Жалпы ережелер. 1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының Жер кодексiне сәйкес әзiрлендi және мемлекеттiк жер кадастрын жүргiзу

1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының Жер кодексiне сәйкес әзiрлендi және мемлекеттiк жер кадастрын жүргiзу, жердi сандық және сапалық есепке алу мен жердi бағалау, тiркеу мақсаты үшiн жер учаскелерiн есепке алу, мемлекеттiк жер кадастрының мәлiметтерiн беру және кадастр ақпаратын пайдалану тәртiбiн белгiлейдi.

2. Қазақстан Республикасында мемлекеттiк жер кадастры (бұдан әрi - Кадастр) мемлекеттiк органдарды, жеке және заңды тұлғаларды жер және жекелеген жер учаскелерi туралы ақпаратпен қамтамасыз ету мақсатында жүргiзiледi.

3. Тұйық шекарада бөлiп шығарылған, белгiленген тәртiппен жер құқығы қатынастары субъектiлерiне бекiтiлген жер учаскесi кадастрдың деректерiн есепке алу мен оларды сақтау бiрлiгi болып табылады. Кадастрда әрбiр жер учаскесi үшiн оны кеңiстiкте бiр мәндi бөлуге, мөлшерiн және орналасқан жерiн айқындауға мүмкiндiк беретiн сәйкестендiру сипаттамалар, сондай-ақ учаскенiң кадастрлық бағалау құны белгiленедi.
Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2008.03.18 N 262 Қаулысымен.

4. Кадастрдың құрамына жер учаскесiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылар туралы ақпарат кiредi.

5. Жер учаскесi туралы мәлiметтер осы учаскеге бекiтiлiп берiлген нөмiрi, орналасқан жерi, шекарасы және мәтiндiк сипаттамасы көрсетiлетiн жер-кадастрлық карталармен ара қатынаста болады.

6. Мемлекеттiк жер кадастрының мәлiметтерiн қалыптастыру топографиялық-геодезиялық, аэроғарыштық, картографиялық, жерге орналастыру жұмыстарын, топырақ зерттеу, геоботаникалық зерттеулер мен iздестiрулер, жер мониторингi жөнiндегi жұмыстарды, жердi сандық және сапалық есепке алуды жүргiзумен, нақты жер учаскесiне жер-кадастр iсiн жасаумен, жер-кадастр карталары мен жер учаскесiне сәйкестендiретiн құжат дайындаумен қамтамасыз етiледi.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2006.06.06 N 511, өзгерту енгiзiлдi - 2008.03.18 N 262 Қаулыларымен.

7. Деректердi жинақтау жер учаскесiнiң кадастрлық нөмiрi, жеке немесе заңды тұлғалардың - жер учаскесiне құқық субъектiлерiнiң атауы, атқарушы органдардың кесiмдерi мен өзге де заңнамада көзделген құжаттар, жер учаскесiнiң орналасқан орны мен мөлшерi, кадастрлық (бағалау) құны, жер учаскесiне құқығы мақсатты тағайындауы, бөлiнетiндiгi және бөлiнбейтiндiгi, жер учаскесiне сервитуттар туралы, сондай-ақ атқарушы органдар белгiлеген оны пайдалану жөнiндегi шектеулер туралы ақпараттар тiркелетiн және caқталатын республикалық маңызы бар қаланың, астананың тиiстi аудандарының (облыстық маңызы бар қалалардың) деңгейiнде жүргiзiледi.
Көрсетiлген деректер аудандар (облыстық маңызы бар қалалар), облыстар, республикалық маңызы бар қала, астана және тұтастай алғанда Қазақстан Республикасы бойынша өзара салыстыруға мүмкiндiк беретiн меншiк нысандары, жер санаттары бойынша жүйелендiрiледi.
Ескерту. 7-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2006.06.06 N 511 қаулысымен.

2.2. Кадастрды жүргiзудiң тәртiбi

8. Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында Кадастрды жүргiзу бiрыңғай жүйе бойынша жүзеге асырылады және ол жер учаскелерi туралы мәлiметтердi жинау, құжаттау, жинақтау, өңдеу, есеп жүргiзу және сақтау жөнiндегi дәйектi iс-қимыл болып табылады.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2006.06.06 N 511 қаулысымен.

9. Жер учаскелерiнiң желiлiк және алаңдық сипаттамаларын бейнелеу және өзгерiстер енгiзу мүмкiндiгiн қамтамасыз етуге тиiстi жер-кадастрлық карталар Кадастрдың картографиялық негiзi болып табылады.
Жер-кадастрлық карталардың масштабы есепке алу бiрлiгiнiң мөлшерiне және Кадастрды жүргiзудiң деңгейiне байланысты таңдалады.
Кадастрды автоматтандырылған жүргiзу кезiнде картографиялық негiз геоақпараттық технологияларды қолданумен және қағаз жеткiзгiштермен көшiрмелерiн дайындаумен электрондық карта түрiнде қалыптастырылады.
Ескерту. 9-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2006.06.06. N 511 қаулысымен.

10. Жер учаскелерi туралы ақпарат учаскелер мен жер алқаптарының шекарасы мен алаңдары өзгерген кезде жүйелi түрде жаңартылады.
Ескерту. 10-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2006.06.06. N 511 қаулысымен.

11. Жер учаскесi, егер оның белгiленген шекарасы болса және оған жер-кадастрлық iс жүргiзiлсе, түпкiлiктi қалыптастырылған болып саналады.
Жер-кадастрлық iс - жер учаскесiнiң қалыптасуы туралы iс, оған жер учаскесi туралы құжаттар кiргiзiледi.

11-1. Мемлекеттiк меншiктегi жерлерден берiлетiн жер учаскелерiне жер-кадастрлық iстердi Кадастрды жүргiзетiн мамандандырылған мемлекеттiк кәсiпорындар облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдарының, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкiмдерiнiң шешiмдерi, Қазақстан Республикасының Жер кодексiнде белгiленген құзыретiне сәйкес, облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жер қатынастары жөнiндегi уәкiлеттi органы бекiткен жерге құқық беру туралы жерге орналастыру жобасы және жер учаскесiнiң шекараларын белгiлеу жөнiндегi материалдар негiзiнде жүргiзедi.
Ескерту. 11-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкiметiнiң 2006.06.06. N 511 қаулысымен.

12. Азаматтарға және заңды тұлғаларға иелiк ету не пайдалану құқығымен бұрын берiлген жер учаскелерiн жеке меншiкке немесе пайдалануға берудi алғашқы ресiмдеу кезiнде жер-кадастрлық iс олардың жер учаскелерiнiң орналасқан жерi бойынша облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жер қатынастары жөнiндегi уәкiлеттi органдарына берiлетiн өтiнiштерiнiң негiзiнде жүргiзiледi.
Жер учаскесiне құқық туралы бұрын берiлген құжаттар, ал олар болмаған кезде - бұл учаскенi берген атқарушы органның шешiмiмен учаске шекарасының сызбасы (схемасы) өтiнiшке қосыла берiледi.
Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жер қатынастары жөнiндегi уәкiлеттi органдары көрсетiлген құжаттарды тексерудi жүзеге асырады және осы құжаттарды жер учаскелерiн жергiлiктi жерде зерттеу үшiн Кадастрды жүргiзетiн мамандандырылған кәсiпорындарға жiбередi. Олардың шекаралары, алаңдары және мақсатты тағайындауы өзгергенi белгiлi болған жағдайда, бұл өзгерiстер облыстың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергiлiктi атқарушы органының, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округтер әкiмiнiң, олардың Қазақстан Республикасының Жер кодексiнде белгiленген құзыретiне сәйкес қайта бекiтуiне немесе мүдделi тараптардың арасында жасалатын шартта көрсетуге жатады.
Ескерту. 12-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2006.06.06. N 511, 2008.03.18 N 262 Қаулыларымен.

13. Азаматтардың немесе мемлекеттiк емес заңды тұлғалардың меншiгiндегi жерден учаске құру бөлiнетiн жер учаскесiнiң бөлiгiмен мәмiле жасалған кезде жер учаскесiнiң орналасқан жерi бойынша облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жер қатынастары жөнiндегi уәкiлеттi органына берiлетiн олардың бөлiнетiн жер учаскесiн бөлу туралы өтiнiштерi негiзiнде жүргiзiледi.
Өтiнiшке жер учаскесiне жеке меншiк құқығы туралы құжаттар қоса берiледi.
Бөлудiң нәтижесiнде пайда болған жер учаскелерiне Қазақстан Республикасының Жер кодексiнде белгiленген құзыретiне сәйкес облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жер қатынастары жөнiндегi уәкiлеттi органы бекiткен жер учаскесiн бөлу туралы жерге орналастыру жобасы және жер учаскесiнiң шекараларын белгiлеу жөнiндегi материалдар негiзiнде жаңа жер-кадастрлық iстер жүргiзiледi, ал бөлiнетiн жер учаскесiне бұрын жүргiзiлген жер-кадастрлық iсi Кадастрды жүргiзетiн мамандандырылған кәсiпорынның мұрағатында сақталады.
Бөлудiң нәтижесiнде қалыптасқан жер учаскелерiне сәйкестендiру құжаттарын Кадастрды жүргiзетiн мамандандырылған кәсiпорын дайындайды, оларды өтiнiш берушiге облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жер қатынастары жөнiндегi тиiстi уәкiлеттi органы бередi.
Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2006.06.06. N 511, өзгерту енгiзiлдi - 2008.03.18 N 262 Қаулыларымен.

13-1. Азаматтық-құқықтық мәмiлелердi жүзеге асыру нәтижесiнде не Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де негiздер бойынша жер учаскесiне құқықтары ауысқан жағдайда сәйкестендiру құжаты оны алушыға немесе басқа құқық иесiне берiледi.
Жер учаскесiнiң сәйкестендiру сипаттамаларында өзгерiстер болмаған жағдайда, Кадастрды жүргiзетiн мамандандырылған кәсiпорын жаңа сәйкестендiру құжатын бермейдi, ал жаңа құқық иеленушi туралы жазба жер-кадастрлық кiтапқа және жерлердiң бiрыңғай мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзiледi.
Жер учаскесiнiң есептiк деректерiне жер учаскесiне меншiк құқығының немесе жер пайдалану құқығының ауысуы туралы мәлiметтердi енгiзу оларға жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асыратын орган ұсынатын материалдар негiзiнде жүргiзiледi.
Осы жер учаскесiн кадастрлық есепке қойғаны туралы (жаңа құқық иесi туралы мәлiметтермен бiрге) Кадастрды жүргiзетiн мамандандырылған кәсiпорын екi апта мерзiмде жер учаскесi орналасқан орны бойынша республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) атқарушы органына хабарлайды.
Ескерту. 13-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкiметiнiң 2008.03.18 N 262, өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2011.07.18 N 820 (алғаш ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулыларымен.

14. Азаматтардың және заңды тұлғалардың меншiгiндегi немесе пайдалануындағы жерден мемлекеттiк мұқтаждықтар үшiн жер учаскесiн қалыптастыру кезiнде оған жүргiзiлген жер-кадастрлық iске жаңа учаскенi құру үшiн негiз болып табылатын жер учаскесiн мемлекеттiк мұқтаждықтар үшiн алу туралы атқарушы органның шешiмi не соттың шешiмi, сондай-ақ жоспар (шекара сызбасы) және басқа құжаттар кiргiзiледi.
Ескерту. 14-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2008.03.18 N 262 Қаулысымен.

15. Мемлекеттiк мұқтаждар үшiн жасалатын жер учаскесiнiң бiр бөлiгiн алып қою жағдайында жаңа жер-кадастрлық iс жүргiзiлмейдi. Жер учаскесiн қайта ұйымдастыру процесiмен бiрге жүретiн барлық құжаттар осы учаскеге бұрын жүргiзiлген жер-кадастрлық iске кiргiзiледi.
Ескерту. 15-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2006.06.06. N 511, 2008.03.18 N 262 Қаулыларымен.

15-1. Бiрнеше жер учаскелерi бiрге қосылған кезде жаңа кадастрлық iсi ашылады, оған осы учаскелерге бұрын жүргiзiлген кадастрлық iстер жинақталады. Бiрiктiру нәтижесiнде құрылған жер учаскесiне жаңа сәйкестендiру құжаты дайындалады.
Ескерту. 15-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкiметiнiң 2008.03.18 N 262 Қаулысымен.

16. Азаматтар мен заңды тұлғалардан ерiксiз алуға не тәркiлеуге жататын жер учаскесiнiң жер-кадастрлық iсiне сот-атқарушылық iс жүргiзу құжаттары кiргiзiледi.

17. Қалыптастырылған жер-кадастрлық iс жер учаскесiн жер-кадастрлық кiтабына жазу және бiрыңғай мемлекеттiк жер тiзiлiмiне жер учаскесi туралы мәлiметтердi енгiзу үшiн негiз болады.
Бiрыңғай мемлекеттiк жер тiзiлiмi құқықтық, сәйкестендiру, экономикалық және басқа да сипаттамаларды қамтитын Кадастр құрамындағы жер учаскелерiн есепке алудың қорытынды құжаты болып табылады.
Ескерту. 17-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2006.06.06. N 511 қаулысымен.

18. Жер-кадастрлық кiтабы жер учаскелерi есепке алынатын, жердiң кеңiстiк, табиғи және шаруашылық жағдайы туралы анық мәлiметтер қамтылатын құжат болып табылады.
Ескерту. 18-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2006.06.06. N 511 қаулысымен.

19. Жердiң жер-кадастрлық картасы жер учаскелерiнiң орналасқан жерiн, мөлшерлерiн және шекараларын көрнектi кескiндеу, бiрiктiру және бөлу кезiндегi олардың өзгерiстерiн есепке алу мақсатында құрылады және жүргiзiледi. Кадастр және жер учаскелерiн есепке алу үшiн жер-кадастрлық карталар жүргiзу осы Ереженiң 39 және 41-42-тармақтарында көзделген тәртiппен жүзеге асырылады.

20. Кадастр қағаз жеткiзгiшпен жүргiзiледi және ақпараттарды жинақтаудың, өңдеудiң және сақтаудың электрондық жүйелерiн пайдалана отырып жүргiзiлуi мүмкiн.

21. Кадастрдың автоматтандырылған ақпараттық жүйелерi жұмыс iстеу тәртiбiн жер ресурстарын басқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган айқындайтын мамандандырылған бағдарламалық-техникалық кешендердiң базасында құрылады.

22. Жер-кадастрлық құжаттама мынадай талаптарға сәйкес болуы тиiс:
барлық деректемелердi (оларды шығарушы органның, мекеменiң, ұйымның атауын, күнiн, құжаттың нөмiрiн, мекен-жайын (құжатты алушыны) көрсету) толтыра отырып белгiленген үлгiдегi бланкiлерде орындалады;
жер учаскелерi шекараларының жоспарларын (сызбаларын) дайындау жер ресурстарын басқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган белгiлейтiн техникалық талаптарға сәйкес жүзеге асырылады;
мемлекеттiк құпияға жатқызылған жер учаскелерiнiң жоспарларында (сызбаларында) қамтылатын мәлiметтер олардың құпиялылығын қамтамасыз ететiн белгiленген ережелерге сәйкес пайдаланылады және сақталады.

2.3. Жердi сандық және сапалық есепке алуды жүргiзу мен бағалаудың тәртiбi

23. Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан жер учаскелерi жерге меншiк нысанына, жер учаскелерiнiң мақсатты тағайындауына және оларды пайдаланудың рұқсат етiлген сипатына қарамастан, кадастрлық есепке алуға жатады.
Жер учаскелерiн кадастрлық есепке алу олардың орналасқан жерiнде бiрыңғай әдiстеме бойынша жүргiзiледi.
Жердi сандық және сапалық есепке алу олардың нақты жағдайы және пайдаланылуы бойынша жүргiзiледi. Барлық өзгерiстер олар жергiлiктi жерде болғаннан кейiн тiркеледi. Жердi есепке алудың деректерi әрбiр жер учаскесi бойынша жер-кадастрлық кiтапқа және бiрыңғай мемлекеттiк жер тiзiлiмiне енгiзiледi.
Есептiк деректер жер учаскелерi, елдi мекендер, аудандар (облыстық маңызы бар қалалар), облыстар, астана, республикалық маңызы бар қала бойынша қалыптастырылады. Бұл peттe ерекше қорғалатын табиғи және тарихи-мәдени объектiлер орналасқан учаскелер бөлек көрсетiледi.
Барлық санаттағы жерлер есепке алуға жатады және ол жер алқаптарының түрлерi бойынша жүргiзiледi.
Жердiң мөлшерi, орналасқан жерi, саны мен сапасы туралы қажеттi мәлiметтер оларды бастапқы есепке алу кезiнде тiркелер, ал жердiң құрамында, олардың сапасы мен пайдалану түрiнде болған өзгерiстер жердiң ағымдағы есебiн жүргiзу процесiнде анықталады.
Ескерту. 23-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2006.06.06 N 511 қаулысымен.

24. Кадастрлық деректердi нақтылау және жаңарту мақсатында:
1) жер учаскелерiнiң иелерi мен жер пайдаланушылар, уәкiлеттi лауазымды тұлғалар мен тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердегi (ауыл (село), кент, облыстық және аудандық маңызы бар қала) жергiлiктi атқарушы органдар eceптi жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша жыл сайын республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жер қатынастары жөнiндегi уәкiлеттi органына тиiсiнше жердiң жай-күйi мен пайдаланылуы, меншiктегi және пайдаланудағы, сондай-ақ тиiстi әкiмшiлiк-аумақ бiрлiктердiң (ауыл (село), кент, аудандық және облыстық маңызы бар қалалар) әкiмдерiнiң қарауындағы жерлердiң құрамында болып жатқан өзгерiстер туралы белгiленген нысан бойынша есептер ұсынады;
Республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жер қатынастары жөнiндегi уәкiлеттi органы ұсынылған есептердi қарайды әрi бекiтедi және оларды болған өзгерiстердi жер-кадастрлық кiтапқа және бiрыңғай мемлекеттiк жер тiзiлiмiне енгiзу үшiн Кадастр жүргiзетiн мамандандырылған кәсiпорындарға жiбередi.
2) Облыстың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жер қатынастары жөнiндегi уәкiлеттi органдары жерлердiң бар-жоғы және олардың санаттар, жер учаскелерiнiң меншiк иелерi, жер пайдаланушылар мен алқаптардың бөлiнуi туралы жыл сайынғы есептердi (жер балансын), сондай-ақ есептi жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының аудандары (облыстық маңызы бар қалалары), республикалық маңызы бар қаласы, астанасы, облыстары бойынша мемлекеттiң жер учаскелерiн меншiкке сатуы туралы мәлiметтердi жер ресурстарын басқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган әзiрлейтiн және мемлекеттiк статистика саласындағы орталық уәкiлеттi орган бекiтетiн нысандар бойынша жасайды.
Жер ресурстарын басқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жер балансының деректерi негiзiнде Қазақстан Республикасының жер балансын жасайды.
Кадастрды жүргiзетiн мамандандырылған кәсiпорындар 5 жылда бiр рет аудандар (облыстық маңызы бар қалалар), облыстар, республикалық маңызы бар қала, астана бойынша және тұтастай алғанда республика бойынша жерлердiң сапалық жағдайы туралы есептер жасайды.
Ескерту. 24-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2006.06.06 N 511, 2010.06.17 № 600 Қаулыларымен.

25. Жердiң сапасын есепке алу және кадастрлық бағалау:
мақсатты тағайындауын ескерiп, жер учаскесiн пайдалану тиiмдiлiгiн анықтау;
жер учаскесiн жеке меншiкке сатқан кезде оның бағасын (жер учаскесiн жалдау құқығын сату төлемiн) анықтау;
салық салу;
жер учаскесiн мемлекеттiк мұқтаждықтар үшiн ерiксiз алу кезiнде және иелiктен айыру жағдайында сатып алу бағасы мен төлем мөлшерiн сотпен анықтау мақсатында жүргiзiледi.
Жердiң сапасы және оның кадастрлық бағасы туралы мәлiметтер әрбiр жер учаскесi бойынша жер-кадастрлық кiтапта көрсетiледi.
Ескерту. 25-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2006.06.06 N 511, 2008.03.18 N 262 Қаулыларымен.

26. Жердiң бар-жоғы, олардың санаттар, жер учаскелерiнiң меншiк иелерi, жердi пайдаланушылар және алқаптар бойынша бөлiнуi туралы есептердi (жер балансын) осы Ереженiң 24-тармағына сәйкес мыналар жасайды:
аудан және облыстық маңызы бар қала бойынша - аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жер қатынастары жөнiндегi уәкiлеттi органы және есептi жылдың 1 қарашасынан кешiктiрмей жер қатынастары жөнiндегi облыстық уәкiлеттi органға ұсынады;
облыс, республикалық маңызы бар қала және астана бойынша - аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың деректерi негiзiнде облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жер қатынастары жөнiндегi уәкiлеттi органы және есептi жылдың 20 қарашасынан кешiктiрмей жер ресурстарын басқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға ұсынады.
Жер ресурстарын басқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган есептi жылдан кейiнгi 20 қаңтардан кешiктiрмей, Қазақстан Республикасы жерiнiң (республикалық маңызы бар қалалар, облыстар бойынша және тұтастай алғанда республика бойынша) бар-жоғы, олардың сапалық жағдайы және пайдаланылуы туралы есептi алқада қарайды.
Жер ресурстарын басқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган жиынтық талдамалы есептiң көшiрмесiн Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгiне, Ауыл шаруашылығы министрлiгiне, Қоршаған ортаны қорғау министрлiгiне және Қазақстан Республикасының Статистика жөнiндегi агенттiгiне жолдайды.
Ескерту. 26-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2006.06.06. N 511 қаулысымен.

2.4. Тiркеу мақсаты үшiн жер учаскелерiн есепке алу

27. Тiркеу мақсаты үшiн жер учаскелерiн және олардағы жылжымайтын мүлiктi есепке алу меншiк құқығы мен басқа да құқықтарды, сондай-ақ жылжымайтын мүлiкке ауыртпалықты мемлекеттiк тiркеудi қамтамасыз ететiн қажеттi шарт болып табылады.

28. Жер учаскелерiн есепке алу кезiнде мына деректердi тiркеу мiндеттi болып табылады:
жер учаскесi иесiнiң немесе оны пайдаланушының аты-жөнi;
жер учаскесiнiң алаңы;
жер учаскесiне меншiктiң нысаны;
жер учаскесiнiң мақсатты тағайындалуы;
жер учаскесiн пайдаланудағы шектеулер және ауыртпалықтар;
жер учаскесiнiң бөлiнетiндiгi немесе бөлiнбейтiндiгi;
жер учаскесiнiң кадастрлық нөмiрi.
Ескерту. 28-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2008.03.18 N 262 Қаулысымен.

29. Жер кадастрын жүргiзгенде әрбiр жер учаскесiне жер учаскесiнiң орналасқан жерiн анықтау (сәйкестендiру) мақсатында жеке, Қазақстан Республикасының аумағында қайталанбайтын, учаске бiртұтас болып тұрғанша сақталатын, кадастрлық нөмiр берiледi. Жер-кадастрлық iс те осындай нөмiрге сәйкестендiрiледi.
Ескерту. 29-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2006.06.06. N 511 қаулысымен.

30. Жеке және заңды тұлғалар жер учаскесiне кадастрлық нөмiрдi беру үшiн Кадастрды жүргiзетiн мамандандырылған кәсiпорынға өтiнiш жасайды, ал жер учаскесiне сәйкестендiретiн ескi үлгiдегi құжатты жаңаға ауыстыру үшiн жер учаскесiнiң орналасқан жерi бойынша облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жер қатынастары жөнiндегi уәкiлеттi органына жүгiнедi.
Өтiнiшке жер учаскесiне сәйкестендiретiн құжаттың түпнұсқасы қоса берiледi.
Ескерту. 30-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2006.06.06. N 511, өзгерту енгiзiлдi - 2008.03.18 N 262 Қаулыларымен.

31. Жер учаскесiн сәйкестендiру оны жер-кадастрлық картада көрсету жөнiндегi жұмыстарды жүргiзу бұл учаскенiң нақты шекараларын, шектеулер мен ауыртпалықтардың бар-жоғын айқындаудан, басқа тұлғалар құқықтарының сипатын, сондай-ақ мақсатты пайдаланылуын анықтаудан басталады. Жер учаскесiнiң шекарасын белгiлеу және оларды ресiмдеу рәсiмдерi жер ресурстарын басқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органның бұйрықтарына сәйкес жүргiзiледi.
Ескерту. 31-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2006.06.06. N 511 қаулысымен.

32. Жер учаскесiн сәйкестендiру жөнiндегi жұмыстардың нәтижелерi бойынша мамандандырылған кәсiпорын жер учаскесiне кадастрлық нөмiр бередi, ескi үлгiдегi құжатқа тиiстi белгi жасайды және оны өтiнiш берушiге бередi. Жер учаскесiне кадастрлық нөмiрдi бергенi туралы ақпарат жер учаскесiнiң орналасқан жерi бойынша жер қатынастары жөнiндегi тиiстi уәкiлеттi органға ұсынылады.
Жер учаскесiне құқығы туралы ескi үлгiдегi құжатты облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жер қатынастары жөнiндегi уәкiлеттi органы өзiнiң құзыретiне сәйкес өтiнiш берушiге беретiн сәйкестендiретiн жаңа құжатқа ауыстыру өтiнiш берушiнiң қалауы бойынша жүзеге асырылады.
Жер-кадастрлық кiтапқа, кадастрлық iске және мемлекеттiк жер тiзiлiмiне тиiстi жазба жасалады.
Ескерту. 32-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2006.06.06. N 511, өзгерту енгiзiлдi - 2008.03.18 N 262 Қаулыларымен.

33. Кадастрлық нөмiрдi құру:
облыстың немесе республикалық маңызы бар қалалардың, астананың коды мен;
ауданның немесе облыстық (аудандық) маңызы бар қаланың кодымен;
есептi кварталдың кодымен;
жер учаскесiнiң есептi кварталдағы реттiк нөмiрiмен айқындалады.
Елдi мекеннiң кварталы, жұмыс кенттерi және ауылдық елдi мекендер, бағбандық және саяжайлық қоғамдар, желiлiк объектiлер: темiр жол, автомобиль жолдары, жердегi, жер үстi және жер асты құбыр желiлерi бөлу жолақтарымен, суаттар және басқалар есептi кварталдар болып табылады.
Ескерту.
Жер учаскесi кадастрлық нөмiрiнiң екi алғашқы саны облыстың немесе республикалық маңызы бар қалалардың, астананың кодын, одан кейiнгi үшеуi - ауданның немесе облыстық (аудандық) маңызы бар қаланың, одан кейiнгi тағы үшеуi - есептi кварталдың кодын және соңғы үш сан - есептi кварталдың iшiндегi жер учаскесiнiң реттiк нөмiрiн бiлдiредi.
Есептi квартал iшiнде жер учаскелерiнiң саны 999-дан асқан жағдайда, осы есептi квартал iшiнде қалыптасатын келесi жер учаскелерiне төрт таңбалы реттiк нөмiр берiледi.
Ескерту. 33-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2006.06.06. N 511 қаулысымен.

34. Есептi кварталдардың және/немесе аудандардың, облыстық (аудандық) маңызы бар қалалардың, астананың iшiндегi есептi кварталдардың кодтары мен жер учаскелерiнiң кадастрлық нөмiрлерiн Кадастрды жүргiзетiн мамандандырылған кәсiпорындар бередi.
Ескерту. 34-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2006.06.06. N 511 қаулысымен.

35. Егер осы Ережеге сәйкес есептi кварталға код беру объективтi себептер бойынша мүмкiн болмаса, онда осы кварталдың iшiндегi жер учаскелерiне уақытша (шартты) кадастрлық нөмiрлер берiледi. Бұл жағдайда мұндай кварталдың коды нақты есептi кварталдағы кадастрлық нөмiрдiң шартты белгiсiн көрсетуге тиiс "9" санынан басталады. Есептi кварталдың заңды мәртебесiн кейiннен анықтау кезiнде бұрын берiлген шартты нөмiрдi көрсете отырып оған нағыз код берiледi.

36. Жер учаскесiн бiрнеше бөлiкке бөлу немесе бiрнеше жер учаскелерiн бiреуге бiрiктiру кезiнде ескi нөмiрлер жойылады және жаңа кадастрлық нөмiрлер берiледi.

37. Бүтiн жер учаскесiне меншiк құқығы немесе жердi пайдалану құқығы басқа меншiк иесiне немесе жердi пайдаланушыға ауысқан кезде жер учаскесiнiң кадастрлық нөмiрi ауыстырылмайды.
Ескерту. 37-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2008.03.18 N 262 Қаулысымен.

38. Кадастрды жүргiзетiн мамандандырылған кәсiпорын жер учаскесiне кадастрлық нөмiр берiлгендiгi және бұл учаскенiң жер-кадастрлық есепке қойылғандығы туралы өтiнiш берушi мен тiркеушi органға хабарлайды. Өтiнiш игерушiге жер учаскесiнiң жаңа кадастрлық нөмiрi бар және жер-кадастрлық картадағы (схемадағы) өзгерiстер көрсетiлген жер-кадастрлық картаның (схеманың) тиiстi бөлiгiнiң расталған көшiрмесi берiледi.

39. Кадастрды жүргiзудiң деңгейiне қарай жер-кадастрлық карталар (схемалар):
Қазақстан Республикасының жер-кадастрлық картасы (схемасы) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың шекаралары мен кодтары көрсетiле отырып;
облыстың жер-кадастрлық картасы (схемасы) аудандардың және облыстық (аудандық) маңызы бар қалалардың шекаралары мен кодтары көрсетiле отырып;
республикалық маңызы бар қаланың, астананың жер-кадастрлық картасы қаланың iшiндегi аудандардың шекаралары мен кодтары көрсетiле отырып;
ауданның, облыстық (аудандық) маңызы бар қаланың жер-кадастрлық картасы (схемасы) eceптi кварталдардың шекаралары мен кодтары көрсетiле отырып;
есептi кварталдың жер-кадастрлық картасы (схемасы) жер учаскелерiнiң шекаралары мен кадастрлық нөмiрлерi көрсетiле отырып бақылау жағдайында құрылады және ұсталады.
Ескерту. 39-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2006.06.06. N 511 қаулысымен.

40. Жер-кадастрлық картада (схемада) жер учаскелерiнiң шекаралары жер учаскелерiне сәйкестендiру құжаттарына және картаның (схеманың) масштабындағы жердi пайдалану жоспарларына сәйкес көрсетiледi.
Ескерту. 40-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2008.03.18 N 262 Қаулысымен.

41. Қажет болған кезде жер-кадастрлық карталар (схемалар) бiрнеше бөлiкте дайындалуы мүмкiн.

42. Жер-кадастрлық карталары (схемалары) жүргiзудi және кейiннен жаңартуды Кадастрды жүргiзетiн мамандандырылған кәсiпорындар жүзеге асырады.
Ескерту. 42-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2006.06.06. N 511 қаулысымен.

2.5. Кадастрдың деректерiн беру және ақпаратын пайдалану

43. Мыналар Кадастрдың мәлiметтерiн пайдаланушылар болып табылады:
аумақтарды дамытуды жоспарлау, жердi аймақтарға бөлу, табиғат ресурстарын ұтымды пайдалану жөнiндегi бағдарламаларды әзiрлеу мәселелерi, жер ресурстарын басқаруға байланысты басқа да мәселелер бойынша - мемлекеттiк басқару органдары;
жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркеу саласындағы уәкiлеттi органдар;
мемлекеттiк статистика саласындағы органдар;
құрылыс салуға жер учаскелерiн таңдау және беру (сату) мәселелерi бойынша - құрылыс және басқа объектiлерге тапсырыс берушiлер;
жобалау-iздестiру және ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындау үшiн бастапқы деректер алу мәселелерi бойынша - жобалау, iздестiру, ғылыми-зерттеу ұйымдары;
мемлекеттiк қала құрылысы кадастрын жүргiзу, қала құрылысы және басқа да құжаттаманы әзiрлеу мәселелерi бойынша - сәулет-қала құрылысы қызметi саласындағы уәкiлеттi органдар;
табиғи ресурстардың пайдаланылуын және қоршаған ортаның жай-күйiн бақылауды жүргiзу, табиғат қорғау iс-шараларын әзiрлеу мәселелерi бойынша - қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органдар;
жер салығын есептеу мәселелерi бойынша - салық қызметiнiң органдары;
өзге де жеке және заңды тұлғалар.
Ескерту. 43-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2011.07.18 N 820 (алғаш ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.

44. Белгiлi бiр жер учаскесi туралы кадастрдың мәлiметтерi қағаз немесе магниттiк жеткiзгiштерде, сондай-ақ техникалық және телекоммуникациялық байланыс құралдары қолданыла отырып, Кадастр деректерi банкiне тiкелей санкцияландырылған рұқсат түрiнде жер учаскесiн есепке алу орны бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен берiледi.
Ескерту. 44-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2006.06.06. N 511 қаулысымен.

45. Кадастрдың жер учаскелерi туралы мәлiметтерi жер-кадастрлық карталармен (жоспарлармен) ара қатынаста болады.
Кадастрдың мемлекеттiк құпияларды және өзге де шектеулердi қамтымайтын мәлiметтерi жалпыға қол жетiмдi болып табылады және мүдделi жеке және заңды тұлғаларға ақылы негiзде берiледi.
Кадастрдың мәлiметтерiн мемлекеттiк органдарға беру осы мақсаттарға көзделген бюджет қаражаты есебiнен тегiн негiзде жүзеге асырылады.
Ескерту. 45-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2008.03.18 N 262 Қаулысымен.

45-1. Жер учаскелерi жөнiндегi жер-кадастрлық iстер, жер-кадастрлық кiтаптар, бiрыңғай мемлекеттiк жер тiзiлiмi Кадастрды жүргiзетiн мамандандырылған кәсiпорынның мұрағатында тұрақты түрде сақталуға тиiс.
Ескерту. 45-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкiметiнiң 2006.06.06. N 511 қаулысымен.

46. Кадастрдың мәлiметтерiн алу режимiн бұзу немесе анық емес ақпараттарды ұсыну заңнамалық кесiмдерде көзделген жауапкершiлiкке әкеп соқтырады.

Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2003 жылғы 20 қыркүйектегi
N 958 қаулысымен бекiтiлген

Жер учаскелерiнiң кадастрлық нөмiрлерiн қалыптастыpу мақсаты үшiн облыстарға, республикалық маңызы бар қалаларға, астанаға, аудандарға және облыстық (аудандық) маңызы бар қалаларға берiлетiн кодтардың
ТIЗБЕСI

Ескерту. Тiзбеге өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2006.06.06
N 511, 2007.10.28 N 1000, 2008.09.03 N 818, 2008.09.18 N 855
Қаулыларымен

Әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк Коды Әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк Коды  
Ақмола облысы - 01 Ақтөбе облысы - 02  
Ақкөл   Байғанин    
Астрахан   Алға    
Атбасар   Әйтеке би    
Сандықтау   Ырғыз    
Аршалы   Мұғаджар    
Ерейментау   Қарғалы    
Егiндiкөл   Мәртeк    
Қорғалжын   Темiр    
Бұланды   Ойыл    
Целиноград   Қобда    
Шортанды   Хромтау    
Ақкөл   Шалқар    
Атбасар   Ақтөбе қаласы    
Ерейментау   Алға қаласы    
Макинск   Қандыағаш    
Степногор   Темiр қаласы    
Шаңтөбе   Хромтау қаласы    
Зерендi   Шалқар қаласы    
Щучьe   Ембiқаласы    
Еңбекшiлер        
Заозерный        
Көкшетау        
Степняк        
Щучье        
Жарқайың        
Есiл        
Жақсы        
Державин        
Есiл        
Красногор        
   
Алматы облысы - 03 Атырау облысы - 04  
Балқаш   Жылыой    
Еңбекшiқазақ   Индер    
Жамбыл   Исатай    
Iле   Қызылқоға    
Қарасай   Құрманғазы    
Райымбек   Мақат    
Талғар   Махамбет    
Ұйғыр   Атырау қаласы    
Есiк        
Қапшағай        
Қасқелең қаласы        
Талғар        
Ақсу        
Алакөл        
Қаратал        
Кербұлақ        
Көксу        
Панфилов        
Сарқанд        
Ескелдi        
Жаркент        
Сарқант қаласы        
Tалдықорған қаласы        
Текелi қала        
Үштөбе қаласы        
Yшарал қаласы        
   
Шығыс Қазақстан облысы - 05 Жамбыл облысы - 06  
Глубокий   Байзақ    
Зырян   Жамбыл    
Қатон-Қарағай   Жуалы    
Күршiм   Қордай    
Тарбағатай   Т.Рысқұлов атындағы    
Ұлан   Мерке    
Шемонаиха   Мойынқұм    
Зайсан   Сарысу    
Зырян   Талас    
Риддер қаласы   Шу    
Серебрянск қаласы   Тараз қаласы    
Өскемен   Жаңатас қаласы    
Шемонаиха қаласы   Қаратау қаласы    
Абай   Шу қаласы    
Аягөз        
Бесқарағай        
Бородулиха        
Жарма        
Көкпектi        
Үржар        
Аягөзқаласы        
Семейқаласы        
Шарқаласы        
Зайсан        
   
Батыс Қазақстан облысы - 08 Қарағанды облысы - 09  
Бөрiлi   Ақтоғай    
Жаңақала   Жаңаарқа    
Жәнiбек   Ұлытау    
Зеленов   Шет    
Казталовка   Балқаш қаласы    
Қаратөбе   Жезқазған қаласы    
Сырым   Қаражал қаласы    
Тасқала   Приозерск қаласы    
Теректi   Сәтпаев қаласы    
Бөкейорда   Қарқаралы    
Ақжайық   Абай    
Шыңғырлау   Нұра    
Ақсай қаласы   Осакаровка    
Орал қаласы   Бұхар-Жырау    
Чапаев қаласы   Абай қаласы    
    Қарағанды қаласы    
    Қарқаралы қаласы    
    Саран қаласы    
    Темiртау қаласы    
    Шахтинск қаласы    
   
Қызылорда облысы - 10 Қостанай облысы - 12  
Арал   Алтынсарин    
Жалағаш   Жiтiқара    
Жаңақорған   Қамысты    
Қазалы   Қарасу    
Қармақшы   Қарабалық    
Сырдария   Қостанай    
Шиелi   Ұзынкөл    
Қазалы қаласы   Меңдiқара    
Қызылорда қаласы   Наурызым    
    Денисов    
    Әулиекөл    
    Таран    
    Сарыкөл    
    Феодоров    
    Жiтiқара қаласы    
    Қостанай қаласы    
    Лисаковск қаласы    
    Рудный қаласы    
    Амангелдi    
    Жангелдi    
    Арқалық қаласы    
   
Маңғыстау облысы - 13 Павлодар облысы - 14  
Бейнеу   Ақтоғай    
Қарақия   Баянауыл    
Маңғыстау   Железинка    
Түпқараған   Ертiс    
Ақтау қаласы   Қашыр    
Жаңаөзен қаласы   Лебяжi    
Форт-Шевченко қаласы   Май    
Мұнайлы   Павлодар    
    Успен    
    Шарбақты    
    Ақсу қаласы    
    Ертiс селосы    
    Курчатов қаласы    
    Павлодар қаласы    
    Екiбастұз қаласы    
   
Солтүстiк Қазақстан облысы - 15 Оңтүстiк Қазақстан облысы - 19  
Айыртау   Бәйдiбек    
Уәлиханов   Арыс    
Тайынша   Мақтаарал    
Ғ.Мүсiрепов атындағы   Қазығұрт    
Ақжар   Ордабасы    
Қызылжар   Отырар    
Мағжан Жұмабаев   Сайрам    
Жамбыл   Сарыағаш    
Есiл   Созақ    
Мамлют   Төлеби    
Шал ақын   Түлкiбac    
Аққайың   Шардара    
Тимирязев   Арыс қаласы    
Булаево қаласы   Жетiсай қаласы    
Мамлютка қаласы   Кентау қаласы    
Петропавл қаласы   Леңгiр қаласы    
Сергеев қаласы   Сарыағаш қаласы    
Тайынша қаласы   Түркiстан қаласы    
    Шардара қаласы    
    Шымкент қаласы    
   
Алматы қаласы - 20 Астана қаласы - 21  
Алмалы   Алматы    
Әуезов   Сарыарқа    
Бостандық   Есiл    
Жетiсу        
Медеу        
Түрксiб        
Алатау        
             

Өз-өзiн бақылау сұрақтары:

1.Кадастрды жүргiзудiң тәртiбi?

2. Жердi сандық және сапалық есепке алуды жүргiзу мен бағалаудың тәртiбi?

3. Тiркеу мақсаты үшiн жер учаскелерiн есепке алу?

4. Кадастрдың деректерiн беру және ақпаратын пайдалану?

Ұсынылатын әдебиеттер:

3. Закон Республики Казахстан от 30.11.2000 № 109–II «Об оценочной деятельности в Республике Казахстан» «О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам оценочной деятельности» от 09.11.2009 № 197– 4 Альжанова Ф.Г. Рынок технологий в условиях глобализации: институты и механизмы развития Казахстана – Алматы, 2007, - 18 с.

4. Стандартты оценки Республики Казахстан Утвержден приказом Министра юстиции Республики Казахстан

3 ЛЕКЦИЯ МСФО ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРЖЫ ЕСЕПТІЛІГІНІҢ СТАНДАРТЫ

Дәрістің мақсаты: МСФО Халықаралық қаржы есептілігінің стандартын ашып көрсету

Негізгі сұрақтары:

1.Жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар
2. Бастапқы шығындар
3. Келесі шығындар
4.Бастапқы құнды бағалау

3.1.Жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар

МАҚСАТЫ
1. Осы Cтандарттың мақсаты қаржы есептілігін пайдаланушылар ұйымны&


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: