Енгізу операторы

Жазылуы: scanf(«басқару жолы», аргумент1, аргумент2,...);

Басқару жолы printf функциясы секілді қарапайым символдар, түрлендіру спецификациясы, басқарушы символ-константалар жазылуы мүмкін.

Бірақ scanf функциясында, аргумент ретінде айнымалы пайдаланылса, оның алдында & символы қойылады. & операторы айнымалының адресін алуға мүмкіндік береді. Айнымалы мәнін енгізгенде scanf функциясы оны адресі бойынша жадыға сақтайды.

Мысалы: бүтін типті і және нақты типті a айнымалы үшін мәндерді енгізу қажет болса, келесі функция жазылады:

scanf(“%d%f”,&i,&a);

scanf және printf функцияларын пайдалану үшін <stdio.h> файлын қосу қажет.

Мысалы, экранға "Сәлем, достар!" жазуын шығару программасы келесі түрде жазылады:

#include <stdio.h>

main()

{

printf("Сәлем, достар!");

}

2.2.3 Меншіктеу операторы және өрнектер

Си тілінде меншіктеу операторы «=» белгісімен белгіленеді. Жазылуы:

айнымалы = мән;

Басқа тілдерге қарағанда Си тілінде меншіктеу операторын өрнектерде пайдалануға болады. Мысалы, if ((c=a+b)<0) printf(''с саны нөлден кіші').

Тағы бірнеше рет меншіктеу мүмкіндігі бар. Мысалы:

x=y=z=a*b;

Бұл жерде алдымен a*b мәні z-қа, содан соң y-қа, сондан кейін x-қа меншіктеледі.

Си тілінде константалардың мәнін өзгертпеу үшін const модификаторы пайдаланады. Мысалы: const float a=3.5;

const j=47;

Өрнектерді айнымалыларды есептеуге арналған формула ретінде пайдаланады. Олар операндтардан (айнымалылар, константалар және т.б.) құралады және операция белгілерімен (қосу, азайту, көбейту және басқамен) байланысады.

Кесте 1 – Арифметикалық операциялар

Арифметикалық операциялар Орындалуы
+ Қосу
Азайту
* Көбейту
/ Бөлу, бүтін бөлігін алу
% Бөлгендегі қалдығын алу

Мысалы: егер b=5, c=2, бүтін типті айнымалылар болса, онда

а=b%c; d=b/c;

операциялардың орындалуынан кейін а айнымалысы 1 мәнін қабылдайды, d айнымалысы 2 мәнін қабылдайды.

Арифметикалық операциясына сәйкес меншіктеу операторын басқаша пайдалануға болады.

Мысалы, х=x+n; жазуын x+=n; деп жазуға болады. Сол секілді

x=x-n; x-=n;

x=x/n; x/=n;

x=x*n; x*=n;

x=x%n; x%=n;

Кесте 2 – Қатынас операциялары

Қатынас операциялары Ұғымы
< Кіші
<= Кіші не тең
= = Тең
>= Үлкен не тең
> Үлкен
!= Тең емес

Кесте 3 – Логикалық операциялар

Логикалық операциялар Ұғымы
&& ЖӘНЕ, and
|| НЕМЕСЕ, or
! ЕМЕС, not

Си тілінде логикалық тип жоқ болғандықтан, логикалық өрнектін нәтижесі сандық шама болады (жалған мәнде 0-ге тең, ақиқат мәнде 0-ге тең емес шама).

Си тілінде операнд мәнін бірге арттыру (++) және бірге кеміту (--) операциялары пайдаланады.

х++; ++х; операторлардың нәтижесі бір, бірақ пайдалану барысында айырмашылықтары бар. Мысалы:

main()

{

int x,y;

x=5; y=60;

x++; ++y;

printf(“x=%d y=%d\n”,x,y);

printf(“x=%d y=%d\n”,x++,++y);

}

Нәтижесі:

х=5 у=61

х=5 у=62

х++ операторын пайдаланғанда х айнымалының мәні алдымен өрнекте пайдаланады, содан соң бірге артады. ++у пайдаланғанда алдымен у айнымалысы бірге артады, содан соң өрнекте пайдаланады.

Кесте 4 - Операциялардың орындалу приоритеті

++ -- * / % + - ! < <= > >= == != && ||

Егер операция приоритетін өзгерту қажет болса, дөңгелек жақшаны пайдаланады. Олардың приоритеті жоғары.

Өрнектерде тағы шарт операциясы? кеңінен пайдаланады.

у=х?а:b,

өрнегінде егер х нөлге тең болмаса, у=а, егер х нөлге тең болса у=b.

у=(а>b)?a:b;

өрнегі у айнымалысына а не b айнымалылардың ең үлкен мәнін қабылдауға мүмкіндік береді, яғни y=max(a,b).

2.3 Математикалық функциялар

Си тілінде математикалық функцияларды пайдаланар алдында math.h файлын қосу қажет:

#include <math.h>

Кесте 5- Математикалық функциялар

Математикалық жазылуы СИ тілінде жазылуы Нәтиже типтері
| X | abs(X) int
| X | fabs(X) float
arccos X acos(X) double, float
arcsin X asin(X) double, float
arctg X atan(X) double, float
cos X cos(X) double, float
sin X sin(X) double, float
tg X tan(X) double, float
eX exp(X) double, float
ln X log(X) double, float
log X log10(X) double, float
√X sqrt(X) double, float
XY pow(X, Y) double, float

Аргумент және функция алдында мүмкін болатын тип көрсетілген (бағдарламалау барысында ол жазылмайды).

Мысалы: y-тің мәнін табатын бағдарламаны жаз.

y=x+0.25+sin

#include <stdio.h>

#include <math.h>

main()

{

float x,y,a;

scanf(“%f”,&x);

a=x+0.25;

y=a+sin(exp(a))+sqrt(a/2.5);

printf(“y=%f”,y);

}


3 Шарттық және таңдау операторы

3.1 Шарттық оператор if

Жазылуы: if (шарт) инструкция1; else инструкция2;

if – егер, else - әйтпесе

Егер жақшадағы шарт ақиқат болса, онда инструкция1 орындалады, ал егер жалған болса, инструкция 2 орындалады.

Мысалы: егер х мәні теріс сан болса, оның квадратын шығару, әйтпесе мәнін шығару

#include <stdio.h>

#include <math.h>

main()

{

float x,y;

scanf("%f", & x);

if (x<0) y=pow(x,2);

else y=sqrt(x);

printf(“y=%f”,y);

}

3.2 Таңдау операторы switch

Жазылуы:

switch (айнымалы)

{ case айнымалы мәні1, оператор 1; break;

...

case айнымалы мәні n, оператор n; break;

default: оператор n+1; break;}

switch – айырып қосқыш, жақшаның ішінде мәні бүтін сан болатын айнымалы анықталады. Оны селектор деп атайды.

Егер айнымалы мәні ешқайсысына сәйкес келмесе онда default сөзінен кейінгі операторлар орындалады. Егер default сөзі тұрмаса ешқандай оператор орындалмайды.

Таңдау жасалған соң, келесі тексерістерді жасамас үшін break операторы пайдаланылады. Ол switch операторынан шұғыл түрде шығады.

Мысал1:

#include<stdio.h>

main()

{

char y;

scanf(“%c”,&y);

switch(y)

{

case ‘1’:

printf(“бұтақ 1\n”);

break;

case ‘2’:

case ‘3’:

printf(“бұтақ 2 немесе 3\n”);

break;

default:

printf(“бұтақ 1,2,3 жұмыс істемейді\n”);

}

}

Мысал 2: Енгізілген бағаға сәйкес сөзді шығару

#include<stdio.h>

main()

{

int y;

scanf(“%d”,&y);

switch(y)

{

case 1:

case 2:

printf(“қанағаттанарлықсыз\n”);

break;

case 3:

printf(“қанағаттанарлық\n”);

break;

case 4:

printf(“жақсы\n”);

break;

case 5:

printf(“өте жақсы\n”);

break;

default:

printf(“ондай баға жоқ\n”);

}

}



Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: