамасы бойынша бірдей және таңбасы әр түрлі нүктелік зарядтан тұратын жүйе.

Кристалдағы дислокация

Dislocation (орта ғас. лат. dislocatio – ығысу, орын ауыстыру)

Атомдық жазықтықтардың дұрыс кезектесуінің бұзылуын сипаттайтын кристалдық тордың сызықтық ақауы.

— бұрандалы дислокация / screw dislocation атомдық жазықтығы бұрандалы басқыш сипатына ие дислокация.

— шеткі дислокация / edge dislocation атомдық жазықтықтың кристалл ішінен үзілуі түріндегі дислокация.

Дисперстік

Dispersibility, dispersion

Дисперстік жүйелердегі бөлшектер өлшемдерінің сипаттамасы. Дисперстік бөлшектің орташа диаметріне кері пропорционал және меншікті бетпен, яғни дисперстік фаза бөлшектерінің жалпы бетінің, оның бірлік көлеміне немесе массасына қатынасымен анықталады.

Диэле́ктрик

Dielectric, electric insulator, non-conductor (грек. dia – ден және ағыл.. electric)

Электр тогын нашар өткізетін зат (өткізгіштермен салыстырғанда).

До́нор

Donor

Жартылай өткізгіштер физикасында – кристалл торындағы өткізгіштік аймаққа электрондар беруге қабілетті қоспалы атом түріндегі ақау.

Кемтік

Electron hole, hole

Квазибөлшек (фермион). Өткізгішті электронмен қатар жартылай өткізгіштер, жартылай металдар және металдарды сипаттау үшін қолданылады. «Кемтік» термині бір-біріне жақын, бірақ негізінен әртүрлі мағынада қолданылады:

1. Көп электронды жүйенің қозған кванттық күйі; ол жалғыз электронды күйлердің біреуінің бостығымен сипатталанылады.

2. T=0К кездегі рұқсат етілген энергетикалық зонадағы теріс эффективті массасы бар еркін күй.

Кемтіктер жартылай өткізгіштердің элементар зарядына тең оң зарядқа ие. Энергиясы бойынша валенттік зонада орналасады. Аккемтіктер ацепторлық қоспаларды қосындылау нәтижесінде немесе сыртқы әсер арқылы пайда болуы мүмкін. Тиімді массасы және спинмен айрықшаланатын ауыр және жеңіл кемтіктер алқабы болады. Өткізгіштік алқапта электронмен кулондық әсерлесу кезінде экситон деп аталатын байланысқан күй түзіледі.

Изотроптық

Isotropy

Ортаның қандай да бір қасиетінің бағытқа тәуелсіздігі.

Булану

Evaporation, exhalation, vaporization

Заттың конденсирленген (қатты немесе сұйық) фазадан газ тәрізді (бу) күйге өтуі; бірінші текті фазалық ауысу. Қатты дененің булануы сублимация деп аталады, ал сұйық көлеміндегі булану процесі қайнау деп аталады. Әдетте булану деп температурасы қайнау температурасынан төмен сұйықтардың молекулаларының жылулық қозғалысының нәтижесінде оның еркін бетінде булардың пайда болу процесін атайды.

Кла́стер

Cluster (ағыл. cluster - шоқ, топ, үйір)

Бір-бірімен байланысқан және өзара жақын орналасқан көптеген атомдардан, молекулалардан, иондардан тұратын жүйе. Кластерлер ван-дер-ваальс молекулалары мен ультрадисперстік бөлшектер арасындағы орынды алады. «Кластер» түсінігі әлі нақты анықтамаға ие емес.

— бос орындық (вакансиялық) кластер / vacancy cluster бос орындардың кездейсоқ соқтығысы нәтижесінде пайда болады және жаңа бос орындардың қосылуынан вакансиялық кеуектерге дейін өсе алады.

— магиялық кластер / magic islands атомдардың мөлшері кейбір «магиялық» сандарға сәйкес келетін кластер. Ол реттелген периодтық құрылымды түзеді және тұрақтылығы жоғары болып келеді.

түйінаралық кластер / interstitial cluster кездейсоқ соқтығыстар нәтижесінде әдетте каскадтың ығысуының перифериялық учаскісінде краудиялық механизмі бойынша пайда болады.

қоспалық элементтердің кластері / impurity element cluster, residual element cluster қатты ерітіндінің ескіруі кезіндегі аса қанығуының ыдырауының бастапқы кезеңдерінде түзіледі.

нанокластер / nanocluster 1 – 10 нм өлшемдегі кластерлік түзілістер.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: