БИЛЕТ № 2. 1. Мемлекет түсінігі және белгілері

1. Мемлекет түсінігі және белгілері

Мемлекеттің пайда болуы туралы теориялардың ішінде таптық теория жетекші орынға ие. Алайда осы қоғамдық институтты таным үдерісіне елеулі үлес қосқан басқа да теориядар тарихтан белгілі (теологиялық, патриархалдық, келісім, зорлық, органикалық, психологиялық).

Мемлекет белгілері:

1) Тұрғындардың аумақтық жағынан ұйымдасуы. Мемлекетті билік бір аумақтағы барлық тұрғындарға бірдей қатысты (құрлық, жер қойнауы,су, әуе кеңістігі т.б.) Бұл азаматтық институтын туындатады. Аумақ пен тұрғындар - мемлекеттің бар болуының қажетті материалдық алғышарттары.

2) Қоғамды басқарудың аппаратының бар болуы. Мемлекет өз органдары мен мекемелер жүйесі арқылы қоғамды басқаруды іске асырады, саяси биліктің белгілі бір режимін бекітеді және жүзеге асырады, өз шекарасын қорғайды.

3) Мемлекет қоғамдық өмірді құқықтық негізде ұйымдастырады.

4) Мемлекет билікті дербес ұйымдастыруды ұсынады. Мемлекеттік тәуелсіздік - бұл осы мемлекеттің ел ішіндегі басқа да биліктерден, сондай-ақ халықаралық қарым-қатынастарда егемен болуы.

5) Фискалды органдардың болуы (мемлекеттің қаржылық-экономикалық негізі ретінде салықтардың алынуы).

Мемлекет - елдің барлық аумағына мен оның халқына бірдей таралатын, елдің ресми өкілі ретінде танылатын және қажет болған жағдайларда мәжбүрлеу шараларына бара алатын жария саяси билік ұйымы.

Құқықтың пайда болуы мемлекеттің пайда болу себептерімен айқындалады. Мемлекетаса маңызды әлеуметтік нормаларды құқықтық нормаларға айналдыра отырып қамтамасыз етеді, сондай-ақ құқықтың жаңа нормаларын белгілеу бойынша қызметті жүзеге асырады.

2. Құқық әкімшілік құқығы – құқықтың қайнар көзі ретінде

Қазақстандық заң жүйесінде өзін - өзі басқарушы саласы әкімшілік құқық болып табылады. Жалпы түрінің өзінде әкімшілік құқықты – басқарушы құқық деп атауға болады. Ол мемлекеттік әкімшілік құру және қалыптастыру барысында туындайтын қатынасты жүзеге асырады және мемлекеттік және муниципалдық басқару саласына қызмет етеді. Ол ҚР өзге салалық құқықтармен бекітілген қатынастардан басқа барлық басқарушы қатынасты реттейді.

Әкімшілік құқық – атқарушы билік құрылымдарын қалыптастыру барысында, өкілеттіктерін, міндеттерін, құқықтары мен мемлекеттік қызметшілердің жауапкершіліктерін белгілегенде, сондай-ақ қоғамдық тәртіпті, азаматтардың өмірлерін, құқытары мен еркіндіктерні қорғауды жүзеге асыруда мемлекеттік басқару процесінде туындаған қоғамдық қатынастарды реттейтін нормалардың құқықтық саласы.

Әкімшілік құқықтық қатынастар – мемлекеттік басқару саласындағы қоғамдық қатынастар. Оның субъектілері болып мемлекеттік басқару және жергілікті өзін-өзі басқару органдары, мемлекеттік қызметшілер, кәсіпорындар, мекемлер, ұйымдар, азаматтар, шетелдіктер, азаматтығы жоқ тұлғалар табылады. Әкімшілік құқықтық қатынас ерекшеліктері, билік қатынастары (тараптардың заңды тепе-теңдігі болмайды), (мемлекеттік басқару саласында болғандықтан) онда мемлекет мүддесі қаралады.

Әкімшілік жауапкершілік әкімшілік құқық бұзушылыққа заңды түрде жауап беру болып табылады. Заңмен және заңдық актілермен белгіленеді. Әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін, соттау немесе жұмыстан босату сияқты жазалар қолдануды қажет етпейтін, әкімшілік сөгіс қарастырылған. Әкімшілік жауапкершілік шараларын қолдануға негіз құқық бұзушылық болып табылады (құқық бұзушылық белгілерінің болуы).

Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 45-бабы әкімшілік сөгістің келесі түрлерін қарастырады: ескерту; әкімшілік айып пұл; әкімшілік құқық бұзушылыққа себепкер болған бұйым немесе затты алу; әкімшілік құқық бұзушылыққа себепкер болған бұйымды, әкімшілік құқық бұзушылық жасау арқылы келген кірісті, ақшаны және құнды қағазды алу; арнаулы құқығынан шектеу; рұқсат қағазынан, арнаулы біліктілік аттестатынан (куәлік) айыру немесе жекелеген әрекет түріне күшін тоқтату, немесе жекелеген әрекет жасау; жеке кәсіпкер немесе заңды тұлғаның қызметін тоқтату немесе тыйым салу; рұқсатсыз салынған құрылысын қирату; әкімшілік тұтқындау; шетелдіктерді және азаматтығы жоқ тұлғаларды ҚР шекарасынан шығарып жіберу.

3. Қылмыстық құқық бойынша қылмыс

Қылмыстық құқық – қылмыстылықты және әрекеттің жазаланатындығын, қылмыстық жауапкершілік негізін, жаза жүйесін, олардың тағайындалу тәртібі мен жағдайын, сондай-ақ қылмыстық жауапкершілік пен жазадан босатуды анықтайтын, жоғарғы мемлекеттік билік органдарымен бекітілген құқық нормаларының жиынтығын құрайтын құқық саласы.

Қылмыстық құқықтың бірден-бір қайнар көзі 16.07.1997 жылғы ҚР Қылмыстық кодексі (бұдан кейін ҚР ҚК)болып табылады.

Қылмыстық құқық жүйесі жалпы және ерекше бөлімдерден тұрады. Қылмыстық құқықтың жалпы бөлімі – қылмыстық заңнаманың міндеттерін, оның қағидаларын, қылмыстық жауапкершілік негіздерін, кінә және оның нысандары жайлы сұрақтарды анықтайды. Ерекше бөлім қылмыстың нақты түрлері мен жаза түрлері мен мөлшерлерін анықтайды.

Қылмыс - жазалау қатерiмен тыйым салынған айыпты қоғамдық қауiптi әрекет (iс-әрекет немесе әрекетсiздiк) деп танылады. Қылмыс белгілері болып мыналар табылады:қоғамдық қауіптілік, құқыққа қарсылық, кінәлілік және жазаланатындық.

Қоғамдық қауіптілік дәрежесі мен сипатына байланысты барлық қылмыстар аса ауыр емес, орташа ауырлықтағы, ауыр және ерекше ауыр қылмыстарға жіктеледі.

Қылмыс құрамы – қоғамдық қауіпті әрекетті нақты қылмыс ретінде анықтайтын, заңмен бекітілген белгілерінің жиынтығы.Ол белгілерге мыналар жатады:

Қылмыс объектісі –елеулі зиян немесе ондай зиян келтіруге қауіп туғыза отырып, қылмыс қол сұғатын, қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастар. Теорияда жалпы, тектік және тікелей объектілер бөліп көрсетіледі.

Объективтік жағы - әрекеттің өзі (іс-әрекет немесе әрекетсіздік) тұлғаның саналы белсенді немесе енжарлы мінез-құлқы, сыртқы сипаттамасы.

Субъект – қылмыстық заңмен қарастырылған қоғамдық қауіпті әрекетті жасаған және қылмыстық жауапкершілікті орындай алатын, ақыл – есі дұрыс жеке тұлға. Жалпы тәртіп бойынша қылмыстық жауапкершілік 16 жастан бастап туындайды. Бірақ заң кейбір қылмыстар үшін (ҚР ҚК 15 бап 2 тарм.) 14 жастан бастап жауакершілікке тартуды қарастырған.

Жаза - соттың үкiмi бойынша тағайындалатын мемлекеттiк мәжбүрлеу шарасы, қылмыс жасауға кiнәлi деп танылған адамға қолданылатын және ол адамды құқықтары мен бостандықтарынан қылмыстық заңмен көзделген айыру немесе оларды шектеу болып табылады.

ҚР Қылмыстық кодексі жазаның негізгі және қосымша түрлерін қарастырған. Негізгі жаза түрлеріне мыналар жатады:айыппұл;белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан; қоғамдық жұмыстарға тарту; түзеу жұмыстары;әскери қызметі бойынша;бас бостандығын шектеу; қамау; тәртіптік әскери бөлімде ұстау; бас бостандығынан айыру; өлім жазасы. Қосымша жазалар: арнаулы, әскери құрметті атағынан, сыныптық шенінен, дипломатиялық дәрежесінен, біліктілік сыныбынан және мемлекеттік наградаларынан айыру;мүлкін тәркілеу. Айыппұл және белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру негізгі жаза ретінде, сонымен қатар қосымша жаза ретінде де қолданылады.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: