double arrow

Білезік артериясында пульсті тексеру


а – екі қолда, б - бір қолда

Шараның орындалуы:

1.Науқастың білезігін бір мезгілде төрт саусақпен алақан жақ бетіне және үлкен саусақпен сыртқы бетін қапсырып ұстау.

2. Екі қолдың II, III, IV саусақтарын науқас қолының білезік сүйегінің ұзына бойына қояды (саусақтың астында пульсі соғып тұрған жұмсақ, жіңішке, бірдей және серпімді түтікті сезу сезімі болады).

3. Артерияны аздаған күшпен білезік сүйегінің ішкі бетіне қарай басады (қатты басса пульстік толқын жоғалып кетуі мүмкін).

4. Пульстік толқын арасы арқылы пульстің ырғағын бағалау

5. 1 минутта пульстік соққы санын есептеу

6. Пульстің барлық қасиетін анықтау.

Пульстің қасиеті

Жиілігі —1 минуттағы пульс толқынының саны. Қалыпты жағдайда үлкен адамдардың пульс жиілігі жүрек жиырылу жиілігіне сай болады және минутына 60-80 соққыға тең. Егер пульс жиілігі минутына 60 соққыдан кем болса, бұл-брадикардия, егер 80 артық болса — тахикардия. Пульстің болмауы-асистолия деп аталады. Кейде пульс соққысы сандары жүрек жиырылу сандарынан кем болады (пульс жеткіліксіздігі). Бұл өте әлсіз немесе уақытынан бұрын жүрек жиырылу кезінде қолқаға қан аз мөлшерде түсуімен және пульстік толқынның шеткері артерияларға жетпейтіндігімен түсіндіріледі.

Ырғағы — пульстік толқындар арасындағы уақытша аралық. Егер ол бірдей болса, пульс ырғақты (үнемі); егер бірдей болмаса– аритмиялық болады. Қалыпты жағдайда пульстік толқындардың арасындағы уақыт бірдей болады. Жүрек аурулары бар адамдарда дұрыс ырғақ бұзылады, бұл аритмия деп аталады. Кейбір науқастарда жеке пульстік толқындардың түсіп қалуы (блокада) немесе уақытынан бұрын пайда болуы (экстрасистолия) және басқа жүрек ырғағының бұзылуын анықтауға болады.

Кернеупульс соғып тұрған артерияны толық басу үшін зерттеушіге қажет күшпен анықталады (пульстің жоғалуы). Бұл пульстің қасиеті систолалық артериалды қысым көлеміне байланысты болады. Қалыпты қысым кезінде артерия аздаған күшпен басылады, немесе оны қанағаттанарлық кернеулі пульс дейді. Қан қысым жоғары болған сайын, артерияны басу қиынға соғады, сондықтан жоғары қысымда артерия қатты басылады - бұндай пульс керілген (қатты)деп аталады. Қан қысым төмен болғанда артерия жеңіл басылады - жұмсақ (керілмеген) пульс деп аталады.




Толусистола кезінде сол қарыншадан қолқаға түсетін қанның мөлшеріне байланысты болады. Қанның қалыпты соққы мөлшерінде және артерияның жеткілікті қанға толуы кезінде толық пульс сезіледі. Қанайналым бұзылғанда, қан кеткенде пульстің толуы азаяды, пульстік толқындар нашар ажыратылады - бұндай пульс бос деп аталады. Әзер сезілетін пульс жіп тәрізді деп аталады.

Сан артериясы шап аймағында жақсы байқалады, санды түзу күйінде сәл сыртқа қарай бұрған кезде –жеңіл тексеріледі. Тізе асты артериясынан пульсті анықтау үшін науқасты ішіне жатқызып, тізе асты щұңқырынан сезіледі. Артқы үлкен асық жілік артериясы ішкі тобық тілерсек астаушасында пальпацияланады; сыртқы табан артериясын табанның сыртқы бетінде, бірінші сүйек аралық кеңістіктің проксималды бөлімінде сезіледі.

Ұйқы артериясында пульсті тексеруді абайлап жүргізу қажет, кезекпен, артерия қабырғасын жайлап басып көруден бастау керек, өйткені жүрек қызметінің бірден баяулау қаупі, кейде оның тоқтап қалуы да болуы мүмкін. Клиникалық түрде бас айналу, естен тану, тырысумен көрінеді.

10. Артериалды қысымды зерттеу

Артериалды қысым (АҚ) – қан тамырлардың қабырғасына қанның түсіретін қысымы. АҚ -қантамыр жүйесінің жұмысын көрсететін ең маңызды параметр болып табылады. Дені сау адамның қан қысымын үнемі ұстап тұруы күрделі нейро-гормоналды реттеумен және жүрек жиырылу күшіне және жүрек тонусына байланысты болады.



Систолалық, диастолалық және пульстік қысымды ажыратады.

Ø Систолалық қысым (жоғарғы сан) систола кезінде артериядағы қысымды көрсетеді, жүрек жиырылып, артерияға қанды айдағанда, онда қысым пайда болады. Олар жүрек жиырылу күшіне және қолқаға айдайтын қанның көлеміне, артерия арнасына, миокард жағдайына байланысты болады.

Ø Диастолалық қысым (төменгі сан) диастола- жүрек бұлшық еттерінің босаңсу кезіндегі артериядағы қысымды көрсетеді. Ол тамыр қабырғасының тонус жағдайын және шеткері тамырлардың қарсыласуын көрсетеді. Төменгі қысымның пайда болуына тамырлардың серпімділігі және тонусы әсер етеді.

Ø Систола және диастола арасындағы айырмашылық пульстік қысым деп аталады. Пульстік қысымның тербелісі толығымен жоғарғы және төменгі қысымға байланысты болады. Қалыпты жағдайда пульстік қысым 30–40 мм сынап бағанасы шамасында болады, систоладан 60% аспау керек. Бұл көлемнің жоғарылауы немесе төмендеуі мүшелер мен тіндердің қалыпты қанмен қамтамасыз етуін бұзады, жүрекке және тамырларға күш түседі.

Қалыпты жағдайда АҚ жоғарылататын немесе төмендетін көптеген факторларға және жасына, тәулік уақытына, сыртқы орта жағдайына, физикалық күшке немесе адамның психологиялық жағдайына (күйзеліс кезінде қысым жоғарылайды ), әртүрлі белсендіретін заттарды, медикаменттерді қабылдауға (кофе, шай) байланысты өзгеріп отырады.

Үлкен адамның систолалық қысымның қалыпты көрсеткіші 110-нан 139-ға дейін мм с.б.б.және диастолалық 70-тен 85–89-ға дейін мм с.б.б. АҚ тұрақты төмендеуі -ги­потония, тұрақты жоғарылауы — гипертония деп аталады. Гипертензия және гипотензия ақау кезінде болады (гипертониялық ауруда және жүрек-тамыр жүйесі аурулары кезінде байқалады) және физиологиялық (физикалық күш түскендегі гипертензия, ұйқы кезіндегі гипотензия).

АҚ деңгейін бағалау үшін жалпыға бірдей ДДҰ жіктеуін қолданады (кесте 6).

Кесте 6.

Артериалды қысым деңгейінің жіктелуі

Заказать ✍️ написание учебной работы
Поможем с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой

Сейчас читают про: