Электрлік байланыс кабелі

2.1.1. Электрлік байланыс кабелінің классификациясы

Байланыс кабелі анықталған жүйе бойынша ширатылған және жалпы ылғал өткізбейтін қабықшалы изолирленген сымдар жиынтығын көрсетеді. (сур.2.1)

Сур. 2.1. кабельдің жалпы түрі: 1-өзекшесі; 2- қабықшасы; 3- бронды сыртқы қабаты

Электрлік байланыс кабелінің классификациясы келесі белгілерде болады:

1. Пайдалану обылысы – магистральды байланыс кабелі, ішкізоналы

байланыс кабелі, ауылдық байланыс кабелі, қалалық телефондық кабельдер, дәнекер желілер және бағалар үшінгі кабельдер;

2. Аралық қабат пен пайдалану шарттары – жерасты кабельдері, суасты

және әуе (немесе әуе ілгекті) кабельдері;

3. Конструкция – сымдардың өзара орналасуына байланысты физикалық сымдар – симметриялы және коаксиальды. Симметриялы тізбек екі бірдей конструктивті және электрлік байланыстағы сымдардан тұрады. (сур. 2.2,а). Коаксиальды тізбек қосарланған осьты екі цилиндрді, ондағы бір цилиндр – біріңғай сым келесі цилиндрдің ішіне концентрациялы орналасады, жартылай. (сур. 2.2,б);

Сур. 2.2. Кабельді тізбектер: а – симметриялы, б – коаксиальды

4. Жиілік тарататын спектр – төменгіжиілікті кабельдер (10 кГц-ке дейін) және жоғарғыжиілікті (10 кГц-тен жоғары);

5. Сыңар шиыршықты кабель және төрт (жұлдызды) шиыршықты кабель, тудырушы кабель және түйінді кабель тобына жататын изолирленген сымдардың шиыршықты түрлері.

6. Қорғаушы бетінің түрі – металды, пластмассалық қабықшалы кабель. Бронды кабельдің қабығы болаттан (жерасты қабатына), дөңгелек сымды болаттан (керуші күштен қорғау үшін) жасалынады.

2.1.2. Симметриялы байланыс кабельінің конструктивті элементтері

Токөткізгіш желілер. Өткізгіштер немесе токөткізгіш желілер келесі негізгі шарттарды қанағаттандыруы керек: жоғарғы электр өткізгішті, үлкен икемділік пен жеткілікті механикалық беріктілігінің болуы.

Байланыс кабельдерін өндіруде ең үлкен пайдалануға ие болған мыс. Кабельді желілер үшін көбінде ММ маркалы ρ = 0,0175 Ом·мм²/м үлесті кедергісі бар жұмсақ сымдар қолданылады. Симметриялы жоғарыжиілікті кабельдер үшін ең үлкен пайдалануды 0,9; 1,05; 1,2 мм диаметрлі мыс сымдар иеленіп отыр. Қалалық телефондық желілі кабельдер үшін ең көп таралғаны 0,32; 0,4; 0,5; 0,7 мм. диаметрлі мыс сымдар болып отыр.

Токөткізгіш сым изоляциясы. Изоляцияланған материалдың қасиеттері электрлік қатынаста келесі сипаттамалар бойынша анықталады:

1. Электрлік беріктілікпен Uпр, онда изоляция үлгісі жүріледі;

2. Диэлектрикте ток ағынын сипаттайтын, ρ тұрақты токта бөлінетін электрлік кедергімен;

3. Электрлік өріс ықпал етуімен, диэлектрде зарядтар ығысу деңгейін сипаттайтын, диэлектрлік өткізгіштікпен ε;

4. Диэлектриктегі энергия шығынын сипаттайтын, диэлектрлік шығынның тангенс бұрышынмен ;

Кабельді сымды изолирлейтін материалдар жоғары үлесті көлемді кедергілі, диэлектрлік шығыны аз, диэлектрлік өткізгіштік мәні төмен, және созылмалы, иілгіштік қасиеті болуы керек. Сонымен қатар, олар технологиялық өңдеуге өте икемді, және де ескіруде төзімді болуы керек.

Байланыс кабелінде изоляцияланған материал ретінде кабельді қағаз, полистирол, полиэтилен және басқа да полимерленген пластмассалар қолданылады. 2.1 таблицада кабельді диэлектриктердің негізгі сипаттамалары көрсетілген.

Кесте 2.1

Кабельді диэлектриктердің негізгі сипаттмалары

Диэлектрик Тығыздық, г/см³ ε U, кВ/мм ·10ˉ4 1 МГц жиілігінде
Кабельді қағаз Полистирол Бірыңғай полиэтилен Қуыс полиэтилен Полиаинилглорид 0,7 1,05 0,92 0,47 1,26…1,40 2…2,5 2,5…2,7 2,2…2,3 1,45…1,5 3…6 6…10  

Симметриялы кабельді байланыста ең ауқымды қолданысқа ие болған келесі изоляция түрлері:

· құбырлы, трубка түрінде жүктелген (сур. 2.3,а) қағаз лента түрінде

жасалынады, қағаз-қуысты изоляцияларда болады, қағаздың біртекті қабатын көрсететін де болады;

· кордельді, сымға спиральды орналасқан кордельден тұрады, және кордельдің үстіне жайылған ленталар;

· біріңғай, пластмассаның біріңғай қабаттарына жасалынады;

· қуысты, пенопластың біріңғай қабаттарынан тұрады.

· баллонды, ішіне сым еркін орналасқан, жіңішке пластмассалық

трубканы көрсетеді, бұл трубка перидты спираль бойынша бастырылған және желіні изоляция центрінде сенімді ұстайды.(сур 2.3)

Сур. 2.3. симметриялы кабельді байланыс изоляциясының түрлері

Соңғы жалаңаш түрлерінде үшқабықты пленка – қуысты полиэтиленді желіліер кең қолданыс тапты. 2. 4 суретте изолирленген желінің көлденең қимасы көрсетілген. Желі изоляциясы тығыздығы төмен үш концентрацияланған полиэтилен қабаттарынан тұрады. Сыртқы 1 және ішкі 2 қабаттарбіріңғай қабықшалы жабқыштарды көрсетеді. Олардың ортасында көбік шығаратын (қуысты) құрылымы бар, негізгі аралық 3 қабық орналасқан.

Сур.2.4. үшқабықты қабықшалы-қуысты полиэтиленді изоляция

Изоляция төрт түспен боялған: қызыл, жасыл, сары және көк. Пигмент сыртқы қабықшалы жапқышқа кірістірілген.

Жасалу топтары. Жеке изолирленген желілер симметриялы кабельдер элементтері деп аталатын топта ширатылады.

Топта желіні ширату тәсілдерінің бірнеше түрі бар:

· жұпты шиыршық «П» (сур. 2.5, а);

· жұлдызды шиыршық «З» (сур. 2.5, б);

· егіз жұпты шиыршық «ДП» (сур. 2.5, в);

· екі жұлдызды шиыршық «ДЗ» (рис. 2.5, г).

Сур 2.5 шиыршық желілер түрлері

Жұлдызды шиыршық ең үнемді, электрлік параметрі жағынан ең тұрақты болып келеді. Жоғарғы жиілікті симметриялы кабельді байланыста жоғары қолданыс тапты. Өндірісте жұпты шиыршық ең қарапайым болып саналады және қалалық телефондық кабельдерді дайындауда қолданылады.

«ДП» және «ДЗ» шиыршықтары шиыршық жасау амал тәсілдерінің көбеюі, сандарының өсуі салдарынан бар симметриялық кабельдер конструкциясында кең қолданыс таппады.

Кабель өзекшесінің құрылымы. Изолирленген желіліер тобына жататын ширатылғандар анықталған заңдар бойынша жүйеленеді және жалпы кабельдің өзекшесінде біріктіреді.

Кабельді шиыршықтың екі түрі болады:

· біртекті, барлық ұйымдастырушы элементарлы группалардың өзекшесінде бірдей шиыршық және бірдей диаметр болуы айырықша белгісі болады.

· біртекті емес, кабель өзекшесі структурасы бойынша әртекті және әртүрлі диаметрлі топтан құрастырылса. (сур. 2.6, б)

Сур. 2.6 өзекшедегі біртекті және біртексіз шиыршықтар

Ең көп қолданысқа ие болған біртекті шиыршық. Өзекшені құру сипаттамасына байланысты тудырушы (повивті) және түйінді шиыршық жүйелеріне бөлінеді.

Түйінді шиыршық тобында алдымен бірнеше ондаған топтардан тұратын түйінде шиыршықталады (ең көп таралған шиыршықтар 50 ден 100-ге дейін топтардан тұрады), осыдан кейін түйіндер, бірге шиыршықтала отыра кабельдің өзекшесін құрайды. (сур.2.7). түйінді шиыршықтар көбінде қалалық телефондық тораптар үшін арналған кабельдерде қолданылады.

Сур. 2.7 өзекшедегі кабельді желі шиыршықтар тобының түйінді схемасы

Өзекшеде тудырушы шиыршық топтары бірінен келесісіне жоғарыдан орталығына дейін жайылып, ретті концентрациялы тудырушы ретінде орналасады. Мұндағы жапсарлас тудырушы шиыршыққа өзара қарсы бағытта болуы керек. Кабельді бөліктеуді оңайлату үшін оның монтажындағы әрбір өзекше тудырушысы ашық спиральды мақтамен немесе капронды иірілген жіппен оралуы керек. Әрбір тудырушыда (повив) бақылаушы топтары бар, осы тудырушыда орналасқан қалған группалардан түс үйлесімін айырып беретін өз түс үйлесімі бар.

Қазіргі таңда қалалық телефондық кабельдер шиыршықтары үшін кабельді өнеркәсіпте көбінде жан-жаққа тартылған немесе SZ орама (шиыршық атауы оң S және сол Z шиыршықтарының графиктік белгілеулеріне шартты сәйкес келеді)деп аталатын шиыршықтар қолданылуды.

Қорғаныс қабықшалары жіне қабаттары. Кабель өзекшесін белдеулік изоляция жауып тұрады және ол транспортировка үрдісі кезінде, аралық қабатқа және кабель эксплуатациясына әсер етуі мүмкін, желі изоляциясын ылғалдан сақтандыратын және кабельді механикалық әсерлерден қорғайтын герметикалық қабықша жасайды. Ылғалдан қорғайтын кабель қабықшасы, олардың дайындалуына қолданылатын материалына байланысты үш негізгі топқа бөлінеді: металды, пластмассалы және металлопластмассалы.

Металлды қабықшаларға ең алдымен қорғасынды, алюминийді және болатты қабықшалар жатады.

Алюминийлі қабықша өте погрессивті, сонымен қатар олар өте жеңіл, арзан және жоғарғы экрандайтын қасиеті бар. Алайда олар электрохимиялық тоттануға тез ұшырағыш, сондықтан да оларды битумның алғашқы қабаттымен таңылатын полиэтиленді шлангамен берік қорғайды. Болат қабықшалар дәнекерлеу жолымен дайындалады. Икемділігін арттыру үшін оларды гофрлейді, ал тоттанудан сақтандыру үшін полиэтиленді шлангамен жабады.

Пластмассалы қабықшалардан кең қолданысты полиэтиленді және поливинилхлоридті қабықшалар тауып отыр. Пластмассалы қабықшалар ылғалғатөзімділікті, тоттануға қарсы беріктілікті үйлестіреді, кабель икемділігін, жеңілдігін және дірілдіберіктілігін арттырады. Алайда, пластмасса арқылы су булары таратылып, кабель изоляциясында кедергінің төмендеуіне алып келеді. Сондықтан полиэтиленді қабықшалар кабельде полиэтиленді желі изоляциясымен қолданылады. Поливинилхлоридтты қабықшалар ылғалдылыққа төзімділігі төмен болғандықтан көбінде станциялы кабельдерде қолданылды. Поливинилхлоридтты қабықшалардың артықшылығы олар отқа төзімді. Полиэтиленді қабықшаларда отқа төзімді болғаны үшін қолданылады.

Кабельді техникада металлопластмассалық қабықшалардан кең қолданыс тауып отырған ішкі қабаты алюминий фольгасымен металлданған, полиэтиленді трубканы көрсететін алюмополиэтиленді қабықша тауып отыр.

2.1.3. Коаксиальды кабельді байланыстың конструктивтік элементтері

Коаксиальды кабельдің ең негізгі элементі болып ішікі орталығында изолирленген сым орналасқан, коаксиальды жұп – икемді металды трубка саналады.

Трубканы ішкі сым десе де болады, ал орталық сым – ішкі болып есептеледі. Коаксиальды кабельдер сымның ішкі диаметріне d сыртқы диаметріне D және олардың қатынастарына d/D байланысты бөлінеді. Ең көп таралған коаксиальды жұптардың келесі негізгі түрлері: кішкентайлары 1,2/4,6; орташалары 2,6/9,4; үлкендері 5/18 (алымында ішкі сымның диаметрі көрсетілген, ал бөлімінде сыртқы сымның ішкі диаметрі көрсетілген, мм).

Сыртқы сым бойлық тігісті алюминийлі лентадан немесе мыстан жасалынуы мүмкін. Орташа және кішкентай типті кабельдерден ең көп қолданысқа ие болған гофр және найзағай түріндегі бойлық тігісті мыстан жасалған сыртқы сым.

Орта түрдегі 2,6/9,4 кабельдер көбінде магистральды желілерде қолданылады, ал кішкентай түріндегі 1,2/4,6 кабельдер азгабаритті деп аталынады және көбінде ішкізоналық желі тораптарында қолданылады. Үлкен типтегі кабельдер 5/18 суасты кабель желілерінде қолданылады.

Коаксиальды жұптарда изоляцияның келесі негізгі түрлері қолданылады:

· шайбалы, 20…30 мм сайын орналасқан, 2,2 мм қалыңдықта полиэтиленді шайбадан тұрады (сур. 2.8);

Сур. 2.8. Коаксиальды жұптың шайбалы изоляциясы

· балонно-кордельді немесе балонды, симметриялы кабель желісінің аналогтық изоляциясы (сур 2.3, д,е).

Өзінің негізгі белгілерінен басқа, коаксиальды жұптардың изоляциясы қатаң концентрацияны фиксирлейді, онымен қоса сымдардың күрделілігі, бұл коаксиальды конструкцияның негізгі талабы болып табылады.

2.1.4. электрлік байланыс кабельдерінің таңбалануы және түрлері

Кабель таңбалануында әріптер және цифрлар көмегімен таңбаланған негізгі классификацияланған белгілер мен кабельдің конструктивті ерекшеліктері, шартты белгілі жүйе бойынша түсіндіріледі.

Алғашқы бір немесе екі әріп кабель белгісін анықтайды. Мысалы, қалалық телефондық кабельдерде Т әрпімен белгіленеді, магистралтды симметриялық және азгабаритті коаксиальды кабельдер МК әріптерімен, магистральды коаксиальды КМ әріптерімен белгіленеді.

Кейінгі бір немесе екі әріп конструкцияның ерекшеліктерін немесе кабель изоляциясының материалын білдіреді. Мысалы, жұлдызды шиыршық ТЖ кабельі З әрпімен білінеді, кордельді-полиятроильды изоляция (стирофлексті) С әрпімен, полиэтиленді изоляция П әрпімен, құбырлы-полиэтиленді-Т әрпімен белгіленеді. Симметриялық кабельде қағаз изоляция және коаксиальды кабельде шайбалы изоляциялар таңбалануда әріпті белгіленбейді.

Соңғы бір немесе екі әріп кабель таңбасында қорғаныш қабатының түрін білдіреді. Мысалы, жалаңаш қорғасындалған кабель Г әрпімен белгіленеді, алюминді қабықша А әрпімен, ал болат қабықша С немесе Ст әріптерімен белгіленеді. Б әрпі сырты кендірлі қорғаныш жапқышты екі болат лентадан тұратын кабель брондануын білдіреді. К әрпі сыртқы жапқышты, дөңгелете мырышталған сымды брондалғанын көрсетеді; БГ-жалаңаш брондалған, сонымен қатар сыртқы қорғаныш қабықшасыз кабель екенін білдіреді.

Егер брондалған тірекшеде тоттануға қарсы изолирленген жапқыш бар болған жағдайда белгіленуіне мынадай әріптер қосылады: л – поливинилхронды немесе басқа пластмассалы ленталар қабаты; 2л – екі лента қабаты, олардың араларына битум және кремделген қағаз төселген; п – полиэтиленді шланг; в – поливинилхлоридті шланг. Егер осындай әріптер табылып жатса онда Шп – полиэтиленді шлангты көрсетеді немесе Шв – поливинилхлоридті шлангты білдіреді. Кабель таңбасының соңында желі сандары көрсетіледі немесе коаксиальды жұп және желі диаметрі болады. Мысалы, төрттөрттікті 1,2 мм диаметрлі желілі кабель келесі мәндерге ие: 4х4х1,2 бесжүзжұпты қалалық кабель 0,4 мм диаметрлі желімен цифрлық мәнді береді 500х2х0,4.

Сондықтан өндірісте шығарылып жатқан әртүрлі типтегі кабельдердегі бірдей әріптер таңбалануда әртүрлі мағына береді. Мысалы, З әрпі төменжиілікті кабельдерде жұлдызды шиыршықты білдіреді, сонымен қатар зоналық байланыс кабельдерінде, С- байланыс «связь», «стирофлекс», «болат» және т.б. сондықтанда әртүрлі жағдайларда әріптердің белгілерінің маңыздылығымен кабельді ГОСТ немесе техникалық талаптр бойынша анықтауға болады.

Электрбайланыс тораптарында пайдалану симметриялық байланыс кабелінің негізгі типтерін тапты (олардың бөліктері 2.9.суретте көрсетілген):

2.9. сур. Симметриялық байланыс кабельдерінің түрлері

· МКС, МКСА – қорғасынды және алюминийлі қабықшадағы кордельді-изоляциялы кабельдер;

· МКП – баллонды полиэтиленді изоляциялы (теміржол транспорттары үшін арнайы кабельдер);

· ТЗ, ТЗП – кордельді-қағазды және қуыс полиэтиленді изоляциялы төменгіжиілікті кабельдер;

· ЗКП, ЗКВ, ЗКА – полиэтиленді, поливинилхлоридті, алюминийлі қабықтардағы полиэтиленді изоляция желілі біртөрттікті кабельдер;

· КСПП – полиэтиленді изоляция желісі бар ауыл байланысының біртөрттікті кабельдері;

· КСППЗ – кабельде ылғалдың таралуына тосқауыл болатын, гидрофобты толтырылған (З әрпі) полиэтиленді изоляциялы, ауылдық телефон байланыстың (АТБ) біртөрттікті кабелі;

Коаксиальды кабельдерде таралған таңбалар келесір:

· КМБ-4 (КМГ-4, КМК-4) – төрт коаксиальды жұпты біртекті коаксиальды кабель (сур. 2.10);

Сур 2.10. Коаксиальды кабель КМ-4 (Г, Б, К)

· КМБ-8/6 (КМГ-8/6, КМК-8/6) – комбинирленген коаксиальды кабель, 8 стандартталған жұбы бар 2,6/9,4 және 6 азгабаритті жұп 1,2/4,6 мм.

Сур 2.11 –те азгабаритті 1,2/4,6 жұпты коаксиальды кабель көрсетілген.

Сур 3.11 азгабаритті коаксиальды кабель МКТ-4

Қалалық телефондық тораптарда қағазды изоляцияланған ТГ (ТБ)-қорғасын қабықшалы, таңбалы желі қолданылады. Сонымен қатар полиэтиленді изоляциялы және полиэтиленді қабықшалы ТПП және ТППэп таңбалы кабельдер қолданылады.

2.1.5 цифрлық абонентті желілер үшін электрлік кабельдер

Қазіргі таңда абоненттерге ақпарат қызметін көрсету үшін корпоративті және ведомствалық желілер операторлары xDSL (цифрлық абоненттік желі) технологиясы негізіндегі жабдықтарды кеңінен енгізуде. Бұл ақпарат жеткізу жылдамдығын әдеттегі мысты шиыршық жұппен 8 Мбит/с –қа дейін арттыруға және жеткілікті мөлшердегі қашықтыққа дейін жеткізуге мүмкіндік береді.

Соңғы жылдары кабельді өндірістерде цифрлық телефондық кабельдер өңделіп және шығарылып жатыр. Бұл кабельдер xDSL (желілі кодтарды қолданатын цифрлық тарату жүйесі: НДВ-3; 2B1Q; CAP; TC-PAM; ДМТ) технологиясын қолдана отырып, кеңжолақты абоненттік қол жетімділікке арналған. Кабельді өзекшеге ылғалдан сақтау үшін гидрофобты толтырушы немесе суқұлыптайтын құрғақ элементтер кіреді. Кабель қорғаныс жапқыштарының негізінде алюмополиэтиленді лентамен экрандалады. Сұранысқа байланысты болат ленталы спиральды төселінген болуы, бойлай гофрирленген болат лента немесе болатты сымдармен шырмалған болуы мүмкін.

Бұл кабельдер ішкі және сыртқы электромагниттік әсерлерден тізбекті қорғайтын, жоғары кедергіқорғанысы бар, жоғары ораманың ұзындығы аз (10…15 мм) және геометриялық біртекті болады. Іс жүзінде бұл кабельдер LAN кабельдер (ширатылған жұпты локаоьды тораптарға арналған кабельдер) технологиясы бойынша дайындалады.

2.12 суретте негізінен ескісін жаңалау үшін арналған, төмен сенімділікті және электрлік сипаттамаларға берік емес, КАЦП-2х0,9 біртекті цифрлық кабель консрукциясына ұқсас ПРППМ-2х0,9 кабелінің түрі келтірілген.

3.12.сур. біртекті кабель конструкциясы КАЦП-2×0,9: 1- мысты токөткізетін желі; 2- изоляция (біріңғай немесе үшқабатты пленко-пористо-пленкалы полиэтиленді); 3- өзекше (гидропобты толтырушымен немесе құрғақ субекітетін материалды); 4- экран (алюмополимерлі лента); 5- қорғаныс жапқыштары (болатты сыммен оралған немесе болатты лентамен)

№4.

Оптикалық кабельдер.

Оптикалық кабель қорғаушы бетінің үстіне қойылған жалпы қабықпен жабылған құрамында оптикалық талшықтардың қатары бар кабельді бұйымдар.

Оптикалық кабельдер мақстаы бойынша 4 топқа бөлінеді:

- қалааралық;

- қалалық;

- объектілік;

- су астындағы

Бөлек топқа монтажды оптикалық кабельдерді бөледі.

Қалааралық кабельдер едәуір қашықтықта ақпараттың үлкен ағымын беру үшін белгіленген. Оларда кіші басылуы мен дисперсиясы, үлкен ақпараттық-рұқсатамалық қабілеттілігі болуы керек. Елдің аймақтық орталықтары арсында байланысты қастамасыз ететін магистральды және аймақтық орталықтарды аудандармен байланыстыратын зоналық болып бөлінеді.

Қалалық байланыстың кабельдері байланыс тораптары мен қалалық АТС арасында байланыстыратын желі негізінде қолданылады. Олар қысқа қашықтыққа (5...10 км) және каналдарың үлкен санына негізделген.

Объектілік кабельдер объекті ішіндегі байланысты ұйымдастыру үшін қолданылады. Оларға мекемелік байланыс, локальді есептеу желісі, кабельді теледидардың ішкі желісі және қозғаушы объектілердің борттық ақпараттық жүйесі жатады.

Су астындағы кабельдер үлкен сулы кедергілер арқылы байланысты ұйымдастыру үшін арналған. Оларда жоғарғы механикалық төзімділік және сенімді ылғалға төзімді беті болуы керек. Су астындағы байланыс үшін кіші басылуы және регерационды учаскілердің үлкен ұзындығы болу қажет.

Монтажды оптикалық кабельдер аппаратураның ішкі және блокаралық монтаж үшін незігделген.

Оптикалық кабельдің физикалық-механикалық сипаттамасына қойылатын негізгі талаптар:

- жарылуға жоғары төзімділік;

- ылғалды өткізгіштігі;

- жеткіліктік буферлік қорғау;

- температуралардың жұмыс ауқымында жылуға шыдамдылығы (-40...+50°С);

- нақты жолдар бойынша аралық қабаттың мүмкіндігі және икемділігі;

- радиациалық беріктілігі;

- химиялық және екпінді беріктілік;

- монтаж бен аралық қабаттың қарапайымдылығы;

- 20 жыл ішінде сенімді жұмыс.

Оптикалық кабельдерің құрамында талшықтардан басқа:

- Жарылуға өзіне бойлық жүктемені қабылдайтын күш беретін (нығайтатын) элементтер;

- Тұтас пластмассалық желілер түріндегі толтырушылар;

- Сыртқы механикалық әсер ету кезінде кабельдің төзімділігін жоғарлататын арматуралау элементтері;

- Сыртқы мехпникалық әсер ету, зиянды заттардың буы мен ылғалдың өтуінен қорғайтын сыртқы демпферлік және қорғаушы қабаты.

Құрылымның 4 тобы кең таралған:

- еркін трубкасы бар кабельдер;

- талшықтардың еркін шоғыры бар кабельдер;

- пішіндеу өзектері бар кабельдер;

- таспа түріндегі кабельдер.

Siecor корпорациясының еркін трубкасы бар кабельдің үлгісі сурет 1 көрсетілген.

Центральный элемент

(стальная проволока с полиэтиленовым

покрытием)

Буферная трубка

Связывающая лента

Аcрамидовые нити

Полиэтиленовое покрытие

Заполнитель


Сурет 1

Нейлоннан жасалған буферлік трубканың ішінде аралық қабаттың болуы кезінде кабельдің созылу өлшемі бойынша ауысатын 12 оптикалық талшық орналасқан. Трубканы сәйкестердіру үшін түрлі боялары бар. Ылғалдың түсуін болдырмау үшін трубканы гель тәрізді құрамымен толтырады.

Орталық күш элементі болат сымы немесе полиэтиленді немесе полиуретанды қабатындағы шыны шыбығы болып табылады. Механикалық төзімділігін жоғарлату үшін қайталама қорғаушы бетіне арамидтік жіптерді қосады. Кабельдің ішкі кеңістігін гелді құрамымен толықтырады. Талшықтардың жалпы саны- 144.

AT&T компаниясының талшықтарының еркін шоғыры бар кабельдерінің үлгісі сурет 2 көрсетілген.

Полиэтиленовое покрытие

Вытяжной трос

Проволочный силовой элемент

Трубка сердечника Заполнитель Пучки стекловолокон Гидрофобная лента Гофрированная сталь с покрытием

Сурет 2

Кабельде λ=1,55мкм-0,23 дБ/км толқын ұзындығында, ал λ=1,31 мкм-0,35 дБ/км толқын ұзындығында өшу мөлшерін қамтамсыз ететін әрбіреуінде 3-тен 8 дейінгі топта 6...12 бір модтық шыны талшықтары орналасады. Әрбір топ тиісті түсті маркирленген жібімен оралған. Өзектің трубкасы гель тәрізді құрамымен толтырылған полимерден жасалынады.

Оптикалық талшықтардың ұзындығы кабельдің ұзындығынан үлкен, сондықтан кабельді тарту езінде еркін ауысады. Күш элементтері қайталама қорғаушы бетінде орналасқан және қалыңдығы 0,15 мм металдық болат лентасы болып табылады. Кабельдің қайталама беті AT&T компаниясының желім заттарымен жабылған кеңірдектенген болат лентасы мен гидрофобтық ылғалды өткізбеушілік лентасынан тұратын арнайы жарық су беті болып табылады. Желімді беті болатты сыртқы полиэтиленді қабатқа сенімді бекітеді және кабельдің металдық құрылымын коррозиядан сақтайды. Созылатын арқандар қорғаушы беттті жою үшін қажет. Сонымен қатар болат ленталары жоқ диэлектрикалық нұсқалары бар. 96- шы талшықты кабельдің сыртқы диаметрі 15 мм, 1 км кабельдің салмағы -223 кг.

Сурет 3-те пішіндеу өзегі бар кабель келтірілген.

Құрылымда геликоид бойынша үстінде орналасқан ойықтары бар полимерден жасалынған пішінді өзектер жайғасқан диэлектрикалық немесе орталық болатты күш беретін элементі бар. Ойықтардың саны 6-18 дейін құрайды.Әрбір ойықтың ішіне әр түрлі жіптермен маркирленген 12 талшыққа дейін енгізуге болады. Гибридті кабельдерде ойықтардың біреуіне мыс жұптарын орналастырады. Ойыққа салғаннан кейін талшықтарды түрлі түсті жіптермен біріктіреді және гель тәрізді құрамымен жабады. Өзектің үстіне полиэтиленнен жасалынған байланыстырушы таспаны салады. Қайталама қорғаушы беті желім заттарымен жабылған және басуы бар қалыңдығы 0,15 мм кеңірдектенген болатты лентасымен оралған, сонымен қатар қалыңдығы 1,6 мм полиэтиленді қабатынан тұрады.

Пішіндеу өзегі бар кабельдер Northrn Telecom, Alcatel және тағы басқа компанияларымен шығарылады және 144 дейінгі талшықтары бар.

AT&T компаниясының таспалық кабелінің үлгісі сурет 4-те келтірілген.

Полиэтиленовое покрытие Вытяжной трос Проволочный силовой элемент

Трубка сердечника
Заполнитель \ Ленты из стекловолок Гидрофобная лента Гофрированная сталь с покрытием

Сурет 4

Ленталық кабельдің негізін өзгеше «сэндвич» құрайтын шыны талшықтарынан тұратын бір-бірімен байланысқан ленталар құрайды. Әрбір лентада 12 оптикалық талшықтар орналасқан. Талшықтардың жалпы саны 216.

AT&T компаниясымен су астында аралық қабаты үшін арнайы мұхиттық кабель жасалынған. Сурет 5-те бұл кабельдің алты талшықты түрі көрсетілген. Кейде 12-ге дейінгі бір модтық талшықтары болуы мүмкін.

Полиэтилен Медь

Стальная проволока Нейлон

Волокно

Эластомер

Сурет 5

Орталық болатты өзек өндірісі кезінде өзектің беріктілігін қамтамасыз етеді және негізі болып табылады. Сымның үстіне 6 бір модтық шыны талшықтары орналасқан шиыршық сым бойынша еріген түріндегі эластомер салынады Эластомердің екінші қабаты талшықтарды толығымен жабады және бірінші қабатымен ериді. Бұл құрылымның үстіне нейлонның қабаты салынады. Қайталама қорғаушы беттің негізі кабельдің өзекк қатысты шиыршық сым бойынша орналасқан 24 болатты сымдар болып саналады. Сымдардың арасындағы кеңістік гидрофобтық толтырушымен құйылады. болат сымдардың үстіне су астындағы регенератордың дистанциялық қорегін ұйымдастыру үшін қызмет ететін балқыған тігісі бар мысгерметикалық лентасы салынады. Мыс лентасының үстіне желім заттары мен полиэтиленнің қалың қабаты жағылады. Кабельдің сыртқы диаметрі 21мм құрайды.

Ресейде шығарылатын оптикалық кабельдер жер асты өзегінің жағдайына сәйкес 4 түрі бар:

1 түрі: су кедергілері, батпақ және мәңгі тоң аудандарда өзек үшін 80 кН аспайтын мүмкін созылатын күш салу.

2 түрі: механикалық бұзылу қауіпі бар болу кезінде ауыр топырақ және тасты жерлерінде өзек үшін 20 кН аспайтын мүмкін созылатын күш салу.

3 түрі: қиырщық тасты, құмды, топырақ жері мен ауыр сазды жерлерде өзек үшін 7 кН аспайтын мүмкін созылатын күш салу.

4 түрі: кабелді канал жүргізу және қорғаушы платмассалық құбырларда өзек үшін 2,7 кН аспайтын мүмкін созылатын күш салу.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: