Масштаб. 1. Карта арқылы (36-сур.) орман жиегінен (А нүктесі) жолдың өзенмен қиылысу нүктесіне дейінгі

2-деңгей

1. Карта арқылы (36-сур.) орман жиегінен (А нүктесі) жолдың өзенмен қиылысу нүктесіне дейінгі қашықтықты анықтыңыз. Карта масштабы 1: 100 000.

2. А мен Б қалаларының арасы картада 8,5 см. Егер карта масштабы 1:1 000 000 болса, қалалардың жер бетіндегі арақашықтығын табыңыз.

3. Мәскеу – Санкт-Петербург темір жолының ұзындығы 650 км-ге жуық. 1: 10 000 000 масштабпен осы жолды кескіндеңіз.

4. Бресттен Владивостокқа дейінгі қашықтық 10 000 км-ден асады. Бұл қашықтық 1:10 000 000 масштабта дәптердің бір бетіне сыяды ма?

5. 37-суретте пәтердің сұлбасы (план) 1: 100 масштабта көрсетілген. Ас үй, жуынатын бөлме және бөлмелердің өлшемі қандай және олардың шындығында ауданы қандай?

6. Картадағы ұзындығы 3,6 см болатын кесінді сәйкесінше жер бетінде 72 км қашықтықты береді. Егер осы картада қалалардың арасы 12,6 см болса, қалалардың арақашықтықтығын табыңыз.

7. Темір жол торабының ұзындығы 3140 км. Келесі масштабты картада осы магистральді кескіндейтін түзудің ұзындығы қандай болады а) 1: 10 000 000; б) 1: 2 000 000?

8. Жер бетіндегі ұзындығы 3 км болатын кесінді картада 6 см болады. 10 км болатын кесінді картада қандай болады? Картада ұзындығы 1,8 см болатын кесінді жер бетінде ұзындығы қандай болады?

36-сурет (М: 1:100) 37-сурет

9. 1:5 масштабта салынған сызбадағы бөлшектің ұзындығы 7,2 см. 1: 3 масштабта салынған осы бөлшектің ұзындығы қандай болады? 2:1 масштабта ше?

10. Өз бөлмеңіздің ұзындығы мен енін есептеңіз. Осы бөлменің сұлбасын (план) дәптерге 1: 100 масштабта салыңыз.

11. Жер бетіндегі 20 м қашықтық сұлбада 1 см кесіндімен кескінделген. Сұлбаның масштабын анықтаңыз.

12. Үйдің ұзындығы сұлбада 25 см. Егер сұлба масштабы 1:300 болса, үйдің жер бетіндегі ұзындығы қандай?

13. Қалалардың арасы 1300 км. Осы қашықтық 1: 10 000 000 масштабты картада қандай кесіндімен кескінделеді

14. 1:3 масштабта салынған сызбадағы бөлшектің ұзындығы 2,4 см. 2: 1 масштабта салынған осы бөлшектің ұзындығы қандай болады? 2:1 масштабта ше?

15. Егер карта масштабы 1:1000 болса, картадағы 12 см-ге сәйкес қашықтықтықтың жер бетіндегі ұзындығы:

16. Егер карта масштабы 1:10000 болса, картадағы 900 м-ге сәйкес қашықтықтықтың жер бетіндегі ұзындығы:

17. Бекеттердің арасы картада 4,5 см, ал жер бетінде 27 км. Карта масштабын табыңыз.

18. 1:3 масштабта салынған сызбадағы бөлшектің ұзындығы 4,8 см. 1: 12 масштабта салынған осы бөлшектің ұзындығы қандай болады?

19. 1:5 масштабта салынған сызбадағы бөлшектің ұзындығы 2,1 см. 3: 1 масштабта салынған осы бөлшектің ұзындығы қандай болады?


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: