Семестр

Шымкент – 2013ж.

Жұмыс бағдарламасы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің № ____бұйрығымен 2013 жылғы №___ хаттамаға сәйкес бекітілген және енгізілген үлгілік оқу бағдарламасы негізінде құрастырылды.

Кафедра мәжілісінде қаралды.

«________»_________________20_____ж. №___________хаттама

Кафедра меңгерушісі, профессор _________________Қ.Ж. Құдабаев

Әдістемелік кеңес мәжілісінде бекітілді

«________»______________20_____ж.№________хаттама

Әдістемелік кеңес төрайымы________________

(аты-жөні, тегі)

Дайындаған оқытушы: Ж.Ж.Абдрахманова

Бағдарлама

1. Алғы сөз.

ОҚМФА қарамағындағы техникалық және кәсіби білікті мамандар дайындау факультеті студенттері үшін «Физика» пәнін оқытудың негізгі мақсаты - оқушыларды физика ғылымының негізі болып табылатын негізгі ұғымдармен, заңдармен және теориялармен таныстыру.Сонымен қатар щқушылардың санасында қоршаған әлемнің қазіргі заманғы ғылыми бейнесін қалыптастыру.Физиканың қазіргі қоғам өміріндегі және жалпы адамзат мәдениетінің дамытудағы ролін ашу.

Қазіргі заманғы ғылыми дүниетаным тұрғысынан физикалық теориялардың негізін молекула кинетикалық теорияны және термодинамиканы, электродинамика және электрондық теорияны, толқындық, геометриялық және кванттық оптиканы, релятивистік механиканы, атом, атом ядросы, элементар өлшектер физикасы құрайды. Бағдарламаның негізгі мазмұнын қоршаған әлемнің, заттың құрылысы, табиғаттың әр түрлі құбылыстары, сондай ақ негізгі физикалық және астрономиялық ұғымдар туралы мәліметтер құрайды.Астрономия элементтерін зерделеу барысында космос кеңістігінде түрлі аспан денелеріндегі болатын жағдайларды сипаттап қана қоймай, ондағы өтетін құбылыстардың физикалық мәнін ашып, оларды тудыратын себептерді анық көрсету керек.Бағдарламада материалды оқытудағы сабақтастық, математикамен, биологиямен, химиямен, географиямен, тарихпен пәнаралық байланыстар ескерілген. Оқушылар тәжірибелік көрсетілімдер мен зертханалық жұмыстарды орындау барысында экспериментті жоспарлау, сызбанұсқа бойынша құрылғыны жинау, өлшеуіш құралдарды қолдана алу,бақылау жасай алу және өлшеу мен тәжірибені жүргізе білу, өлшеудің қателіктерін есептеу және оны бағалай білу, қысқаша есеп жазу және қортынды жасай білу керек.

2. Тақырыптық жоспар.

семестр

Тараулар мен тақырыптардың аталуы Сағат саны Оның ішінде
Теор.саб Тәж. саб
         
  Кіріспе және техника қауіпсіздігімен таныстыру     -
  Жылу туралы алғашқы түсініктер.Әлемнің физикалық бейнесі.Физика мен астрономияның дамуындағы Шығыс ойшылдары еңбектерінің маңызы.     -
  МКТ-ның негізгі қағидалары және олардың тәжірибелік дәлелдемелері. Броундық қозғалыс. Молекулалардың өлшемдері мен массасы. Авагадро тұрақтысы.      
  Идел газ. Газдың қысымы. Жұлдызаралық газ.Газдардың кинетикалық теориясының негізгі теңдеуі.      
  Температура және оны өлшеу. Термодинамикалық температура.Газдың температурасы мен молекулалардың ілгерілмелі қозғалысының орташа кинетикалық энергиясы арасындағы байланыс.      
  Клапейрон- Менделев теңдеуі.Газ заңдарын идеал газдың күй теңдеуінен қорыту. Температуралық термодинамикалық шкаласы. Изопроцестер және олардың графиктері.      
  Зертханалық жұмыс №1. Гей- люссак заңын тексеру.      
  Идеал газдың ішкі энергиясы.Дененің ішкі энергиясының жылу алмасуда және механикалық жұмыс істелген кезде өзгеруі.      
  Термодинамиканыңбіріншібастамасы.Термодинамиканың бірінші бастамасын әртүрлі жылулық процестерге қолдану.Адиабаттық процесс.      
  Қайтымды және қайтымсыз процестер. Табиғаттағы процестердің қайтымсыздығы.Термодинамиканың екінші бастамасы.Жылулық машиналар.      
  Булану және конденсация. Қаныққан бу және оның қасиеттері. Қайнау. Кризистік температура. Заттың кризистік күйі.      
  Планеталардың атмосфералары туралы түсініктер. Ауаның абсолют және салыстырмалы ылғалдылықтары. Ауаның ылгалдылығын анықтауға арналдған құралдар.Шық нүктесі.      
  Заттың сұйық күйінің сипаттамасы. Сұйықтың беттік қабаты. Беттік керілу.Жұғу.Капиллярлық. Тұрмыстағы, табиғаттағы және техникадағы капилярлық құбылыстар.      
  Зертханалық жұмыс №2. Сұйықтың беттік керілу коэффициентін анықтау.      
  Заттың қатты күйінің сипаттамасы. Кристалдар. Кристалдардың анизотроиясы.Деформацияның түрлері. Механикалық кернеу. Гук заңы.Серпімділік, беріктік, пластикалық, морттық.      
  Қатты денелердің сызықтық және көлемдік ұлғаюы.Жылулық ұлғаюдың табиғаттағы және техникадағы алатын орны.Балқу және кристалдану.Балқу температурасының қысымға тәуелділігі.Заттың фазалық күйі туралы түсінік. Жер мен планеталардың ішкі құрылысы.      
    Бақылау жұмысы      
  Электр заряды. Электр зарядының сақталу заңы. Нүктелік зарядтардың өзара әсері.Кулон заңы.      
  Ортаның диэлектрлік өтімділігі.Электростатикалық өріс. Кернеулік. Электр өрісін график түрінде кескіндеу.Біртекті электр өрісі.      
  Электр өрісінде заряд орын ауыстырғанда істелетін жұмыс. Потенциал.Потенциалдар айырымы,кернеу. Кернеулік пен потенциалдар айырымы арасындағы байланыс.      
  Электр өрісіндегі өткізгіштер.Электр өрісіне енгізілген өткізгіштегі зарядтардың бөлініп орналасуы. Электростатикалық қорған. Электр өрісінднгі диэлектриктер.Диэлектриктердің поляризациясы.      
  Электр сиымдылығы. Конденсатор. Конденсаторлардың түрлері. Электр өрісіндегі энергия.      
  Тұрақты электр тогы. Ток күші. Электр тогы бар болуы үшін қажетті шарттар. Электр қозғаушы күш. . Тізбек бөлігі және тұйық тізбекке арналған Ом заңы.      
  Тізбектің ішкі және сыртқы бөліктері, осы бөліктердегі кернеу.Өткізгіштің кедергісі.Өткізгіш кедергісінің ұзындыққа, көлденең қиманың ауданына және материалға тәуелділігі.Өткізгіш кедергісінің температураға тәуелділігі. Асқын өткізгіштік      
  Өткізгіштерді тізбектей және параллель қосу.Электр тогының жұмысы мен қуаты.Электр тогының жылулық әсері және оны техникада қолданылуы.      
  Металдардың электрондық өткізгіштігі Электролиттердің электр өткізгіштігі.Электролиз заңы Газдардың электр өткізгіштігі Жартылай өткізгіштердің электр өткізгіштігі      
  Бақылау жұмысы.      
  Барлығы:      

2-семестр

Тараулар мен тақырыптар атаулары Сағат саны Оның ішінде
Теор саб Тәж.саб
  Магнит өрісі. Магниттік индукция.Магнит өрісінің құйынды сипаты.. Магнит өрісінің кернеулігі. Магнит өрісінің тогы бар өткізгішке әсері. Ампер заңы. Магнит ағыны.      
  Тогы бар өткізгіш магнит өрісінде орын ауыстырғандағы істелетін жұмыс.Магнит өрісінің қозғалыстағы зарядқа әсері. Лоренц күші. Жердің магниттік сферасы және оның күн желімен өзара әсері. Пара-,диа- және ферромагниттік заттар.      
  Электромагниттік индукция. Фарадей тәжірибелері. Электромагниттік индукция заңы. Ленц ережесі. Өздік индукция. Индуктивтілік.Өздік индукция электр қозғаушы күш..Магнит өрісінің энергиясы.      
  Тербелмелі қозғалыс.Тербелістердің пайда болу шарттары. Гармониялық тербелістер. Тербелмелі қозғалыстың параметрлері. Математикалық маятник.Еркін және еріксіз тербелістер. Механикалық резонанс және оның техникада ескерілуі.      
  Зертханалық жұмыс Математикалық маятник көмегімен еркін түсу үдеуін анықтау      
  Көлденең және қума толқындар. Толқындар интерференциясы..Толқындар дифракциясы. Дыбыс табиғаты. Әртүрлі ортадағы дыбыстың қаттылығы, жоғарылығы, тембрі. Ультрадыбыс, оның табиғаты және қасиеттері.Ультрадыбысты техникада пайдалану.      
  Біртекті магнит өрісінде катушканыбірқалыпты айналдыра отырып айнымалы токты алу. Токтың периоды мен жиілігі.Айнымалы токтын генераторы туралы түсінік.      
  Зертханалық жұмыс Айнымалы ток тізбегіндегі индуктивтілік пен сиымдылықты өлшеу.      
  ЭҚК-тің, кернеудің, ток күшінің лездік максималды және әрекеттік мәндері. Электр энергиясын өндіру, және жеткізу.      
  Электромагниттік өріс және оның кеңістікте таралуы.Ашық тербелмелі контур. Электромагниттік өрістің энергиясы және оның материялығы.      
  Бақылау жұмысы      
  Жарықтың электр магниттік табиғаты. Жарықтың кванттық теориясы. Жұлдыздар- әлемдегі негізгі жарық көзі. Әр түрлі орталардағы жарықтың таралу жылдамдығы. Жарықтың шағылу заңы. Жазық және сфералық айналар, оларда кескін алу. Жарықтың сыну заңдары.      
  Линза және оның оптикалық параметрлері.Линзаның оптикалық күші.Линзадағы кескін. Проекциялық аппрат. Фотоаппарат. Лупа. Көз оптикалық жүие ретінде. Микроскоп. Астрономиялық түтік.      
  Лабораториялық жұмыс.Линзаның фокус аралығын және оптикплық күшін анықтау      
  Жарықтың интерференциясы. Когеренттік. Ньютон сахиналары. Табиғаттағы жарықтың интерференциясы, оның техникада қолданылуы. Жарықтың дифракциясы. Дифракциялық тор. Жарық толқынының ұзындығын өлшеу. Поляризация туралы түсінік      
  Дифракциялық тордың көмегімен лазер сәулесінің толқын ұзындығын аеықтау. Лабораториялық жұмыс.      
  Жарықтың дисперсиясы. Ақ жарықтың призманың көмегімен жіктелуі. Спектрдің түрлері. Шығару және жұтылу спектрлері.      
  Спектрдің ультра күлгін және инфрақызыл бөліктері..Күннің және жұлдыздардың спектрлері, олардың температурамен байланысы Спектрлік анализ жөнінде түсінік. Рентгендік сәулелер, олардың табиғаты және қасиеттері. Электромагниттік сәулеленудің спектрлері. Жылулық сәулелену және люминесценция.      
  Салыстырмалық теорияның эксперименталдық негіздері. Эйнштейннің постулаттары. Массаның жылдамдыққа тәуелділігі. Масса мен энергияның өзара байланысы.      
  Сыртқы фотоэлектрлік эффект. Столетовтың тәжірибелері. Фотоэффект заңдары. Фотондар. Эйнштейннің фотоэффектке арналған теңдеуі. Ішкі фотоэффект, оның ерекшеліктері. Фотоэффектінің техникада қолданылуы.      
  Лабороториялық жұмыс. Фотоэлементтің көмегімен жарықталуды анықтау.      
  Жарықтың қысымы. П.Лебедевтің тәжірибелері. Жарықтың химиялық әсері және оны қолдану. Фотосинтез туралы түсінік. Жарықтың корпускула – толқындық табиғаты туралы түсінік.      
  Атомның құрылысы. Резерфордтың тәжірибелері. Бор постулаттары: Атомдағы энергия деңгейлері. Атомның энергияны сәулелендіруі және жұтуы. Кванттық генераторлар.      
  Радиоактивтілік. a-, b- және g- сәулелену. Раиоактивтік ыдырау заңы. Радиоактивтік сәулелердің биологиялық әсері. Атом ядросының құрамы.. Изотоптар. Атом ядроларының жасанды айналуы. Ядролық күштер. Масса дефектісі. Атом ядроларының байланыс энергиясы      
  Термроядролық синтез және оның бар болуы үшін қажетті шарттар. Термоядролық энергетиканың проблемасы. Ядролық реактор. Жұлдыздардың құрылысы.Біздің Галактика. Басқа Галактикалар. Галактикалардың таралу қозғалысы. Квазарлар. Космология туралы түсінік.      
  Бақылау жұмысы. Қортыныды сабақ.      
  БАРЛЫҒЫ      
  ЖАЛПЫ:      

3. Пәннің мазмұны


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: