Глоссарий

Психология пәні бойынша глоссарий

(пән атауы)

Қазақ тілінде Орыс тілінде Ағылшын тілінде
     
Лонгитюдті әдіс лонгитюдный метод longitude metod
Тест тест test
Проективті әдіс проективный метод projection metod
Тренинг тренинг train
Гипноз Гипноз hypnos
Психология психология psychology
Индивид Индивид individual
Жеке тұлға Личность personality
Психологиялық қызмет Психологическая служба psychological service
Психологиялық көмек Психологическая помощь psychological help
Психологиялық диагностика Психодиагностика psychological diagnostics
Зерттеу әдістері Методы исследования methods of the study
Анкета әдісі Анкетирование questionnaire
Бақылау Наблюдение observation
Эксперимент Эксперимент experiment
Бейімделу Адаптация adaptation
Кәсіби кеңес Профессиональная консультация Professional consultation
Темперамент Темперамент temperament
Мінез Характер nature

Лонгитюдтік әдіс- ұзақ уақыт бойына бір ғана объектіге көптеген зерттеулер жүргізу.

Тест – белгілі мәндік шкаласы бар стандартталған сұрақтармен тапсырмаларды қолданатын диагностикалық әдісі.

Проективті әдіс – адамның ішкі дүниесін символикалық алмастырулар арқылы сыртқы заттар көмегімен зерттейді.

Тренинг – қарым-қатынас дағдыларын, өзін-өзі реттеуді, кәсіби іскерлікті дамытуға бағытталған топтық жұмыстар формасы.

Гипноз – жасанды жолмен пайда болатын сананың күйі, сендіру формасы.

Психология – бұл психикалық құбылыстардың пайда болуын, даму заңдылықтарын зерттейтін ғылым.

Индивид - биологиялық түрдің тұқым қуалайтын жалпы гендердің иесі.

Тұлға -адамның қоғамдық мінез-құлық және сана формаларынигеру нәтижесінде қалыптасатын адамның әлеуметтік –психологиялық мәні.

Психологиялық қызмет – әртүрлі іс-әрекет түрлеріндепсихологиялық экспертиза, диагностика, кеңес беруде кешенді міндеттерді шешуде психологияны қолданудың практикалық жүйесі.

Психологиялық көмек- адамға, топқа, ұйымға психологиялық көмек көрсетуде адамдардың әлеуметтік-психологиялық компетенттілігін арттыруға бағдарланған психологияны практикалық қолданудың саласы.

Психодиагностика – тұлғаның индивидуалдық- психологиялық ерекшеліктерін анықтаумен өлшеуге әдістерді өндейтін психологияның саласы.

Зерттеу әдістері – тұлғаның психологиялық көріністерін зерттеу әдістері мен тәсілдерінің жиынтығы.

Анкета әдісі – вербалды коммуникация негізінде бірінші әлеуметтік- психологиялық ақпарат алу әдісі.

Бақылау - психикалық құбылыстарды жүйелі, мақсатты қабылдаудан тұратын эмпирикалық зерттеу әдісі.

Эксперимент - зерттелініп жатырған объектінің мінез-құлқындағы өзгерістерді тіркеу және манипуляцияны жүзеге асыратын зерттеушінің сол ситуацияға белсенді кірісуін білдіретін ғылыми тану әдісі.

Бейімделу -қоршаған орта жағдайына организмнің қызметі мен құрылысының және оның органдарымен жасушаларының бейімделуі.

Кәсіби кеңес -мамандық таңдауда практикалық көмек мақсатында жастарға сол мамандық туралы ұйымдасқан ақпарат беру.

Темперамент – адамның жалпы сипаты. Анық сипат адамның барлық әрекетінен көрініп тұрады.

Мінез - әрбір адамның жеке басына тән өзіндік психологиялық қасиеттер мен ерекшеліктердің жиынтығы.

5. ПӘН БОЙЫНША ДӘРІСТЕРДІҢ КОНСПЕКТІСІ

№ 1 дәріс

Тақырып: Кеңес берудің тарихи және мамани негіздері

Дәрістің мазмұны

1. Психологиялық кеңес беру туралы түсінік, анықтамасы

2. Психологиялық кеңес берудің ғылым ретіндегі түсінігі

3. Психологиялық ғылымдар жүйесіндегі психологиялық кеңес берудің орны

1. Психологиялық кеңес бұл психолог қызметіндегі негізгі бір қызмет түрі болып табылады. Бұл үздіксіз арнайы және негізгі кәсіби дайындықты қажет етеді. Психологиялық кеңес білімнің арнайы тәжірибелік аумағында емес, сонымен қатар арнайы мамандарға да қажет болып саналады. Кеңес берудің негізгі мақсаттары:

1) клиентке туындаған мәселені шешуде, жедел түрде көмек көрсете білу;

2) арнайы психологиялық білімді әлеуметтік жағдайда пайдалы түрде кеңес

3) беру ретінде пайдалана білу;

4) негізгі мақсат клиентке көмегі;

5) клиентке рухани күшпен сенімділік, жігер беру керек;

6) клиентке мәселені жағдайдан шығу үшін көмек бере отырып, бағыт көрсету міндеттері:

1. мәселені шеше білу және оны анықтау;

2. клиентке туындаған мәселелердің деңгейін анықтау;

3. клиенттердің жеке тұлғалық қасиетін анықтау (мінез, қабілет, ерік-жігер, темперамент);

4. клиентке дәл түрде орынды жағдайда кеңес беру, нұсқау, ұсыну.

5. қазіргі кездегі практикалық өмірден белгіленген мәселелер төңірегінде кеңес беру.

6. алдын ала психикалық сауықтыру бойынша кеңес беру.

Бұл міндеттердің қажеттілігіне қарай жүзеге асыру психологиялық әдіс – тәсілдерді қолдану барысында қамтылады.

Практикалық психолог жұмысының негізгі бағыттарының бірі психологиялық кеңес беру болып табылады.

Психологиялық кеңес беру психологиялық қиындықтарды, клиенттің жеке өмірінде, кәсіби іс-әрекетінде, оқуы мен өзге де ситуацияларда кездестіретін қиындықтарын өзі шешуіне мүмкіндік беретін әрекеттің адаптивті емес тәсілдетін анықтайтын психологиялық көмектің түрі.

Кеңес беру - адамның мәселесін зерттеуде, дау-дамайды анықтауда, ситуацияны басқара білудің жаңа тәсілдеріндегі көрсетілетін көмек. Кеңес беру психолог жағдайды өзгертуге және жақсартуға тырысқан уақытта орындалады, бірақ ол өзгеріс үрдісін басқара алмайды.

Психолог-кеңесшіге эмпатия, ашықтық, тұтынушыға баға бермей қабылдау, оған оның өз мәселелерін өзі шеше алатындығына сенім көрсете білуі қажет. Кеңесші тұтынушыға жеке қамқорлығын оның көңіл-күйіне ену арқылы, сөзбен, мимикамен, дене қозғалысымен көрсетуі қажет; сондай-ақ өзімен тұтынушы арасында оптимальді психологиялық ара қашықтықты сақтай білуі қажет. Ол тұтынушыға қобалжулардан арылуға емес, осы қобалжуларды конструктивті бағытқа бұрып, тұтынушының өзін, өз өмірін, өзгертуге сенімділігімен шешімділігін ұялату. Кеңесші тұтынушыға ақыл айтып, өз ойын танытуға болмайды.

2.Психологиялық кеңес беру – қазіргі психологияның қолданбалы саласы. Психологиялық ғылымдар жүйесінде оның міндеті түрлі проблемаларға кезіккен жағдайда психикалық және соматикалық дені сау адамдарға психологиялық көмек берудің теориялық негіздері мен қолданбалы бағдарламаларын жасау болып табылады. Бұл теориялық негіздер мен бағдарламалар бір жағынан психологиялық білімнің қызіргі жағдайын талдау, эмпирикалық және теориялық зерттеулер саласындағы жетістіктер негізінде жасалады. Екінші жағынан, бұл теориялық негіздер мен бағдарламалар көзі психологиялыө көмек көрсетудің түрлі формасы аясында психологиялық әсер етуді жүйелі жүзеге асыратын мамандардың практикалық жұмыстарын талдау болып табылады. Психологиялық кеңес берудің спецификасы диалогқа, ақпарат алмасуға басымдық беру болып табылады.

3. Психологиялық кеңес берудің психокоррекция мен психотерапиядан негізгі айырмашылықтары:

1. Қолдану аясының кеңдігі, клиникалық практикамен салыстырғанда психикалық дені сау адамдардың проблдемаларына бағытталғандығы. Психологиялық кеңес беруді білім беруде, менеджментте, өндірісте жеке және отбасылық мәселелерді шешу үшін қолданыла бастады.

2. Эмпирикалық зерттеулерде алынған мәліметтерді кеңінен қолдануға бағдар

3. Жұмыс көбіне ситуациялық мәселелерге байланысты, оны сана деңгейінде шешуге болады.

4. Субъект-субъектілік қарым қатынас, псизхолог кеңес беруші мен клиент арасындағы диалогтық қарым қатынас.

5. Клиент тұлғасының денінің сау болуына бағдар, клиенттің мінез құлық реакцияларының түшрлі болуына құқығының мойындалуы.

6. Клиентпен жұмыста оның белсенділігі мен өзбеттілігіне бағдар, адамның ішкі ресурстарын ояту

7. Психологиялывқ кеңес беруде психотерапияған қарағанда психолог кеңес берушінің қызметінің түрлі кәсіби модельдерінің кең ауқымы.

№2 дәріс

Тақырып: Психологиялық кеңес берудің даму тенденциялары

Дәрістің мазмұны

3. 1990 жылға дейінгі кеңес берудің тарихы

4. 1990-1950 жылға дейінгі психологиялық кеңес берудің тарихы

5. 1950-1980 жылға дейін психологиялық кеңес берудің даму тарихы

Кеңес беру тамыры көптеген пәндермен тығыз байланысты: философия, педагогика, психология, психотропия, әлеуметтану, жанұя психологиясы және т.б. кеңес берудің дамуы бір кезеңдермен ғана жүрген жоқ. Ежелгі Месопотамия, Персия, Греция, Римде алғашқы психологиялық консультанттар, философтар мен дәрігерлер және көріпкелдер болды. ХІХ ғ. ғана адамды әңгімелесу арқылы емдеуге тырысатын нағыз психолог консультанттар пайдаланылды. Бүгінгі біз білетін психологиялық кеңес беру осыдан 100 жыл бұрын ғана басқа ғылым саналарына бөлініп, өз алдына ретінде қалыптасты. Ең алғашқы жылдары адамды әңгімелесу арқылы емдеу біөдер үшін үйреншікті нәрсе болғанымен бұрыңғы кезде оны революциялық пікір деп санап, қабылдағанда жоқ және мойында, тек ғасыр басында көптеген ғалымдар психологиялық кеңесті еңгізудің сан түрлерін қарастырды. Осы ғалымдардың ішінде З.Фрейд ғана еңгізген катаристік әдіс адамды емдеуге және оның мәселелерін шешуге мүмкіндік берді. Қазіргі таңда өз мәселенді, көзқарасыңды, проблемаңды асқа адамға айтқанда, жағымды әсер қалдыратындығы туралы көзқараспен барлығы келіседі. Тұлға аралық коммуникация және вербалды әрекет психологиялық кеңес берудің негізін құрайды. Консультантта, кеңес алушы клиентте басқа адамдар секілді біріккен мақсат үшін жұмыс жасаса онда конструктивті өзгерістің болатындығына сенеді.

1900-1909 жылдары

Осы ғасырдың басында Фрейдтің психоаналитикалық теориясы психологиялық көмек көрсетуде басымдылық көрсетті.Осы 10 жылдықта кеңес бердің дамуының сапалы лидері ретінде үш тұлға:Джессив Дэвис,Фрэнс Парсанс және Клиффорд Бирс.

Джессив Дэвс муниципалды мектепке тұлғалық жетекшілік ету бағдарламасын жүйелеген бірінші адам болды. 1907 жылы Гранд-Рэпидс қаласындағы Мичиган штатында мектептегі оқытудың басқару системасын көрсетті,Дэвис ағылшын әдебиетінен беретін

мұғалімдерге қатысушылардың мінез-құлқын тәрбиелеу және тұлғалық мәселелерді шешу жайында аптасына бір рет сабақ өткізуді ұсынды.

Америкалық ағартушылар Хорас Манн және Джон Дъюи, Дэвис ықпалы бойынша осы тұлғалық жетекшілік америкалық қоғамның ауруларын емдейтін көмек жағдайы болып табылады.Девис және басқа прагресивті педагогтар кеңес беру болмаған кезде бұл терминді осы заманғы кеңес беруді былай ұсынды.Мектептегі тұлғалық жетекшілік.Девис сияқты Парсонс та оқушылардың тәрбиені орнатуын шоғырландырып және даму мәселесіне қарсы болды.Парсонс мұғалім ретінде кең, профелді, терең жазушы айнымас әрекет және жақсы интелектуалды сипаттады. Ол бостандық Бюро ұйымымен байланысты кеңге танылды.1908 жылы білім саласында жетекшілік ететін институттардың маңызды қадамын жасады.

Парсонос жастармен жұмыс істеу арқылы,оларға мамандық таңдауға көмектеседі.Ол мамандық таңдауға мына 3 фактор қажет екенің атап көрсетті: жұмысы туралы ұсыныс,өзі туралы және екеуінің бір-бірімен байланысы.Парсонос клиенттің мамандық әлемін және өзін жақсы тануға арналған көптеген әдістемелер ойлап тапты. Олардың бірі клиенттің қызығушылығын арттыруға арналған кең тараған анкета. Мысалы: Сіз ана жұмада қалай демалдыңыз?,санасу Сіз бүкіл әлемдік көрмеден бірінші кезекте нені көргіңіз келеді?,екінші кезекте,үшінші кезекте?, маральдық ұстаным Қандай жағдайда шындық үшін өзіңдік жеке пайдаңызды құрбандыққа шалар едіңіз?

Парсоностың Cfjjsing a vasation атты кітабы автор дүниеден өткеннен кейін 1 жылдан соң басылып шықты. Оның кітабы Бостандықтарға қатты әсер етті. Мысалы Бостандық мектепті басқарушы Стрэттон Брунс 117 мұғалімге бастауыш жіне орта мектептерде мамандық таңдауға байланысты мамандық таңдауға көмектесті.Мектептегі білім беретіндер сияқты болашақ мамандық өзектілігін жоспарлады.Бостанның бұл мысалы басқа ірі қалаларда кеңге танылды. 1910 жылы 35 қалада Бостан үлгісін жалғастырды.

Целъ университетінің түлегі Клиффорд өзінің өмірінде бірнеше рет психотриялық аурухананың поциенті болды. Ол өзінің ауруы жайында кең көлемді танымал болған А mind that hound ifself атты кітабында түсіндірген болатын.Тқрғындардың психологиялық денсаулығының жақсаруын және психикалық ауруларды емдеудегі реформалар жүргізіп қарастырды, әсіресе оның үлкен жұмысының ықпалы психятрлерге және клиникалық психологияға көбірек арнады. Бирс АҚШ-тағы психикалық саулық қозғалысынын инициаторы болды, оның іс-әрекеті психологиялық саулық сферасында кеңес беру болып табылады.

1910 жыл.

Мына 10 жылдықта кеңес берудің дамуы басты мақсатта 3оқиғамен байланысты болды.Біріншісі-бұл білім 1913 жылғы кәсіби ассоциация.

NVGAбілімі бойынша 1917 жылы АҚШ-тың конгрессінің қортындысы бойынша Смит-Хьюзаның заңы қабылданды. Бұл заң әр түрлі мектептегі кәсіби білімнің заңдылыық базасыан қамтамасыз етті.Бірінші дүние жүзілік соғыс осы 10 жылдықта үшінші маңызды оқиғалары болып табылады.

Обри жетекшілік сферасында практика филасофиясында бейнеленбей дамыды, ол өз қажетіне байланысты психомертияда обьективті негізд табуға байланысты жылдам дамыды.Психометрияға тірек ретінде жағымды және жағымсыз жақтары болды. Бір жағынан ол мамандығынын бағытына «ғылымбейнесіндегі» түрде немесе екінші жағынан даму жолындағы ізденістер мен басқа мәнез-құлықтын ғылымдар дамуындағы көптеген мамандардың қарсы шығуы байқалды.

1920 жылдар.

20-жылдар маманданған кеңес берудің дамуында жайлы болды. Бұл консолидация периоді.Консолидацияға білім беру курстары Гарвардски уневерситеті білім бере бастады.20-шы жылдарда мамандыққа бағытталу толық бейнеленді. Дамыған мамандыққа басымдылық әрекет білім аймағында прогресивті теория болып табылыып, федеральды басқаруушы органдар соғыс ардагерлермен жұмыс істеуге әуестенді.Маңызды бір оқиға 1920-шы жылдың ортасындағы Бостан мен Нью-Йорк кеңес берудің сертификациясы болды.Бұл стандарттан бөлек жаңа психологиялық әдістеме жарық көрді, ол 1929-шы жылғы Эдвард Стронганың сауалнамасы болды. Бұл 10 жылдықтағы маңызды оқиға 1929-шы жылғы Абрахамом және Анна Стоунаның Нью-Йорктегі «Отбасылық және жекелңк сұрақтарға жауап беретін кеңес беру орталығы болды».Бұл орталықта басқа елдерден келу жалғасып, жаңа жұбайлық және отбасылық кеіес беру бағытының тууына әкелді. 20-шы жылдардың аяғында жетекшілік тәжірибе америкалық қағидада кең таралды. Кеңес берушілер өз қызығушылықтарын кеңейтіп, тұлғаның дамуы және отбасыға байланысты сұрақтарды кең қамтыды.

№ 3 дәріс

Тақырып: Психолог- кеңесшіге оның жұмысында қойылатын талаптар

Дәрістің мазмұны

1. Психологиялық кеңес беруші тұлғасы

2. Кеңес берушіге және психологиялық кеңеске қойылатын талаптар.

1. Психолог кеңесші деп арнайы психологиялық білімі бар жоғары деңгейде психологиялық көмек көрсете алатын адамды айтамыз. Фостер мен Гай кеңесшінің мамандығын алу үшін мамани тұрғыдан әзір болу керек деген. Кеңесші өз жұмысында көптеген өмірлік жағдайлармен кездесіп отырады. Сондықтан адамдарға көбіне кеңесші болып жұмыс жасау оңайырақ болып көрінеді.

Кеңес беру мен кеңесшінің тиімділігі көп нәрсеге байланысты:

- Тұлғалық сапалар

- Білім, дағды, кеңес беру тәжірибесі

- Кеңес берудің жүйелілік және теориялық көзқарастары

- Кеңесшінің кеңес берудің біріккен түрлерімен жұмыс жасай алуы.

2. С.Глэддинг кеңес берушінің жеке қасиеттерімен тиімді жұмыс жолдарын төмендегідей қарастырады:

· Қызығушылық. Мұндай қасиеті бар адамдар басқаларға табиғи қызығушылық танытады.

· Тындай білу. Тындай білу қабілетін стимулдық фактор ретінде қолдана білу.

· Еркін әңгімелесу. Әңгімеден рахат ала білу.

· Эмпатия және түсіне білу. Жынысына мәдени бағыттылығына қарамастан, өзін басқа адамның орнына қоя білу.

· Қөңіл-күйін білдіру. Қөңіл-күйін шығара алатын адамдар қайғыдан қуанышқа дейін көрсете алады.

· Интроспекция. Өзінің ішкі сезімдерін сезіну, саналы сезіну.

· Өзін құрбан ете білу. Жеке шаруаларын кейінге қалдырып, бірінші кезекте басқа адамның мәселесіне алаңдаушылық білдіріп, оны тыңдау.

· Жақын қарым-қатынасқа төзе білу. Қысымға қарамастан эмоциялық жақындыққа төзе білу.

· Биліктегілермен қарым-қатынасқа түсе білу. Биліктегілерді мойындай білу және тәуелсіздіктің белгілі деңгейін сақтау.

· Әзілдей білу. Өмірдегі оқиғалардың екі қырын қабылдай білу, олардан күлкілі нәрсе көре білу.

· Ойлау қабілетінің біліктілігі. Оқуға ынтасы және қабілеттілігі, тапқырлықпен шығармашылық ойлау қабілеті.

· Күш-қуаты. Кеңесші бірнеше сессия қатарынан белсенділік көрсете білуі керек.

· Иілгіштік. Тұтынушылардың сұранысына қарай өз әрекеттерін икемдеу.

· Көмек көрсете білу. Тұтынушының шешімін қабылдауына қолдау көрсету, үмітпен сенімге ие болуға көмектесу.

· Жұмыс істеуге еркі. Тұтынушының қызығушылығына байланысты олардың тәуелсіздіг әдепін сақтай отырып, конструктивті жұмыс жасауға ықыласы.

· Өзіне сенімділік. Бұл өзін-өзі білу, ұстанымдарын, құндылықтары мен сезімдерін білу және осыларға қандай факторлар және олардың қалай әсер ететіндігін тани білу.

3. Психолог-кеңесшіге қойылатын мынадай сапалық талаптар бар. Олар:

- эмпатияға қабілеттілік, аяшылық сезім. Бұл түсініктің астарында клиенттің ішкі психологиялық әлеміне ене білу қабілеттілігі жаты

- Ашықтық. Кеңесші клиенттің ішкі психологиялық әлеміне ене отырып, өзі туралы, өзінің сезімі туралы айтып, клиентің эмпатиялық реакциясын тудырып, оны өзіне ашылуғы көмектесу.

- Клиентке деген қамқорлықты пантомимика, мимика, жест түрінде көрсету.

- Жақсылық. Клиентке деген эмоционалды жағымды қарым-қатынас, оның проблемасын шешудегі кеңесшінің қатыстылығы.

- клиентке деген сенім, оның өзінің проблемасын шешуге қабілетті болуға ұмтылуы.

№ 4 дәріс

Тақырып: Кеңес берушінің кәсіби дайындығы

Дәрістің мазмұны

1. Кеңес берушінің кәсіби дайындығының арнайы бағыттары

2. Білікті психолог кеңес берушінің кәсіби сапалары.

3. Кеңес берушінің кәсіби біліктілігін арттыру жолдары.

1.Кеңес берудің кәсіби дайындығына кез келген психологқа міндетті жалпы білім беретін ғылыми дайындығынан басқа психологияның бірқатар салаларын меңгеруі қажет. Атап айтсақ психологиялық кеңес беруді. Кеңес берушінің кәсіби дайындығының келесідей арнайы бағыттары бар:

1. Психологиялық кеңес берудің дайындық сатыларын зерттеу.

2. Кеңес берушінің жұмыс мазмұны туралы мәлімет алу.
3.Кеңес берушінің клиентпен жұмысының әдістерін меңгеру.

4. келесідей арнайы салаларда психологиялық кеңес берудің ерекшеліктерімен танысу: жанұялық кеңес беру, іскерлік кеңес беру, психологиялық педагогикалық кеңес беру, тұлғалық кеңес беру.

5. Кеңес берушінің тәжірибелі кеңес беруші – супервизордың басшылығымен жұмыс жасауы.

Нақты міндеттермен қатар кеңес беруші келесідей міндеттерді шеше алу керек:

- потенциалды киленттердің ортасын анықтау

- психолог кадрларды және психологиялық кеңес беру жұмыстарына қатысатын қызмет көрсетуші персоналды таңдау

- кеңес берудің практикалық жұмысын бастау үшін материалдық базаны және құжаттарды дайындау.

- Потенциалды клиенттер арасында кеңес беру қызметі туралы ақпаратты дайындау және тарату.

2. Кәсіби, жауапты және жоғары деңгейде психологиялық кеңес берумен айналысатын кеңес беруші болып тек орта және арнайы жоғары білімі бар, сонымен қатар психологиялық кеңес беруші ролінде жеткілікті практикалық жұмыс тәжірибесі бар, сәәкес сертификат иеленген адам бола алады. Арнайы біліммен және іскерлікпен қатар психологиялық кеңес беруші арнайы тұлғалық қасиеттерге ие болу қажет. Мәселен, ол адамдарды жақсы көру керек, оларды сөзсіз түсініп, олардың күйін сезіне білу керек, мейірімді, төзімді, тіл табысқыш және жауапты болу керек. Осы тізімге осы саланың белгілі маманы Р.Меемнің сөздерін қосуға болады. Оның ойынша, кеңес беруші адамдарды өзіне тарта білу керек, өзін кез келген қоғамда еркін сезіне білу қажет, эмпатияға қабілетті болу қажет. Нағыз психолог кеғес берушіде ең бастысы «мейірімділік және клиентті түсінуге деген ұмтылыс қажет, оған өзін сырт көзбен кқре білуге және өзінің тұлға ретіндегі құндылығын сезінуге көмектесуге ұмтылу қажет».

3. Кәсіби біліктілікті жүйелі түрде көтеріп отыру психолог кеңес берушінің міндетті талаптарының бірі болып табылады. Біліктілікті тұрақты арттырып отыру қажеттілігі келесідей себептермен түсіндіріледі. Біріншіден, ЖОО алынғын білім уақыт өте келе ескіреді, және жаңартуды қажет етеді. Екіншіден, кез келген психологиялық кеңес беру, кез келлген кеңес беруші басқаларға пайдалы практикалық жұмыстың тәжірибесін жинақтайды, және онымен бөлісу біліктілікті арттыру кезінде жүргызыледі. Кәсіби біліктілікті арттырудың басты бағыттыраы мынадай:

1. психолог кеңес берушінің іс әрекетінің негізінже жатқан қазіргі психология салаларының жаңа ғылыми және практикалық пайдалы білім алу.

2. Диссертацияны дайындау және қорғау барынша жоғары кәсіби деңгейді иелену үшін біліктілік емтихандарын тапсыру.

3. Кеңес берушінің психотерапия және психологиялық түзетудің жаңа әдістерін меңгеруі.

4. Басқа психологиялық кеңес беру мекемелерінде және одан да тәжірибелі кеңес берушінің басшылығымен тәжірибеден өту.

5. Клиент ролінде психологиялық кеңес беруден өту, өз бойында кеңес берумен, психокоррекция, психотерапия әдістерін байқау.

№ 5 дәріс

Тақырып: Психологиялық кеңес беру жұмысын ұйымдастыру

Дәрістің мазмұны

1. Психологиялық кеңес беруге дайындық

2. Психологиялық кеңес берудегі жұмыс режимі

1. Психологиялық кеңес беру және оның практикалық жұмыстарын ұйымдастыру тек келесідей жағдайларда қажет болады. Біріншіден, бір аймақтатұратын немесе бір ұйымда жұмыс жасайтын адамдардың көпшілігінде психологиялық мәселелер орын алса, және оны өз бетімен шеше алмаған жағдайда. Бұл адамдар өздерін науқас ретінде сезінбейді, бірақ психологты тыңдап, оның кеңеғсіне жүгінуге дайын адамдар. Жаппай сипаттағы мұндай мәселелер бір қоғамда өмір сүретін адамдардың көбінің өмір сүру жағдайлары нашарласа, бәсекелестік тез артса және қысымшылық көбейсе пайда болады. Екіншіден, жеке психологиялық кеңес беру қажеттілігі әлеуметтік ортада өзінің психологиялық қызметі бар, және оның жұмысының жетістігін арттыру қажет болған жағдайда. Бұл әдетте іс әрекет міндеттері мен бағдарлары мамандарға бөлу арқылы жүзеге асады. Міндеттерді бөлі жұмыстағы терең мамандануды білдіреді, соның негізінде кәсібиліктің жоғары деңгейіне жетіп, жұмыстың сапасы артады.

Практикалық психологияда бұл психолог мамандар арасында функционалдық міндеттерді бөлі болып табылады. Бұл кем дегенде қызметтің үш саласы бойынша: психодиагностика, психокоррекция, психологиялық кеңес беру.

Психологиялық кеңес берудің ұйымдастырудың жалпы сұрақтарына, сонымен бірге оның тұрақты орналасу орнын таңдау болып табылады. Психологиялық кеңес беру жеке оғаша бөлмеде бюолғаны дұрыс, оған көрші бөлмедегі адамдар кедергі келтірмеуі тиіс. Психологиялық кеңес беруді сауда орталықтарында, шулы жерлерде орналаспағаны жөн. Сонымен қатар силиция, әскери бөлімдер қасында орналасуына тыйым салынады. Кеңес беруді ұйымдастырудың тағы бір маңғызды мәселесі мамандарды таңдау болып табылады. Олардың практикалық психологиядан жоғары білімі болғаны дұрыс.

2. Клиенттер үшін психологиялық кеңес берудің ең ыңғайлы режимі өздерінің мүмкіндіктері, қызығушылықтары мен қажеттіліктеріне байланысты уақыт болып табылады. Адамдардың көпшілігінде 9-10-нан 17-18 сағаттарға дейін жұмыс болғандықтан, 8-9немесе 18-20 уақыт аралықтары ыңғайлы. Психологиялық кеңес беруде күнделікті таңертең және кеште жұмыс жасағаны жөн. Ал психологиялық кеңес тің созылу уақыты психолог кеңес берудің мүмкінджіктері мен еңбек жағдайларына байланысты.

№ 6 дәріс

Тақырып: Психологиялық кеңес берудің әдіснамалық негіздері

Дәрістің мазмұны

1. Психологиялық кеңес беру практикасына негізгі тұрғылар

2. Психоан ализде қолданылатын кеңес беру әдістері

1. Кеңес берудің теориясы мен тәжірибесіне түрлі тұрығылардың ішінде ең маңыздысы-бұл жеке және мәдени эмпатия, психологтың байқағыштығы, оның тұлғаны және әлеуметтік ортаны бағалауы, жағымды өсу мен даму әдістерін қолдану.

Қазіргі кезге дейін психологиялық кеңес беру тәжірибесінде қалыптасқан тұрғылар мынадай бағыттарда:

тереңдетілген психология – психоанализ (З. Фрейд), жеке психология (А. Адлер), аналитиалық психология (К.Юнг), транзактілі анализ (Э. Берн) және т.б.;

бихевиористік бағыт әлеуметтік үйрету, әлеуметтік құзыреттілік тренингі; өзін өзі оқыту;

гуманистік бағыт – гештальттерапия (Р. Перлз), топтық терапия (К. Роджерс), логотерапия (В. Франкл), психодрама (Морено).

Әр бағытты сипаттау әр бағыттың қолданылатын негізгі ұғымдарын, және клиентке әсер етудің негізгі әдістерін бөлуге мүмкіндік береді.

2.Қазіргі біз білетін психодинкамикалық теорияның негізін салған З.Фрейд болды, оның өзгерген нұсқаларын А. Адлер, Э. Эриксон, Э. Фромм, К. Хорни, К. Юнг, В. Рейх жұмыстарында көрініс тапқан. Санасыздық тұжырымдамасы – З.Срейд теориясының басты ұғымы. Санасыздық ұғымы адам өмірінің күрделі және көпқырлы болуын түсінуге мүмкіндік береді. Психоанализдің басты міндеті адамның басқаратын санаасты сфераларын анықтау және зерттеу. Психолог клиентпен психодинамика теориясы тұрғысында жұмыс жасай отырып, клиенттің өзінің сана асыт үрдістерін саналы ұғынып, оларға ықпал ете білуді үйретуге ұмтылады. Бұл теория бойынша тұлғалық тұрақты сипаттамалар өте ерте қалыптасады. Адам өмірі оның өткенімен анықталады. Клиентпен жұмыс жасайтын психолог осы стереотиптерді бөліп, тұлғаның қорғаныс механизмдерін зерттеу арқылы жүзеге асырады. Тұлғалық дау дамайларды З.Фрейд «Ол», «Мен» және «Жоғары Мен» ұғымдарымен түсіндірді. Психодинамикалық теория бойынша қорғаныс механизмдердің көпшілігі жыныстық ұмтылыстарды басу үшін қолданылады.

Осы бағытта жұмыс жасайтын психолог келесі тәселдерді қолданады:

  1. Күнделікті болып жатқан белгілерді талдау, мысалы берілген сөзге клиенттің ассоциациясы
  2. «Фрейдтік қателік» бқл клиенттің қателіктері, кемшіліктері,
  3. Түстерді талдау түс мазмұны бойынша еркін ассоциациялар тасқыны.
  4. Қарсылық көрсетуді талдау ығыстырудың механизмінің кеңінен көрінуі.

№ 7 дәріс

Тақырып: Психологиялық кеңес беру қызметі

Дәрістің мазмұны

1. Кеңес беру қызметі

2. Кеңес берудің негізгі техникалары

Психологиялық кеңес берудің басты қызметі

Психологиялық кеңеске және психолог-кеңесшінің практикалық жұмысына қойылатын кәсіби және этикалық-адамгершілікті талаптар практикалық психологтың кәсіби кодексінде нақты көрсетілген. Бұл кодекстегі көптеген жағдаяттар психолог-кеңесшінің жұмысында қолданылуы тиіс.

1. Кеңесшінің кәсіби қызметі оның клиенттерге беретін ұсыныстарымен сипатталады.

2. Кеңесшінің практикалық қызметі адамгершілікті-этикалық және заңды негіздерге сүйенуі ерек.

3. Кеңесші қызметі маңызды мақсаттарға жетуге бағытталып, оған қарсы кездесетін кедергілерді жеңумен сипатталады.

4. Психолог-кеңесші өзінің қызметінде тұлғаның тұлғалық ерекшеліктерін, негізгі адами құқықтарын құрметтеуі қажет.

5. Клиентпен жұмыс кезінде кеңесші шындық пен ашықтылық принципін ұстанады. Сонымен қатар, ол кеңес пен ұсыныстар беруде байқампаз болуы керек.

6. Кеңесші өзінің әріптестеріне немесе кәсіби шеңберінде өзінің клиентпен қарым-қатынасында жіберген құқық бұзушылықтары жайлы айтып отыруы керек.

7. Психолог-кеңесші клиентке өзінің білімі, біліктілігі, қабілеті жететін көмекті ұсынуға құқылы.

8. Кеңесші өз жұмысында бұрын қолданылып, зерттелген әдістемелерді қолдануы керек.

9. Кеңесшінің құрамды қызметінің бір бөлігі болып оынң бөліктілігі мен білімін әрқашан жоғары деңгейде ұстауы болып саналады.

10. Ғылыми дәлелденбеген әдістемелерді және ұсыныстарды қолдануға мәжбүр болған жағдайда кеңесші клиентті бұл жайында хабардар етуі керек.

11. Психолог-кеңесші үшінші бір кісіге клиентпен болған әңгіме жайлы, ол туралы мәліметті немесе қорытындыны айтуға құқығы жоқ.

12. Кеңесші-маман психологиялық кеңестің әдістемелерін психологиялық білімі жоқ жалған маманның өткізуіне жол бермеуі керек және осындай “мамандардан” кеңес алатын адамдарды ескертуі керек.

13. Психолог-кеңесші жалған білімді мамандарға психологиялық кеңес берудің әдістемесін беруге құқығы жоқ.

14 Психолог-кеңесші клиентке жалған үміт беріп, оған алдағы уақытта орындалмайтын ұсыныстар беруіне жол берілмеуі керек.

15. Психолог-кеңесші клиент туралы ақпаратты сақтауға жауапты болуы тиіс.

2.Консультация процесі кезінде кенеттен көрініс беретін, ерекше бір міндеттерді, мәселелерді шешуде қолдануға болатын әдістер мен техникалардың ролі аса зор. Оларға клиент позициясын өзгертуге және коррекциялауға бағытталған әр түрлі сұрақтар, клиенттің нені және қалай істеу керектігі аңық көрсетілетін үй тапсырмалары клиенттің қандай-да бір шешім қабылдауына мүмкіндік беретін дискуссиялар және т.б. жатады. Көп жағдайда бұл техникалар консультациялық сұхбатпен тығыз байланысты, содан тікелей шығады да, клиент үшін ерекше, жат әдістер болмайды. Консультанттың небір әдістер мен техникаларды меңгеруі, оның идеяларының, пікірлерінің толассыздығы- психологтің тәжірибесіне, әр түрлі теориялық жұмыстармен таныс болуына және әріптестерімен кәсіби, іскерлік қарым- қатынас жасауына байланысты.

№ 8 дәріс

Тақырып: Кеңес берудегі бихевиоралды және гуманистік бағыт

Дәрістің мазмұны

1. Кеңес берудегі бихевиоралды бағыт

2. Гуманистік психологиядағы кеңес беру әдістері

1. Бихевиоралды психологияның негізін құраушылар.

1. Психологтың клиентке қатынасы. Психолог-бихевиорист клиентпен өз жоспарларымен бөліседі, өзімен өзара әрекетте клиенттен белсенділікті күтеді.

2. Мәселені мінез құлықты операционализация арқылы анықтау. Психолог клиенттің мінез құлқы мен әрекеттері туралы нақты дәл мәліметтерге сұйенеді.

3. Мәселе контекстін функционалды талдау арқылы түсіну. Функционалды талдау қандай да бір әрекеттің алдындағы оқиға, әрекеттің өзі, және оның салдары, яғни нәтижесі. Яғни оқиғалардың себеп салдарлық байланысын анықтайды.

4. Клиент үшін әлеуметтік мағызды мақсаттарды қою. Клиент үшін әлеуметтік маңызды мақсаттарды қою клиенттің қатысын талап етеді. Ол клиентпен біріге отырып болашаққа нақты әрекет жоспарын жасайды. Бұл бағытты нақты әрекеттерге басымдық беріледі. Бұл бағытта қолданылатын көптеген техникалардың ішінен айтқанынан қайтпауды жаттықтыру, релаксация техникалары кеңінен қолданылады.

2. Психологиядағы гуманистік бағыттың әдіснамасының басты орталығы клиент ұлғасы болып табылады, Гуманистік бағытты К.Роджерс, Ф.Перлз, В.Франкл дамытты. Гуманистік бағыттың негізі адамның өмірлік міндеті—өмір сүру, әрекет ету,өз тағдырын анықтау, шешімдерді қоршаған ортадан емес, адамның өзінен табу. Клиент пен психологтың міндеті клиенттің ішкі әлемін толығырақ түсуну, және жауапты шешімдерді қабылдауда оны қолдау. Гуманистік психологияда қарым қатынастардың өзгерісі техникасы, ауысы, сендіру әдістері қолданылады.

№ 9 дәріс

Тақырып: Психологиялық кеңес беру жұмысын ұйымдастыру

Дәрістің мазмұны

1. Психологиялық кеңес беру үрдісіне әсер ететін факторлар

2. Психологиялық кеңес беру жұмысының режимі

1. Кеңес берудің басында психолог-кеңесші клиентпен бірге отырып, клиенттің мәселесін талдауға кіріседі. Жүзбе жүз отырғаннан кейін кеңесші клиентке «Сізді көргеніме қуаныштымын, біздің әңгімеміз біріккен жұмысымыз өнімді де, жағымды болатынына сенімдімін, ең алдымен жақын танысып алайық» деген сөздер айтады. Психолог-кеңесші өзінің аты-жөнін айтып клиентке өзі жайлы айтуын сұрайды. Клиент аз ғана уақыт беріледі. Ол өз ойын жинақтап, сұрақтарға жауап беруі үшін. Егер сұраққа жауап беруде клиентте қиындықтар болып жатса, мына әдістерді қолдануды ұсынады:

1) психологиялық кеңес беру өтіп жатқан жерде бөтен кісілердің болмауы;

2) кеңес беру бөлмесіне клиентке жақын адамды еңгізу;

3) клиентпен әңгімелесу кезінде психолог-кеңесші өзі еркін түрде қарым қатынас жасай алуы тиіс немесе басқа жағдайда өзінің қысымы, сенімсіздігі клиентке берілуі мүмкін.

4) ол үшін шынайы өмірде сенімділік болуы үшін қарым қатынас тренингінен өтуі керек.

5) өзінің коммуникативтік қабілеті мен дағдысын дамыту үшін сөздік этикеттің қысқа формаларын игеруі тиіс. Мысалы, сәлематсызба, қайырлы күн, сізді көргеніме қуаныштымын.

Клиенттегі қысымды азайту үшін психологиялық комфортты жағдайды қалыптастыру үшін мына тәсілдерді қолдану керек.

- Клиенттің өзіне бірнеше уақытқа жалғыз отыруға мүмкіндік беру;

- Кеңес беру бөлмесінде жағымды, бірақ қатты емес әуен қою;

- әңгімелесу барысында клиенттің қолына жағымды, әдемі, үлкен емес қандай да бір зат беру. Мысалы, ойыншық.

- Психолог-кеңесшімен сөйлесу кезінде клиентке өз қолымен бір нәрсені жасауды ұсыну. Мысалы, психолог-кеңесшіге көмектесу.

2.Клиенттер үшін психологиялық кеңес берудің ең ыңғайлы режимі өздерінің мүмкіндіктері, қызығушылықтары мен қажеттіліктеріне байланысты уақыт болып табылады. Адамдардың көпшілігінде 9-10-нан 17-18 сағаттарға дейін жұмыс болғандықтан, 8-9немесе 18-20 уақыт аралықтары ыңғайлы. Психологиялық кеңес беруде күнделікті таңертең және кеште жұмыс жасағаны жөн. Ал психологиялық кеңес тің созылу уақыты психолог кеңес берудің мүмкінджіктері мен еңбек жағдайларына байланысты.

№ 10 дәріс

Тақырып: Сұхбат психологиялық кеңес берудің негізгі әдісі ретінде

Дәрістің мазмұны

1. Кеңестік сұхбат.Клиентпен тіл табысу сатысы

2. Клиенттен мәлімет алу сатысы

1. Консультант пен клиент арасындағы сұқбат әңгіме кездейсоқ емес, нақты бір ережелерге қатысты ұйымдастырылатын, мақсат- бағдарлаы процес болып табылады. Консультациялық сұхбат негізіне вербалды коммуникация алынады.Сонда консультациялық сұхбат ауызша сұрақ-жауап арқылы әлуметтік-психологиялық мәлімет алуды қамтамасыз етеді.

Психологиялық әдіс ретінде қолданылатын сұхбаттасуда партнерлар позициясының ассиметриялығы, яғни, психологтың сұрақ қоюшы, ал клиенттің жауап беруші ролі консультациялық сұхбаттың тұрмыстық жағдайда әңгімелесуден айырмашылығы болып табылады.Партнерлар позициясында теңдіктің болмауы, оны психологтың әдейілеп көрсетуі клиенттің консультациялық сұхбатта толық ашылмай, сенімсіздік танытып, психологиялық әсердің нәтижесіз қалуына соқтырады. Бұл жағдайда консультанттың мына тәсілді қолдануы пайдалы болуы мүмкін: клиентке сұхбаттың соңынан психологке кез- келген сұрақ қоюына, оған маман ретінде міндетті түрде жауап беретіндігі бастапқы кезде- ақ ескертіледі.

Консультациялық сұхбат кезінде клиенттің ашық, белсенді түрде жауап беріп, ойын қысылмай жеткізуі үшін психолог аса тапқарлық пен әдіскерлік танытуы керек. Сол үшін консультант арсеналында әрқашан таза парақ қағаздар, түсті қарындаштар, балалардың айшықты, әр түрлі ойыншықтары (клиент ерте келген жағдайда әңгімеге кедергі келтірмеу мақсатында)т.с.с. клиентті “сөйлеттіретін” заттар болуы керек. Бұлар консультациялық сұхбатта қосалқы құрал ретінде қолданылады.

Консультациялық сұхбат барысына психологтің сөйлеу ерекшелігі зор әсер етеді. Ғылыми терминдермен “қанықтырылған” психологтің әдеби- ғылыми тілі клиент үшін түсініксіз болып, әңгімелесуге кедергі жасауы әбден мүмкін. Консультант клиентпен тұрмыста, күнделікті жағдайда қолданылатын сөздік қор негізінде мәдениетті қарым- қатынас жасауы керек. Консультант сұхбат барысында психолог клиенттің жас ерекшелігін, жынысын, әлеуметтік- демографиялық жағдайын қатаң ескертуі қажет. Консультант жергілікті диалектімен таныс болып, қажет болғанда оны орнымен қолдана алған да жөн. Сонымен қатар клиентпен контакт жасап, оның психологиялық көмекке сенімін арттырудың бір жағдайы клиентке қарата айту формасын дұрыс таңдау болады. Клиенттің өзін таныстыруы бойынша консультанттың оны атауы қажет. Клиенттің жас шамасы консультанттан артықтығы, жас ерекшелік бойынша дистанциялық жағдай байқалып тұратын және мұндай клиенттердің кейбіреулері өздерін таныстырған кезде тек есімдерін ғана атап, танысатын кездер болады. Бұл жағдайда консультант “ Сізді қалай атасам дұрыс болар екен?” деп, клиентке қосымша “тапсырма - сұрақ” бергенше немесе “Жанар апай”, “Болат ағай” деген сияқты формаларды қолдағанша, амалын тауып, атап айтуды шектеудің тиімділігі біздің тәжірибелерден белгілі болды.Ал Й. Шванцара (1978) ұстанымы бойынша консультацияға келген клиентті тек есімімен атаған жағдайларда, психологтің ересек клиентпен контакт жасауы күрделі болатын көрінеді. Мұны қазақтардың қарым – қатынас жасауындағы ерекше ұлттық құндылықтардың, стандарттардың маңыздылығымен түсіндіреміз.

Кеңестік сұхбаттық клиенттен мәлімет алу сатысы

Психологиялық консультацияның екінші сатысы клиенттің жеке басына қатысты мәселенің баяндалу және клиенттің нақты жағдайын талдау, консультациялық жорамал жасап, тексеру процестерін қамтиды. Осылайша консультацияның екінші сатысының өзі де екі фазадан тұрады.

Клиенттің жеке басына қатысты мәселенің баяндалу фазаның басты мақсаты – клиентті сөйлету, оның әңгімесін тыңдау болады. Клиент монологі оның психологиялық консультацияға келуіне түрткі болған жеке бас мәселесін спонтанды әңгімелесу болып табылады. Бұл фаза 15-20 минуттай уақыт алуы мүмкін.

Клиентпен кездесудің бастапқы сәттерінен-ақ шағымның жасырын мазмұнын консультант сәйкесінше сұрақтар қоя отырып, айқындап алу дұрыс болады.

Психолог консультацияның бұл фазасында клиент монологын тыңдап қана, үнсіз отыра бермейтіні түсінікті. Консультациялаудың бұл сатысында психолог жұмысының шартты түрде төрт бағытын бөліп көрсетуге болады.

1. Консультант клиентпен контакт жасап, оны өрбітуге жауапты болады. Ол үшін ең бастысы – консультант клиент әңгімесін аса зейін қойып, эмпатиялық тұрғыдан тыңдауы қажет. Клиенттің өз әңгімесіне бар ынта-ықыласын қойып тыңдағанын білуі үшін психологтің басын изеп немесе «Әрине», «Енді», «Иә-иә» типті қыстырма сөздермен құптап, қолпаштап отырғаны жеткілікті болады.

2. Консультант клиенттің өз мәселесі жайлы масималды ашық әңгімелесуіне стимул жасайды. Клиентке тікелей қойылатын сұрақтар арқылы оның өміріндегі өзекті мәселенің пайда болу тарихы, әңгімесіндегі адамдармен қарым-атынасы, өз мәселесінің пайда болуы жайлы түсінігі, өмір жағдайындағы жақсару және қиындау кезеңдері туралы психологке қажетті ақпарат алынады. Олс үшін «Ол(ар) (клиент әңгімесінде есімі аталғандар) бұл мәселеге қалай қарайды?», «Бұл жағдайдың әлдеқайда жақсарып, Сіз/басқалар үшін тым қолайлы кездері болды ма және ол қалай, кім/не/ге байланысты деп санайсыз?», «Бұл жағдай бойынша әлдеқайда күрделеніп, Сіз басқалар үшін ыңғайсыз кездері болды ма және ол қалай, кім/не/ге байланысты деп санайсыз?», «Бұл жағдай бойынша консультацияға дәл қазіт келуге не мәжбүр етті?. Неге ертерек немесе кейінірек болмайды?», «Маған араларыңыздағы қатынасты айтыңызшы», «Сіздің жанұяңыз қандай?», «Бұл қашан және қалай басталды?», «Бұл жағдай немен байланысты пайда болды?» деген «ашық» сұрақтар қойылады. Осы типтес сұрақтар клиенттің баяндамасына жақсы қолдау крсетіп, стимул болады.

3. Консультант клиент әңгімесінің өрбуіне, тереңдеуіне, ашық баяндалуына жағдай жасайды. Ол үшін клиент әңгімесі бір-бірімен байланысты бөліктерге бөлініп, құрылымдалады. Бұл консультантқа қандай болса, клиентке де сондай дәрежеде аса қажет. Консультацияның осы сәтінде не және қалай баяндалып, қарастыру керектігі жайлы клиенттің логикалық түсінігі болуы керек. Бұл клиенттің консультация процесіне психологтің ғана емес, өзінің де жауапты болатынын сезіндіріп, консультацияға қарсыласу рецидивтерінен құтылуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар консультация процесін түсіну сұхбат кезінде клиент зейінін шоғырландыруға, оның эмоционалдық және ақыл-ой белсенділігін арттруға жағдай жасайды. Клиент әңгімесін мақсат бағдарлы құрылымдау психологке консультациялық сұхбат уақытын тиімді қолдануға мүмкіндік береді. Себебі, егер клиент әңгіме кезінде қандайда тақырыптардың қайдан және қалай шығып жатқандығын, жаңа ойлардың немен нақты байланысты екендігін жеңіл аңғарып отырса, нда консультанттың бір жайларды қосымша қайталауының немесе түсіндіруінің қажеті болмайды.

Клиент айтқандарына консультанттың қысқаша коментарий жасауы, қорытындылануы – клиент әңгімесін құрылымдаудың бір тәсілі. Оған мысалдар келтірейік: «Сонымен, Сіздің ойыңызша, бұл жағдайдың күрделенуі құрбыңыздың әсері көп тиеді», «Сонда жолдасыңыз тапқан ақшасын тек өзіне ғана жұмсайды ғой», «Сонымен Сіз қазіргі кездегі қызыңызбен араңыздағы қатынасты баяндадыңыз», «Сонда басшыларыңыз сіздің пайдалы іс-әрекетіңізді ешқашан көрмейді, ескермейді ғой» және т.с.с. Консультанттың осы типті қорытындылауы, комментарийлары клиенттің өз әңгімесін бағалауға, маңызды жайттардың қалып қалмауын ескеруге, қосымша нелерді айту керектігің тексетуге мүмкіндік береді.

. Клиентпен пікірлес болып, онымен диалготік қарым-қатынас құруы үшін консультант клиенттің есімін, ол әңгімесінде тоқталған әр түрлі жайттарды, детальдарды, атауларды, даталарды жадында сақтауы, естен шығармауы керек. Сонымен қатар, клиент айтқандарынан тікелей цитата келтіру, клиенттің бағдарын жедел өзгертуге, басқа да көзқарастардың, ойлардың пайда болуын оған көрсетуге мүмкіндік береді. Аса маңызды кейбір жайларды консультанттың түтріп, жазып отыруы олардың назардан тыс қалып қалмауын қамтамасыз етеді. Әрине, ол үшін ең алдымен клиенттің рұхсатымен алған дұрыс. Алайда клиенттің жылап, қиналған сәттерінде, ішкі сырын ашқан кездерде жазу жазып, консультанттың «іс тындыруы» әдепсіздік болары сөзсіз.

Клиент әңгімесіне барынша зейін қою үшін оның пауза жасар алдында айтқан соңғы сөзін консультанттың іштей немесе естірте қайталауы пайдалы болады. Мұндай қайталауларды клиенттің ашыла әңгімелеуіне және онымен консультанттың тығыз контакт жасауына тиімді стимул ретінде К.Роджерс (1959) және оның шәкірттері белсенді қолданды.

Психолог клиентке сұрақ қою, әңгімеге тарту арқылы оның жеке басындағы мәселелері мен өміріндегі күрделі жағдайларды әбдегн біліп, анықтап алған соң (15-20минут аралығында), консультацияның екінші сатысындағы екінші фазаға өтуге мүмкін болады. Бұл фазада консультацияның жорамалы жасалып, тексеріледі.

Консультант төмендегідей жайттар бойынша клиент әңгімесінің барынша толық баяндалғанын анықтай алады:

- Күрделі жағдай қай кезде басталады?

- Баяндалған жағдай неге байланысты орын алады?

- Бұл жағдай дәл қай жерде болды?

- Жағдайға кімдердің қатысы бар?

- Клиентпен жағдайға қатысы бар басқа адамдар нақты не айтты және не істеді?

- Клиентке оқиға барысында қандай ойлар келеді және ол өзін қалай сезінеді?

- Бұл жағдай қалай аяқталады?

- Бұл жағдайдың салдары қалай болады?

- Бұл жағдай қайтіп неге әсерін тигізеді?

№ 11 дәріс


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow