Семей – Алматы, Семей – Локоть, “Защита” – Локоть

2005 ж. Курчатов – Шар темір жолы салынды, ал оның жалғасы (ұзындығы 150 км) 2007 ж. облыс орталығы Өскемен қаласына дейін жететін болды. Сөйтіп облыста Түркістан – Сібір темір жолымен қиылысатын екінші темір жолы – Курчатов – Шар – Өскемен темір жолы іске қосылатын болады. Автомобиль көлігі автожолдар мен темір жолдар қиылысатын ірі қалалар мен аудан орталықтарында үлкен жол тораптарын жасай отырып, жолаушылар мен жүк тасу жұмыстарын іске асыруда үлкен рөл атқарады.

Бұл көліктің жұмысы республикалық маңызы бар:

Алматы – Семей, Семей – Павлодар, Семей – Курчатов, Жаңғызтөбе – Өскемен, Георгиевка – Көкпекті – Зайсан, Аягөз – Үржар – Бақты;

облыстық маңызы бар

Аягөз – Баршатас – Қайнар, Семей – Қарауыл – Қайнар, Көкпекті – Самара – Өскемен, Үлкен Нарын – Қатонқарағай – Бергіел, Өскемен – Шемонаиха, Өскемен – Риддер, Өскемен – Зыряновск, Күршім – Қалжыр,Семей – Қайнар

Автомобильді жолының жиілігі бойынша (әр 1000 км2-ге шаққанда 38,9 км). Шығыс Қазақстан облысы республикада Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Оңтүстік Қазақстан және Алматы облыстарынан кейін 5-орынды алады. Су жолы қатынасы түгелдей Ертіс өзені арқылы іске асырылады. Ертіске автомобиль жолдары келіп түйісетін тұстардағы 15-ке жуық елді мекенде өзен айлақтары жұмыс істейді. Өзен жолы арқылы Шығыс Қазақстан облысы Павлодар облысымен, одан әрі Ресейдің Омбы облысыменқатынасады. Әуе жолы облыс орталығы мен Семей қаласын Астана, Алматы қалаларымен және республиканың басқа облыс орталықтарымен жалғастырады. Шығыс Қазақстан облысы көліктің барлық түрімен жүк тасымалдаудың көлемі бойынша республикада 1-орында, жолаушылар тасымалдаудың көлемі бойынша Алматы қаласы мен Қарағанды облысынан кейін 3-орында келеді. 2005 ж. олардың жалпы көлемі тиісінше 257,1 млн т-ға және 969,7 млн адамға жетті. Жүк және жолаушылар айналымы бойынша да облыс республикада елеулі орындарға ие. 2005 ж. көліктің барлық түрі бойынша жүк айналымы 4904,1 млн тонна-километр, жолаушылар айналымы 7959 млн жолаушы-километр болды.

66. Шығыс Қазақстан облысының археологиялық ескеткіштері:

Қазақстанның шығыс өңірінде көне дәуірлерден сақталған археологиялық ескерткіштердің тобы. Негізінен қазіргіШығыс Қазақстан облысының аумағындағы жәдігерлерді біріктіреді. Түрлі тарихи дәуірлерді қамтитын, көлемі бойынша Қазақстандағы аса үлкен топтардың бірін құрайтын, саны жағынан мыңдап саналатын ескерткіштерді зерттеу 19 ғасырда басталды. Оған белгілі ғалымдар: Г.И. Спасский, А.В. Адрианов, Н.Я. Коншин, В.В. Радлов, С.С. Черников, С.Аманжолов, А.Аманжолов, С.С. Сорокин, А.А. Крылова, Х.Алпысбаев, А.Г. Медоев, Ф.Х. Арсланова, С.Ақынжанов, З.Самашев, Ю.И. Трифонов, Ж.Таймағамбетов, А.А. Чариков, А.С. Ермолаева, Ә.Төлеубаев, Г.Г. Петенева, т.б. ат салысты. Тас дәуірі ескерткіштері арасында ең көне уақытқа жататын нысан ретінде Күршім ауданындағы ерте палеолиттік (ашель кезеңі) Қозыбай тұрағы белгілі. Бұдан кейінгі, яғни мустье кезеңіне қарасты ескерткіштерден Қанай (ерте қабаты), Нарым, Бөдене-1 тұрақтары ашылған. Свинчатка, Пещеры, Қанай (жоғарғы қабаты), Новоникольское, Хайрюзовка, Шульбинка тұрақтары кейінгі палеолитке тән құралдардың маңызды тобын берді. Тас дәуірінің ең соңғы сатысы болып табылатын неолит кезеңіне жататын көрнекті ескерткіштерден тас құралдармен қатар, қыш ыдыс үлгілері көптеп табылған Усть-Нарым, Малокрасноярка тұрақтары жақсы белгілі (біздің заманымыздан 3-мыңжылдық). Қола дәуірінде өлке тұрғындарыныңэкономикасы мен қоғамы күрт дамыды, ескерткіштердің таралу аумағы анағұрлым кеңіп, адам тіршілігіне қолайлы, ұрымтал, нулы-сулы алқаптарда көлемді қоныс-мекендер мен қорым-зираттар пайда болды. Ғалымдардың пікірінше, көне экономиканың шұғыл көтерілуіне тікелей әсер еткен факторлардың арасында мал шаруашылық мен егіншілікке қолайлы алқаптардың болуы ғана емес, әсіресе, бұл өлкелерде мысалы, қалайы, алтын, қорғасын, темір сияқты металл кендерінің аса зор қорларының орналасуы маңызды орын алды. Мұны археологиялық барлау-зерттеу жұмыстарының нәтижесінде ашылған ондаған көне кен орындары нақты дәлелдеп отыр. Қола дәуірінің андронов тарихи-мәдени қауымдастығына жататын федоров мәдениеті ескерткіштерінің өте үлкен тобы анықталған. Қанай ауылы маңынан зерттелген қоныс, зират пен ғұрыптық орынның аса құнды деректері ғылымның алтын қорына енді. Зевакино зираты құрамында 500-ден астам нысан бар аса көрнекті ескерткіш. Трушниково, Малокрасноярка қоныстарынан алынған бірегей материалдар осы өлке ғана емес, жалпы Қазақстанның соңғы қола кезеңіне қатысты құндылықтарға айналды. Қола мен ерте темір дәуірлерінің арасын алып жатқан өтпелі кезең ескерткішіне жататын Измайловка зиратынан қызықты әрі бірегей мәліметтер алынды. Ерте темір дәуірінде өлкені мекендеген сақ тайпаларының жүздеген ескерткіштері анықталып отыр. Тас, топырақтан үйілген обалары бар сақ қорымдары Ертіс пен оның салаларының алқаптарында, Қалба-Нарымның теріскей және күнгей беткейлерінде, Шыңғыстау мен Тарбағатайдың жоталарында, Шілікті алқабында жиі кездеседі. Бұл дәуір тұрғындарының мәдениетін зерттеуші ғалымдар оны 3 кезеңге бөліп қарастырады: майемер (біздің заманымыздан 7 – 6 ғасырлар),берел (б.з.б. 5 – 4 ғасырлар) және құлажорға (б.з.б. 3 – 1 ғасырлар) кезеңдері. Атап айтқанда, зерттеу деректері Шілікті және Берел сияқты сақ обаларынан алынып отырған соны материалдармен кеңінен толықтырылды. Орта ғасырлар дәуірінің жәдігерлері арасында Түрік қағандығы кезеңінің жерлеу орындары мен көптеген тас мүсіндері, әсіресе, Ертіс бойында көптеп саналатын қимақ (кимек) обалары, қыпшақ заманының жәдігерлері белгілі. Ескерткіштердің айрықша түріне өлкеде кеңінен тараған тастағы таңбалар, яғни петроглифтер жатады. Көне замандардан бастап орта ғасырларға дейінгі уақытты қамтитын петроглифтердің бірнеше мың үлгісі сақталған. Шығыс Қазақстан археологиялық ескерткіштерін ашып-зерттеу жұмыстары нәтижесінде Қазақстанның, Кіндік Азияның, тіпті бүкіл далалық Еуразияның көне және ортағасырлық тарихы мен мәдениетіне тікелей қатысы бар құнды деректердің өте көлемді тобы жинақталған

67. Марқакөл мемлекеттік қорығы:

Шығыс Қазақстанда Қазақстанның тамаша жерлерінің қатарына жататын Марқакөл Ұлттық Қорығы бар. Марқакөл көлін осы аймақтың інжу-маржаны деп атауға болады. Сарқырамада орналасқан ол оңтүстігінде Күшім тауымен, солтүстігінде Азутау тауымен шектеледі. Көлдің ұзындығы 38км, ені 19 км және тереңдігі 27м. Оған 27 өзен құяды, тек Қалжыр өзені ғана көлден ағып шығады. Марқакөл суы мұнтаздай таза және жұмсақ болғанымен балыққа бай. Марқакөл көлі Қазақстандағы осы балық түрлерінің отаны деуге әбден болады. Жартасты тауларда негізінен жапырақты және шыршалы ағаштар өседі. Көркем жартасты таулардың көп бөлігі май қарағай орманына толы. Биік таулардың баурайы медициналық дәрулік қасиеті бар шөпке бай (алтын және марал түбірі, бергиния, т.б.). Фаунасы түрлі және мол. Ағаштар арасынан қоңыр аюларды, бұғыларды, түлкілерді, жабайы мысықтарды, маралдарды, құндыздарды, бүркітті, сирек кездесетін қызыл қасқыр, қара ләйлектерді, сұрғылт шағалаларды және басқаларын көруге болады.

68. Мемлекеттік ұлттық табиғи паркі:

Шығыс Қазақстан облысы Катон қарағай ауданының аумағында 2001 жылы ұйымдастырылған саябақ. Ауданы 643 мың гектар, оның 215 мың гектары орманды алқап, ағаштарының қоры – 24 мың м³, қорықтық аймақ жері 151 мың гектар. Саябақтың пайдаланылатын аумағы – 492 мың гектар. Солтүстігінде Қызылқарағай және Қатын жотасына ұласа отырып, Ресеймен шектеседі. Шығысында Үкек даласымен (Ресей, Алтай Республикасы) және Қытаймен, оңтүстігінде Темірқаба өзенін бойлай Марқакөл қорығымен шектеседі. Климаты тым континеттік. Жылдық жауын-шашынның мөлшері 600-1800 мм аралығында.
Саябақтың жері жануарлар мен өсімдіктер түріне бай: сүтқоректілердің 72 түрі, оның ішінде марал, бұлан, таутеке, аю, сілеусін, құну, т.басқалар; құстардың 250-ден астам түрі кездеседі. Соның ішінде сирек кездесетін, қорғауға алынып, Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген ұлар, қара дегелек, т.б. құстар; саябақ жерінде самырсын, балқарағай, қарағай, шырша, қайың, мойыл, терек өседі. Өте сирек кездесетін, жылдан жылға таралу аймағы азайып бара жатқан, Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген 40-тан астам өсімдік түрлері (алтын тамыр, алтай рауғашы, марал тамыр) кездеседі.

69. Қозы Көрпеш және Баян Сұлу кесенесі:

Қозы-Көрпеш пен Баян Сұлудың кесенесі (Х-ХІ ғасыр) Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданында Тарлаулы ауылынан оңтүстік батысқа қарай 7 шақырым жерде, Аягөз өзенінің оң жағасында Таңсық бекетінен батысқа қарай 11 шақырым қашықтықта орналасқан. Бұл – көне ғасырдың бақташыларымен ойлап табылған жарқын, нұр сәулелі аңыз. Бұл аңыз әр түрлі тілдерде айтылады. Аңыздар арасында «Қозы Көрпеш және Баян Сұлу» әдебиетте ерекше мәнді орынға ие. Бұл кезде басты назар сәулет ескерткіші болып табылатын «Баян Сұлу» күмбезіне аударылады. Ертедегі қазақтар бұл күмбезді «кесене» деп санаған. Олар елдің әр түрлі жерлерінде әлі күнге дейін сақтаулы. «Қозы Көрпеш Баян Сұлу» күмбезі Таңсық ауылының жанындағы Таңсық өзенінің оң жағасында орналасқан.
Қозы Көрпеш Баян Сұлу аңызы бойынша кесенені салу үшін Сарыбайдың інісі Тобыл Тайлақбай 40 мың жұмыс қолын жіберді, Тобыл өзенінің жағасында той жасалып, ат жарыстары өткізілді. Мықты күмбезде қос ғашықтың бейнелері ойып жасалған. Баянның сұлулығы ерекше айқын көрініп тұр.

Жанақ ақынның жар салуы бойынша Айбас 50 мың адаммен тастан күмбез салған. Бұл күмбез нышан ретінде осы күнге дейін жеткен. Халық аңызы бойынша күмбезді салу үшін жақын жатқан таулардан тастар әкелінген. Тау мен Аягөздің ортасына адамдар тізбектеліп тұрып, тастарды бір-біріне беріп отырып жеткізген. Аймақтағы ең әдемі кесене ішінде төрт мүсіні бар «Қозы Көрпешке» тиесілі. Бұл мүсіндер мен кесене – еліміздің ескерткіштері. Олар Түрік қағанатының кезінде, яғни біздің дәуіріміздің ҮІ-ҮІІІ ғасырларында салынған. Ол кезде тас мүсіндер жоғары бағаланған және тастан адамдардың бейнелері ойып жасалған. Тастан жасалған бұл 4 мүсін аңыз кейіпкерлерінің нақты бейнелерін кейіптейді. Олардың үшеуі әйел адамдардың, біреуі жас жігіттің мүсіні. Халықтың ойынша, бұл – Баян, Қозы және Баянның сіңлілері – Айтаңсық пен Айқыз. Таң қалдыратыны, бұл есімдер тек аңыз кейіпкерлерінің есімдері ғана емес, сондай-ақ аймақ атаулары болып табылады. Тау – бұл Баян жүрегінің тауы. Аягөз өзеніне ағатын шағын екі өзен Айтаңсық және Айқыз деген атауларға ие.

70. Солтүстік Қазақстан экономикалық ауданына жалпы сипаттама:

Солтүстік-Қазақстан, Павлодар, Ақмола, Қостанай облыстары кіреді. Аймақ Республиканың қиыр солтүстігінде Есіл, Тобыл, Обоған өзендерінің бассейінінде орналасқан. Батыстан шығысқа қарай Солтүстік Қазастан 1300 км-ге солтүстіктен оңтүстікке қарай 900 км-ге созылып жатыр. Басты өзені- Ертіс және оның екі саласы Есіл мен Тобыл. Іле көлдері–Құсмұрын және Сарықопа (Қостанай облысында), Ақмола облысында теңіз және Қорғалжын, Солтүстік Қазақстан облысында Шортан, Бурабай, Шағала көлдері.

71. Рекреациялық аймақ түсінігі. Солтүстік Қазақстанның рекреациялық аймақтары.

Рекреациялық аймақ - табиғатпен тікелей қарым –қатынас жасау процесінде адам өзінің дене және рухани қалпына келтіретін территорияларды айтады. Рекреациялық аймаққа елдi мекеннiң шекаралары (шектерi) шегiнде орналасқан, қорғалатын табиғат объектiлерi енгiзiлуi мүмкiн.

Солтүстік Қазақстан - рекреациялық аймақтың ландшафты климаттық жағдайлары туристік демалыстың әртүрлі түрін ұсынады автомобильді, велосипедті, су.

Көкшетау, Баян-Ауыл, Муялды рекреациялық аймақтары емделумен, демалысты ұсынады, Қорғалжың және Наурызым қорықтары ғылыми туризммен айналысушылар үшін қызығушылық туғызады.

72. Баянауыл ұлттық табиғи паркі:

Павлодар облысында индустриясы дамыған қала Екібастұздан жүз километр жерде орналасқан. Бұл Ұлттық Паркта өсімдік қабатының төрт түрі бар: орман, орманды дала, дала және шалғын. Павлодардың солтүстік-батыс жағында, Ертістің оң жағалауында әлемдегі бірегей орынның бірі-табиғат ескерткіш Гусиный Перелет бар. Қорықтық белдемде шаруашылық жұмыстардың қай түріне болса да тыйым салынып, биологиялық алуан түрлілік, экожүйелер қорғалады. Қорықшалық белдемде шаруашылық жұмыстар белгілі бір тәртіппен шектеулі түрде жүргізіледі. Демалыс аймағына келушілер саны да реттеліп отырады.

73. Бурабай курорты. Курорт потенциалын бағалау.

Өзінің әдемілігімен көлінің барымен, өсімдік және жануарлар әлемімен- «Қазақстан маржаны» деген атқа ие. Көкшетау қыратының орталық бөлігін Көкшетау тауы алып жатыр, оның максималды биіктігі- 947 метр (теңіз деңгейінен). Далалы ауданынан бірнеше жүз метрге жоғары көтерілген, массивті-кристалды жыныстардан құралған, үшкір шыңды өркештермен біткен, қарағайлы-қайыңды орманмен көмкерілген бұл сілемдер тау ландшафтын құрайды. Күннің, судың, желдің әсерінен жер қыртысының тармағы миллиондаған жылдар бойы жұмбақ түрлерге айналды, бұл жерден жануар түріндегі, ертегідегі, кейіпкер түріндегі кейіптерді көруге болады.

74. Наурызым қорығы

Қостанай облысының Наурызым және Семиозер аудандарында Қостанайдан оңтүстікке қарай 190 км-де орналасқан. Қорықтың қарағайлы орманын реликтілі деп санауға болады, себебі олар аз өзгерген түрде үшінші немесе төртінші кезеңнің басынан сақталып келеді. Наурызымның қайыңдары Ресейдікі секілді тік болмаса да, олар әдемі. Бұл ерекше түр-қырғыз қайыңы- Солтүстік Қазақстан эндемигі. Олар аз территорияны қамтып жатыр және әлемнің басқа еш жерінде кездеспейді. Наурызым қорығының нышаны- аққу

75. Солтүстік Қазақстанның экономикалық-географиялық жағдайы

Солтүстік Қазақстанның экономикалық-географиялық жағдайы салыстырмалы түрде қолайлы, республиканың шеткі және Ресеймен шекаралас ауданы. Біріншіден,Ресейдің Орал жәнө Батыс Сібір экономикалық аудандарымен шектеседі. Екіншіден - аумағы аркылы ірі темір жол магистралі өтеді.

Солтүстік ауданның табиғат жағдайы да колайлы. Жер бедері, негізінен жазық болып келеді. Торғай үстірті, Қазақтың ұсақ шоқысы және Солтүстік Қазақстан жазығы. Климаты континенталды - жазы коңыржай ыстық, қысы суық болып келеді. Жауын-шашынның орташа мөлшері солтүстігінде 300-430 мм болса, оңтүстігінде 200-300 мм. Жауын-шашынның 70%-ы жылдың жылы кезеңдерінде түседі. Қар калыңдығы солтүстігінде 40 см, оңтүстігінде 20 см-ге дейін жетеді. Топырақ жамылғысына келетін болсақ, негізінен құнарлы қара және орманның сұр топырағы, шалғынды дала топырағы мен қоңыр топырақ кездеседі. Жалпы алғанда топырағы мен климаттық жағдайы қолайлы болғандықтан егіншілікпен шұғылданады. Бірақ жылы кезеңдердегі (әсіресе көктем, жаз) аңызақ желдер және ылғалдың жетіспеуі - топырақтың құнарлылығын төмендетеді

76. Оңтүстік Қазақстанның экономикалық географиялық жағдайы
Оңтүстік Қазақстан аумағы бойынша Батыс Қазақстаннан кейінгі екінші экономикалық аудан (елдің жалпы аумағының 27%- ы).
Ауданның шекарасы батысында Арал теңізінен басталып, шығысында Қытаймен аралықтағы мемлекеттік шекараға дейінгі 200 км қашықтыққа созылып жатыр. Ал солтүстігінде Бетпақдала мен Балқаш көлінен басталып, оңтүстігінде Орталық Азия мемлекеттері аралығындағы шекараға дейінгі 700 км қашықтықты қамтиды.
Оңтүстік шығысында көптеген өзендер бастау алатын Солтүстік Тянь-Шань жоталары орналасқан.

77. Оңтүстік Қазақстан экономикалық ауданының жер қоры, рекреациялық ресурстары:

Ауданның жер қорлары біршама. Бірақ ылғалдылықтың жетіспеуі топырақ құнарлылығына әсерін тигізеді - көбінесе сұр -қоңыр және сұр топырақ түрлері басым болып келеді. Ең құнарлы топырақ түрлері тау етектері мен беткейлерінде кездеседі. Рекреациялық ресурстар аудан аумағының оңтүстік-шығысы (Үлкен Алматы көлі) мен Солтүстік шығысында(Көлсай, биік таудағы «Медеу» мұз айдыны, Шымбұлақ және Алма-Арасан, т. б.)орналасқан. Мұнда көрікті қала-Алматы орналасқан. Бұл жерлер туристерді көп қызықтыратын аудан.

78. Оңтүстік Қазақстан экономикалық ауданының халқы.

Оңтүстік Қазақстан-ең көп халық қоныстанған аудан(Қазақстан халқының 44%-ы). Халықтың көбі Алматы каласы мен Алматы облысында (42%), Оңтүстік Қазақстанда тұрады. Қалалардың көпшілігі (26)оңтүстігінде шоғырланған, оның ішінде Алматы обылсы(10) алда. Мұнда республикадағы ең үлкен Алматы агломерациясы орналасқан. Оңтүстік Қазақстанның урбандалу деңгейі 51%- дан сәл асады. Ең жоғарғы көрсеткіш Қызылорда облысында-60%.

Аудан халықтың тығыздғы жөнінен республикада 1-ші орын алады, орташа тығыздық 1 шаршы км-ге 7, 8 адамнан келеді. Халықтың таралып орналасуы біркелкі емес, олардың негізгі бөлігі Тянь-Шань, Жоңғар Алатауы және Қаратаутау алды аңғарларында шоғырланған. Сондықтан халықтың тығыздығы Оңтүстік Қазақстан облысында 1 шаршы км-ге 20 адам, Алматы облысында -7, 2, ал Қызылорда облысында - 1-ден төмен. Бұл ауданда Қазақстан аумағында тұратын ұлт өкілдерінің барлығы дерлік кездеседі. Ең саны көп диаспора - өзбектер(98%) жөне ұйғырлар (80%-дан астам, олардың республикадағы жалпы саны бойынша алғанда).

79. Оңтүстік Қазақстан облысы тарихи ескерткіштері. Қожа Ахмет Яссауи кесенесі

Оңтүстік Қазақстан облысы тарихи ескерткіштерімен әйгілі – қорғандар, бекіністер, ежелгі қалалық кесенелер, тұрғындардың қоныс қалдықтары жетерлік. Оңтүстік Қазақстан облысының 802 тарихи және мәдени ескерткіштердің ішінен 528 археология ескерткіштері, 42 тарихи ескерткіштері, 226 архитектулық ескерткіштер.

Кесене XIV-XV ғ.ғ. Тамерланның бұрығымен құрылған ЮНЕСКО әлем ескерткіштерінің тізіміне 2004 жылы енгізіліп, ежелгі қасиетті орындардың ортағасыр сәулетінің киелі мекені. Мұсылмандарда Қожа Ахмет Яссауи Мұхамедтен кейін екінші болып саналады.

Барлық қалалық орталық Қазірет сұлтанының тарихи-мәдени ордасы. Қожа Ахмет кесенесінен басқа шығыс моншаны, кесене Тимур Рабидің немересі -Сұлтан Бегім тұрған және басқа ескерткіштер Құмшық ата үшін жер асты үй болған жерді де қамтидфы.

80. Іле-Алатауы ұлттық табиғи саябағы

Іле Алатауының әсем ландшафтарын қорғау, өсімдік жамылғысы мен жануарлар әлемін сақтау, туризмді дамыту мақсатында ұйымдастырылған. 1996 ж. Алматы облысы Қарасай, Талғар, Еңбекшіқазақ аудандарының аумағында орналасқан Қаскелең, Пригород, Түрген орман ш-тарының негізінде құрылған. Орт. – Таусамалы а. Ауданы 202 мың га, ол Алматы қ-нан оңт-ке қарай Іле Алатауының (Тянь-Шань) солт. беткейінде, батыста Шамалған өз., шығыста Түрген өз-нің аралығындағы ұзындығы 120 км, ені 30 – 35 км аймақты алып жатыр. Оның құрамына 4-Ақсай, Медеу, Талғар және Түрген орман ш. аумағындағы аласа, орташа және биік тау ландшафтары енеді. Климаты биіктік белдеулер бойынша өзгереді: тау етегіндегі далалық белдеу ылғалды, жазы құрғақ әрі ыстық, қысы жылы, қары жұқа; аласа және орташа тау аймағы ылғалды әрі ыстық; альпі және субальпі шалғындары белдеуінде ылғалд. өте жоғары.

81. Ерекше қорғалатын аумақ түсінігі. Катонқарағай ұлттық табиғи паркі

Ерекше қорғалатын табиғи аумақ — ерекше қорғау режимi белгiленген мемлекеттiк табиғи-қорық қорының табиғи кешендерi мен объектiлерi бар жер, су объектiлерi және олардың үстiндегi әуе кеңiстiгiнiң учаскелерi.

Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданының аумағында 2001 жылы ұйымдастырылған саябақ. Ауданы 643 мың гектар, оның 215 мың гектары орманды алқап, ағаштарының қоры – 24 мың м³, қорықтық аймақ жері 151 мың гектар. Саябақтың пайдаланылатын аумағы – 492 мың гектар.Солтүстігінде Қызылқарағай және Қатын жотасына ұласа отырып, Ресеймен шектеседі. Шығысында Үкек даласымен (Ресей, Алтай Республикасы) және Қытаймен, оңтүстігінде Темірқаба өзенін бойлай Марқакөл қорығымен шектеседі.

82. Орталық Қазақстанның табиғат жағдайлары:

Орталық Қазақстан - республикамыздағы су жетіспейтін аймақтардың бірі, теңіздерден қашық жатуымен бірге ірі езендері де жоктың қасы. Бірақ минералды ресурстарға бай аймақтың бірі.Сарыарқа жері пайдалы казбалардың көмбесі десе де болады. Мұнда- көмір, темір кені, мыс, марганец, алтын, күміс, мұнай жөне т.б. пайдалы қазбалар кездеседі. Орталық Қазақстанның экономикалық-географиялық жағдайының қолайлылығы орталықта орналасуында, яғни барлық экономикалык аудандармен шектеседі. Пайдалы казба кен орындарына жақын орналасқан, аумағы транзит жолының үстінде және көлік қатынасы жақсы дамыған. Аудан шекарасының басқа республикалармен шектеспеуі ауданның сыртқы байланысының дамуына, ал климатының куаң болуы ауыл шаруашылығын өркендетуге қолайсыз әсер етеді. Климаты шұғыл континенталды, қысы суық, боранды желдер жиі болып тұрады. Жылдық түсетін жауын-шашын мөлшері шамамен 250 мм Вегетациялық кезеңніңұзақтығы 160 күн. Осындай агроклиматтық жағдай ауыл шаруашылығының салаларын дамытуға кері әсерін тигізуде.

83. Орталық Қазақстанның табиғат ресурстары:

Орталық Қазақстанды минералды ресурстардың қазынасы десек те болады. Бұл ауданда пайдалы казбалардың алуан түрі және үлкен қоры шоғырланған. Жер койнауындағы көмірдің мол қоры Қарағанды көмір алабында орналасқан. Сонымен бірге 100% кокстелетін көмір де осында. Мыс кен орындары Балқаш маңы менЖезказғанда, марганецтің 100%-ы Атасу және Жезді кен орындарында шоғырланған. Сонымен бірге мұнда сирек металдар да кездеседі. Вольфрам мен молибденнің негізгі кен орындары Жоғары Қайрақты, Көктенкөл, Солтүстік Қатпар,Қараоба және Оңтүстік Жауырда орналасқан. Оңтүстік Торғай мұнай газ алабында мұнай мен газдың 3 кен орны анықталып, барлау жұмыстары жүргізілді. Соныменбірге кенсіз пайдалы қазбалардың қоры анықталып, әсіресе құрылыс материалдары көптеп шоғырланған. Аудан жеріндегі пайдалы қазбалардың ерекшелігі - олардың бір-біріне жақын орналасуында.

84. Орталық Қазақстанның халқы

Орталық Қазақстанның халқы ұзақ уақытқа дейін аз қоныстанған аудан ретінде белгілі болатын. Ұлы Отан соғысына дейін және тың жерді игеру кезінде Кеңес өкіметініңбатыс аймақтарынан славян ұлт өкілдері келіп коныстана бастады. Соның нөтижесінде славян халықтарынын, саны көбейді. Қазіргі танда Орталык Қазақстанда 115 ұлт өкілінен 1,3 млн адам тұрады.Ауданның 11 каласында 1 134 мың адам тұрады, оның 453 мыңы Қарағанды қаласында (жалпы аудан халқының 34%). Екінші орындаТеміртау қаласы (170 мың), республикамыздағы ең жоғары урбандалған экономикалық аудан (85%).Ауыл халкы біркелкі орналаспаған. Халықтың тығыз орналасқан аймақтарына - ауданның солтүстігі, өзен алаптары, ірі темір жол тораптары жөне су қоймаларының маңы жатады. Жұмыссыздық санының мөлшері қазір 6,9%-ды құрайды. Экономикалық, белсенді халықтың үлесі — 70%.Соңғы кездерде білім және денсаулық саласына бөлінетін қаржы көлемі 1,5 есеге көбейді.

85. Орталық Қазақстан өнеркәсібі

Орталық Қазақстан - республикамыздағы ірі индустриалды аудандардың бірі. Жалпы ауданның аймақтық өнім шығарудағы үлесі 9%-дан астам. Кен орындарының барланған қоры - отын, электр куаты, металлургия өнеркәсібін дамытуға мүмкіншілік береді.Ауданда ірі тау-кен металлургия кешені калыптасқан. Оның құрамына тау-кен өндірісі салалары мен кара және түсті металлургия кәсіпорындары, көмір өнеркәсібі кіреді. Аудан экономикасында отын өнеркәсібі маңызды рөл атқарады. Мемлекетіміздің маңызды көмір базасына Қарағанды тас көмір алабы жатады. Онда республикада өндіретін тас көмірдің 32%-ы ендіріледі.Қара металлургия өнеркәсібінің дамуы Теміртау каласындағы толық циклді комбинатқа байланысты. Комбинатта шойынның 100%-ын, болаттың 97%-ын шығарады. Қуаттылығы жөнінен ТМД көлеміндегі металлургия кәсіпорындарының арасында 7-ші орында.Түсті металлургияда карқынды дамығаны мыс ендіру саласы,бірақ басқа да түсті металдардың коры аз емес. Ірі тау-кен металлургия комбинаты Жезқазғанда (Қазакстандағы ірі комбинат) және Балқашта салынған.

86. Табиғи ұлттық парк түсінігі. Қарқаралы ұлттық табиғы паркі:

Ұлттық парк — ерекше экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық құндылығы бар мемлекеттiк табиғи-қорық қорының бiрегей табиғи кешендерi мен объектiлерiнiң биологиялық және ландшафтық саналуандығын сақтауға, оларды табиғат қорғау, экологиялық-ағартушылық, ғылыми, туристiк және рекреациялық мақсаттарда пайдалануға арналған табиғат қорғау және ғылыми мекеме мәртебесi бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ.

Қарағанды облысының Қарқаралы ауданындағы таулы - орман ландшафтысы. Табиғаттың бірегей нысандарын қорғау, саяхатты дамыту және халық демалысын жақсарту мақсатында1998 жылы құрылған. Сарыарқаның Қарқаралы және Кент тауларындағы дала өсімдіктері мен қарағайлы орман өскен аймағын алып жатыр. Бұл аймақта бұрын биік таулар болатын, уақыт өте бұзылып, көптеген ұсақ шоқылар мен адырларға бөлініп кеткен. Олардың биікбеткейлері қатты өзгеріске ұшырап, жартасты шыңдары терең сайлармен және аңғарлармен бөлінген. Көп жерлерде гранитті тақталар жалаңаштанған.
Тау сайларынан бұлақтар басталып, шағын өзендер бастау алады. Қарқаралы тауларында Қарқаралы, Қопа, Аюшат, Кеңгір, Кент тауында Қызылкеніш, Қадыр өзендері, Шайтанкөл, Бассейн, Үлкенкөл, т.б. көлдері бар.

87. Орталық Қазақстанның халқы

Орталық Қазақстанның халқы ұзақ уақытқа дейін аз қоныстанған аудан ретінде белгілі болатын. Ұлы Отан соғысына дейін және тың жерді игеру кезінде Кеңес өкіметініңбатыс аймақтарынан славян ұлт өкілдері келіп коныстана бастады. Соның нөтижесінде славян халықтарынын, саны көбейді. Қазіргі танда Орталык Қазақстанда 115 ұлт өкілінен 1,3 млн адам тұрады.Ауданның 11 каласында 1 134 мың адам тұрады, оның 453 мыңы Қарағанды қаласында (жалпы аудан халқының 34%). Екінші орындаТеміртау қаласы (170 мың), республикамыздағы ең жоғары урбандалған экономикалық аудан (85%).Ауыл халкы біркелкі орналаспаған. Халықтың тығыз орналасқан аймақтарына - ауданның солтүстігі, өзен алаптары, ірі темір жол тораптары жөне су қоймаларының маңы жатады. Жұмыссыздық санының мөлшері қазір 6,9%-ды құрайды. Экономикалық, белсенді халықтың үлесі — 70%.Соңғы кездерде білім және денсаулық саласына бөлінетін қаржы көлемі 1,5 есеге көбейді


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: