Алматы,2014

Факультет:Жалпы медицина

Курс:IVТоп:19-1К

Этика – адамның түрлі қызметінде кеңінен таралған ұғым. Сондықтан да, философия саласы, яғни философиялық ғылым деп түсіну қажет. Этика (грекше ēthiká ếthos – салт, таным, мінез) ғылым ретінде адамның ар-ұяты мен танымын зерттейді. сондай-ақ, алғашқы Аристотельмен қолданылған зерттеудің түрлі саласын білдіретін термин.

Қазіргі кезде медициналық этика қағидалары биомедициналық этика ұғымына жинақталған. Ол медицина қызметкер тұрлғасын, оның құқығы мен профессионалды қызметін орындау барысында заң бойынша және санасы бойынша әрекет етуін қолдайды.

Бүгінде биомедициналық этика төрт түрлі формада берілген:

¢ 1. Гиппократ моделі. Бұл модельдің негізгі қағидасы – «зиян тигізбеу». Дәрігер науқастың әлеуметтік сенмділігін алады. Гиппократпен берілген дәрігерлік ету қағидалары (460-377гг.) дәрігерлік этика бастаулары мен Гиппократ антында айтылады.

¢ 2. Парацельс моделі (1493-1541 гг.) – «жақсылық жасау»,орта ғасырда қалыптасқан. Бұның негізінде дәрігер мен науқастың эмоционалды сұхбаты жатыр. Оның негізінде емдік үрдіс қалыптасады.

¢ 3. Деонтологиялық модель немесе дәрігерлік этика, 1840 жылы қалыптасқан. (авторы Петров). Негізгі қағидасы намыс тазалығы мен міндеттік нақты орындалуы. Ол медицнақауымымен бекітілген ар—ұят кодексіне негізделген.

¢ 4. Биоэтика – дәстүрлі биомедициналық этиканың жаңа түрі. Оныңнегізінде адамның құқығы мен құндылықтарын сыйлау қағидасы жатыр.

Медицина қызметкерінің өзін өзі ұстау мәдениетін екі түрге бөлуге болады:

¢ Ішкі мәдениет. Бұл еңбекке жауапкершілікпен қарау, тәртіп сақтау, құрал жабдықтарға ұқыпты қарау, достастық пен ұжымдық.

¢ Сыртқы мәдениет. Сөйлеу мәдениеті, сыртқы көрінісі, дөрекі сөйлемеу және т.б.

Медициналық қызметкерлерінің негізгі қасиеттері, оның ішкі мәдениеті болып саналады:

¢ Сыпайылық – қарапайымдық, шынайлық, адамның әсемдігін және күшін білдіреді.

¢ Шынайылық медицина қызметкерінің ең жоғары деңгейі.Ішкі белгілерінің негізі. Цицерон айтқан, шынайылықтын екі бастауы бар, бұл: «Ешкімге зиян келтірме және қоғамға пайда келтіру».

¢ Шындық медицина қызметкерінің барлық ісінің негізі болу керек.Күнделікті істеген ісінің және ойының негізі. 63

¢

¢ Мейірім – жақсы адамның ішкі мәдениетінің негізгі қасиеті.

¢ Жақсы адам –бұл қоршаған ортадағы адамдарға жақсы көзқараспен, олардың қайғы мұңынтүсініп қажет жағдайда көмек көрсетуге сөзімен, ісімен дайын тұратын адам.

Сыртқы көрінісі. Медицина қызметкерінің сыртқы көрінісіне және киімдеріне қойылатын талап – тазалық жәнеқарапайымдық, бояулардың және тым сәндеуіш заттардың аздығы, аппақ халат, қалпақ және екінші ауыстыруға арналған аяқ киім. Киімі, бет әлпеті, өзін өзі ұстауы медицина қызметкерінің науқастарға мән беру қасиетін білдіреді. «Медицина қызметкерлеріне өзін өзі таза ұстау керек, таза киім кию өйткені осының барлығысы науқасқа маңызды.» (Гиппократ).

Сөйлеу мәдениеті сыртқы мәдениетінің екінші негізгі бөлігі болып табылады.. Речь Медицина қызметкерінің сөзі қатты емес, түсінікті, эмоциональды болу керек. Науқасқа байланысты мынадай сөздерді қолданбау керек: «апатай», «қарағым» және т.б. Кейде науқас туралы «диабетик», «язвенник», «астматик»және т.б. сөздерді естуге болады

Көбіне медицина қызметкерлерінің сөздері науқастардың құлағына жағымсыз болады сондықтан оларға науқастар сенімсіздікпен қарайды. Медицина қызметкерлерінің мұндай қылықтары науқастардан алыстатып, кері көзқарас туғызады. "Медицина қызметкері –пациент” өзара әрекетінде жатқан қарым-қатынастың жалпы ережелері мен терең психологиялық механизмдерін ажырата білген жөн.
Коммуникативтік қарым-қатынас – бұл ақпарат алмасу (мысал, хәл, өзін сезінуі туралы);

интербелсенді қарым-қатынас – тек сөзбен ғана емес, сондай-ақ әрекеттермен де алмасу (мысалы, мейірбикенің манипуляцияны орындауындағы немесе пациенттің өтінішін орындағандағы);

перцептивтік қарым-қатынас – адамдардың бір-бірін қабылдауы, сенімге қол жету. Қарым-қатынастың бұл түрі біртіндеп қалыптасады және оңтайланады.

Оған қоса қарым-қатынастың басқа да жіктелуі бар. Төменде келтірілгендер зиянды өзара әрекетке көбірек келгенімен медицинада жиі ұшырасады.
А. "Бетперделердің контакты” – шынайы эмоцияларды жасырумен бірге және азырақ қызығушылықпен бірге болатын сыпайлық, әдептілік (адамды кәсіби алдын ала тексеруде кең тараған).
Б. Қарапайым қарым-қатынас – пациентті шулайтын немесе бөгет болатын адам ретінде бағалау.
В. Формалды-рөлдік қарым-қатынас – пациенттің тұлғасын танып білу оның әлеуметтік рөліне қызығушылықпен алмастырылады.
Г. Іскерлік қарым-қатынас - серіктестік стилінің орнына авторитарлық стилін орнату.

Д. Диагностикалық және емдік өзара әрекет жоқ рухани тұлғааралық өзара әрекет.

Е. Пайда көру немесе марапат алу мақсатындағы манипулятивтік қарым-қатынас. Манипулятивтік қарым-қатынаста пациенттегі аурудың ауырлығы жалған түрде артуы мүмкін; әр түрлі тәсілдермен (дәріханамен контакт жасау арқылы) қымбат, сынақтан өтпеген дәрі-дәрмектердің ұсынылуы ықтимал; бағасы қымбат және қажеті жоқ процедуралар. Соңғы кезде өкінішке орай бұл кең тараған.

Медициналық қызметкер үшін пациенттің туыстарымен жұмысты дұрыс ұйымдастыру ептілігі зор мән иеленеді. Ең бастысы – науқастың өзіне туыстарынан берілетін байбайламды, аласұруды жою. Медициналық ұжымда өзара қарым-қатынас болады. Өзар қатынас – бұл бір тұлғаны басқасына өзара позициясы, тұлғалық қауымдастық бойынша позициясы. Өзарақатынаста әрқашан "кері байланыс” орын алады. Өзарқатынас қарым-қатынас арқылы жүзеге асады. Іскерлік (қызметтік) өзара қатынас қызметтік, кәсіптік міндеттерді орындау кезінде құрылады, ресми құжатпен, нұсқаулықпен, жарғымен, бұйрықпен реттеледі (дәрігер-мейірбике-кіші медқызметкер). Ресми құжатпен олардың әрқасысының міндеттері айқындалады.

Сол немесе басқа қызметті иеленген тұлға белгілі бір жұмысты орындауы, сондай-ақ қызметтік міндеттерден туындайтын іскерлік контакттарды ұстануы тиіс. Іскерлік тәуелділіктің бірнеше түрі болады.

1) іскерлік теңбе-тең қатынас. Бұл жағдайда ұжымның екі немесе бірнеше мүшесі, бірдей құқық пен міндет иеленіп, бірдей қызметтерді атқарады (екі мейірбике, екі дәрігер және с.с.);

2) іскерлік бағыныштылық қатынас. Медицинада: субординация принципі - өзара түсіністікке, өзара құрметтеуге, өзара көмекке, өзара жәрдемге, психологиялық түсіністікке негізделген қызмет бойынша төменнің жоғарырақ тұлғаға қызметтік бағыныштылығы (мейірбике-дәрігер, кіші медицина қызметкері -мейірбике). Бұл медициналық ұжымдағы жұмыстың өзегі болып табылады.

Емдеу мекемесінде даулар, жанжалдар кездесіп тұрады. Олардың (барлық даулар сияқты) объективті және субъективті болуы мүмкін. Объективті даулардың емдеу мекемесіндегі реалды (анық) қанағаттанарлықсыз жағдайларға байланысты болып келіп, көп не аз жеңілдікпен жойылуы ықтимал. Эмоционалды кернеуді алып тастаумен сабақтас субъективті даулар қиынырақ шешіледі. Олардың шешімін кейінге қалдырып, үшінші тұлғаны мәмілеге тартқан немесе жанжалдасушы тұсты проблеманың түкке тұрғысыздығына иландыру қажет. Бойларында тұлғалық сәйкессіздік дамитын науқастарды палатаға дұрыс орналастырмаған кезде даулардың болуы мүмкін. Сондай-ақ жанжал науқастардың немесе олардың туыстарының "дауға жақын тұлғалар” деп аталатын-истериялық қасиеттері, асоциалды агрессивті мінез-құлқы бар адамдармен қатынаста орын алады. Даулар топ мүшелерінің арасындағы тұлғааралық қатынаста туындауы мүмкін шешімі қиын жағдай.

Әдетте бұған мынадай себептер жетелейді:

1. топ мүшелерінің қызығушылықтары, құмарлықтары, мақсаттары, түрткілері, рөлдері арасындағы қарама-қайшылықтардың болуы;

2. әр түрлі адамдар арасында қарсы күрестің орын алуы (басшы мен формалды емес көшбасшылар, формалды емес микротоптар арасында);

3. топ мүшелері арасындағы өзараәрекеттің және қарым-қатынастың фондық сипаттамалары ретінде теріс эмоциялар мен сезімдердің пайда болуы және тұрақты басымдығы. Даулы жағдайда: серіктесті сынап бағалауға; оған жаман ниеттерді жабыстыруға; өзіңнің басымдық белгілеріңді көрсетуге; дауға жауапкершілікке тек серіктесті кінәлауға; оның қызығушылықтарын елемеуге; бәрін тек өз позицияңнан көруге; ызаландыруға, айқайлауға, шабуыл жасауға; серіктестің "жаралы” тұстарын тырнауға болмайды. Дауды шешу үшін ең алдымен оның себебі мен зардаптарын зерделеу, өзіңе өзіңді басқарып, реттеп және кемшіліктерді жоя алатыныңды сендіру қажет.

Дәйекті сөз бен байыпты үн – кез келген дауды шешуге қажетті басты элементтер. Қазіргі заманғы түсінік бойынша, медициналық этикаға келесі аспектілер кіреді:

Қазіргі заманғы түсінік бойынша, медициналық этикаға келесі аспектілер кіреді:

ғылыми – медициналық қызметкерлердің жұмысының этикалық және адамгершілік аспектілерін зерттейтін медициналық ғылым тарауы;

практикалық – кәсіби медицициналық қызмет барысында этикалық нормалар мен ережелерді қалыптастыру және қолдану міндеті болып табылатын медициналық тәжірибие саласы.

Медициналық этика үш негізгі бағыт бойынша тұлғаралық қарым-қатынастардың әртүрлі мәселелерін зерделейді және шешеді:

медициналық қызметкер – емделуші,

медициналық қызметкер – емделушінің туысқандары,

медициналық қызметкер – медициналық қызметкер.

Төрт этикалық қағидаттар: қайырымдылық, автономия, әділеттілік және және толыққанды медициналық көмек. Қағидаттардың күнделікті қолданылуын талқыламас бұрын әрбіріне жеке сипаттама бергеніміз жөн болар.
Қайырымдылық қағидаты: “Мен емделушіге мейіріммен қараймын немесе ең болмағанда зиян келтірмеймін» Қайырымдылық дегеніміз емделушіге зерек және ілтипатты көзқараспен қарау, науқас денсаулық жағайының күрделігімен барабар емдеудің оңтайлы әдістерін таңдау, емделушінің медициналық араласуға дайындығы және қабілеттілігі. Ең бастысы, медициналық қызметкердің кез келген әрекеті нақты емделушінің жағдайын жақсартуға бағытталуы шарт!
Автономия қағидаты әрбір емделушіге және оның шешімдеріне сыйластықпен қарауды талап етеді. Кез келген адам мақсат ретінде қарастырылғанмен, сол мақсатқа жеткізетін құрал ретінде қарастырылмайды. Медициналық көмектің құпиялылықты, емделушінің мәдениетін, дінін, саяси және өзген де көзқарастарын сыйлау, медициналық шара қолдануларға ақпаратты келісім беру, күтуді бірлесе жоспарлау және жүзеге асыру, сонымен қатар, емделушінің өз бетімен шешім қабылдауы, немесе осы емделушінің заңды өкілінің шешім қабылдауы сынды аспектілері автономия қағидатымен байланысты. Әділдік қағидаты/ зиян келтірмеу- медицина қызметкерлерінің мәртебесіне, әлеуметтік жағдайына, мамандығына және сыртқы ахуалдарға қарамастан барлық емделушілерге бірдей қарау және бәріне бірдей көмек көрсету. Осы қағидат, сондай ақ, медициналық қызметкер қандай бір көмек көрсетсе де, оның әрекеттері емделушіге және өзге де тұлғаларға нұқсан келтірмеуі тиіс.
Емделуші мен оның туыстары немесе өзге де медицина қызметкерлері арасындағы кикілжің туындаған жағдайларда, осы қағидатты басшылыққа ала отырып, біздер емделушінің мүддесін қорғауымыз қажет.
Толыққанды медициналық көмек көрсету қағидаты кәсіби медициналық көмекті және емделушіге кәсіби көзқарасты, сапалы диагностикалау және емдеу жүргізу үшін денсаулық сақтаудың барлық мүмкіндігін қолдануды, профилактикалық шараларды және паллиативті көмек көрсетуді көздейді. Осы қағидат денсаулық сақтау саласына қатысты барлық заңнамалық нормалардың сақталуын, сонымен қатар этикалық кодекстің барлық ережелерінің сақталуын талап етеді. Медицина қызметкерінің рухани жауапкершілігі оның медициналық этиканың барлық қағидаттарын сақтауын тұспалдайды.

«Медбике-емделуші» арасындағы қарым-қатынастар:

Медициналық бике емделушімен сабырлы әрі ашық жарқын сөйлесуге міндетті. Дөрекі, тұрпайы немесе тым ресми сөйлесуге тыйым салынады. Науқастарға «Сіз» деп және аты мен әкесінің атын атап сөйлескен жөн.

Науқастың жанында тұрып оның диагнозын, емдеу жоспарын талқылауға, палатадағы өзге де науқастардың денсаулығын әңгімелеуге тыйым салынады.

Күрделі және ауырсындыратын емшараларды бастамас бұрын медбике осы емшаралардың мәнін, мағынасын және қажеттілігін түсінікті түрде науқасқа түсіндіруі және тыныштандыруы қажет.

«Медбике – емделушінің туысқандары (және жақындары)» арасындағы қарым-қатынастар:

Ұстамдылықты, сабырлылықты, тыныштықты және әдептілікті сақтауы қажет;

Күрделі науқастарды күтушілерге емшара мен манипуляцияларды дұрыс орындау тәртібін түсіндіруі тиіс;

Тек өз құзыреті шеңберінде сұхбаттасуы (науқастың сырқаты, болжамы жөнінде әңгімелемей, дәрігерге жолдау) тиіс;

Қойылған сұрақтарға сабырлы жауап беруі қажет, күрделі науқаста дұрыс күте білу ережелерін шыдамдылықпен үйретуі тиіс.

«Медбике-дәрігер» арасындағы қарым-қатынастар:

Сұхбаттасу кезінде дөрекі сөйлесуге тыйым салынады;

Дәрігерлік тағайындаулар уақытында нақты, нақты және кәсіби орындалуы тиіс;

Науқастың денсаулық жағдайындағы кенеттен болған өзгерістер туралы дәрігерге жедел хабар берілуі тис;

Тағайындалған дәрігерлік емді қолдану барысында күмән туындаған жағдайда, науқас жоқ уақытта, сыпайы түрде, осы жөнінде дәрігермен мән-жайды талқылауы қажет.

«Медбике-медбике» арасындағы қарым-қатынастар:

өз ұжымдастарымен жұмыс істеу барысында дөрекілікке, тұрпайылыққа жол берілмеуі тиіс;

Қандай да бір ескертулер, науқас болмаған уақытта, әдепті түрде айтылуы тиіс;

Тәжірибиелері мол медбикелер жас мамандарға тәлімгерлік көмек көрсетулері қажет;

Қиын жағдайларда бірі біріне көмектесулері тиіс.

«Медбике-кіші медицина қызметкері» арасындағы қарым-қатынастар:

өзара сыйластықты сақтаулары тиіс;

кіші медицина қызметкерінің жұмысын сыпайы түрде бақылауы қажет;

Әдепсіздікке, дөрекілікке, тәкаппарлыққа жол беруге болмайды;

Науқастар мен келушілердің көзінше ескертулер жасауға болмайды.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: