Бекітемін

ТӘҚ ж ҚОҚ

Каф. меңг. М.К.Жаманбаева

________________________

«___»_____________2014 ж.

ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТҰРАҚТЫ ДАМУ

Барлық мамандықтарға арналған дәрістер конспектісі

Лектор, медицина ғылымдарының кандидаты

Букунова Альмира Шошановна

Тақырып 1. «Экология және тұрақты даму» курсының пәндік мақсат, міндеттері, Экологияның ғылым ретінде қалыптасуы және дамуы, құрылымы.

«Экология және тұрақты даму» курсының пәндік мақсат, міндеттері.

Экология ғылымына берілген көптеген анықтамалар бар. Соңғы уақытта ғалымдардың тұжырымдамасы бойынша экология – биосфера тепе-теңдігін жан-жақты қарастыратын, оның бұзылу себептерін болжайтын, анықтайтын және тепе-теңдіктен ауытқудың қоршаған ортаға әсерін зерттейтін ғылым саласы.

Қазақстандағы «Экология және табиғи ресурстар – 2030» стратегиясының бірінші кезеңінде еліміздегі қоршаған ортаны сауықтыру мақсаты тұр. Табиғат ресурстарын пайдаланудың жаңа жобалары жасалынып, оған экологиялық тұрғыдан сараптама жасалғанда ғана қоршаған орта – ауа, жер және судың пайдалануға жарамсыздануына жол берілмей, табиғи шикізаттарды пайдаланудың экологиялық қауіпсіздігіне қол жеткізуге болады.

Қазіргі тұрақты дамуда экологияның адамзатты қоршаған ортаның қарым-қатынасын түсінудегі маңызы өте жоғары. Ғылыми-техникалық үдеудің экологиялық кері салдары техникалық және экологиялық саяси мәселелерді шешудегі қателіктерден, антропогендік әсерлердің экологиялық салдарын және экономикалық шығынды дұрыс бағаламаудан туындайды.

«Экология және тұрақты даму» пәнін оқытудағы мақсат: биосфера техногендік орта жүйесіндегі өзара әсерлесу заңдылықтарын зерттеу және табиғатты қорғау мәселелерін экологиялық тұрғыдан шешу жолдарын қалыптастыру болып табылады.

Барлық мамандықтар бойынша оқитын студенттердің жалпы экология негіздерін және ой-саналарын экологияландыру, табиғи ортаға жауапты сезімдерін тәрбиелеу. Биосфераның компоненттерінің бір-бірімен әрекеттері заңдылықтарын, адамның іс-әрекетінің салдарын, әсіресе табиғатты пайдаланудың үдеу жағдайында білу, қоғам мен биосфераның арақатынасындағы практикалық мәселелерді білу.

Ғылыми техникалық прогрестің қарқынды дамуының табиғатқа кері әсерін тигізіп отырған бүгінгі таңда және келешек үшін студенттерге экологиялық білім мен тәрбие беру басты міндеттердің бірі.

Курсты оқу міндеті – тірі табиғатты экологиялық жүйелер деңгейінде зерттеу. Болашақ маман иесін экологиялық дағдарыстың ұлғаюын мейлінше тежеуге, табиғат пен қоршаған ортаны қорғауға, қалпына келтіруге бағытталған тәжірибелерге үйрету. Инновациялық бағытта ғаламдық экологиялық мәселелерді шешуге үйрету.

Тұрақты даму (ағылш. Sustainable development – поддерживаемое развитие сөзбе сөз аударсақ ұсталып тұратын даму) қоғамның келесідей дамуы адамның өмір сүру жағдайы жақсаратын, ал қоршаған ортаға әсер биосфераның шаруашылық сыйымдылығы шегінде қалып дамуы. Адамзаттың іс әрекетінен табиғат негізі бұзылмауы. Тұрақты даму кезінде қажеттіліктер қамтамасыз ету келешек ұрпақтың қажеттіліктеріне зиян келтірмей іске асырылады.

Тұрақты даму – бүгінгі ұрпақтың қажеттіліктерін қанағаттандыра отырып, келешек ұрпақтың қажеттіліктерін шектемей, қауіп төндірмей даму.(1983 жылы желтоқсан айында БҰҰ Бас хатшысының қолдауы бойынша қоршаған орта және даму жөніндегі халықаралық комиссия (ҚОДХК) құрылды. Оның басшысы болып Норвегияның премьер министрі Гро Харлем Брундтланд сайланды. «Брундланд комиссиясы» Осы комиссия 1987 жылы 20 қазанда «Біздің ортақ болашағымыз» атты баяндамасында тұрақты даму анықтамасын ұсынды). Осы баяндама қорытындыларында РИО-92 бағдарында қабылданған шешімдерде теориялық-әдістемелік және концептуалды негіздерін құратын өркениет үшін тұрақты даму деңгейіне шығу қажеттілігі туралы айтылды..

«Брундланд комиссиясы» құжаттарындағы РИО-92 материалдарында тұрақты даму – табиғи ортаның деградациалық өзгерістеріне әкелмей ұзақ уақыт негізінде тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз ететін даму ретінде анықталады.

Экологияның ғылым ретінде қалыптасуы және дамуы, құрылымы

Экология ғылым ретінде жер бетіндегі тірі ағзалардың әртүрлілігі мен олардың өмір сүру жағдайларының ерекшеліктері туралы көптеген деректер жинақталған соң ғана, өткен жүзжылдықтың ортасында ғана қалыптасқан ғылымдар қатарында. «Экология» деген терминді алғаш рет белгілі неміс зоологі Э.Геккель (1866 жылы) енгізді.

Экология - ағзалар мен қоршаған ортаның қарым қатынасын зерттейтін ғылым.

Экология ғылымының қалыптасуын негізгі 3 кезеңге бөліп қарастыруға болады.

1-кезең. Биоэкологиялық зерттеулердің жаппай сипат алу кезеңі. Бұл кезең ХVІІІ ғасырдың аяқ шенін қамтиды. Мәселен, К.Линей (1707-1788), Ж.Ламарк (1744-1825) «Жануарлар мен өсімдіктер эволюциясы», Ч.Дарвин (1809-1882) «Түрлердің шығу тегі», Э.Геккель (1834-1919) («Экология» терминіні алғаш рет ғылымға енгізсе 1866ж, Е.Варминг оны 1895 жылы ботаникаға енгізді), В.В.Докучаев (1846-1903) «Ландшафтар мен табиғат зоналары туралы ілімі», т.б. табиғат зерттеуші биологтар, систематиктер, географтар өздерінің еңбектерінде экологиялық сипаттағы ғылыми-зерттеулер жүргізіп, экология ғылымының дамуына өз үлестерін қосты.

2-кезең. Экология ғылымының жеке ғылым ретінде қалыптасу және даму кезеңі. Бұл кезең Э.Геккель, Е.Варминг, К.Мебиус, т.б. шетелдік табиғат зерттеушілерімен қатар орыс ғалымдарының есімдерімен байланысты, ХІХ ғ. Басы мен ХХ ғ. 70-80 жылдарын қамтиды. Атап айтқанда Г.Ф.Морозов «Орман туралы ілімі», Д.Н.Кашкаров «Орта және бірлестіктер», «Жануарлар экологиясының негіздері», В.Н.Сукачев «Биоценоз», В.И.Вернадский «Биосфера туралы ілім», т.б. ғалымдардың еңбектері экология ғылымының негізін қалаған болатын. Бұдан әрі экология ғылымы жеке ғылым деңгейіне көтеріліп, өзінің зерттеу салаларын, мақсат пен міндеттерін айқындай түсті.

Экология ғылымы жіктеле бастады. Оны біз су организмдерінің экологиясы, топырақтағы организмдер экологиясы, насекомдар экологиясы,, паразитологиялық экология негізін салушылар, сүтқоректі, құс және бауырымен жорғалаушылар экологиясы, өсімдіктер экологиясы деп танимыз.

3-кезең. Экология ғылымының өрлеу кезеңі. Қазіргі заманғы экология – бүкіл әлемдік ғылымдар мен әлеуметтік, экономикалық жағдайлар және проблемаларды қамтитын деңгейге жетіп отыр. Осыған орай экология ғылымының қолданбалы және адам экологиясы бағыттары дами түсуде. Экологияның жаңа салалары бойынша теориялық және практикалық зерттеулер жүргізілуде.

Экология және тұрақты даму құрылымы

 
 


Экология ғылымының құрылымы

-Жалпы Экология

-Биоэкология (Аутэкология (Ағзалар экологиясы) Демэкология (Популяциялар экологиясы) Синэкология (Бірлестіктер экологиясы).

-Адам экологиясы

-Әлеуметтік экология этноэкология, урбоэкология, халықтық тұрғындық экология

-Геоэкология аридті зона экологиясы, әлемдік мұхит

-Радиациялық экология иондаушы және иондаушы емес сәулелену

-Ғарыштық экология

-Өнеркәсіптік экология металлургия, ағаш, т.б.

-Транспорттық экология су, әуе, теміржол, автокөлік

Тақырып 2. Ағза мен қоршаған орта қарым қатынасы

(Ағзалар экологиясы) Аутэкология Биологиялық жүйе ретінде аутэкология жекеленген тірі ағзаны – жануар, өсімдік немесе микроорганизм, оның қоршаған ортамен өзара қарым-қатынасын зерттейді.

Тірі ағзаға әсер ететін ортаның элементтерін экологиялық факторлар деп атайды.

Экологиялық фактор дегеніміз – ағза бейімделушілік реакциялар, не адаптациялар арқылы жауап беретін қоршаған ортаның кез келген элементі немесе жағдайы.

Экологиялық факторлардың жіктелуі.

Кез кедген ағзаға қоршаған ортада көптеген экологиялық факторлар әсер етеді. Олар: абиотикалық, биотикалық және антропогендік.

Абиотикалық факторлар – бұл тірі ағзаға әсер ететін қоршаған орта жағдайларының комплексі (температура, қысым, радиациялық фон, ылғалдылық, атмосфераның, теңіз және тұщы судың, топырақтың құрамы және т.б.)

Биотикалық факторлар – бұл бір ағзалардың тіршілік әрекетінің басқаларына тигізетін әсері (бәсекелестік, жыртқыштық, паратизм және т.б.)

Антропогенді факторлар – адам қызметінің қоршаған ортаға тигізетін әсерінің жиынтығы (зиянды заттардың атмосфераға шығарылуы, топырақ қабатының бұзылуы, табиғи ландшафттардың бұзылуы және т.б.)

(Берілген жіктелу шартты болып табылады. Себебі, температураны абиотикалық фактор ретінде қарастырсақ, ол тірі ағзалардың әсеріне байланысты жиі өзгеріп отырады.)

Жоғарыда келтірілген жіктеулерден басқа ағзалардың қоршаған орта факторларының әсеріне бейімдеушілік дәрежесін бағалауға негізделген (А.С.Мончадский) жіктелу бар. Бұл жіктелу бойынша барлық экологиялық факторлар үш топқа бөлінеді: 1-ші ретті периодты, 2-ші ретті периодты, периодсыз.

Ең алдымен тірі ағзаларда периодты факторларға бейімделуі пайда болады. Мысалы, Жер шарының тікелей өз өсінен және Күнді айналуы немесе Ай фазаларының ауысуы.

Аталған факторлардың тұрақты түрде қайталану циклдері Жердегі тіршілікке дейін де болған, сондықтан да ағзалардың бұл 1-ші ретті периодты факторларға бейімделуі олардың тұқым қуалау негізінде ертеден қалыптасқан.

Екінші ретті периодтық факторлардың өзгеруі 1-ші ретті факторлардың өзгеруінің нәтижесі болып табылады. Мысалы, ауаның ылғалдылығы – температураға тәуелді екінші ретті фактор.

Периодты емес факторлар ағза мекен ететін ортада қалыпты жағдайда болмайды. Олар кездейсоқ әсер ететіндіктен, ағзаларда бейімделу белгілері пайда болып үлгере алмайды. Мысалы, дауылды желдер, найзағай, өрттер, сонымен қатар адамның шаруашылық қызметін айтуға болады.

Тірі ағзаларға экологиялық факторлардың әсерінің қолайлы немесе қолайсыз болуы, ең алдымен оның әсер ету күшіне байланысты. Факторлардың жетіспеуі немесе шектен тыс көп болуы ағзалардың тіршілігіне қолайсыз әсер етеді.

Ағзаның тіршілігі үшін анағұрлым қолайлы болатын экологиялық фактордың интенсивтілігін (қарқындылығын) оптимум деп атайды. Көптеген түрлердің гүлденуі, көбеюі үшін оптималды температуралар белгілі.

1840 жылы Ю.Либих (1803-1873) ағзалардың төзімділігі оның экологиялық қажеттіліктерінің тізбегіндегі ең әлсіз звеносымен анықталатынын дәлелдеді. Ол ауылшаруашылық дақылдарының өнімділігін анықтауда қоректік заттарға деген сұранысын зерттеуге бағытталған тәжірибелер жүргізді. Ю. Либих бидайдың өнімділігі оған көп мөлшерде қажет (СО2, Н2О және т.б.) жеткілікті мөлшерде бар қоректік заттарға емес, оған аз мөлшерде қажет және топырақта жеткіліксіз болатын (мысалы, бор) заттарға тәуелді екенін анықтайды.

Қазір Либих ережесі шектеуші факторлар заңы немесе Либихтің минимум заңы деп аталады. Бұл заңды былай тұжырымдауға болады: экологиялық факторлар жиынтығында төзімділік шегіне ең жақын фактор күші әсер етеді.

Экологиялық факторлардың тек жетіспеуі (минимум) ғана емес, оның артық мөлшері де (максимум) шектеуші әсер ете алады.

Минимуммен қатар максимумның да шектеуші әсері туралы түсінікті дамытқан 1913 жылы В.Шелфорд болды. Шелфордтың толеранттылық заңы: Экологиялық факторлардың минимумы ғана емес, оның максимумы да шектеуші фактор бола алады, ал олардың арасындағы ауытқу диапазоны толеранттылық шамасын (латын тілініен аударғанда tolerantia – шыдау, төзім), яғни ағзаның белгілі бір факторға төзімділігін анықтайды.

Негізгі абиотикалық факторларға жарық, температура және ылғалдылық жатады. Биосферада ең маңызды процесс – фотосинтез тек жарықта ғана жүзеге асырылады. Жануарлардың жылу режиміне бейімделуі денесінің жеке мүшелерінің қатынасының өзгеруінен де көрінеді. Мысалы, солтүстік аудандарда мекендейтін ақкістің? ж ылы жерде мекендейтін осындай жануарлармен салыстарғанда жүрегі, бүйрегі, бауыры үлкен болады. Қоршаған ортаның ылғалдылығы ағзалардың жер шарында таралуы мен санын шектейтін маңызды фактордың бірі.

Климаттық факторлар және ағзалардың оларға бейімделуі. Күн сәулесінің қуаты, жарық, ауаның температурасы мен ылғалдылығы, жауын-шашын, қар қабаты, атмосфералық қысым, ауаның газдық құрамының арақатынасы жердің климатын немесе макроклиматты анықтайды.

Макроклимат (аймақтық климат) географиялық орналасудың нәтижесі болып табылады. Ендік бағытында бұл полярлық, тундралық, тайгалық, далалы және шөлді климат. Мезоклимат – бұл орманның, егіс даласының, шалғындық және тау беткейлерінің жергілікті климаты. Ол макроклиматқа барлық уақытта сәйкес бола бермейді. Орманда күндіз даламен салыстырғанда әрдайым салқындау және ылғалдырақ. Микроклимат – бұл ағзаның деңгейіндегі климат. +240С температурада күндегі жапырақтың температурасы қоршаған ортамен салыстырғанда 90С-ға жоғары, ал көлеңкеде -40С-ға төмен.

Биологиялық ырғақтар. Уақыт бойынша бірізділікпен кезектесіп келетін ағзаның қандай да бір жағдайын биологиялық ырғақ деп атайды. Бұл ырғақтарды ішкі механизмдер ұстап тұрады. Биологиялық сағаттың көмегімен оларда әр түрлі физиологиялық процестердің тәуліктік, маусымдық, жылдық және басқа да ырғақтары белгіленеді.

Фотопериодизм. Жарық маңызды сигнал болып табылады. Ол тірі ағзалардың белсенділігінің өзгеруін (тыныштық күйі және белсенді өмір сүруі) және көбею, миграция, түрлеу және басқа да биологиялық құбылыстардың периодын анықтайды. Ағзалардың морфологиялық, биологиялық және физиологиялық қасиеттері мен функцияларының жарықтың кезектесуі мен ұзақтығына байланысты ырғақты өзгеруі – фотопериодизм деп аталады.

Негізгі тіршілік орталары. Су тіршілік ортасы. Сулы ортада мекендейтін ағзаларды гидробионттар деп атайды. Жер-ауа тіршілік ортасы. Ж-а т о-да әсер ететін негізгі абиотикалық факторлар: ауа, жел, атмосфералық жауын-шашын, топырақ ылғалдылығы. Топырақ – тіршілік ортасы. Эдафиттік факторлар дегеніміз эк.фактор ретіндегітопырқатың қасиеттері.орлар дегеніміз эк.отикалық факторлар: ауа, жел, атмосфералық жауын-шашын, топырақ ылғалдылығы. ғақты өзгеруі – ф Тірі ағзалар – тіршілік ортасы. Өсімдіктер де әртүрлі жануарлар үшін тіршілік ортасы болып табылады. Олар ағаш қабығында, жапырақтарда, бұақтағы ұяларда мекендейді.

Демэкология (Популяциялар экологиясы). Популяциялардың негізгі көрсеткіштері. Популяциялар санының ауытқулары. Үйге: П-ның тууы, өлімі, өсімі. Бәсекелестік. Жыртқыштық. Симбиоз (селбесу)

Экологияда популяция дегеніміз – бір-бірімен өзара қарым-қатынаста болатын және үлкен территорияларда бірігіп тіршілік ететін бір түрге жататын даралар тобы. С.С.Шварцтың берген анықтамасы бойынша: популяция – бұл қоршаған ортаның үнемі өзгеріп отыратын жағдайында санын тұрақты ұстап тұруға қажетті жағдайлармен қамтамасыз етілген белгілі бір түрдің ағзаларының элементарлық тобы. (латын тілінен аударғанада популяцияхалық, тұрғындар деген мағынаны береді). Популяцияларға өсу, даму, үнемі өзгеріп отыратын жағдайда тіршілігін сақтау қабілеттілігі тән. Яғни, популяциялардың белгілі бір генетикалық және экологиялық сипаттамалары болады.

Популяциялардың негізгі қасиеттері. Популяцияның саны мен тығыздығы оның қасиеттерін сипаттайтын негізгі көрсеткіштері болып саналады. Популяцияның саны дегеніміз – белгілі бір көлемдегі немесе территориядағы особьтардың жалпы саны. Ағзалардың саны табиғатта тұрақты болмайды. Олардың көп немесе аз болуы особьтардың өсімталдығы мен шығынына (өлуіне) байланысты. Популяцияның тығыздығы – белгілі бір көлемдегі немесе кеңістіктегі особьтардың саны мен биомассасының салмағымен өлшенеді. Мысалы, ағаштың 150 түбінің 1 га жерде өсуі осы популяцияның тығыздығын сипаттайды. Популяциялардың тығыздығы олардың санына байланысты өзгеріп отырады. Тығыздық шексіз өсуі мүмкін емес. Ол үшін особьтардың кең таралуына қолайлы жағдай мен кеңістік болуы керек. Организмдердің кеңістікте таралуы олардың шектеуші факторы кездеспейінше жүре беруі мүмкін. Осыған орай, популяциялардың кездейсоқ, біркелкі және топтанып таралуы бар.

Даралардың кеңістікте таралуы. Даралар мен олардың топтарының таралуы кездейсоқ, бірқалыпты және топтық болып бөлінеді.

Даралардың бірқалыпты таралуы табиғатта өте сирек кездеседі. Ол көбінесе әртүрлі даралар арасында бәсекелестікке байланысты болады. Мұндай таралу типі жыртқыш балықтар мен территориялық инстинкті анық байқалатын балықтарда болады.

Кездейсоқ таралу тек біртекті ортада және жиналуға қабілеті жоқ түрлерде байқалады. Мысалы, ұн құртының ұнның ішінде таралуы кездейсоқ болады. Егістікте зиянкес жәндіктердің таралуы алғашқыда кездейсоқ таралу болғанымен, бірте-бірте көбейе түсіп, топтану немесе шашыранды таралу сипат алады.

Топтық таралу – табиғатта жиі кездеседі. Топтардың өзі кездейсоқ немесе жиналып таралуы мүмкін. Әсіресе, ағаштардың орман кеңістігінде таралуы жақсы зерттелген. Егер ормандағы ағаштар бір түрге жататын болса, бастапқыда олар әдетте жинақталып топтанып таралады да, уақыт өте келе олардың таралуы бірқалыпты бола бастайды. Ал орманның қалыңдығы түрішілік бәсекелестік нәтижесінде кемиді.

П-ның табиғаттағы санын өзін-өзі реттеу мүмкіндігі бар. Әрбір түрдің көбеюінің жоғарғы және төменгі шегі болады. Одан әрі түр көбейе алмайды. Сондықтан кез келген популяция өзінің сан мөлшерін оптимальды (қалыпты) жағдайда ұстап тұруға тырысады.

Кейбір ағзалар өзінің популяциясын тұрақты ұстауда топтанып, үйірленіп немесе колония құрып тіршілік етеді. Мысалы, бірқазандар колониясында 10000 дараға дейін құс кездеседі. Бұғылар 200-300 табын құрып тіршілік етсе, бұландар 20-25, қасқырлар 7-10, ақ бөкендер 10-25, ал құландар 50-70 үйір құрайтыны белгілі. Мұндай топ құру жануарлар дүниесінің бірігіп жауларынан қорғану, қыстан аман шығу, қорегін табу сияқты қасиеттері болып саналады.

Популяциялар санының ауытқулары. П-ның саны негізінен бір-біріне қарама-қарсы екі құбылыспен анықталады – туу және өлім. Популяциялардың табиғаттағы сан мөлшері әлсін-әлсін ауытқып отырады. Оның көптеген ішкі және сыртқы себептері бар. Популяциялар санының ауытқуының төмендегі шартты себептерін атап көрсетуге болады:

1) Азық мөлшерінің жеткілікті болуы П санының артуына әкеледі, бірақ өсудің максималды шамасында азық шектеуші фактор болады. Азық қорының жетіспеуі П санының кемуіне әкеледі.

2) П санының артуы немесе кемуі мекен ету ортасы үшін бірнеше П-дың бәсекелесу процесінде байқалуы мүмкін.

3) Жыртқышпен, жемтік паразитпен иесі арасындағы күрделі өзара қатынастар П санының ауытқуының бір себебі бола алады.

4) Абиотикалық факторлар П санына көп әсер етеді және олардың едәуір ауытқуларын туғызады.

П тығыздығының шектен тыс артып кетуі каннибализм (фр тілінен ауд - адам жегіш) құбылысын туғызуы мүмкін. Мысалы, ұн құрттарының өз жұмыртқасын жеуі. Каннибализм кейбір балықтарда, қосмекенділерде және т.б.жануарларда к

Тақырып 3. Экологиялық жүйелер, функциялары, энергия алмасуы және заттар айналымы. Экологиялық сукцессиялар

Синэкология (Бірлестіктер экологиясы). Биоценоз. Биогеоценоз. Экожүйе Синэкология (гр.тілінен аударғанда – бірге) - әр түрге жататын өсімдіктер, жануарлар, мен микроағзалардың популяцияларының бірлестіктерін (биоценоздар), олардың қалыптасу жолдары мен қоршаған ортамен өзара әсерін зерттейтін экологияның бөлімі. Жеке ғылыми бағыт ретінде синэкология 1910 жылы Халықаралық ботаникалық конгресте бөлініп шықты. «Синэкология» ұғымын ғылымға енгізген швецария ботанигі К.Шретер деген ғалым. спен анықталады - туу орегін табу йтыны белгілі.

Табиғатта әртүрлі түрлердің популяциялары бірегей жүйелерге бірігіп ірі бірлестіктер құрады. Оларды ғылым тілінде «бірлестіктер» немесе «биоценоздар» деп атайды. Биоценоз (bios-өмір, koinos-жалпы) – табиғи жағдайлары бірегей жерлерде тіршілік ететін өсімдіктер, жануарлар мен микроорганизмдердің жиынтығынан тұрады. Биоценоз ұғымын алғаш ретнеміс зоологі К.Мебиус (1877). Биоценоз құрамындағы организмдердің бір-бірімен қарым-қатынасын биоценотикалық тұрғыда қарастыру қажет. Өйткені кез-келген биоценоз өзімен-өзі жеке дамымайды. Ол әрқашан өлі табиғатпен бірлестікте ғана өмір сүреді. Сондықтан биоценоз компоненттерінің қолайлы тіршілік ортасы – биотоптардан тұрады. Яғни биотоп – тірі организмдердің жиынтығы, тіршілік ортасы. Нәтижесінде биоценоз бен биотоп бірлесіп – биогеоценозды құрайды. Алғаш рет бұл терминді ғылымға 1940 ж В.Н.Сукачев енгізген. Ол мынадай анықтама берген: «Жер бетінің белгілі бір бөлігінде табиғи жағдайлары біртекті бірлестік, ол өзін құрайтын компоненттерінің өзара әсерлесу ерекшеліктерімен, белгілі бір зат және энергия алмасуымен, басқа да табиғат құбылыстарымен, ішкі қарама-қайшылықты біртұтастықпен сипатталатын, үнемі қозғалыста, дамуда болатын жиынтық». Сонымен биогеоценоз дегеніміз – биоценоз+биотоптың (экотоп) диалектикалық бірлестігі. Ол төмендегідей құрамдас бөліктен тұрады: өндірушілер (жасыл өсімдіктер); талап етушілер (бірінші-өсімдік қоректі жәндіктер, екінші-жануар тектес қоректілер); ыдыратушылар (микроорганизмдер) және өлі табиғат компоненттері. Міне, осы компоненттер арасында үнемі қарым-қатынастар жүріп жатады.

Экожүйелер – жер шарындағы зат және энергия ағымдары үздіксіз келіп жататын тірі организмдер жиынтығынан тұратын табиғи кешендер. Экожүйелер де өз кезегінде көлемі және биомассасы тұрғысынан ірі немесе кішігірім аймақтарды қамтиды. Олар жер беті (атмосфера), жер асты (литосфера) және су (гидросфера) сияқты тіршілік орталарын қамтиды. Мәселен, мұхит экожүйесі немесе бір тамшы су да толық мәнді экожүйе болып саналады. Экожүйелер өзінің табиғатына қарай – табиғи және антропогендік болып бөлінеді. Экожүйелерге тән негізгі қасиеттер – ондағы күн энергиясы әрекетінен түзілетін қоректік заттардың айналымы мен биологиялық өнімділіктің тұрақтылығы.

Экожүйелердің функциялары: энергия алмасуы және заттар айналымы.

Биоценоздағы тірі ағзалар тек бір-бірімен ғана емес, өлі табиғатпен де тығыз байланысты. Бұл байланыс зат және энергия айналымы арқылы көрінеді. Қоректік заттарда жасуша мен мүшелердің жұмысына қажетті энергия болады. Өсімдіктер күн энергиясын тікелей сіңіріп, оны органикалық қосылыстардың химиялық байланысында қорға жинайды. Кейін ол биоценоздағы қоректік қатынастар арқылы қайта бөлінеді.

Тірі ағзалар арқылы жүретін зат пен энергия ағысы өте үлкен. Мысалы, адам өз өмірінде оңдаған тонна тамақ пен суды, өкпесі арқылы көптеген миллион литр ауаны пайдаланады. Көптеген ағзалардың қоршаған ортамен өзара әсері одан да интенсивті болады.

Өсімдіктер өз денесінің әрбір грамын түзу үшін 200-800 грамға дейін су жұмсайды. Фотосинтезге қажетті заттарды өсімдіктер топырақтан, судан және ауадан алады.

Мұндай жылдамдықпен бейорганикалық табиғаттан тірі заттарға қажетті биогенді элементтердің ағысы жүріп отыратын болса, жердегі олардың қоры әлдеқашан таусылар еді. Бірақ биогенді элементтердің үнемі қоршаған ортаға қайтарылып отыруына байланысты, өмір жалғасып келеді. Биоценоздағы түрлердің арасындағы қоректік қатынастардың нәтижесінде өсімдіктер синтездеген органикалық заттар, өсімдіктер қайта пайдалана алатын қосылыстарға дейін ыдырайды. Бұл процесс биологиялық зат алмасу деп аталады.

Экожүйеде төменгі төрт негізгі құрам бөліктер болған жағдайда ғана зат алмасуды қамтамасыз ете алады. Олар – биогенді элементтердің қоры, өндірушілер, консументтер және редуценттер.

Қоректену әдісіне байланысты барлық ағзалар автотрофтар және гетеротрофтар болып бөлінеді.

Автотрофтар (грек тілінен аударғанда autos - өзі) – бейорганикалық заттардың органикалық заттарға айналуын жүзеге асырады (жасыл өсімдіктер мен кейбір микроорганизмдер).

Гетеротрофтар (грек тілінен аударғанда heteros - әр түрлі) – дайын органикалық заттармен қоректенеді (жоғары сатыдағы паразит-өсімдіктер, саңырауқұлақтар, кейбір микроорганизмдер, барлық жануарлар мен адамдар).

Жерде пайда болған алғашқы ағзалар гетеротрофтар болған, егер автотрофтар пайда болмағанда олар өзін-өзі жойып жіберетін еді. Осы топтардың пайда болуы қарапайым зат алмасудың болуына мүмкіндік берді.

Автотрофтар органикалық затты синтездейді, ал гетеротрофтар оларды пайдаланады. Бұл процесстің барысында органикалық заттың ыдырауы жүреді. Егер ыдырау өнімдерін қайтадан автотрофтар пайдаланса, одан экожүйедегі ағзалар арасында зат пен энергия айналымы түзіледі. Күн энергиясын пайдалана отырып атмосфера, су және топырақ заттарынан өсімдіктер органикалық қосылыстар түзеді. Бұл қосылыстар өсімдіктер үшін құрылыс материалы болып табылады. Олардан өсімдіктердің ұлпалары құралады және олар өсімдіктердің тіршілік функцияларын қамтамасыз ететін энергия көзі болып табылады.

Гетеретрофтар органикалық заттарды бастапқы компоненттерге: көмірқышқыл газы (IV), су, нитраттар, фосфаттар және т.б.дейін ыдырата отырып, оларда қорға жиналған химиялық энергияны босатып шығарады.

Экожүйедегі ағзалар трофтық (қоректік) байланыстарына қарай өндірушілер, консументтер мен редуценттерге бөлінеді.

Консументтер (латын тілінен аударғанда пайдалану) – гетеретрофты ағзалар, өндірушілер түзген органикалық заттармен қоректенеді. Оларға жанарлар, микроорганизмдердің көпшілігі, бунақденеқоректі өсімдіктер жатады. Консументтер бейорганикалық заттардан органикалық зат түзбейді,бірақ бір органикалық затты басқа затқа айналдырады.

Редуценттер (латын тілінен аударғанда – қалпына келтіруші, деструкторлар) органикалық заттарды ыдыратушы және оларды бейорганикалық заттарға айналдырушы ағзалар. Редуценттерге бактериялар, саңырауқұлақтар, сапрофагтар, копрофагтар, некрофактар және т.б. жатады. Олар заттардың биологиялық айналымының соңғы звеносы болып табылады.

Тундралық, орманды, далалық, шөлді және тропиктік бірлестіктердің әрқайсысының өзіне тән биологиялық айналымы мен қоршаған ортамен байланысы болады. Су экожүйелері де ауқымы бойынша да, тіршілік ету жағдайлары бойынша да: судың тұздылығы, су қоймасының тереңдігі, судың мөлдірлігі, күн энергиясының түсуі бойынша да алуан түрлі болып келеді. Бұлардың барлығы биологиялық айналымның жылдамдығына да, циклге қатысатын заттардың жалпы санына да әсер етеді.

Экожүйелердің тұрақтылығының негізгі принципі – энергия ағынымен ұсталып тұратын зат айналымы – Жердегі мәңгі тіршілікті қамтамасыз етеді.

Бұл принцип бойынша тұрақты жасанды экожүйелер, өндірістік технологиялар ұйымдастырылуы мүмкін. Биоценоздағы ағзалардың үйлескен қызметінің бұзылуы, әдетте, экожүйедегі зат алмасудың өзгеруіне әкеліп соқтырады. Бұл топырақ құнарлығының, өсімдіктердің өнімділігінің, жануарлардың өсуі мен өнімділігінің төмендеуіне, табиғи ортаның біртіндеп бұзылуының негізгі себебі болып табылады.

Экологиялық сукцессиялар. Бірлестіктердің құрылымы белгілі бір уақыт барысында, біртіндеп қалыптасады. Мысалы, вулканнан кейінгі аралдағы бірлестіктің даму моделін қарастырайық. Ағаштар мен бұталар жалаңаш, жартасты жыныста өсе алмайды. Себебі, оларға қажет топырақ жоқ. Ал, балдырлар мұндай территорияларға қоныстанып, пионерлік бірлестік түзуге қабілетті. Ағзалардың біртіндеп жиналуы мен тау жыныстарының эрозияға ұшырауынан топырақ қабаты түзіледі.

Мұндай топырақ қабаты мүктер мен папоротниктердің өсуіне мүмкіндік береді. Кейін аталған өсімдіктерден соң қоректік заттарға сұранысы жоғары өсімдіктер – тұқымды өсімдіктер. Соның ішінде шөптер, бұталар, ағаштар қоныстанады. Белгілі бір уақытта жердегі бір биоценоздың екіншісімен алмасуын сукцессиялар деп атайды (латын тілінен аударғанда – бірізділік, тұқым қуалау, кезектесу, ауысу). «Сукцессия» ұғымын 1898 жылы Г.Каулсон енгізген. Қоршаған ортамен тепе-теңдікте болатын, тұрақты соңғы бірлестік – климаксты бірлестік деп аталады.

Климакс (грек тілінен ауд.- баспалдақ) – берілген орта жағдайындағы экожүйенің дамуының соңғы тұрақты күйі. «Климакс» ұғымын 1916 жылы Ф.Клементс ұсынған.

Жалаңаш тау жынысы немесе топырағы жоқ беттің (мысалы, құм, бұрынғы мұздақтың орны) қоныстануынан басталатын сукцессия типін – бірінші реттік деп атайды. Екінші реттік сукцессия өсімдіктері аз, бірақ бұрын тірі ағзалардың әсеріне ұшыраған және органикалық заты бар жерде басталады. Мысалы, кесілген орман, күйген жер, тастап кеткен егіс танабы. Бұл жердегі топырақта тұқымдар, споралар, вегетативтік көбею мүшелері сақталуы мүмкін. Олар сукцессияға әсер етеді.

Алғаш рет сукцессия ілімін жасаған 1916 жылы Клементс болды. Ол Солтүстік Америка бірлестіктерін зерттей отырып, климакстық бірлестіктердің құрамын анықтайтын негізгі фактор, климат екендігі туралы қорытындыға келді. Клементс бойынша берілген климаттық жағдайда тек бір климакстық бірлестік тіршілік ете алады (моноклимакс концепциясы). Қазіргі кезде поликлимакс концепциясы ұсынылған бұл концепция бойынша климакс барлық физикалық факторлардың әсерінен қалыптасады. Ал ол факторлардың біреуі немесе бірнешеуі басым болуы мүмкін (дренаж, топырақ, өрт және т.б.).

Нағыз құрлықтың климакстық бірлестігіне жапырақ түсіретін ормандар жатады. Бірінші ретті өнімнің көп бөлігі ағаш белдеуінде түзіледі, ал интенсивті ыдырау топырақ деңгейінде жүреді. Орман бірлестігінің негізгі ерекшелігі оның белдеулерге бөлінуі болып табылады. Бір биогеоценоздың екіншісіне өтуі бірден болмауы да мүмкін. Барлық уақытта экотоп деп аталатын аралық белдеу болады (мысалы, тоған мен құрлық экожүйесінің арасында батпақты кеңістік, бұталар орман мен даланы бөліп тұрады және т.б.). шекаралық белдеу үлкен болуы да мүмкін, бірақ ол шектесіп жатқан экожүйелерден жіңішке болады. әдетте экотонды бірлестіктердің едәуір түрлері, кейде тек экотонға тән түрлер кіруі мүмкін. Олардың кейбіреулерінің популяцияларының тығыздығы және түрлердің саны шекаралас жатқан экожүйелерден де артық болады. Бірлестіктер шекарасындағы тірі ағзалардың тығыздығы мен алуантүрлілігінің арту тенденциясын шекаралық эффект деп атайды.

Тақырып 4. Биосфера және ноосфера туралы ілім

Биосфера – ғаламдық экожүйе. Үйге: Тірі заттың негізгі қасиеттері.

Жердің ғаламдық экожүйелерінің ең ірісі – биосфера (тіршілік қабығы). Оның даму эволюциясы, болашағы тек жермен байланысты. Биосфераны жан-жақты ғылыми тұрғыда толық зерттеп, оның теориялық негізін салушы академик В.И.Вернадский (1863-1945). Биосфера - өзін құрайтын 3 құрамдас бөлігімен сипатталады. Олар – атмосфера, гидросфера және литосфера (жер қабығы).

Биосфера грек тілінен аударғанда «биос» - өмір, «фера?» - шар деген мағынаны білдіреді. Биосфера – Жер планетасының тірі ағзалар жайлайтын бөлігі, ең үлкен экожүйе. Биосфера терминін австр. ғалым Эдуард Зюсс 1875 жылы енгізген, дегенмен бұл туралы ғылымды негіздеген орыс ғалымы В.И.Вернадский. В.И.Вернадский анықтамасы бойынша, биосфера – тіршілік иелері мен тіршілік көздерінің Жер бетіндегі белгілі бір қабаты. Ал, тіршілік иелері, яғни, тірі органикалық заттар биосферадағы еркін энергияның тасымалдаушы көзі болып табылады. Биосфера атмосфераның төменгі қабатын (тропосфераны), бүкіл су қабатын (гидросфераны) және жердің қатты қабатының (литосфераның) беткі бөлігін қамтиды. Б-ның биіктік шекарасы мұхит деңгейінен 6 км, ал төменгі шекарасы жер қыртысының 15 км тереңдігінде (осындай тереңдіктегі мұхит суларында бактериялар кездеседі), ал мұхитта 11 км тереңдікте кездеседі. Дегенмен негізгі тіршілік дамыған кеңістік бар болғаны ондаған метрді ғана қамтиды. Биосфера өзін-өзі реттейтін экожүйе, мұнда әзірше экологиялық тепе-теңдік сақталуда.

Биосфера шекарасы – тіршіліктің өніп-өсіп, көбеюіне мүмкіндік бар қабат, әдетте, оны Жер бетіндегі 20-25 км деңгейден 11 км мұхит тереңдігі аралығында анықтайды. Шындығында биосфера қабаты аздау – жер бетінен 6-7 км биіктікке, жер астына 6 км тереңдікке, ал мұхитта 11 км тереңдікке таралған.

Биосфераның ластануы – бүкіл тіршілік қабатының әртүрлі зиянды заттектермен ластануы. Б.л. ғылыми техникалық үдеу кезеңінде өндірістің дамуымен көбейе түсуде. Ластану деңгейі адам қоғамының әрекеттеріне байланысты әлемнің әр аймақтарында әр түрлі: бір аймақтарда атмосфера көп ластанса, бір аймақтарда – мұхиттар, басқа аймақтарда жер беті қатты ластануда. Ластағыш заттектер түрлері де әр түрлі: бір аймақтарда шаң-тозаңмен ластанса, бір аймақтарда радиация қаупі мол. Адам қоғамының басты мақсаты осы жайларды болдырмауда.

Планетадағы ағзалардың барлық жиынтығын В.И.Вернадский тірі зат деп атады. Оның негізгі сипаттамасы ретінде массаның химиялық құрамы мен энергиясының жиынтығын қарастырды. Вернадский тұжырымдаған константалық заңы бойынша: биосфераның тірі затының мөлшері (берілген геологиялық кезең үшін) тұрақты (константа) шама болып табылады.

Тірі заттың жалпы массасы 1,8-2,5*1012 т (құрғақ салмағы) бағаланып, ол биосфера массасының (3*1018т)тек болмашы бөлігін ғана құрайды. Егер тірі затты планета бетімен біртегіс етіп орналастырсақ, оның қалыңдығы бар болғаны 2 см болады.

Үйге: Тірі заттың негізгі қасиеттері?

Ноосфера – сана, ақыл ой қабаты. Экологияның 4 заңы

«Ноосфера» терминін алғаш рет қолданғандар философ, математик, палеонтолог және антрополог Эдуард Леруа және палеонтолог Пьер Тейяр Шарден (1927) болды. Ноосфера ұғымымен француз ғалымдары адамның санасы пайда болған кездегі табиғаттың эволюциялық сатысын атады. П.Тейяр Шарден өзінің 1959 жылы жарық көрген «Адам феномені» деген еңбегінде ноосфераны «жаңа қабат», «ойлайтын қабат» деп анықтаған.

Вернадский бойынша ноосфера «адам санасының рөлі және ол бағыттайтын адам еңбегі күшті, өсіп келе жатқан геологиялық күшке айналатын биосфераның даму сатысы болып табылады.

Адам санасы мен ғылыми ойдың ролін бағалай келе В.И.Вернадский мынадай қорытндылар жасады:

1. ғылыми шаруашылықтың дамуы адамның өзі тұратын биосфераны өзгертетін күш болып табылады;

2. биосфераның өзгерістері ғылыми ойдың өсімен қатар жүретін құбылыстар;

3. биосфераның бұл өзгерістері адам еркінен тыс, стихиялы түрде, табиғи процесс ретінде жүреді;

4. тіршілік ортасы – биосфера планетасының ұйымдасқан қабықшасы болғандықтан, оның геологиялық тарихына да оны өзгертудің жаңа факторы – адамзаттың ғылыми жұмысының енуі биосфераның жаңа фазаға, жаңа күйге – ноосфераға өтуі табиғи прцесс.

В.И.Вернадскийдің «Ноосфера туралы бірер сөз» деген мақаласы 1944 жылы жарық көрген ең соңғы еңбегі болды.

Ноосфера – сана, ақыл-ой қабаты, экологияның төрт заңы. Ағылшын ғалымы Б.Коммонер (1974) тірі және өлі табиғаттың арасындағы барлық экологиялық өзара қарым-қатынастарды төрт заңға біріктірген.

Бірінші заңыбарлығы барлығымен байланысты. Бұл заңның негізінде тірі табиғаттағы жалпы байланыстар принципі жатыр. Аталған принцип бойынша табиғаттағы күрделі трофтық немесе басқа да байланыстарда қандай да бір бөлігінің жойылуы кұтпеген нәтижелерге әкеліп соқтыруы мүмкін. әрбір түр көптеген басқа түрлермен байланыста болады.

Адамдардың табиғатқа араласуы күтпеген қолайсыз жағдайларға әкеліп соқтыруы мүмкін. Мысалы, оңтүстік аралдардың бірінде ДДТ препаратының көмегімен масаларға қарсы күрес жүргізілген. Масалар толық жойылды. Біраз уақыттан соң бунақденелілермен қоректенетін кесірткелер қырыла бастаған. Содан соң осы жорғалаушылармен қоректенетін жабайы мысықтардың саны кемибастаған. Нәтижеде тышқандардың саны күрт артып кеткен. Кесірткелердің жойылуы нәтижесінде термиттер көбейіп, үйлердің ағаш тіреулерін зақымдаған. Олай болса масалар да қалыптасқан экожүйенің маңызды құрам бөлігі болып табылады.

Экологияның екінші заңыматерия жойылмайды, жоқтан пайда болмайды, ол бір түрден екінші түрге өтеді. Кез келген табиғи жүйеде бір ағзалардың экскременттері мен қалдықтары екіншілері үшін азық болып табылады. Жануарлардың тыныс алуы нәтижесінде бөлініп шығатын қалдық көмірқышқыл газы жасыл өсімдіктер үшін көрек. өсімдіктер жануарлар тыныс алуы кезінде сіңіретін оттегіні бөліп шығарады. Жанарлардың қалдықтары – оларды ыдырататын бунақденелілер мен бактериялар үшін азық. Ал, олардың қалдықтары – бейорганикалық заттар (азот, фосфор, калий, көмірқышқыл газы және т.б.) - өсімдіктер үшін азық көзі болып табылады.

Үшінші заңтабиғат өзі жақсы біледі. Табиғи жүйеге кез келген ірі антропогенді әсерлер зиянды. Табиғатта егер оны ыдырату жолы болмаса, ешқандай да жаңа органикалық зат жасалмайды.

Тірі ағзада жасалатын кез келген тірі органикалық затты ыдырататын фермент болады. Адамның қолымен жасалған, бұрын табиғатта болмаған жаңа органикалық затты ыдырататын фермент жоқ. Сондықтан бұл зат жинала береді. Бұған улы химикаттар – пестицидтер мен гербицидтер мысал бола алады. Табиғатқа ірі өзгеріс енгізу алдында барлық мүмкін болатын экологиялық нәтижелер қарастырылуы қажет. Орта Азияның ірі өзендері – Сырдария мен Амударияның суын егістікке пайдалану Арал теңізінің деңгейінің айтарлықтай төмендеуіне әкеліп соқтырды. Арал күннен күнге тартылып барады, ал оның маңындағы Сарықамыс ойпаты суға толуда. Шөлді жерлер қолдан батпақтана бастады.

Іле өзенінде Қапшағай ГЭС-нің салынуы Балқаш көлінің деңгейінің төмендеуіне әкелді.

Төртінші заң – тегін еш нәрсе жоқ. Ғаламдық экожүйе біртұтас бүтінді құрайды. Адамның еңбек қызметі нәтижесінде экожүйеден алынған нәрсенің барлығы қайтарылуы тиіс. Біздің көптеген қателіктеріміз табиғаттағы барлық құбылыстардың өзара байланысын практикада пайдалана білмеуімізге байланысты туындап отыр.

Тақырып 5. Экожүйе мен биосферадағы адамның ролі

Биосфера мен экожүйедегі адамның ролі. Биосферада бір жағынан табиғи факторлармен және екінші жағынан адам әрекетімен байланысты антропогендік эволюция барысында туындатын өзгерістер жүріп отырады. Табиғи эволюция мыңдаған жылдар масштабында жүретін болса, антропогендік эволюция ондаған және жүздеген жылдарды ғана қамтиды.

Экожүйелердің антропогендік эволюциясы мақсаттық бағытталған және кездейсоқ деп екі класқа бөлінеді. Бағытталғанда адам жасанды экожүйелердің жаңа типтерін қалыптастырады. Агроэкожүйелер, бақша-саябақтық ансамблдер, теңіздегі қызыл қошқыл балдырлар бақшалары, устрица фермалары т.б. осы эволюция нәтижесі.

Кездейсоқта адам әрекеті нәтижесінде табиғат үшін бөгде заттардың антропогендік айналымы жүреді, ксенобиотиктер (пестицидтер, химиялық ластаушылар), сынап. Экожүйелердің Кездейсоқ антропогендік эволюциясының мақсаттық бағытталған эволюциямен салыстырғанда атқаратын ролі басымдау. Ол әлдеқайда әралуан және регрессивті сипатта болады: биологиялық әралуандылық пен өнімділіктің төмендеуіне әкеліп соғады.

Сырттан келген бөгде түрлер адвентивті түрлер, ал адвентивтітүрлердің экожүйеге ену процессі адвентизация деп аталады. Адвентивті түрлердің қоныстануына экожүйелердің антропогендік бұзылыстары және келімсек түрлер популяцияларының тығыздығын тежей алатын антогонист түрлердің жоқтығы себепші болады.

Табиғи экожүйелердің өзгешелену деңгейі – ауылшаруашылық, қалалық, өнеркәсіптік, экожүйелер қатарында арта түсуде.

Экология- адамның тіршілік ортасы мен онымен қарым- қатынастары, табиғат және қоғам туралы ғылым.

Адам экологиясы- адам мен оны қоршаған ортасының жеке, табиғаттың экономикалық, әлеуметтік қарым- қатынастарының ғылыми негіздегі заңдылықтарын зерттейтін кешенді дисциплина.

Қоршаған орта- адамды қоршап тұрған және оның өмір сүруіне объективті әсер ете алатын, оның түрлі қажеттілігін (биологиялық, мәдени және басқадай) қанағаттандыра алатын объектілер бірлестігі.

Табиғи қоршаған орта- адамның өмір сүру іс- әрекетіне және оның қажеттілігін қанағаттандыратын, тірі және өлі табиғат объектілерінің, өзін қоршаған ортасының бөліктері.

Әлеуметтік экология

Жер экожүйесіндегі адамзат

Адам – жер бетіндегі белгілі болып отырған 3 млн. биологиялық түрдің бірі болып саналады.Ол орны жануарлар дүниесі жүйесінен орын алған:

Сүтқоректілер класы,приматтар отряды,гоминад тұқымдасы,адам туысы, қазіргі уақытқа дейін тек қана бір ғана түр – саналы адам (Нотто sapiens) сақталған.

Адамның биологиялық табиғаты барлық тірі дүниеге бағытталған және өзінің көбеюіне және ұрпағын өсіру мен тәрбиелеуге, оларға максимум қауіпсіздік жасауға, өмір сүруге барынша қолайлы жағдай жасауға бағытталған. Бұл жағдайларды жүзеге асыру адамның өзін қоршап тұрған ортасымен тікелей байланысты.

Адамзатқа табиғатта, популяцияда болып жататын барлық экологиялық құбылыстар мен жағдайлар әсер етеді.Бұл адамнай популяциядағы барлық биологиялық түрлерге ұқсастығын көрсетеді.

Популяциядағы басқа да биологиялық түрлерден адам баласының ерекшеліктері де басым, оларды табиғатпен экологиялық байланыстарынан және оларды жүзеге асыру барысындағы атқарылатын формаларының ерекшеліктерінен көруге болады.

Осылайша, адамның басқа биологиялық түрлермен ұқсастығы оның биологиялық шығу тегіне, биологиялық заңдылықтар жүзеге асатын табиғатына байланысты.Ал олардың экологиялық айырмашылығы оның адамдар қоғамының яғни, қоғамдық және әлеуметтік заңдылықтар жүзеге асырылатын қоғамда өмір сүруінде.Бұл екі құбылыс ғаламшарда жалғыз ғана биоәлеуметтік түр болып саналатын, тек адамзатқа ғана тән құбылыс.

Өзінің шығу тегіне, құрылысына және ағзаның атқарар қызметіне байланысты адам Жер бетіндегі басқа тіршілік иелерінен сапалық жағынан экологиялық байланыстарына қарай ерекшеленеді.

Адамның принципиалды экологиялық ерекшеліктері: келісілген қоғамдық іс-әрекетке негізделген айқын әлеуметтілік,ерекше энергиялық қарулану және әртүрлі еңбек құралдарын жан – жақты пайдалану. Бұл ерекшеліктер жер бетіндегі тірі ағзалар үшін табиғатпен әлеуметтік – экологиялық өзара байланысты тудырады, ал адамның өзі ерекше биоәлеуметтік түр болып табылады.

Құралдарды қолдану мен жасаудың экологиялық нәтижесі және отты пайдалану ертедегі адамдардың эмансипациясында ортаның абиотикалық факторлары әсер еткен сапалы жаңа сатысы болады, сондай- ақ өзінің әлеуметтік байланыстарын басқару мен жасырын энергиясын меңгерудегі ерекшеліктері.Осының бәрі адамның табиғатқа басшылық етуге жағдай жасайды.

Саналы адамның шығуына байланысты адамзаттың сапалық қасиеттері де өзгерді. 40 – мың жылдан астам уақыт аралығында әлеуметтік – экологиялық деп дамып келеді. 20 ғасырдың аяғында экологиялық жағдайлар кризиске ұшырап, адамзатқа жалпы қауып төнді – бұл адамзат алдында глобалды міндеттер қойды.

Экологиялық демография

Адамның саны мен популяциядағы структуралық өзгерісін демография зерттейді.

Адам өзінің демографиялық үрдісіне әсер етуші факторлардың әсерін түзетіп отырады. Адам баласы энергияны қолдана отырып, тамақтанудың түрлі жолданын тауып, сапасын өсіру нәтижесінде, сонымен қатар түрлі құрал жабдықтарды өз қолымен жасау негізінде және қоғамдық өмірге үрене жүріп, өзін және өзінің ұрпағын сырттан келетін түрлі келеңсіз жағдайлардан, жыртқыш аңдар шабуылынан, климаттың кері әсерлерінен, түрлі аурулурдан сақтану жолдарын тапты.Осындан кейін ғана жер бетіндегі тұрғылықты халықтың саны өсіп, өмір сүру ұзақтығы артты және өлуге қарағанда (әсіресе, балалар арасындағы) туудың өсуіне байланысты халық саны да өсе бастады.

Адам санының өсуінің дәлелдейтін мына фактілерді қарастырайық: 1830 жылдар айналасында адамзат баласы өздерінің ең алғашқы миллиард санын белгіледі, ал екінші миллиардты - 100 жылдан кейін (1939 ж.), үшіншісін – 20 жылдан кейін (1960 ж.), төртіншісін – 15 жылдан соң (1975 ж.), бесіншісін – 12 жылдан кейін (19897 ж.) атап өтті.

1994 жылы жер бетінде 5,5 млрд.адам тұрады деп саналған. 2000 жылы олардың саны – 6 млрд. адамға жетті. Тек саналы және сауатты түрдегі демографиялық саясат қана жер бетіндегі адамдар қонысын реттеу проблемаларын шеше алады.

Тақырып 6. Өркениеттің дамуы және ғаламдық экологиялық мәселелер

Өркениеттің дамуыяғни адамзаттың шаруашылық іс-әрекетінің салдарынан көшетхана эффектісі, озон қабатының бұзылуы, қышқыл жаңбыр, тұмша сияқты қолайсыз құбылыстар тудыратын метан, озот оксидтері, т.б.газдардың мөлшері өсуде. Атмосфера мен жер бетінің арасында жылу, ылғал және химиялық элементтер тұрақты алмасып отырады. А-ның негізгі құрамдас бөліктеріне азот, оттек, аргон және көмірқышқыл газы жатады. Аргоннан басқа инертті газдар өте шамалы концентрацияда болады. А-ның ең бір маңызды құрамдас бөлігі оттек болып табылады. Оттек жасыл өсімдіктердегі фотосинтез процесінің нәтижесінде түзіледі. Оттектің табиғаттағы ролі өте зор. Жалпы, Атмосфера жер бетіндегі тіршіліктің дамуында маңызды рол атқарады.

Табиғи және антропогендік факторлардың әсерінен физикалық-химиялық агенттер мен заттектердің атмосфера ауасында түзілуі немесе атмосфера ауасына енуі. Экологтар атмосфераның 2000-ға жуық ластағыш заттектерін есептеді. Мұның едәуір бөлігі негізінен адамны


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: