Кіріспе. І. Мемлекеттік емтихан бағдарламасы

Кіріспе

І. Мемлекеттік емтихан бағдарламасы

ІІ. М емлекеттік емтихан бағдарламасының сұрақтары

ІІІ. М емлекеттік емтиханды бағалау өлшемдері

КІРІСПЕ

5В011200 - «Химия» мамандығы бойынша мемлекеттік емтихан бағдарламасы ҚР МЖМБС 6.08.068 -2010 және ҚР БҒМ 2008 ж. 18 наурызындағы №125 бұйрығымен бекітілген «Жоғары оқу орындарындағы білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің Типтік ережесі», Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырдағы №499 қаулысымен бекітілген «Жоғары білім беру ұйымдары қызыметінің үлгілік қағидалары» және университеттің Ғылыми кеңесінің бекітілген жұмыс жоспарының негізінде құрастырылған.

Бағдарламаға Мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес 5В011200 - «Химия» мамандығы бойынша бітіруші түлектерінің емтиханға кіретін пәндер тізімі және олардың негізгі бөлімдерінің мазмұны, қорытынды аттестаттаудың ережесі кіреді. Емтиханға дайындық барысында қолданылатын осы бағдарлама негізгі құжат болып есептеледі.

Мемлекеттік аттестаттау емтиханның бағдарламасына мына пәндердің бөлімдері кіреді: «Бейорганикалық химияның теориялық негіздері», «Элементтер химиясы», «Органикалық химияның теориялық негіздері», «Органикалық молекулалардың функционалды туындыларының химиясы».

Мемлекеттік емтиханның мақсаты - түлектердің білім деңгейін және кәсіби мәселелерді жетік және нақты шеше алу дағдыларын анықтау.

Мемлекеттік емтиханда бітірушілер бейорганикалық химияның теориялық негіздері курсынан химияның негізгі заңдары мен түсініктерін, атом құрылысын, бейорганикалық қосылыстардың негізгі сыныптарын, Д.И. Менделеевтің периодтық жүйесін, химиялық байланыс, химиялық реакциялардың жылдамдығын, ерітінділер, электролиттік диссосиациялану теориясына; органикалық химияның теориялық негіздері курсынан ашық тізбекті көмірсутектерге; ал органикалық молекулалардың функционалды туындыларының химиясы курсынан тұйық тізбекті көмірсутектер, ароматты көмірсутектер мен гетероциклді көмірсутектерге; элементтер химиясы курсынан периодтық жүйедегі химиялық элементтерге жалпы сипаттама және олардың химиялық қасиеттерін, заңдылықтарын өз білімдерінде көрсетуі керек.

Бағдарламаны меңгеру үшін негізгі тақырыптар кіретін шолу лекция циклын ұйымдастыру қажет. Емтиханның билетіне үш сұрақ кіреді.

І. МЕМЛЕКЕТТІК ЕМТИХАН БАҒДАРЛАМАСЫ

1. Бейорганикалық химияның теориялық негіздері

1. Атом-молекулалық ілім. Химияның негізгі ұғымдары мен

заңдары.

Атом-молекулалық ілімнің пайда болуы және дамуы. М.В.Ломоносовтың, Дальтонның жұмыстары. Масса және энергия сақталу заңы. Прусттың құрам тұрақтылық заңы. Дальтонның еселік қатынас заңы. Химиялық эквивалент. Эквиваленттер заңы. Гей-Люссактың көлемдік қатынас заңы. Авогадро заңы және одан шығатын қорытынды. Атом-молекулалық теорияның негізгі қағидалары. Атомдар, молекулалар, олардың мөлшері мен массасы. Салыстырмалы атомдық және молекулалық массалар. Авогадро саны. Моль- зат мөлшерінің өлшемі. Мольдік масса және мольдік көлем. Газдың мольдік көлемі. Атомдық және молекулалық массаларды анықтау тәсілдері. Заттың мольдік массасы. Эквивалент және эквиваленттік массалар арасындағы қатынас. Газ заттардың молекулалық массаларын анықтау. Химиялық қосылыстардың қарапайым және нақты формулаларын табу. Химиялық теңдеулер бойынша есептеулер.

«Химиялық элемент» ұғымының эволюциясы. «Химиялық элемент және зат» ұғымдарының ара қатынасы. Изотоптар. Жәй заттар. Аллотропия. Күрделі заттар элементтердің қосылыстарда болуының бір түрі.

Химиялық реакциялар және олардың әрекеттесуші заттардың әсерлерінің сипатына орай жіктелуі (алмасу, тотығу-тотықсыздану, комплекс түзу). Химиялық реакциялардың теңдеулері. Заттардың массалары мен көлем мөлшерлерін пайдаланып стехиометриялық есептеулер жүргізу.

2. Бейорганикалық қосылыстардың жіктелуі және


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  




Подборка статей по вашей теме: