Болмыс философиясы (Онтология ) 2 страница

Ал енді жер байлығына келер болсақ, елдің мүхиттан алыс болуына байланысты, оларды басқа елдерге әкспорттаудың жол қаражаты өте қымбат. Сондықтан шикізат етіп сыртқа шығарудан гөрі, оларды өңцеп, мүлайдан бензин, керосин т.с.с, мыстан неше түрлі кабельдерді, ал жүре келе әлектр жабдықтарын жасаған жөн. Бірақ бүгінгі таңда оған қаражат жеткіліксіз болып жатыр... Сонымен қатар алғашқы капитал тез қорланбай, іскерлердің әсем сарайлары мен «Мерседестерінен» қалмай жатқан жақтары да жоқ емес.

Олай болса, біз өзіміздің ерекшеліктерімізді мұқият зерттеп, жалаң еліктеушіліктен арылуымыз қажет. Сонымен қатар алға кеткен елдердің жетістіктерін өз айнала ортамызға, соған тарихи икемделген сана-сезімімізге бейімдеп қолдануымыз керек. Сонда ғана біз өз ерекшеліктерімізді сақтап, соның арқасында басқа елдердің де шынайы қызығуы мен сүйіспеншілігіне қол жеткіземіз. Дүниедегі көптүрлігімен танылатын мемлекеттердің ішінен өз орнымызды табамыз.

Тәуелсіздік пен тәуелділік. Жалқы мен жалпы категорияларымен тығыз байланысты, болмыста терең тамырланған ұғымдар - тәуелсіздік пен тәуелділік ұғымдары.

Бұрынғы философия оқулықтарында Бұл ұғымдар жоқ болатын-ды. Бірақ бүгінгі таңда қазақ елі тәуелсіз мемлекет орнатып жатқан кезде, олардың мән-мағынасы күрт өсуде, өйткені тәуелсіздік - кейбір әдебиетте кездесетіндей, бұрынғы одақтас кеңес республикаларындағы ұлттық әлитаның билікке деген ұмтылысынан пайда болған құбылыс емес, оның түп-тамыры теревде - болмыстың өзінде жатыр. Тәуелсіздіктің баянды болуы, оның қазақ халқына ауадай қажеттігінің негізінде осындаи философиялық пайымдау жатыр.

Сонымен қатар Дүниедегі өмір сүріп жатқан бірде-бір зат, құбылыс өзіндік болмысына қаншалықты «үмтылса да», толығынан өзімен-өзі бола алмайды, сондықтан ол өз тәуелсіздігінің белгілі бір бөлігінен айырылуға мәжбүр болады. Мұны соғыстан кейінгі Албанияның әлеуметтік тәжірибесі айқын көрсетті. Батыспен де, Шығыс социалистік елдерімен де байланыстарын үзген сол елдің басшылары өз Отанын толық апатқа дейін әкеліп тіреді емес пе? Бүгінгі әлемде адамзатқа қажет 2,5 млн. жуық әртүрлі заттар өндірілсе, бірде-бір мемлекет, қанша алып болса да, басқа елдермен қарым-қатынасқа, коолерацияға түспей, дербес өмір сүре алмайды. Олай болса, тәуелділік тәуелсіздікке қарама-қайшы, яғни қарсы бағытталған категория болып шықты. Егер тәуелсіздік жалқының қайталанбайтын өзіндік жақтарымен тығыз байланысты болса, тәуелділік жалпылықтың негізінде өмір сүреді. Аталған екі категорияның «басын біріктіретін» дәнекер - заттар мен құбылыстардың өзара тәуелділігі, өйткені зат пен құбылыстың өзіне тән қайталанбас жақтарымен есептеспейтін біржақты тәуелділік -сртелі-кеш бұзылады, басқа жағдайда - тәуелді заттың құруына әкеледі. Мысалы, бұрынғы Кеңес Одағының күрт жарылуының ііегізгі себептерінің бірі оның халықтардың тілі мен діні, әдет-гұрпына тигізген зәбірлігі болды емес пе? Барлық халықтарды «орыстандыруға» бағытталған саясат ішкі наразылықты тудырып, ұлт-азаттық сезімді, халықтың ар-намысын оятты. Егерде Ресей саясатшылары уақытында шешен халқына федерацияның шеңбе-рінде дербес даму мүмкіншілігін бергенде, бүгінгі Кантөпс болмас еді.

Дүниедегі сан алуан өмір сүріп жатқан ерекше, дербес заттар (>іздің көз алдымызға өзінің сыртқы жақтарымен көрінеді, әртүрлі қырларымен қүбылады. Оны біз құбылыс дейміз. Сонымен қатар, қайсыбір зат, я болмаса үрдістің ішкі тұрақты, соның арқасында оның өмір сүруін қамтамасыз ететін жақтары да болады, ол заттың мәнін құрайды.

Заттың көзге көрінетін, «құбылатын» жақтарының астарында оның келесі көзге көрінбейтін қабатының бар екенін адамдар өзінің омірдегі тәжірибесі мен іс-әрекетінің арқасында өте ерте байқаған. Бірақ оны жете түсіне алмай, заттың денелік-материалдық жақтарынан бөлек алып қараған. Мысалы, Платон затгың «эйдосы», яғни мәні, ұғымы - материалдық емес, ол мәңгі, идеалды деп ссептесе, Аристотель заттың мәні ретінде оның ішкі энтелехиясын айтады. Өмір сүруге мүмкіндігі бар енжар материяны шындыққа айналдыратын оның формасы мен ішкі энтелехиясы (алдын ала берілген мақсатқа лайықты заттың дамуы).

Құбылыс пен мән - болмыстың өзіне тән, оған терең тамырланған, олардың қайнар көзі - Дүниенің өзінде. Қайсыбір зат өзінің қайталанбас жағымен көрінуге «тырыскднмен», сонымен бірге оны басқа заттармен біріктіретін жалпы қасиеттерін де көрсетпей қоймайды. Сондықган құбылыстарды зерттеп, салыс-тырып, ой елегінде олардың жалпы ұқсас жақтарын ғана қалдырып, қайталанбайтын ерекше жақтарынан бас тартудың арқасында жеке әртүрлі заттардың ұқсастығын анықтауға болады. Алайда Мұндай жағдайда заттардың тек ұқсас жақтарын анықтап, сонымен қатар оның тек өзіне тән ұқсамайтын көрінісін көрсете алмас едік. Олай болса, мәнге тек заттарды біріктіретін ұқсас жақтарымен қатар, онымен бірге құйыла біткен оның ерекше мазмұны да кіреді, әр зат арқылы белгілі мән өзін байытады, болмыстағы жаңа көріністерін табады. Өйткені құбылыс тек қана мәннің ерекше көрінісі ғана емес, сонымен бірге басқа заттармен байланысқа түсіп, оны өз бойына сіңіреді. Ал қайсыбір құбылыс мәнді болғандықтан, ол сол жаңа байланыстар арқылы мәннің өзін өзгертіп, әрі қарай дамытады.

Аталған категорияларды пайдалана отырып, бүгінгі таңдағы кейбір құбылыстарды талдап көрейік. Қоғам өміріндегі кең етек алған маскүнемдік, нашақорлық, қылмыстық тағы да басқа әлеуметтік аномалияларды (ауытқу) алсақ, кейбір саясаткерлер оның себептерін сыртқы факторлардан іздеп, оны азайту үшін «наркотрафиктерді» (тасымал жол) үзу керек деген ой тастайды. Ал, шындығында, оның терең себептері жұмыссыздық, кедейлік, әділетсіздік т.с.с. әлеуметтік факторларда жатыр. Ол факторларды жоймай, Бұл әлеуметтік аномалиялармен күресу оң нәтижеге әкелмейтіні айдай анық. Наркотрафиктерді жойғанмен, сұраныс Оолғаннан кейін, оның басқа жасанды химиялық түрлері астыртын штыкта дүниеге келуі ғажап емес...

Сапа мен сан ұғымдары. Жоғарыда көрсетілгендей, жекелік, дербестік - болмыстағы іатгардың өмір сүру тәсілі. Әрбір зат, құбылыс - ерекше, шектел-ген баскаға ұқсамайды. Тарихи алғашқы адамдар затхардың осы жақтарына өз назарын аударады. Оның әрбір қажетлігш өтеитш ■ш - дара өзгеше болып көрінеді. Міне, осы сәтген бастап, сапа ұғымы дүниеге келе бастайды. Сапа дегеніміз - затгың болмыстағы анықтығы, соның арқасында оны басқадан айыруға мүмюндік аламыз. Ол адамға қарапайым аңлау, меңзеу арқылы бершеді. Аристотельдің ойынша сапа дегеніміз - заггың тект айырмашылығы, сонымен қатар, ол өне бойы өзгерісте болады. Орта ғасырдағы діни философияда сапа өзгермейтін, мәғ лік, заттардың ішкі сыры ретінде түсіндірілді.

Жаңа Дәуірде ғылымның күрт дамуына байланысты затть, сапасынан гөрі, сандық жағына мейлінше көңіл бөлінді. Біра сапаны ерекше зерттеп оны екіге - бірінші және екінші сапаі бөлген Дж.Локк болды. Егер заттың кеңістіктегі көлемі, салмағь түрі, қозғалысын ол біріншіге жатқызса, иіс, дыбыс, түс, дәмді екіншіге теңеді.

Гегельдің түсінігі бойынша, сапа - қарапайым нақтылыі Бірдеңе өз сапасы арқылы сол, ал одан айырылса, өзін де жойып, басқаға айналады. Сапа - іштей қайшылыққа толы, ол өз ішінд<| теңдік пен айырмашылық, шынайылық пен терістеу, щектеулік пе* шексіздік, бірдеңе мен өзгені қамтиды. Осындай талдауды* нәтижесінде Гегель дүниедегі пайда болып, өмір сүріп, жоққа кетіг.
жатқан заттар мен құбылыстарды ң шексіз көптүрлілігін мойындапі олардың бір-бірімен теңдігін сападан көреді, өйткені олар қандаЯ әртүрлі болса да, бәрінің де өзіне тән сапасы бар. Нәтижесінде] Гегель сезімдік аңлау арқылы берілетін нақтылы сападан жалпЦ абстрактіліқ сапа ұғымына өрлеп, дүниенің шексіз көптүрлілігін] соның ішіндегі әрбір құбылыс басқаға тең, сонымен қатар теіі еместігін, біреулердің көптігін мойындайды. Көптің әрбіреуіі өзгемен тең, әрбіреу - бір, сонымен қатар көптің бірі. Ал мұның өзіі Гегельді сан категориясына алып келеді.

Заттың сапасымен қатар, сандық жақтары бар. Ол кеңістік пен уақыттың шеңберінде созылған, салмағы, формасы, т.с.с. жақтары-мен танылады. Тарихи белгілі бір қажеттіліктерді өтейтін әртүрлі заттар бір-бірімен салыстырылып, олардың теңдік жақтарымен қа-тар айырмашылықтары анықталған кезде, сан ұғымы пайда болады. Сондықтан заттың сандық жақтарын байқау қарапайым аңлаудан өтш, ақыл-ойды пайдалануды талап етеді. Шындықтағы сандық өзгерістерді сараптаудың негізінде математика ілімі дүниеге келеді.

Сапамен салыстырсақ, заттың сандық жақтары әртүрлі болуы мүмкін, белгілі бір межеге дейін сандық өзгерістер оның сапасын жоймайды. Сондықтан заттың сандық жақтары оған парықсыз деп іій гуымызға болады.

Заттың сандық жақтарына алғаііщд көңіл бөлген пифагорлық-іар болды. Олар оны заттың терең мән-мағынасы деп есептеді. Ал і)і іың қайнар көзі Құдайда жатыр, олай болса, ол - құпия, - деп іүсінді. Демокритке келер болсақ, ол санның негізінде әрі қарай (іолінбейтін атомдар жатыр деген ойға келеді. Сан дегеніміз -итомдардан тұратын қайсыбір заттың мөлшері. Платонның түсінігінше, материалдық зат - идея әлемінің кө-лсңкесі ғана. Заттың сандық жағын анықтайтын, идея, ал оны зерт-тсйтін - математика (геометрия) ілімі.

Аристотельдің ойынша, сан, сызық, фигураның т.с.с. заттар-дан тыс өзіндік болмысы жоқ, ол - затгардың қасиеттері. Сол саяқты, дүниеде бос кеңістік те жоқ. Уақытқа келер болсак, ол -қозғалыстың өлшемі.

Жаңа Дәуірдегі философтар да Бұл ойды қолдап, математика ілімінің пәні шынайы кеңістік пен уақыт шеңберінде өмір сүріп жатқан затгардың мөлшері деген пікірге келеді.

Канттың ойынша, қайсыбір көлем - қиялдың күшінен шығатын құбылыс, ал сыртқы сезімдегі барлық көлемдердің көрінісі - кеңістік, ішкі сезімдегісі - уақыт.

Өлшем мен секіріс. Қайсыбір зат, я болмаса құбылыстың өзіне тән сапасы, сонымен қатар сандық жақтары болады. Бір қарағанда, олардың бір-бірімен байланысы жоқ, әрбіреуі өзінше өмір сүріп жатқан саяқты. Бірақ ол - үстірт көзқарас. Мұқият терең қарасақ, біз олардыц бірлігін байқаймыз. Белгілі бір сапаға соған сәйкес сан келеді, бі:н оны заттың өлшемі дейміз. Олай болса, өлшем - сандық сапа, я болмаса сапалық сан деп айтуымызға да болады. Екіншіден, өлшем - белгілі бір сапаның шеңберіндегі әртүрлі сандық өзгерістердіц бірлігі. Мысалы, судың сандық өлшемі 0-100 градусқа шейін. Бұл сандық шеңберде су өз сапасын жоймайды, бірақ 100 градусқа бір ғана градус қосылса, өлшем бұзылып, су жойылып, дереу буға айналады. Сол саяқты әрбір металдың да өзінің өлшемі (конс-тантасы) бар, егер ол 1 градусқа өссе, ол балқи бастайды.

Қозғалыс. Санның сапаға, соңғының санға өтуі қозғалыс арқылы жүреді, ал оның өзі кеңістік пен уақытты талап етеді. Олай болса, қозғалыс - бүкіл болмыстағы дүниенің өмір сүру тәсілі болып шығады да, кеңістік пен уақыт - қозғалыстағы дүниенің формасы ретінде қаралуға тиіс.

Жалпы түрде қозғалысқа қысқаша анықтама беруге болады, ол - Дүниедегі қайсыбір өзгеріс, байланыс, іс-әрекет. Әрине, мұндай анықтаманың мазмүн жағынан түрпайы екенін де жасыруға болмайды. Бүкіл философия тарихындағы ізденістер оның аса Киындығын көрсетеді.

Қарапайым тәжірибенің Нәтижесінде сонау көне заманда-ақ ойшылдар Дүниенің ағым екенін, бір нәрсе дүниеге келіп, екіншісі кстіп жатқанын байқаған. Тіпті ұлы Гераклит қозғалыстың истарында қарама-қарсылықтың күресі жатыр деп меңзеген. Соны-мен қатар, Парменид пен Зенон оған қарсы шығып, қозғалыстың іііікі сырын ашуға мүмкін еместігін Дәлелдеуге тырысқан. Мысал ретінде Зенонның «Садақтан атылған оқ қозғалмайды» деген тюриясын (арогіа - грек сөзі қиындық, шешімі жоқ деген мағына бсреді) келтіруге болады. Зенонның ойынша, атылған оқ әрбір сәтте кеңістіктің бір бөлігінде тұрақтайды, келесі сәтте - келесі орында, олы әрі қарай шексіз жалғастыра беруге болады. Ал тұрақтауға тү.рақтауды қосқанда қозғалыс шықпайды, яғни, ол - жоқ.

Мұндай көзқарасты уақытында Аристотель сынға алған Г)»латын. «Қателік - уақытты бөлек-бөлек «сәттен» тұрады деп есептеуде», - дейді ұлы ойшыл. Әрине, мұндай пікірмен келісуге Гюлады. Осы ойшыл қозғалысты талдауға аса үлкен үлес қосқан Болатын. Болмысты талдаудағы ең қиыны - Дүниенің өтпелілігі, бір иорсенің туып, екіншінің өтуі. Оны Аристотель екі жаңа категория кіргізіп, талдайды. Олар шындық пен мүмкіндік (грекше - епег§еіа, іиындық, сіупатіз - мүмкіндік, латынша - асіик - шындық, роіепііа -мүмкіндік). Қозғалыс - заттың ішіндегі мүмкіндіктің шындықта іске асуы, ал оның қайнар көзі форманың белсенді әрекетінде жатыр. Мысалы, қайсыбір дүниеге келген тіршіліктің ішінде оның болашақ өлімінің ұрығы жатыр, ол оны өмірдің шеңберінен тыс шығармай қоймайды. Кірпіштің үйге айналу мүмкіндігі бар, соны-мен қатар ол саз, я болмаса құмның шындығы т.с.с. ұлы ойшыл қозғалыстың біршама түрлерін ерекше алып зерттейді. Олар: үлкею, кішірею, пайда болу, жоғалу, сапалық өзгеру, кеңістіктегі орын алмастыру.

Орта ғасырдағы ойшылдар қозғалыстың қайнар көзін Құдайдың іс-әрекетінен іздейді (Өзі қозғалмайтын, бірақ басқаның барлығын қозғалысқа түсірген - Құдай).

Кеңістік пен уақыт. Қозғалыстағы заттар мен неше түрлі үрдістер кеңістік пен уақыттың шеңберінде өтіп жатады. Ең жалпы түрде алғанда, кеңістік деп заттар мен құбылыстардың бірінің жанында бірінің орналасуын айтамыз, ал уақытқа келер болсақ, ол - дүниедегі болып жатқан уақиғалардың бірінің соңынан екшшісінің келуі. Кеңістік пен уақыттың табиғаты жөнінде сонау көне заманнан бастап осы уақытқа шейін, негізінен, екі көзқарас қалыптасты. Олар: субстанциализм - кеңістік пен уақытты дүниенің алғашқы негіздерінің бірі ретінде қарайды және релятивизм (салыстырмалы) - кеңістік пен уақыт қозғалып жатқан неше түрлі материалдық объектілердің формалары, соған бағынышты. Бірінші көзқарастың негізін жасаған көне грек философы Демокрит болды. Ол өзінің атомистік ілімінде дүниенің алғашқы негізін кұрайтын екі бастаманы мойындайды: оның бірі көзге көрінбейтін әрі қарай бөлінбейтін ұсақ бөлшектер -атомдар және ғарыштағы бос кеңістік. Атомдар сол кеңістікте құндырап келе жатып бір-бірімен соқтығысып, табиғатың заттарын тудырады. Яғни кеңістік - субстанциялық алғашқы негіздердің бірі. Егер дүниедегі атомдар бір сәтте жоғалып кетсе, Дүние құрымайды -кеңістік алғашқы негіздердің бірі болып қала береді.

Сол заманның ірі ойшысы Әмпедокл бұл пікірге қарсыі шығып: «Судағы балыққа қараңызшы - онда бос кеңістік жоқ, бірақ і балық қозғалады», - деген пікір айтқан болатын. Яғни ол бос кеңістік идеясына қарсы шықты.

Аристотельдің ойынша да, бос қуыс жоқ, кеңістік - дүниедегі заттардың алатын орны, ал уақыт - қозғалыстың саны, мөлшері.

Орта ғасырдағы ойшылдар кеңістік пен уақытты Құдайдың і жасампаздық іс-әрекетіне теңеді. Дүние өтпелі болып кеңістік пен і уақытта берілген, тек Құдай ғана - мәңгілік, олардан тыс жатыр.

Жаңа Дәуірде Декарт «бос қуыстық» идеясына қарсы шығып, кеңістіктің заттармен толы екені жөніндегі идеясын ұсынды. Олай болса, кеңістік пен созылу - бір. Ол ұзақтық пен уақытты айыру керектігін де айтады. ұзақтық заттарға тән нәрсе болса, уақыт - сол ұзақтықтың ой өрісіндегі көрінісі. Осыған жақын көзқараста Лейбниц те болды.

Кеңістік пен уақыт жөніндегі ерекше ой айтқан Кант болды. Оның ойынша, олар адамға априорлық (тәжірибеден бұрын, тыс) түрде берілген: кеңістік сыртқы сезімнің, ал уақыт - ішкі сезімнің априорлық формалары. Тек солар арқылы ғана адам өз дүние-танымын белгілі бір тәртіпке келтіре алады.

Жалпы алғанда, философия және ғылым тарихында XX ғ. дейін кеңістік пен уақыт жөнінде субстанциялық көзқарас басым болды. Оған өз үлкен үлесін қосқан ағылшын ғалымы И.Ньютон болған-ды. Ол ғылымға абсолюттік кеңістік (шексіз қуыс) және уақыт (таза, біркелкі ұзақтық) категорияларын енгізіп, олар материядан да, бір-бірінен де тәуелсіз өмір сүреді деген пікірге келеді. Сонымен қатар, адамның санасында салыстырмалы кеңістік пен уақыт жөніндегі түсініктер бар, олар тәжірибеге байланысты өзгерісте болуы мүмкін.

Олай болса, кеңістік пен уақыт жөніндегі мыңдаған жылдар бойы өмір сүрген субстанциялық көзқарастың қазіргі ғылыми зерттеулерге қайшы келгенін байқаймыз. А.Эйнштейннің өзі айтқа-нындай: «Мәселенің түйіні мынада: егер де таңғажайып болып Дүниеден барлық материалдық заттар жоғалып кетсе, кеңістік пен уақыт қала берер еді деп бұрын есептеген болатын. Ал салыс-тырмалы теорияға сәйкес, заттармен бірге кеңістік пен уақыт та құрдымға кетер еді. Яғни кеңістік пен уақыттың қозғалыстағы мате-риядан тыс өзіндік болмысы жоқ, олар тек оның формалары ғана».

Қорыта келе, кеңістік пен уақытты Дүние болмысының ең жалпы қажетті формалары ретінде қарап, сонымен қатар оны философия, физика т.б. ғылымдардың іргетасты категорияларына жатқызуымыз керек. Дүниеде еш жерде кеңістік пен уақытган тыс өмір сүріп жатқан бірде-бір зат, құбылыс жоқ.

Ең алдымен ескертетін нәрсе - олар шынайы және объек-тивті, яғни адамдардың санасынан тәуелсіз өмір сүріп, сонымен қатар танылады. Діни философияда кеңістік пен уақыттан тыс өмір сүретін Құдай идеясы мойындалады, бірақ ол - ешқашанда Дәлел-денбейтін ашық сұрақ. Ал Канттың субъективті-идеалистік көзқарасына келер болсақ (кеңістік пен уақыт - априорлық сезімдік формалар ғана), ол да қазіргі ғылыми сынды көтермейді.

Қозғалыс тетігі. Сонымен жоғарыда кеңістік пен уақыттың шеңберінде қозғалыста өтіп жатқан болмысты әңгіме қылдық. Одан туын-дайтын келесі мәселе - қозғалыстың қайнар көзі, тетігі неде жатыр деген сұрақ. Оған осы тарауда жауап беруге тырысамыз.. Әңгіме Дүниенің ағым, қозғалыс екенін мойындауда емес, оны есі дұрыс адамдардың бәрі біледі. Философияға дейін-ақ адамдар бір нәрсенің Дүниеге келіп, екіншінің кетіп жатқанын, ақтың қараға, дымқылдың құрғаққа т.с.с. қарама-қарсылықтың бір-біріне өтетінін байқаған. Сонымен бірге оның терең себебі неде деген сұрақ мыңдаған жылдар бойы адамдарды толғантып, ізденіске итергені де - еш күмән туғызбайтын шындық.

Көне грек философиясында Бұл сұраққа терең жауап іздеген Гераклит болды. Оның ойынша, Дүние - қайшылық, әр заттың қарама-қарсы жақтары бар, олардың бір-бірімен күресі - Логос (1о§о8 - грек сөзі, сөз, мән-мағына) заңдылығы.

Мұндай пікірге Аристотель қарсы шығып, бір нәрсенің өмір сүруімен қатар, сол сәтте өмір сүрмеуін мойындау - Қисынға қайшы келетін нәрсе олай болса ешқандай дүниетаным мүмкін болмас еді деген пікірге келеді.

Ортағасырлық философия қозғалыстың қайнар көзін сыртқы себептен - Құдайдың бізге танылмайтын күш-қуатынан шығарады.

Бұл мәселені шешуге өз үлесін қосқан Қайта өрлеу зама-нының ұлы философы Н.Кузанский болған-ды. Ол қарама-қарсы-лықтың бір-біріне өтуін (соіпсісіепгіа оррозііошт - латын сөзі, қарама-қарсылықтың бір-біріне сай келуі деген мағына береді) математика жолымен Дәлелдемек болды. Мысалы, екі жағы тең үшбү-рыштың түйісін шексіз соза берсек, олар бір-біріне жақындай келе, түбі бір сызыққа айналады. Бұл арада неміс ойшылы Я.Беменің: «Қайшылық - материяның зардабы, ол оған дамыл бермей, оны қозғалысқа итереді, ең ақыры, Құдайдың өзі - негізі жоқ тұңғиық», - деген ойларын келтірсек те болғаны.

Жаңа Дәуірдегі философияда Аристотельдің ғылымның даму-і.шда қайшылықты жібермеу керек деген ойы көп уақытқа дейін іиісым болды. Бұл кездегі ғылым Табиғатгы зерттеп, ондағы заттар мен құбылыстарды бір-бірінен айырып анықтауға тең келетін, юндықтан Дүниенің қайшылықтығына аса назар аударылмады.

И.Кант өзінің таным теориясында алғаш рет зерденің кайшылығын ашады (антиномиялар). Оның ойынша, сезімдік та-ііі.ім, тәжірибе бізге «заттың өзіндік сырын» ешқашанда аша иімайды. Екінші жағынан, зерденің өзі де сезімдік тәжірибенің сыртына шыға алмайды, ал шықкысы келсе, сол сәтте антино-мияларға тап болады. Оның жасаган 4 антиномияларының біреуін мысал ретінде келтірсек те болғаны. Бірінші тұжырым: Бұл Дүниенің алғашқы бастауы бар және ол кеңістікте шектелген; екінші тұжырым: Дүние уақыт пен кеңістікте шектелмеген, ол -шексіз. Осы екі тұжырымды талдай келе, И.Кант екеуіне де жеткілікті Дәлелдемелер келтіреді. Сонымен зерде шешілмейтін қайшылықтарға келіп тіреледі. Ал оның негізгі себебін Кант «зат-тың өзіндік сырының» танылмайтындығынан көріп, шынына кел-генде, Дүниеде де, танымда да қайшылықтар болмауға тиіс деген ойға келеді.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: