Туризм индустриясы

Қазiргi туризм индустриясы табысы жоғары және серпiндi дамып келе жатқан қызмет көрсетулердің, халықаралық сауда сегменттерінің бiрi. Туризмнiң жылдам және тұрақты өсуiн, оның қоршаған ортаға, экономиканың барлық секторлары мен қоғамның әл-ауқатына күштi әсерiн назарға ала отырып, Үкiмет Қазақстанның ұзақ мерзiмдiк даму бағдарламасында туристiк саланы басымдық ретiнде белгiлеп тұжырымдама қабылдады. Осы Тұжырымдама туризм саласында тұтас мемлекеттiк саясатты қалыптастыруды, Қазақстанда қазiргi заманғы бәсекеге қабiлеттi туризм индустриясының құқықтық, ұйымдастырушылық және экономикалық негiздерiн қалыптастыруды көздейдi. Өнеркәсiп пен экономиканың басқа да салаларының бәсекеге қабiлеттiлігі көп жағдайда өндiрiстiк және әлеуметтiк инфрақұрылым жағдайына тәуелдi. Туризм инфрақұрылымы туристік іс-әрекетті іске асыру базасы, туризмді ұйымдастыру негізі болып табылады. Туристік инфрақұрылым ұғымына туризм жұмыс істеуіне қажетті, туристік өнімге тікелей қатысы жоқ жүйелер (қоғамдық көлік, сауда-саттық орындары, медициналық мекемелер, байланыс, энергиямен қамтамасыз ету жүйелері, пошта, телефон және т.б.) жатады.

54. Электрондық бизнес

А.Ю.Родионовтың түсіндіруінше: "Электрондық бизнес - Интернетті және онымен байланысты телекоммуникациялық желілерді, ақпараттық технологиялар мен әдістерді пайдаланатын, кәсіпкерлік қызметтің бір немесе бірнеше кезеңдерінде шешуші роль атқаратын және құн жасайтын жүйелердің, үрдістердің, ұйымдардың, ақпарат алмастыру арналарының, нарықтар мен құн жасау тізбектерінің интеграциялық жүйесі".

Электрондық бизнестің дамуы - бірінші кезекте мемлекеттегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың жетістіктерімен тығыз байланысты. Және осы тақырып төңірегіндегі еңбектерде ол, дәстүрлі экономиканың баламасы бола алмайды, бірақ, компанияларды жеке алғанда, сондай-ақ, экономиканы тұтастай алғанда да бизнесті жүргізудің жаңа технологиясын жасаудағы жоғары нәтижелерге әкелетін мықты құрал.

Электрондық бизнес, ғаламдану үрдісі, халықаралық бәсекелестіктің күшеюі - экономикадағы басты рөлдердің бірін атқаратын отандық туризм саласына тез арада өзгерістер енгізуді, заманға сай жаңа тұрпатта қалыптастыруды қажет етуде.

55. Туризмнің аймақтық дәрежеде дамуы:

Туризм индустриясы телекоммуникациялық технологияларды аса көп пайдаланатын және іскерлік әлемде үлкен деңгейде компьютерлік жабдықтарды орналастыратын сала болып табылады. Бұл туризм индустриясында қолданылатын ақпараттан келіп шығады. Біріншіден, бұл ақпараттың күні, оқиғасы, кестесі өте жиі өзгеріп отырады. Екіншіден, туристік өнім туралы ақпарат жер шарының әртүрлі нүктелеріне өз уақытында жеткізілуі керек. Үшіншіден, туристік өнім үлкен көлемді жасаушылардан - түнеу, транспорт, көңіл көтеруден тұрады, қандайда бір затты қанағаттанарлық үйлестіру үшін ақпараттың тез жеткізілуін талап етеді.

Қазіргі өңдеулер мен жоспарлар туризмнің аймақтық дәрежеде дамуы үшін мына сұрақтарға жауап беруі керек:

- туристік саланың деңгейін қалай бағалауға болады және оның дамуындағы негізгі мәселелер;

- туризмнің қандай негізгі бағыттары аймақтың қызығушылығына жауап береді және де неге және қайда ақшаны салған тиімді;

- имиджді қалай жақсартуға және туристердің аймаққа қызығушылығын қалай арттыруға болады;

- туризмнің дамуы есебінен аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуын қалай жақсартуға болады.

56. Ақпараттық менеджмент

Ақпараттық менеджмент ұғымының пайда болғанына аса көп уақыт бола қойған жоқ. Десек те, басқару жүйесін құру методологиясы ретінде негізгі мәнге ие. Сондай-ақ, ақпараттық менеджмент - жалпы ақпараттық ресурстар ақпараты мен құжаттарды біріктіруді, және ұйымның әрекеттегі ақпараттық құрылымын тиімді құруды жүзеге асырады.

Ақпараттық менеджмент қызметіне:

- жоспарлау;

- ұйымдастыру;

- талдау;

- бақылау;

- сақтау;

- ақпараттық ресурстар;

- ұйымдық құрылым;

- өзара әрекетті ақпараттар ортасы жатқызылады.

Соңғы он жылдықта менеджмент дамыған елдерде (ішінара, АҚШ және Жапония) ақпараттық технологиялар үшінші (жоғарғы) яғни, шығармашылық деңгейге көтерілді. Олар, толық ақпараттық цикл - ақпаратты алу (жаңа білім), оны беру, өңдеу, обьектіге қатысты қолдану, көптеген жаңа мақсаттарға қол жеткізуде тиімді пайдалануда. Ақпараттық технологиялардың үшінші деңгейі менеджментті компьютерлендірудің жоғарғы кезеңін, ЭЕМ-ды шығармашылық тұрғыда пайдалану, адамның ақыл-ойы мен электронды техникалардың қуатын біріктіре қарауды білдіреді.

57. Туризм индустриясында қолданылатын автоматтандырылған ақпараттық жүйелер

Туризм индустриясында қолданылатын автоматтандырылған ақпараттық жүйелердің: ERP; CRM; MRP 2; әр бөлімді автоматтандыру түрлері.

Ақпараттық категориялардың: мәліметтер; ақпарат; білім; принциптер түрлері.

Технологиялардың: SQL/PHP деректер базасы; WAP; GPRS; Internet атаулары жақсы таныс.

Әйтсе де, тұтынушы азаматтарға республика төңірегінде интернет технологияны еркін пайдалануға:

- елдегі қалыпты жұмыс атқаратын электронды төлем жүйелерінің болмауы;

- үй компьютерімен Интернетте отырып әріптестер арасында сәтті, сенімді, арзан және ыңғайлы ақша аудару мүмкіндіктерінің шектеулілігі, сондай-ақ, оларды клиенттен сәтті шығарып алу мүмкіндігінің шектеулі екендігі көп кедергі, қолбайлау болуда. Осы орайда, әлемдік туризм индустриясының бір бөлшегі ретінде отандық туризм саласын дамыту қағидаттарын ақпараттық технологиялар бірлестігінде қарастырған жөн. Ақпараттық технологиялардың турбизнестегі негізгі тенденциялары болып:

- бірыңғай технология негізінде турагенттіктердің тәуелсіз желісін жасау;

- бірыңғай технология негізінде турагенттіктер мен туроператорлардың желісін жасау;

- тәуелсіз агенттіктерге жаңа технологиялық сервистерді ұсыну;

- тәуелсіз турагенттіктерді жандандыру және оларды автоматтандыру;

- туристік нарық қатысушыларының арасында өзара ақпарат алмасу стандартын әзірлеу табылады.

58. Батыс Қазақстан экономикалық ауданына жалпы сипаттама

Қазақстан Республикасының солтүстік-батысындағы әкімшілік-аумақтық бөлік. Шығысында Ақтөбе, оңтүстігінде Атырау облыстарымен, батысында Ресейдің Астрахан, Волгоград, солтүстік-батысында Саратов, Самара, солтүстігінде Орынбор облыстарымен шектеседі. Облыс 1932 ж. 10 наурызда Орал облысы болып құрылған. 1996 жылдан Батыс Қазақстан облысы болып аталады. Жерінің аумағы 151,3 мың км², тұрғындары 624 мың адам (2014). Әкімшілік жағынан Батыс Қазақстан облысы 12 ауылдық, 2 қалалық әкімшілік ауданға, олар 4 кенттік және 155 ауылдық әкімшілік округтерге бөлінген.

Орталығы — Орал қаласы. Облыстағы 539 елді мекеннің тұрғындары біркелкі орналаспаған. Халықтың орташа тығыздығы 1 км²-ге 4,0 адамнан келеді (1999). Солтүстік аудандарда және Жайық өзенінің аңғарында халық жиі қоныстанған (1 км²-ге 9 — 12 адам). Қала халқы бүкіл халықтың 49,1% құрайды. Қалалары: Орал, Ақсай; ірі кенттері: Бөрілі, Дерқұл, Зашаған, Круглоозерное, Чапаев.

59. Батыс Қазақстанның экономикалық ауданының жер қоры, рекреациялық ресурстары:

Батыс Қазақстан облысының солтүстік бөлігі далалық белдемде, қалған жері шөлейт және шөл белдемдерде жатыр. Облыс жерінің 15%-ін құмды алқап алады. Қиыр солтүстік, Сырт суайрықтарында қара, Сырт және Орал үстіртінің қыратты бөліктерінде қызыл қоңыр, өзен аңғарларында шалғынды сортаң, шөгінді (құмдақ-сазды) топырақ түрлері тараған. Облыстың оңтүстік бөлігін құмды алқаптар (Нарын, Көкөзенқұм, Аққұм, Қарағандықұм, т.б.) алып жатыр.

Жер қыртысы бор кезеңінің мергелінен, палеогеннің құмтастарынан, әктастарынан түзілген. Олардың бетін Каспий маңы ойпатының төрттік кезең шөгінділері жапқан. Өзен аңғары аллювий шөгінділерінен құралған. Облыс жерінде тұз күмбездерінен құралған ірі тектоник құрылымдар (Сантас (Батыс Қазақстан облысы)|Сантас, Сасай, т.б.) көп. Облыстың жер қойнауы мұнайға, әсіресе, газға (газ-конденсат) мейлінше бай. Мұнда Қазақстандағы зерттелген газ-конденсаты қорының 90%-тен астамы шоғырланған (Қарашығанақ газ конденсаты кен орны). Одан басқа облыс аумағында жанғыш тақтатас (Чернозатон, Тоғай, Новошаново), калий, магний тұздары (Шалқар көлі), цементтік шикізат (Ақсуат, Шаново), керамзиттік саз (Тұйықсай, Погодаев), т.б. құрылыс материалдары кен орындары бар.

60. Батыс Қазақстан экономикалық ауданының шаруашылығы:

Батыс Қазақстан облысы экономикасында ауыл шаруашылық өндірісінің үлесі басым. Мұнда астық егу, жайылымдық мал шаруашылығы, етті-сүтті сиыр өсіру дамыған. Облыс шаруашылығының негізгі саласының бірі — өнеркәсіп. Облыста мұнай, газ өндіру, металл өңдеу және машина жасау, тамақ, жеңіл, құрылыс материалдары, ауыл шаруашылық техникасын жөндеу, халыққа тұрмыстық қызмет көрсету, т.б. салалар жақсы дамыған. Ірі өндірістерден Қарашығанақ газ-конденсат комбинаты, “Металлист”, “Зенит”, “Металл өңдеу”, “Омега” зауыттары, жеңіл және тамақ өнеркәсібінде “Надежда” тігін-тоқыма комбинаты, былғары аяқ киім з-ты, аң терісін өңдеу, балық комбинаттары, арақ-шарап, сыра з-ты, нан комбинаты, сондай-ақ, “Жайықжылужарық”, Оралоблгаз, “Диана”, “Орал-Алма”, “Нұржанар”, Оралагрореммаш, т.б. кәсіпорындары жұмыс істейді. Батыс Қазақстан облысы-нда республикадағы табиғи газдың 30%-тен астамы өндіріледі. Облыстағы а. ш.-на тиімді жер 13,9 млн га (1997). Оның ішінде жыртылатын жер аумағы 1,4 млн га, шабындық 940 мың га, жайылымы 8,2 млн га. Астық дақылдары 934 мың га жерге, тех. дақылдар 34,1 мың га, картоп және көкөніс-бақша дақылдары 7,6 мың га, жемшөп дақылдары 222 мың га жерге егіледі. Мал ш-нда сиыр саны 444 мың, қой мен ешкі 904 мың, шошқа 28,5 мың, жылқы 94 мың, түйе 3,9 мың, құстың саны 371 мың (1997). Облыстағы ауыл шаруашылығы бағытындағы өндіріс кооперативтері мен шаруа қожалықтарының жалпы саны 2467 (1997). Олар мемлекет қарауындағы ұжымдық шаруашылықтарға (25), ұжымшарларға (3), серіктестіктер мен өндірістік кооперативтерге (400-ге жуық), акцион. қоғамдарға (21) және шаруа (фермер) қожалықтарына (2017) біріктірілген. Сонымен қатар шет елдермен бірлескен кәсіпорындар да (17) жұмыс істейді (1997)

61. Батыс Қазақстан облысының ескерткіштері:

Қазақстанның батыс бөлігінде сақталған бірегей сәулет-құрылыс ескерткіштерінің қалыптасқан жалпылама атауы. Арал - Каспий аймағына жолы түскен ортағасырлық авторлар (Ахмед ибн Фадлан, 922; Гильом де Рубрук, XIII ғ-дың ортасы, Ибн Баттута, 1333; Антоний Дженкинсон, 1556 - 60, т.б.)оғыз-қыпшақ бейіттеріндегі ескерткіштерге ерте кезден-ақ назар аударған. Сол кезден бастап бұл аймақта әр түрлі зерттеулер үздіксіз жүргізіліп келді. XIX ғасырдың 50-жылдары Маңғыстаудың архитектура ескерткіштерінің үлгілерін Т.Г. Шевченко мен Б. Ф. Залесский қағазға түсірді. Кеңес үкіметі орнағаннан кейін Е.Р. Шнейдерстің құлпытастарды жасау өнері туралы “Қазақ оюлары” (1927) атты очеркі жарияланды. Арнайы ғылыми зерттеулерді қазақ архитекторлары Т.К. Бәсенов (1947) және М.М. Меңдіқұлов (1953, 1956) жүргізді. XX ғ-дың 70-жылдары Меңдіқұлов өз зерттеулерін жалғастырып, “Батыс Қазақстанның архитектуралық ескерткіштері” (1987) атты кітабын жариялады. 1978-90 жылдары Қазақстанның Мәдениет министрлігінің, Тарихи және мәдениет ескерткіштерін қорғау қоғамының, тарих, археология және этнография институтының экспедициялары (жетекшісі С. Әжіғалиев) зерттеген. Батыс Қазақстан Ескерткіштері хронологиялық тұрғыдан үш негізгі кезеңге жатады: 1. Ортағасырлық оғыз-қыпшақ кезеңінің ескерткіштері (Шопан ата, Сұлтан апа, Шақпақ ата, Қараман ата, Балғасын); 2. Кейінгі ортағасырлық кезең (XV - XVIII ғ-лар) ескерткіштері (Қанғы баба, Кентті баба, Үштам, Масат ата, Сисем ата, Абат-Байтақ, Қарасақал, Асан қожа, т.б.); 3. Жаңа дәуір (XVIII — XIX ғ-лар) ескерткіштері (Қарашық,Қызылсу, Сағындық, Бейсембай, Алып ана, Дауымшар, Тайлан, Дәуіт ата, Сейіт бабай, Алтын, Қарабас әулие, Хан бейіті, т.б.). Ал географиялық орналасуы жағынан Батыс Қазақстан ескерткіштерін Маңғыстау ескерткіштері, Үстірт ескерткіштері, Доңызтау ескерткіштері, Жем бойы ескерткіштері, Атырау ескерткіштері, Қобда ескерткіштері, Арал өңірі ескерткіштері деп жеті жергілікті топқа бөлуге болады

62. Шопан-Ата жер асты мешіті:

Шопан-Ата жер асты мешіті Оңтүстік Маңғыстау өңірінде, бағзы Хорезм керуен жолының бойында орналасқан. Солтүстік шығысқа қараған сай тұйығынан қашалған үлкен бөлме. Оң жағындағы тағы бір шағын бөлме, оның едені биік. Сол жақ қабырға астынан қабірхана үңгілген. Төрден сай үстіне шығып кететін есік бар. Есіктің сыртқа шығар аузы алдында беті шымылдықпен перделенген қабірхана. Аңыз бойынша, оған Шопан — Атаның қызы жерленген. Мешіт үсті тастақты жүлге. Жүлге бойынан суағарлар жасалып, олардың тоғысқан жерінен сиымдылығы 10-15 текше метрлік су қоймалары қазылған. Олар кезінде мешіт тұрғындарын бүкіл жыл бойы сумен қамтамасыз етіп тұрған. Мешіттің төменгі жағында құдық бар. Кіре берістің сол жақ қапталында жар бетінен төрт шаршы етіп қашалған бөлмелер орналасқан. Олардың алдында тұт ағашы егілген. Мешіт қабырғаларында айшықты нақыштар жоқ. Ел аңызы мешіттің салыну кезеңін Оғыз тайпаларының Маңғыстауға келе бастаған Мерзіміне меңзеді.

63. Үстірт қорығы:

Қазақстанның оңтүстік-батысындағы табиғи кешенді қалпында сақтау мақсатымен 1984 жылы құрылған мемлекеттік шаруашылық. Маңғыстау облысындағы Ералы ауданы жерінің аумағы 223,3 мың га. Ол Үстірттегі Кендірлі сорын қоршаған таға пішіндес бірнеше ғажайып қыраттарда орналасқан. Мұндай қыраттар ғасырлар бойы жел, су эрозиясына ұшырап, қатты өзгерген. Сыртынан қарағанда, табиғаттың өзі салған керемет бір құрылысқа ұқсайды: мұнда пышақ кескендей тік, биіктігі 200 м-ден астам құлама жартастар, төбелері теп-тегіс не конус тәрізді мұнара сияқты төмпешіктер, ежелгі геологиялық дәуірлер куәсі — ақ, көк, қызыл қабаттардан тұратын, үстінде біздей қондырғылары бар ұлутас тәрізді “қамалдар” да жеткілікті.
Сондай-ақ қорықта ерекше бір қақпалар, аса үлкен емес қос тесікті үңгірлер, диаметр 5 м-дей домалақ тастары бар алаңдар да көп.
Бұрын теңіз түбі болған Үстіртет ежелгі заман жануарларының қалдықтары (мысалы, мүйіз сауыт, сүйек, тіс, олардың іздері), алғашқы адамдар пайдаланған қару-жарақтар табылған. Мұнда жануарлар мекендеген қоршаулар да кездеседі.

Қорықтағы жануарлар әлемі мен өсімдіктер дүниесі солтүстік шөлді аймақтарға тән.
Сүтқоректілердің 27, құстардың 111, бауырымен жорғалаушылардың 30 және өсімдіктердің 300-ден астам түрі мекендейді.
Мұнда Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген

үстірт арқары, қабылан, қарақұйрық, қарақал, төртжолақты қарашұбар жылан;

құстардан: жорға дуадақ, қарабауыр бұлдырық, ителгі тіршілік етеді, суық түскенде қорықтан ақ бөкен үйірлерін де кездестіруге болады

64. Шығыс Қазақстан экономикалық ауданына жалпы сипаттама:

Қазақстан Республикасының шығысында орналасқан. 1932 жылы 10 мартта құрылган. Батысында Сөмей облысымен, солтүстігінде РСФСР-дің Алтай өлкесімен, оңтүстігінде және шығысында Қытаймен шектеседі. Жері 97,3 мың км2. Халқы 914,9 мың (1985). Облыс ауыл шаруашылық саласында қол жеткен табыстары үшін 1967 ж. 9 июньде Ленин І орденімеп паградталған. Орталығы — Өскемен қ.
Шығыс Қазақстан облысының көп бөлігін Алтай тау жүйесінің және Оңтүстік Алтай жоталары (Сарымсақты жотасы, Нарын жотасы, Үлбі жотасы, Куршім жотасы, Уба жотасы) алып жатыр. Қиыр солтүстігін Қатын жотасы (облыстың ең биік жері — Мұзтау осында, биікт. 4506 м), оңтүстігін Тарбататай, Сауыр ‘ жотасы, Буцтырма бөгенінен батысқа Қалба жотасы қамтиды. Облыстың оңтүстігіп алып жатқан Зайсан көлінің шұңқыры біршама жазық келеді.

65. Шығыс Қазақстан облысының көлік қол жетімділігі:

Шығыс Қазақстан облысында темір, автомобиль, су және әуе жолы қатынастары дамыған. 2005 ж. облыс бойынша:

автомобиль жолының ұзындығы 11830 км, темір жолдың ұзындығы 1203 км, су жолының ұзындығы1084 км болды.

Автомобиль және су жолының ұзындығы бойынша Шығыс Қазақстан облысы республикада 1-орынды алады. Темір жол көлігі облыс орталығы Өскемен қаласын Семей, Аягөз, Шемонаиха, Риддер және Зыряновск қалаларымен байланыстырады. Облысты шетке шығаратын темір жолы тармақтары:


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: