Болмыс философиясы (Онтология ) 1 страница

Дәрістің мақсаты: болмыс философияның мәнін ашатын ең маңызды категориялардың бірі болып саналады. Сондықтан бұл дәрістің мақсаты болмыстың түрлерін, субстанция мәселесін қарастыру

1. Болмыс ұғымы. Субстанция және материя түсініктері

2. Болмыстың көптүрлілігі және алғашқы бастама проблемасы

3. Болмыс формалары

4. Материяның қасиеттері

Таяуда ғана өткен жақын тарихымызда философия пәнін окуды «материя» ұғымынан бастау дәстүрі болған. Өйткені ол маркстік философияның, жалпы алғанда, бүкіл материалистік йііштгың негізінде жатқан ұғым болатын-ды. Мұндай жағдайда солау көне заманда пайда болған «болмыс» ұғымы ескерусіз қалған болатын. Алайда бұл көзқарасқа бүгінгі таңда өзгерістер енш, философия пәнінің ең шегіне жеткенінше көлемді ұғымы – болмыс категориалдық жүйеге енгізілді. Оның негізгі себебі, болмыс уіъшы материя ұғымынан гөрі, көлемі жағынан кең: материя мен рухты бірдей қамтиды, өйткені дүниеде кең түрде алып қарағанда екі-ақ нәрсе өмір сүреді, ол, бір жағынан, материя, яғни өлі және тірі табиғат болатын болса, екінші жағынан, материалдық емес - идея, сана, рух. Уақытында ұлы И.Кант айтып кеткеніндей, Құдайдың барлығын, я болмаса жоқтығын ешкім ешқашанда долелдей алмайды, ол - ашық сұрақ. Бірақ дүниеде өмір сүрш жатқан тірі адамның жан дүниесі, сана-сезімі, рухы барын ешкім де теріске шығара алмас.

Осы тұрғыдан алып қарағанда, болмыс ұғымының қайнар көзі Дүниеде «болу», «өмір сүруге» келіп тіреледі (салыстырыңыз: орыс тілінде «бытие» - «быть», ағылшын тілінде «Ьеіп§» - «іо Ье» деген стістіктен шыққан). Олай болса, болмыс ұғымы - дүниеде өмір сүріп жатқанның бәрін қамтитын кен көлемді философиялық категория. Әрине, дүниеде өмір сүріп жатқан нәрселердің сан алуан қасиеттері бар - олар көк - қызыл, ауыр - жеңіл, дымқыл - құрғақ, т.с.с. шексіз айта беруге болар еді. Бірақ олардың бәрін біріктіретін қасиет - олардың болуы, өмір сүруі, яғни - болмысы. Іің алдымен осыны ұғып алмай, біз әрі қарай еш нәрсеге талдау жасай алмас едік. Бұл - философиялық бастама.

Алайда философия тарихына жүгінсек, бұл арада ойшылдар-дың үлкен қиындыққа тап болғанын байқаймыз. Өйткені айнала қоршаған дүниеге зерделі көзбен қараған адам бірде-бір мәңгі өмір сүріп жатқан нәрсені таба алмайды. Қарапайым адам да, Дүниеде біртуар тұлға да бұл өмірге келіп, содан кейін уақыты келгенде -кетеді. Далада жатқан тас та мыңдаған жылдардан кейін қүмға, шаңға айналып, ғайып болады. Яғни болмыс бейболмысқа ауысып жатады. Мұны байқаған біздің бабаларымыз Дүниені «жалған» деп түсінген. Үнді ойшылдары да Бұл Дүниені «ұлы сағым - Мая» деп атаған. Ал ұлы Гегельге келер болсақ, ол болмысты «жоғала бастаған болмыс», «Дүние дегеніміз - мәңгілік қалыптасу» деп түсінді.

Болмыс ұғымы - мейлінше кең ұғым болғаннан кейін, оған қарсы тұрған ұғым - бейболмыс, яғни ештеңе, жоқтық. Бір қарағанда, болмыс үтымы мейлінше кең болғаннан кейін, мазмү-н жағынан алғанда мардымсыз болып көрінеді. Бірақ, соған қарамастан, сонау көне заманнан бастап оған әртүрлі мағына беріліп, Батыс пен Шығыс дүниесезімі мен дүниетанымы екіге бөлініп, осы күнге дейін созылып келе жатқан айырмашылықты тудырды. Мұның өзі де философияның өмірмен тығыз байланысты екенін, Адамзат өркениетінің түп-тамырында жатқанын көрсетсе керек.

Сонымен егер нақтылы өмір сүріп жатқан сезімдік, кемеліно I келмеген Дүние мен қатар идеалды болмыс болса, ал бейболмыс тіпті болмаса, онда айнала қоршаған мәнді ортаны идеалды болмысқа сай етіп өзгертуге, жетілдіруге болады. XX ғ. өмір сүргеи көрнекті Еуропа ойшылы Теяр де Шарденнің: «Дүние әлі жаратылып біткен жоқ, ол жаратылу үстінде. Оны әрі қарай жетілдіретін негізгі күш - адамзат», - деген ойының да Парменид-1 тің болмыс түсінігімен ұштасып жатқанын байқауға болады. Сонымен Батыс мәдениеті әкстраверттік (ехіга - латын сөзі, сыртқа бағытталған деген мағына береді), айнала қоршаған ортаны танып-біліп, соның негізінде жетілдіруге бағытталған болыи шықты.

Бұл арада «Шындық қайда, кімнің қолында: Батыста, я Шығыста ма?» - деген заңды сұрақ пайда болады. Батыс Рухы мыңдаған жылдарға созылған өркениет тарихында айнала қоршаған ортаны жетілдіру жолында сан алуан жетістіктерге жетті: оның айқын көріністері - ғарыштағы ұшып жүрген жасанды Жер серіктері, бүкіл дүние жүзін шырмап алған Интернет жүйесі, өмірдің шын сырын ашу жолындағы жасалып жатқан клондау эксперименттері, миллиондаған әртүрлі техникалық құралдар мен жабдықтар т.с.с.

Бірақ, сонымен қатар өмірді нәзік те терең сезінетін ойшылдар XIX ғ. аяғынан бастап-ақ, бүкіл XX ғ. шеңберінде Батыс өркениетінің шытынай бастағанын ашық айтқан болатын (О.Шпенглер, Х.Ортега-и-Гассет, Ә.Фромм, Г.Маркузе т.с.с). Мате-риалдық Дүниені өз еркіне көндіріп, оны өзгерту барысында Батыс адамы өзінің Құдай еместігіне бүгінгі таңда әбден көзі жетті. XX ғ. өткен екі дүниежүзілік соғыстар, соның Нәтижесінде қырылған миллиондаған адамдар, бүгінгі таңдағы экологиялық апаттар мен дағдарыстар, адамның материалдық жағынан бай болғанымен, рухани-адамгершілік тұрғысынан жүдеуі т.с.с. бәрі де Батыс иркениетінің түйықтыққа келіп тірелгенін көрсетеді.

Енді болмыс ұғымын әрі қарай талдасақ, оның құрамынан иегізгі екі шындықты табуға болады: оның бірі - айнала бізді қоршаған табиғат, материалдық әлем, екіншісі - рух әлемі, адам-ның жан дүниесі мен санасы. Егерде бірінші өзімен-өзі объективті, адамның санасынан тәуелсіз өмір сүрсе, екінші - рух әлемі -адамның, яғни субъектінің ішкі жан дүниесімен, оның ырқы, қалауы, қажетгіктерімен тығыз байланысты. Егер болмыс ұғымы арқылы біз материалдық әлемді анықтасақ, сана арқылы болмыс өз-очін анықтайтынын байқаймыз. Уақытында ұлы Л.Фейербах айтқандай, «ұлы мәртебелі Табиғат (яғни болмыс) адам арқылы өз-озін сезіну, түсіну дәрежесіне көтеріледі».

Сана мен материяның өзара бір-біріне өтуі субъектінІІ тудырады, яғни ол материалдық дене, сонымен қатар санасы бар.І өзінің сан алуан қажетгіктерін өтеу үшін іс-әрекет жасай алатын| пенде - адам. Сонымен жоғарыда айтылған екі Әлем адамның бойында жинақталады екен. Адам дене ретінде өз қажеттіліктерім өтеп, басқа тіршіліктер саяқты, осы болмыста өмір сүреді. Сонд;і адам болмысы осы тіршілікте болумен теңеле ме? Бұл дүниедс құмырсқа да, жаңбыр құрты да өмір сүріп жатқан жоқ па? Әринс, адамды кұмырсқаға, Бұл тіршіліктегі қайсыбір жануарға теңеу үлкен қателік болар еді. Адамды шынайы адам қылатын - оныц санасы, ішкі рухани өмірі, соның негізінде пайда болатыи шығармашылық іс-әрекеті емес пе?! Қайсыбір жануарды алсақ та, ол өз болмысын Бұлдыр, көмескі сезінеді, өз өмірі мен өлімі, жалпы; Әлем жөнінде тебірене алмайды. Тек адам ғана бұл өмірде тіршілік жасап қоймай, сонымен қатар Дүниенің болмысы, өз халқыныңі тағдыры, оның ар жағында бүкіл адамзат, жалпы тіршілік жөніндеі ойланып тебіренеді, «мен Бұл Дүниеге не үшін келдім» дегені сұрақты өз алдына оқтын-оқтын қояды. У.Шекспирдің Гамлеті қойған сұрақ «1о Ье оге поі Хо Ье? - Тһаі І8 іһе §ие8ііол!» (Болу ма, я ] болмау ма? - Міне, негізгі сұрақ!) адамзат қаншалықты өмір сүрсе, I соншалықты өміршеңді болып қала бермек. XX ғ. ортасында Бұл сұраққа әдейі арнап кітап жазған көрнекті американ философы Э.Фромм қазіргі Батыс цивилизациясы адамның өмірдегі болмы-сын баю, иелену арқылы көреді деген тұжырымға келіп, оныц тигізген барлық теріс әсерін көрсеткен болатын. Қазақ халқы өзінің трагедияға толы тарихында өз жолынан таймай, «жігіт бір сырлы, сегіз қырлы» болу керек, әр күнді бағалап, оны қуаныш, той-думан, өнер-сайысқа айналдыру керек деп есептеген, Бұл оның даналығын көрсетеді. Бірақ бүгінгі таңдағы реформа кезінде біз осы сара, жолдан тайып, Батыс дүниесезіміне, тойымсыздыққа қарайі ауысып бара жатқан жоқпыз ба? деген сұрақ та ойландырмай] қоймайды.

Адамның саналы шығармашылық іс-әрекетінің нәтижесіндо I жер бетінде «екінші табиғат» болмысы пайда болды. Егер «біріи-ші табиғат» деп біз адам қолымен өзгеріске түспеген тағы таби-ғатты айтатын болсақ, «екінші табиғат» адамның саналы іс-әрекеті арқылы өзгеріске түскен. Егер жануар өзіне қажеттінің бәрін таза табиғаттан тауып алатын болса, адам оған қанағаттанбайды. Сон-дықтан ол табиғатты өзгертіп, өз мүддесіне сай етіп өмір сүреді, Оның бүгінгі таңдағы көріністері - алып қалалар, асфальт және іі»міржолдар, жасанды көлдер мен ормандар, мәшинелер мен неше I іүрііі техникалық жабдықтар т.с.с. Олардың бәрі де - саналы іс-I #|н-кстгің туындылары. Олай болса, адамның санасы мен рухы осы Г., і,,иіі табиғаттың туындыларында сөнген, яғни заттанған. і шплбір адамның қолымен жасалған затгың негізінде белплі бір п н я жатыр. Сол жасалған затты пайдаланып, оны игерген кезде,...шон идея дереу «лап етіп жанып», тағы да сол адамның ішкі,.. ч.ши өмірінің құрамдас бір бөлігіне айналады, яғни заттанған ні.-и езінің материалдық қабығынан босап, тағы да санаға.ипііілады. Екінші табиғаттың Бұл терең сырын жете түсшу үшш, ииырманға бір қарапайым мысал келтірейік. Егер сіздің мәшинеңіз і і.іііып қалса, сіз сол сынған бөлшекті қолыңызға алып, ең алдымен ші қалай жұмыс істейтінін түсінуге тырысасыз, Бұл жайтты түсінген цг.де, соны ойлап шығарған инженердің сол бөлшекте заттанған ндсясын тағы да «тірілтіп», өз санаңыздың байлығына аиналды-рікі.із Егер сіздің техникаға икеміңіз болса, сол бөлшектің жіп-ілмеген жерін анықтап, оны тіпті қайта өзгертуіңіз де мүмкін. Оіи.і қоғам рационализаторлық әрекет деп бағалайды. Идеяның ішқа, заттың қайта идеяға айналу диалектикасын осы мысалдан щіруге болады. Қорыта келе айтарымыз: мыңдаған жылдардағы адамзат қолынан шыққан туындыларда оның барлық дүниеден иіііан тәжірибесі, шығармашылығы, білімі заттанған. Әрбір Дүниеге целген жаңа ұрпақ соларды игеріп, оны әрі қарай дамытып, өзінщ рухани байлығына айналдырады.

Енді, міне, сол «екінші табиғатты» тудырған адамның рухани (юлмысынталдауға да уақыт келіп қалған саяқты. Алғашқы жа-М,індағанда, оны екіге бөлуге болады. Біріншіден, ол тарихи сах-пада емір сүріп жатқан нақтылы тірі адамның рухани өмірі, оны і-убъективті рух деуімізге әбден болады. Тірі адамның түйсіктері, іі-іім тебіреністері, ырқы, өзіндік сана-сезімі, ғылыми түсшіктері, тіпті бейсаналық инстинктері - бәрі де оның ішкі рухани өмірш күрайды. Адамның ішкі өмірі сыртқы Дүние саяқты тұңғиық, ііісксіз. Сондықтан да көне гректер адамды «микроқосм» ретінде қарап, оны «макроқосмға», яғни Дүниеге теңеген болатын. Бір адам басқа адамның ішкі дүниесін толық білмек түтіл, кейбір кезде өз ішінен бұрын білмеген қасиеттерді тауып алып таңғалады!!

Әрине, адамның ішкі рухани болмысы сыртқа шығуға өне Гюйы талпынады, өйткені адам басқа адамдармен қарым-қатынасқа гүсіп барып өмір сүре алады: Д.Дефоның «Робинзоны» тек қиялдан шыққан көркемдік бейне ғана емес пе?

О лай болса, қоғам өмірінде интерсубъективтік (іігіег - латыйі сөзі, екіаралық, көпаралық деген мағына береді) рух дүниеге келсд!,| Ол жеке өмір сүретін бір адамның ғана қазынасы емес, ол қоғамның, яғни бір-бірімен байланыс, қарым-қатынасқа түскен кон I адамдардың ортақ байлығы. Мысалы, сізге қоғамның белгілі бір саласын жетілдіруге бағытталған ой келді, ол - тек сіздің ғанн ойыңыз. Бірақ сіз оны ақпарат құралдары арқылы коғамға жаріш еттіңіз. Сіздің ойыңыз өзекті болып, оны көп адамдар қолдады, ен;м міне, ол сіздің уысыңыздан шығып, қоғамның рухани құнды лығына айналды, өйткені ол басқа адамдардың санасына да ұял;ні олардың ой-өрісіне өзінің әсерін тигізді. Сонымен интерсубъсіі тивтік, яғни объективтік рух қоғамның үстінде аспандағы бү.щ саяқты, жеке адамның санасынан бөлініп, дербес өмір сүріп жатқаи идея емес, ол - көп адамдардың санасында өмір сүріп жатқгіп солардың мойындаған, ішкі рухының бөлігіне айналған құбыльк Философияда объективтік рухтың формалары ретінде ғылыіц өнер, дін, мораль, құқыктық нормалар т.с.с. айтылады.

Жалқылық пен жалпылық. Болмыстың ішкі астарын ширатып талдауды неден бастауы-мі.гі керек? Әрине, Бұл сұраққа жауап беру оңай шаруа емес. Діни философия оны Құдаймен теңестіреді. Идеалистік философияның цорпекті өкілдерінің бірі Г.Гегель өз философиясын «Абсолюттік мдся» ұғымынан бастайды. Ал материалистік бағыт ұстаған ніішылдар оны «материя» ұғымынан бастайды. Бірақ уақытында ү ііы Гегельдің өзі-ақ айтып кеткендей, ешкім де ешқашан «острактіліқ «материяны» көрген жоқ, дүниеде тау-тас, ағаш, ауа, коіі, ешкі т.с.с. нақтылы заттар бар, ал материяның өзі-ақ абстрак-іііііқ ұғым емес пе? Ал Л.Фейербахқа келер болсақ, болмысты іилдауда күнбе-күнгі көз алдымызда өмір сүріп жатқан заттар мен пубылыстардан, яғни «міне», «мынау», «анаудан» бастап, әрі қарай нрлеуіміз қажет деген пікір айтады. Біздің ойымызша, соңғы оііінылдың пікірі дұрыс саяқты.

Расында да, осы пікірді талдап көрейікші. Егерде біз адамды қіійсыбір жануармен салыстырып байқасақ, онда оның шексіз ііііырмашылығын байқаймыз, өйткені жануар өзін айнала қоршаған ортадан айырып ала алмайды, ол өзінің туа біткен инстинктері мен иіартты рефлекстері арқылы табиғатпен біртұтас өмір сүреді. Ал «дамға келер болсақ, оның санасы пайда болған сәттен бастап, ол оіінің басқа заттардан бөлек ерекше болмысын сезінеді, сонымен қптар басқа заттардың да дара, ерекше өмір сүретінін байқайды. Осы ерекшелікті сезінудің Нәтижесінде адамдардың санасында циралық, жалқылық, ерекшелік, зат, құбылыс т.с.с. ұғымдар пайда бола бастайды. Сонымен қатар адам өз дербестігін, ерекше Оолмысын сезініп қана қоймай, оны айнала қоршаған ортамен байланысын, сонда өмір сүріп жатқан заттар мен құбылыстардь өзара байланыстарын да байқайды. Өйткені оған тірі жан ретіқ тамақ ішуі, баспана іздеуі, басқа аңдардан қорғануы т.с.с. қаже Бұл қажеттіліктердің өтелуі айнала қоршаған заттар ме құбылыстарды пайдалану арқылы ғана іске асуы мүмкін.

Алғашқы уақытта адамның өмір сүру барысында пайдаланға заттары әрқашанда ерекше, дара, жалқы, қайталанбайтыіі бұрын-соңды оның өмірінде кездеспеген саяқты болып көрінеді. Ол оның белгілі бір қажеттіліктерін өтегеннен кейін, есінде сақталмай қоймайды. Сонымен қатар адам өзінің өмір сүру барысында сол қажеттіклітерді өтей алатын басқа заттар мен құбылыстарды дл кездестіріп, оларды пайдаланады. Сондықтан оның басынд;і даралық, жалқылық үхымымен қатар, бірнеше, көп ұғымдар пайда болады. Мысалы, шие де, алма, алмұрт та бір қажеттілікті өтейд^ Олардың бәрін салыстыра келе, адамдар олардың ортақ қасиеі терінің бар екенін, айырмашылықтарымен қатар жалпыға бірдоЙ жақтарын анықтайды. Сол себепті шие, алма мен алмұрттан тыв жеміс деген ұғым пайда болады, ол - аталған және де басқ(| жидектердің жалпы қасиетгерін біріктіретін ұғым. Жүре келеі Мұндай ұғымдар адамдардың сөздігіне көптеп кіріп, белгілі бі{: халықтың ойлау жүйесін әрі қарай дамытады...

Жоғарыда өрбіген ой-өрісіміз дұрыс болса, онда жалқылыі пен жалпылық болмыс категорияларын талдаудың бастамасъ болып есептелуі керек. Тарихи-қисындық тұрғыдан алғанда, солардың адам практикасының, тәжірибесі дамуының негізінде пайда болуының нәтижесінде басқа да болмыс категорияларі] дүниеге келіп, өрби бастайды.

Енді бүгінгі таңдағы философиялық тұрғыдан қарасақ, ондаі біз жалқылық, даралық болмыстың өмір сүру формасы екеніиі байқаймыз. Дара, жалқы дегеніміз - кеңістік пен уақыттың шец-І берінде шектелген зат, я болмаса құбылыс. Болмыстағы нақтылы да шынайы өмір сүріп жатқан заттар мен құбылыстар - дара, жалқы, ешқашанда қайталанбайтын, тек өзіне тән ерекшеліктерімен көрі-неді. Қазақ халқы оны «бес саусақ бірдей емес» деген нақыл сөзбсп берген. Мысалы, қазіргі жер бетінде өмір сүріп жатқан 6 млрд. адамның ішінен екі бір-біріне толығынан пішін-түрі жағынап ұқсасты табу мүмкін емес. Сондай-ақ олардың әрбіреуінің ой-өрісі, руханияты да өзгеше қайталанбайтын жақтарымен суреттеледі. Элементарлық бөлшектерден бастап жұлдыздар әлеміне дейіп ғалымдар толығынан бір-біріне ұқсас ешқандай екі затты тапқаи.

Қорыта келе, даралық, жалқылық дегеніміз - шындық болмысының өмір сүру тәсілі болып шықты. Сонымен қатар бұл Дүниеде екі бір-бірімен толық ұқсастығы жоқ екі затты табу да мүмкін емес. Егерде олай болатын болса, Дүние өмір сүре алмас еді, заттар мен құбылыстар бір-бірімен і>;ійланысқа түсіп, біртұтас әлемді құра алмаған болар еді. Дүниеге уқыпты көзбен қараған адам заттар мен құбылыстарды ң бір-бірімен шытырман байланыста екенін байқайды, ал оның астарында олардың ұқсас жақтары, тектік бірлігі, жалпы қасиеттері жатқан жоқ па? Әрине, солай. Жалқы заттар мен құбылыстар өне бойы бір-Ырімен байланыста, өзара әрекет жасауда, бір-бірін анықтауда. Оиың өзі олардың жалпыға бірдей қасиеттері арқылы ғана іске іюады. Сонымен жалпылық дегеніміз де болмыстағы жалқы заттар, құбылыстар мен үрдістердің өмір сүру заңдылығы болып шықты.

Сараптап жатқан ұғымдарды алғаш рет терең талдаған ұлы Платон болатын-ды. Оның «эйдос әлемі» - «заттар әлемімен» салыстырғанда, өз бетінше өмір сүріп жатқан материалды емес, мәңгі, кемеліне келген, сұлу, ізгі әлем, ал біздің Дүние заттанған, мәнді, уақытша, эйдос әлемінің Бұлдыр көлеңкесі ғана саяқты. Аристотель: «Платон маған қымбат болса да, ақиқат одан да гөрі құнды», - деп, оның өзінше өмір сүретін эйдос әлемін сынға алады. Оның ойынша, жалпылық дара заттардан белек өмір сүре алмайды, ол заттардың мән-мағынасын, яғни формасын құрайды. Ал форма қайдан пайда болады деген сұраққа ол: «Форманың формасы -Құдай», - дейді.

Жаңа дәуірдегі ойшылдар көбіне номинализм бағытынаі жақынырақ болды. Мысалы, Дж.Локк жалпылық заттарда өмірі сүрмейді, оларды ойлап шығарған адамның зердесі деген пікіргеі келеді, олар неше түрлі сөздер, идеялар, белгілер ғана. Б.СпинозаІ ұғымдардың шығу тегін заттардан іздеу керек деген дұрыс пікір айтқанмен, жалпылықты тек қана заттардың қарапайым ұқсастық-1 тарынан іздеді.

И.Кант Бұл ойды тереңдетіп, жалпылықтың екі түрін мойын-дайды. Олар - тәжірибеден шығатын және априорлық (тәжіри-беге дейін берілген) жалпылықтар. Ғылыми зерттеулер, тәжірибе арқылы жасалатын жалпы ұғымдар әрқашанда жеткіліксіз, өйткені күндердің бір күнінде жаңа деректер пайда болып, ұғымның шеңберін бұзуы мүмкін. Априорлық жалпылықтарға келер болсақ, олар трансцендентальды (Ігапзсепсіепк - латын сөзі, аттап өту, яғни Бұл Дүниенің ар жағындағы деген мағына береді.) санаға жатады, оның табиғатын біз ешқашанда тани алмаймыз.

Г.Гегельге келер болсақ, ол жалпылықты «абсолюттік идеямен» теңейді. Бірақ ол заттардың ұқсас жақтарын қамтитын қарапайым абстрактіліқ жалпылық емес, ол - шынайы нақтылы жалпылық. Соңғыны ол заттар мен құбылыстарды ң даму заңды-лықтарына теңеп, ал оның өзі әрқашанда даралықтың негізінде ерекше көрініп, жекенің де өзіне тән байлығын бойына сіңіреді, -деген терең ой айтады. Жас жігіт пен пісіп-жетілген азамат та белгілі бір нақыл сөзді айтуы мүмкін, бірақ олар оған әртүрлі мағына береді, өйткені екінші өзінің бай өмірден алған тәжірибесі мен білімі арқылы оны жете түсінеді.

Жалқылық пен жалпылық диалектикасын жете түсшу арқылы өткен кеңес қоғамы мен казіргі егемен елімізде жүрш жатқан үрдостерді талдауға мүмкіншілік аламыз. Кеңес заманында жалшАлық басьщқы категорияға айналып, жеке адамдардың құқтары, олардың шығармашылық ерекшеліктері дұрыс ескершГді, сондықтан қоғам тоқырауға ұшырады. Бүгінгі таңда біз ксрісінше, ағымды байқаймыз. Жекелік, адамдардың құқтарын сақтау оларды шығармашылық жолға, ізденіске бағытгау – қазірп саяс™ негізп арқауы болып отыр. Ол, бір жагынан, экономикалық дағдарыстан тезірек шығуға мүмкшдш берсе, екшші жағынан, ұжымдық мүдделердің іске асуына нүқсан келтхруде, ол бүгінгі таңда баршаға аян.

Еліміздегі түбегейлі өзгерістер тереңдеген саиын, жалқы мен жалпылық диалектикасының маңызы арта түсуде. Оны ұқыпты ™е ескермейшше, біз саясатта үлкен қателштер жхберушіз мүмкін. Шьшында да, Қазақ елі алыстағы Франция, я болмаса Кразилияға ұқсамайды, тіпті бізге жақын елдердщ өзі де (Өзбек-стан я болмаса Ресей) баскаша. Осы тұрғыдан қарағанда, біздщ ата-, бабаларымыз таңдап алып, өз Отанына айналдырған жерлер мал „сіруге лайықты, табиғаты қатал, суға тапшы, сонымен қатар өрісі кең жерлерде орналасқан. Сондықтан да ауыл шаруашылығы қазақ елінің экономикасының жетекші салаларының бірі болып, болашақта да қала бермек. Осындай кең-байтақ, сонымен қатар, суы тапшы елде бір жылы жақсы егін орылса, екінші жылы қуаңшылық болмауына ешкім көпілдік бере алмайды. Мұндаи жағдаида кшіі-1 гірім фермерлік шаруашылықтардың өмір сүруі екіталаи. Оны қазіргі өмір көрсетіп те жатыр. Осы тұрғыдан алғанда, көя ұжымдық мықты ауылшаруашылық мекемелерін жасанды банкроя етіп қурту - саясатта жасалған улкен қателіктердің бірі болдыі Өмір олардың орнына үлкен алпауыт лендлордтарды ауылғя әкелді. Ал олар болса ауылдың әлеуметтік жағдайына көңіл бөлмейді. Олардың негізгі мақсаты - егінді егіп, уақытында жинаш алып, нарыққа мейлінше қымбатқа өткізу, ал одан пайда болған ] қаражаттың пілдей бөлігі, негізінен, қалада қорлануда... Бүгінгі і таңдағы жеке кішігірім фермерлік шаруашылықтардың қайта: коолерацияға өтуге тырысуы - осы елдің ерекшеліктерінен шығады. Сонымен қатар өзен-су бойында орналасқан, суармалы тұрақты өнім алуға мүмкіншілігі бар жерлерде фермерлік шаруашылықтар тиімді болуы әбден мүмкін.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: