double arrow

Тандау операторы ( CASE )

CASE операторы айнымалының мәнің мүмкін болатын қатарымен салыстырады және әр мәнге сәйкес әр түрлі оператоларды орындайды. ELSE сөзінің болуы міндетті емес, егер ол болмаса, яғни жәй өрнек еш бір мәнге сәйкес болмаса,онда CASE- тің End операторынан кейін тұрған оператор орындалады.

Қайталану (цикл) операторлары

Күнделікті шешілетін есептерді шығару кезінде бір теңдеуді пайдаланып, ондағы айнымалының өзгеруіне байланысты, оны бірнеше мәрте қайталап есептеуге тура келетін сәттер де жиі кездеседі. Осындай бірнеше рет қайталанатын белгілі бір бөліктерін қайталау бөлігі (цикл), алалгоритмді қ айталану (циклдық) деп атайды. Жалпы қайталану операторын пайдалану алгоритмдің тиімділігін қамтамасыз етіп, қысқартып жазу мүмкіндігін туғызады.

Қайталану (цикл) операторы FOR

Қайталану операторының синтаксисі:

· FOR( үшін)< ж ә й айнымалы>:=<алғашқы мән > TO ( өсіру )

<соңғы мән > DO (орындау)< оператор>

2. FOR( үшін)<жәй айнымалы:>=<алғашқы мән>

DOWNTO( азайту)<сонғы мән> DO ( орындау)<оператор>

МҰндайда жәй айнымалыны- қайталанудың параметрі деп атайды, оның түрі нақты (REAL) типтен басқа біркелкі скалярлы типке жатуы тиіс. Цикл параметрі берілген түрдің мәндерін алғашқы мәнінен бастап соңғы мәніне дейін біртіндеп қабылдап отырады.

1. Қайталану операторында TO түйінді сөзі тұрса, онда циклдың параметрі +1-ге артып отырады.

2. Қайталану операторында DOWNTO түйінді сөзі тұрса, онда циклдың параметрі -1-ге азайып отырады.

Қайталану операторы WHІLE

WHІLE операторы шығу шартын қайталанудың басында тексереді, ол жалпылама жұмыс істейтін қайталану құрылымына жатады.

WHІLE (әзірше ) және DO ( орындау) арнаулы сөздер. Қайталану операторы келесі түрде орындалады:

<Логикалық өрнек> ақиқат болғанша <оператор > орындалады, ал <Логикалық өрнек> жалған болса, <оператор> орындалмайды.

WHІLE/DO оператордың REPEAT/UNTІL операторынан айырмашылығы REPEAT/ UNTІL операторы ең кемінде бір рет орындалады.

Қайталану операторы REPEAT

REPEAT/UNTІL операторы шығу шартын қайталанудың соңында тексеретін құрылым, бұл қайталану операторы ең кемінде бір рет орындалады.

For, Whіle, Repeat қайталану операторлар құрамында Object Pascal-дің екі параметрсіз процедуралары қолданылады. Break - циклден бірден шығу, басқару циклдың соңғы операторынан кейін турған операторға беріледі. Contіnue - басқаруды цикл денесіңдегі кез келген оператордан циклдың соңғы операторына береді. Осы екі процедураны Goto операторының орнына пайдалануға болады.

Консольдық қосымша.

Консольдық қосымша деп формасыз, яғни ешқандай қолданушылық интерфейссіз жұмыс атқаратын программа. Мұндай текті қосымшалар DOS ортасында іске асады. Консольдық қосымша құру үшін Delphі ортасында Создать / Приложение меню арқылы жаңа қосымша құрамыз. Проект /Удалить из проекта менюі арқылы программа формасын және оған сәйкес модуль кодын жойып тастау керек. Проект / Исходный текст менюі арқылы қосымшаның негізгі кодын шығарып, оған кейбір өзгерістер енгізіледі. Күй-жағдай жолы қосымша терезесінің қолданыста жиі кездесетін, үйреншікті элементі. Күй-жағдай жолы әдетте бірнеше бөліктен тұрады, олар шығарылатын ақпаратты бір-бірінен бөлу үшін қажет. Delphі ортасында ерекше жағдайды өңдеу үшін Object Pascal тілінің арнайы конструкторлары мен Exceptіon базалық кластары негізіндегі кластар қолданылады.

Тармақталу командасы. Құрама оператор

Тармақталу командасының қысқа және толық нұсқалары бар. Олардың жазылу түрлері:

1) if P then S // қысқа нұсқа

2) if P then S1 else S2 // толық нұсқа

мұндағы Р – шарт;

S,S1,S2 – орындалуы тиіс сериялар (бір блоктық операторлар). Егер блок бірнеше операторлардан тұрса, олар бір құрама оператор ретінде қарастырылып, begin-end операторлық жақшалардың ішінде жазылады.

Блокқа енгізілген оператор тек біреу болса, оны операторлық жақшаларға алу міндетті емес.
If (егер) командасының орындалуы стандартты Паскальдағы сияқты: егер шарт орындалса, онда Then кілттік сөзінен соң жазылған блок, шарт орындалмаса, else кілттік сөзінен соң жазылған блок орындалады.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями: