Болмыс философиясы (Онтология )

Дәрістің мақсаты: болмыс философияның мәнін ашатын ең маңызды категориялардың бірі болып саналады. Сондықтан бұл дәрістің мақсаты болмыстың түрлерін, субстанция мәселесін қарастыру

  1. Болмыс ұғымы. Субстанция және материя түсініктері
  2. Болмыстың көптүрлілігі және алғашқы бастама проблемасы
  3. Болмыс формалары
  4. Материяның қасиеттері

Таяуда ғана өткен жақын тарихымызда философия пәнін окуды «материя» ұғымынан бастау дәстүрі болған. Өйткені ол маркстік философияның, жалпы алғанда, бүкіл материалистік йііштгың негізінде жатқан ұғым болатын-ды. Мұндай жағдайда солау көне заманда пайда болған «болмыс» ұғымы ескерусіз қалған болатын. Алайда бұл көзқарасқа бүгінгі таңда өзгерістер енш, философия пәнінің ең шегіне жеткенінше көлемді ұғымы – болмыс категориалдық жүйеге енгізілді. Оның негізгі себебі, болмыс уіъшы материя ұғымынан гөрі, көлемі жағынан кең: материя мен рухты бірдей қамтиды, өйткені дүниеде кең түрде алып қарағанда екі-ақ нәрсе өмір сүреді, ол, бір жағынан, материя, яғни өлі және тірі табиғат болатын болса, екінші жағынан, материалдық емес - идея, сана, рух. Уақытында ұлы И.Кант айтып кеткеніндей, Құдайдың барлығын, я болмаса жоқтығын ешкім ешқашанда долелдей алмайды, ол - ашық сұрақ. Бірақ дүниеде өмір сүрш жатқан тірі адамның жан дүниесі, сана-сезімі, рухы барын ешкім де теріске шығара алмас.

Осы тұрғыдан алып қарағанда, болмыс ұғымының қайнар көзі Дүниеде «болу», «өмір сүруге» келіп тіреледі (салыстырыңыз: орыс тілінде «бытие» - «быть», ағылшын тілінде «Ьеіп§» - «іо Ье» деген стістіктен шыққан). Олай болса, болмыс ұғымы - дүниеде өмір сүріп жатқанның бәрін қамтитын кен көлемді философиялық категория. Әрине, дүниеде өмір сүріп жатқан нәрселердің сан алуан қасиеттері бар - олар көк - қызыл, ауыр - жеңіл, дымқыл -құрғақ, т.с.с. шексіз айта беруге болар еді. Бірақ олардың бәрін біріктіретін қасиет - олардың болуы, өмір сүруі, яғни - болмысы. Іің алдымен осыны ұғып алмай, біз әрі қарай еш нәрсеге талдау жасай алмас едік. Бұл - философиялық бастама.

Алайда философия тарихына жүгінсек, бұл арада ойшылдар-дың үлкен қиындыққа тап болғанын байқаймыз. Өйткені айнала қоршаған дүниеге зерделі көзбен қараған адам бірде-бір мәңгі өмір сүріп жатқан нәрсені таба алмайды. Қарапайым адам да, Дүниеде біртуар тұлға да бұл өмірге келіп, содан кейін уақыты келгенде -кетеді. Далада жатқан тас та мыңдаған жылдардан кейін қүмға, шаңға айналып, ғайып болады. Яғни болмыс бейболмысқа ауысып жатады. Мұны байқаған біздің бабаларымыз Дүниені «жалған» деп түсінген. Үнді ойшылдары да Бұл Дүниені «ұлы сағым - Мая» деп атаған. Ал ұлы Гегельге келер болсақ, ол болмысты «жоғала бастаған болмыс», «Дүние дегеніміз - мәңгілік қалыптасу» деп түсінді.

Болмыс ұғымы - мейлінше кең ұғым болғаннан кейін, оған қарсы тұрған ұғым - бейболмыс, яғни ештеңе, жоқтық. Бір қарағанда, болмыс үтымы мейлінше кең болғаннан кейін, мазмү-н жағынан алғанда мардымсыз болып көрінеді. Бірақ, соған қарамастан, сонау көне заманнан бастап оған әртүрлі мағына беріліп, Батыс пен Шығыс дүниесезімі мен дүниетанымы екіге бөлініп, осы күнге дейін созылып келе жатқан айырмашылықты тудырды. Мұның өзі де философияның өмірмен тығыз байланысты екенін, Адамзат өркениетінің түп-тамырында жатқанын көрсетсе керек.

Сонымен егер нақтылы өмір сүріп жатқан сезімдік, кемеліно I келмеген Дүние мен қатар идеалды болмыс болса, ал бейболмыс тіпті болмаса, онда айнала қоршаған мәнді ортаны идеалды болмысқа сай етіп өзгертуге, жетілдіруге болады. XX ғ. өмір сүргеи көрнекті Еуропа ойшылы Теяр де Шарденнің: «Дүние әлі жаратылып біткен жоқ, ол жаратылу үстінде. Оны әрі қарай жетілдіретін негізгі күш - адамзат», - деген ойының да Парменид-1 тің болмыс түсінігімен ұштасып жатқанын байқауға болады. Сонымен Батыс мәдениеті әкстраверттік (ехіга - латын сөзі, сыртқа бағытталған деген мағына береді), айнала қоршаған ортаны танып-біліп, соның негізінде жетілдіруге бағытталған болыи шықты.

Бұл арада «Шындық қайда, кімнің қолында: Батыста, я Шығыста ма?» - деген заңды сұрақ пайда болады. Батыс Рухы мыңдаған жылдарға созылған өркениет тарихында айнала қоршаған ортаны жетілдіру жолында сан алуан жетістіктерге жетті: оның айқын көріністері - ғарыштағы ұшып жүрген жасанды Жер серіктері, бүкіл дүние жүзін шырмап алған Интернет жүйесі, өмірдің шын сырын ашу жолындағы жасалып жатқан клондау эксперименттері, миллиондаған әртүрлі техникалық құралдар мен жабдықтар т.с.с.

Дәріс №14

Әлеуметтік философия. Қоғам болмысы

Дәрістің мақсаты: қоғам ұғымын, оның құрылымын, болмысын, ондағы формациялық жүйені, саяси әлеуметтік проблемаларды қоғамдық ұйымдар мен институттарды қарастыру, танысу, талдау

  1. Қоғам ұғымы. Әлеуметтілік мәселесі
  2. Қоғамның құылымы
  3. Қоғам болмысы және оның түрлері
  4. Қоғамдық сана түрлері

Болмыс категорияларын талдай келе, енді бүгінгі таңдағы ғылымға мәлім ең күрделі дәрежеде ұйымдасқан қоғам болмысына келіп тірелдік. Өйткені біз білетін Ғарыштағы Жер бетінде өмір сүріп жатқан саналы пенде - адамдар - бір-бірімен бірігіп, сан-қилы қарым-қатынастарға түсіп қоғамды құрайды.

Қоғам ұғымының орнына көп жағдайда оған мән-мағынасы жағынан жақын категориялар қолданылады. Сондықтан ең алдымен біз оларды бір-бірінен айыра білуіміз қажет. «Ел» және «қоғам» категорияларын салыстырсақ, біріншінің географиялық жағы басым. Мысалы, Қазақ елі - Азия құрлығының ортасында, мүхиттардан алыс орналасқан ел. «Қауым» және «қоғам» категорияларына келер болсақ, біріншіге отбасы, ру, тайпа, халық, ұлт секілді әлеуметтік ұйымдасу формалары жатады. Ал «мемлекет» пен «қоғамды» салыстырсақ, ол мұхиттағы айсберг саяқты: судың бетіндегі көрінетін алып мұздың кішкентай ғана бөлігі - ол мемлекет болатын болса, су астындағысы - қоғам. Қоғам өміріндегі сан алуан қарым-қатынастардың ең негізгілерін ғана мемлекет заң арқылы ретке келтіре алады, қалғандары әдет-ғұрып, моральдық, эстетикалық, т.б. әлеуметтік нормалардың негізінде қалыпқа келеді.

Кең түрде алғанда, қоғам деп адамдардың арасында қалыптасатын сан алуан байланыстар мен қарым-қатынастардың жиынтығын айтамыз. Бұл арада мына нәрсеге көңіл аудару қажет: ол байланыстар мен қарым-қатынастар сол қоғамның өзіндік өмір сүруіне жеткілікті болуы керек. Алайда «өз-өзіне жеткілікті» деген ұғымның өзін нақтылай түсу қажет. Өйткен себебі, бүгінгі таңда бірде-бір мемлекет, қанша алып болса да, барлық қазіргі өмірге керекті заттарды шығара алмайды. Сондықтан басқа елдермен экономикалық, саяси-құдтық, мәдени-рухани байланыстарға түседі. Олай болса, «өз-өзіне жеткілікті» деген ұғымды қалай түсінуге болады?

Екінші үлкен сұрақ: қоғам өміріндегі сан алуан байланыстар мен қарым-қатынастардың ішіндегі негізгі, оның іргетасын құрайтындар қандай болмақ?

Сонау көне заманнан бері созылып келе жатқан үрдіс - қоғамдағы рухани, саналы байланыстарды негізгі деп есептеу. Өйткені бір қарағандағы қоғамның жануар тобырынан айырмашылығы - ондағы рухтың пайда болып, сол қоғамға тигізетін зор әсерінде болса керек. Қоғам өмірінде өмір сүріп жатқан нақтылы тірі адам басқалармен саналы қарым-қатынасқа түседі. Ол өз алдына неше түрлі мақсат-мұраттар қойып, оларды іске асыруға тырысады. Яғни идея әрқашанда алда, соңынан ол іске айналады. Олай болса, қоғам өмірін анықтайтын - билік басындағы ұлы тұлғалардың саналы іс-әрекеті. Мұндай көзқарасты сонау Көне заманнан бастап Жаңа дәуірде өмір сүрген ағартушылардың еңбектерінен байқауға болады.

«Халық - шөп, ел билеуші - жел. Жел қай жаққа үрлесе, шөп сол жаққа майысады» - дейді көне Қытай философиясы.

К.Маркстің ашқан екінші - тарихты материалистік тұрғыдан түсіну қағидасына келер болсақ, қоғамтану саласында оған парапар тұжырымдама әлі жасалған жоқ деп айтуға болатын саяқты.

Сан алуан қоғам өміріндегі байланыстар мен құбылыстардың ішінен К.Маркс материалдық қарым-қатынастарды басымдық түрінде бөліп алып, олардың іргелілігін көрсетеді. Оның себебі адамдардың қарапайым да табиғи күнбе-күнгі өмір сүру қажеттіліктерін өтеу керектігінде жатыр. Расында да, адамдарға күнбе-күн тамақ ішу, киім кию, баспана, т.с.с. материалдық мұқтаж-дықтарын өтеу керек. Оларсыз өмір жоқ. Ол үшін материалдық игіліктерді өндіру қажет. Оны өндіру барысында адамдардың санасы мен еркіне тәуелсіз өндірістік қатынастар пайда болады. Соңғы - қоғамның іргетасын құрайтын шынайы базис болып есептеледі. Ол адамдардың санасы мен еріктеріне тәуелсіз қалыптасады да, оның үстінде қондырма ретінде оған тәуелді мемлекет, саяси, құқтық, моральдық, Эстетикалық, діни т.с.с. құбылыстар орналасады.

.Маркстің ашқан Бұл ұлы жаңалығын жете түсінудегі негізгі қиындық - өндірістік қатынастардың адамның сана-сезіміне тәуелсіз қалыптасуы. Адам әрқашанда саналы пенде ретінде өмір сүреді. Адам өзінің отбасында, күнбе-күнгі жүріс-тұрысында басқа адамдармен саналы қарым-қатынасқа түсіп, өндірістік қаты-настарға келген кезде «санасын үйде қалдырып кететінін» кезге елестету тіпті мүмкін емес. Олай болса, К.Маркстің негізгі қағидасын қалайша түсінуге болады?

К.Маркстің ойынша, әрбір дүниеге келген жаңа ұрпақ бұрынғы бабалардан қалған қоғамның материалдық өмірімен кез болады. Ол өндіргіш күштерді (машиналар, неше түрлі жабдықтар, байланыс жүйелері т.с.с.) жаңа ұрпақ өз еркімен ысырып тастап, өмірді «таза бетген» әрі қарай жалғастыра алмайды. Ол сол мате-риалдық игіліктерді игеруге және өз өмір шеңберінде оны әрі қарай дамытуға мәжбүр болады. Сол өндірістік қатынастарды игеруде жаңа ұрпақ өз сана-сезімін соған сәйкес қалыптастырады. Яғни қоғамдық болмыс қоғамдық сана-сезімнің қалыптасуына шешуші ықпал жасайды.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: