Сканерлейтін ТСР

Көбінесе,мұндай жүйелерді жалған транкингтік деп әділетсіз айыптайды.Бұл жүйелерде радиостацияның өзі қоңырау кезінде бос каналды табады және орын алады.Кезекшілік жүйеде радиостанция жүйенің барлық каналдарын,оны шақыртып жатқан жоқ па екенін тексеріп,тоқтаусыз сұрыптайды(сканерлейді).Мұндай ТСР-ларға өз кезінде СССР-да кеңінен таралған «Алтай» жүйесі және бұрынырақ арзандығымен танымал болған «MOTOROLA» фирмасының SMAR TRUNK II ТСР-сы.

Сканерлеуші ТСР қарапайым және арзан.Сканерлеуші ТСР үшін ТфОП-пен байланыс дәстүрлі болып табылады,бірақта ақырғы кезде мәліметтерді таратуды шамалайтын қосымшалар саны артуда,осыған байланысты интерфейстің мәлімет тарату желілерінде болуы міндетті болуда.

Техникалық қызмет көрсету және эксплуатация терминалы,ережеге сай,БС-да орналасады.Терминал жүйенің жағдайына бақылау жасауға,түзелмеу диагностикасын,трафикациясын өткізуге,абоненттердің БД-сына өзгерістер енгізуге арналған.Көптеген ТСР-лар ТфОП немесе СПД арқылы жойылған байланыс терминал мүмкіндігіне ие.

Міндетті емес, бірақ ТСР-ның характерлі элементтері болып диспетчерлік пульттар (ДП) табылады.ТСР бірінші кезекте жұмысы диспетчерді талап ететін тұтынушылармен қолданылады - күзет қызметі,жедел жәрдем қызметі,өрт сөндіру өызметі,транспорттық компаниялар,муниципальдық қызметтер.ДП жүйеге абоненттік радиоканалдар бойынша немесе БС коммутаторына көрсетілген линиялар бойынша қосылуы мүмкін.Бір ТСР шегінде бірнеше тәуелсіз байланыс желілері құрылуы мүмкін.Әрбір осындай желілердің қолданушылары көршілерінің жұмысын байқамайтын болады және басқа желілердің жұмысына араласа алмайды.Сондықтан бір ТСР-да оған әртүрлі амалдармен қосылған бірнеше ДП жұмыс істеуі мүмкін.

Сонымен,сканерлейтін ТСР қызмет көрсетуі бойынша минималды талап қойылатын шағын бірзоналы байланыс жүйесі үшін мінсіз сай келеді.Осы шарт соңғы жылдары SMAR TRUNK II жүйелерін ТМД елдері аумағында кеңінен таралуына алып келуде.

Арнайы үйлестірілген басқару каналы бар ТСР.

Мұндай жүйеге жетпісінші жылдардың соңында E.F. Johnson фирмасы жасап шығарған, АҚШ–та кеңінен таралған LTR жүйесі және UNIDEN фирмасы ұсынған қазіргі заманғы дамыған түрі ESAS жүйесі жатады.Мұндай ТСР-да басқаратын ақпарат тоқтаусыз барлық каналдар бойымен,оның ішінде бос емес канлдармен де,таратылып отырылады.Бұл оның таратылуына 300 Гц-тен төмен жиіліктерді қолданумен қол жеткізіледі.ТСР-ның LTR жүйелерінде коммутатор оның бүкіл трафигіне,ТфОП-пен абоненттің байланысына және мәліметтер таратумен байланысты барлық шақыртуларды қоса қызмет көрсетеді.Басқару құрылғысы БС-ның барлық тораптарының өзара байланысын қамтамасыз етеді.Ол тағы қоңырауларды өңдейді,қоңырау шалған абоненттердің аутентификациясын жасайды,шақыртулардың кезегін түзеді, уақытылы төлем БД-сына жазбаларды(запись) енгізуді қамтамасыз етеді.Кейбір жүйелерде УУ ТСР-мен максималды рұқсат етілген байланысты реттейді.Ережеге сай,реттеудің 2 түрі қолданылады:байланыстың ұзақтығын артық күштің алдын-ала енгізілген уақытында төмендетілу, немесе ағымдағы күшке тәуелді адаптивті өзгеру.

LTR жүйелеріне тән бір ерекшелікті атап өту керек.Бұл ерекшеліктің артықшылығы мынада,берілген ТСР-да байланыс орнату кезінде,басқа транкингтік жүйелердегі сияқты,бүкіл сөйлесу уақытында абонентке каналды қатаң бекіту процесі болмайды.Мұндай жүйелер,басқару каналы бар ТСР-ларға тән,құндылықтар қатарына ие және өзіне арнайы жиіліктерді бөлуді талап етпейді.LTR жүйелерінде байланыс орнату соншалықты тез жүреді,тіпті ол станцияны әр жолы қосқан кезде жүзеге асады,яғни сөйлесу тоқтаған кезінде канал бос емес.

Арнайы бөлінген басқару каналы бар ТСР.

Аналогтық жүйелерге сөз жиілік каналы жөнінде,ал уақыттық бөлінісі бар сандық жүйелерге-уақыттық слоттар жайында кетеді.Мұндай жүйелерде Бірзоналы ТСР-да коммутатор оның бүкіл трафигіне,ТфОП-пен абоненттің байланысына және мәліметтер таратумен байланысты барлық шақыртуларды қоса қызмет көрсетеді.

Басқару құрылғысы БС-ның барлық тораптарының өзара байланысын қамтамасыз етеді.Ол тағы қоңырауларды өңдейді,қоңырау шалған абоненттердің аутентификациясын жасайды,шақыртулардың кезегін түзеді, уақытылы төлем БД-сына жазбаларды(запись) енгізуді қамтамасыз етеді. ТСР-да ТфОП-қа деген интерфейс түрлі әдістермен орындалады.Қымбат емес жүйелерде (мысалы, SmarTrunk) байланыс екіөткізгішті коммутирлейтін желілер бойымен орнатылады. Заманға сай ТСР-лар ТфОП-қа деген интерфейс құрамында, АТС-тың стандартты нөмірлеуін қолданатын транкингтік желі абоненттеріне рұқсатты қамтамасыз ететін тура нөмір теру аппаратына ие.Кейбір жүйелер қатары АТС аппаратымен ИКМ-байланысты қолданады.

Қазақстанда транкингтік жүйелерді тіркеу және қолдану кезіндегі маңызды проблемалардың бірі ретінде олардың ТфОП-пен байланысы болып табылады.Транкингтік абоненттердің телефон желілеріне шығыс қоңыраулары кезінде қиындық болып транкингтік жүйелер электромеханикалық АТС-тарда абоненттік линияларға декадтық режимде нөмір тере алмайды.Транкингтік жүйелердің көпшілігі телефондық желілермен екіөткізгішті абоненттік линиялар бойынша қосылып байланысады.Бірақта абоненттік линиялардың нөмірін толық теруден және транкингтік жүйенің басқару құрылғысымен шлейфтің тұйықталудан кейін телефондық байланыс орнатылған болып есептеледі,және импульстық режимде алдағы номер теру қиындалған,ал кейбір жағдайларда мүмкін емес болуы мүмкін. SmarTrunk II жүйесінде қолданылатын «шертпе» детекторы импульстық теріп бітірудің дұрыстығына кепілдік бермейді, себебі «шертпелер-импульстар» абоненттік линияларынан өтетіндердің сапасы оның электрлік сипаттамаларына,ұзындығына және т.б тәуелді болады.TETRA – бұл цифрлық радиобайланыстың еуропалық стандарты болып табылады.Бұл стандарт қоғамдық қауіпсіздік, көлік және коммуналдық қызмет саласындағы қолданушыларға негізделген.Уақыт арқылы бөлетін көпшілік қосылу мүмкіншілігі бар технологиясын қолданатын TETRA стандарты көбінесе адамдар саны үлкен болатын қалалық жерлер байланысында қолданылуы керек(мысалы, Еуропаның солтүстік-батыс елдерінде).Ол тек шектеулі деңгейлі қуаттарды және жиіліктердің тар диапазонын қолданып, транкингтік байланыс режимінде ғана жұмыс істеуді қалайды.Әдеттегі ұялы байланыспен қатар кәсіби ұтқыр радиобайланыс жүйелері бар, былай айтқанда, транкингтік жылжымалы байланыс жүйелері.

Ұялы байланыс жүйесі жүзеге асыра алмайтын,ТСР мүмкіншіліктері:

ü динамикалық өзгеріп отыратын басымдылықтарды есепке ала отырып,жүйесі ресурстарына кезек түзу;

ü жоғары басымдылыққа ие абоненттің каналды жедел қағып кетуін ұйымдастыру;

ü мәліметтер блогы мен мәртебелі хабарламаларды трафиктік каналдарды орналаспастан үнемді түрде тарату;

ü топтық шақыртуды құратын, топтың абоненттерін біріктіру (топтың барлық абоненттерінің барлық қоңырауларын бір мезетте жүзеге асыруға мүмкіндік беретін және абонент топтарының бір бағыттағы шақыртулары).

Базалық және абоненттік станцияларының таратқыштарының жоғары қуатына байланысты,ТСР-ның әрбір базалық станциясының қызмет көрсету зоналары ұялы байланыс жүйелердікінен бірнеше есе көп.Осының әсерінде коммутациялық құрылғыға,жанастыру сызықтарына,ғимараттың жалдама ақысына деген шығындар үнемделеді.

4.19-сурет.ТСР-ның абоненттік сыйымдылығы.

Басқа жағынан алып қарағанда,ТСР радиотелефонды байланысындағы абоненттік радиостанциялардың құны аналогтық ұялы байланыс желілеріндегіден бірнеше есе жоғары(4.19-сурет).Одан бөлек,радиотелефондық режим жүйедегі абоненттік сыйымдылықтың және бір абонентке шаққанда базалық құрылғының өзінің құнының жылдам төмендеуіне алып келеді.

Бұл диаграммада базалық құрылғының құнының канал(абонент) санына тәуелділігі көрсетілген.К = 0,3...2,0-қолданылып отырылған абонент түрін еске алатын коэффицент.Осы тәуелділіктердің талдауы көрсеткендей:

1. Өзінің құны бойынша анағұрлым тиімдірек болатын абоненттер саны 300...400 шамасындағы және канал саны 4-тен көп ТСР жүйелері болады.

2. Аз каналды жүйелер абоненттерді жедел радиобайланыспен қамтамасыз етуге және телефондық желілерге шығуды азайтуға бағытталуы керек.

4.20-сурет. Базалық құрыл құнының канал(абонент) санына тәуелділігі

Технологиялық радиобайланыстың аймақтық мекемелік желілері жалпы талаптардан бөлек,ерекше талаптармен де сипатталады,мысалы:

ü хабарламаны жеткізудің жылдамдығы мен сенімділігінің өте қатал талаптарымен;

ü мәліметтер блогы мен мәртебелі хабарламаларды трафиктік каналдарды орналаспастан үнемді түрде таратумен;

ü тіпті базалық станцияның істен шығуы барысында байланыстың сақталуымен;

ü

4.6.2 Транкингтықжүйелердің классификациясы

4.7-кесте

Транкингтықжүйелердің негізгі сипаттамалары

Признак Системы
  Организация радиоканалов аналоговые DTMF, Select5 ит.п.
аналого-цифровые SmartTrunkII, МРТ 1327, LTR, EDACS
Цифровые EDACS, TETRA, iDEN, TetraPol
  Организация канала управления выделенный МРТ 1327, EDACS
с временным разделением SmartTrunkII, TETRA ит.п.
с частотным разделением LTR
  Способ предоставления канала связи постоянный на весь сеанс МРТ 1327, SmartTrunkII, LTR
с переназначением во время сеанса EDACS, TETRA
  Организация управления базовым оборудованием децентрализованный SmartTrunkII
централизованный МРТ 1327, TETRA, iDEN

Аналогтық стандарттың транкингтік жүйелері қызмет көрсететін абоненттер санына байланысты 3 топқа бөлінеді:

§ Шағын-бірзоналы жүйелерді (абоненттер саны 300 дейін) құн/сапа көрсеткіші бойынша SmartTrunk II құрылғысының базасында құрған тиімді.Сонымен қатар жүйеге көлемі және SmartTrunk II құрылғысының базасында кей жағдайларда жүзеге асыра алмайтын қызмет көрсету сапасы бойынша қойылатын талаптарды қадағалаған дұрыс;

§ Орта (абоненттер саны 3000 дейін);

§ Үлкен (абоненттер саны 3000 көп) көпзоналы транкингтік байланыс жүйелері;

Қазіргі уақытта айтарлықтай тиімді ТСР болып МРТ 1327 протоколын қолданатындар саналады.ТСР-ны тағайындалуына байланысты 2 категорияға бөлуге болады:

- Коммерциялық(ортақ қолданыстағы)-PAMR;

- Арнайы қолданыстағы(профессионалдық)-PMR.

4.7 Ұялы радиобайланыс желілері

Ұялы байланыс желісі-бұл ортақ қолданыстың жылжымалы телефондық радиобайланыстүрі.Ол шағын қызмет көрсету зонасы және бір-бірімен байланысқан жоғары өткізгіштік қасиеті бар көптеген базалық станцияларды қолдануға арналған.АҚШ-та 1971 жылы пайда болған ұялы байланыс идеясынан бірінші желі мысалын құруға дейін 7 жыл қажет болды. Ұялы байланыс желілері өз атауын ұйымдастырудың ұялық принциптеріне сәйкес алған. Осыған сәйкес қызмет көрсету аймағы (қала территориясы немесе регион) ұяшықтардың кейбір сандартына бөлінеді. Ұяшықтарда әдетте дұрыс алтыбұрыш түрінде бейнелейді, себебі бұлар аралардың ұяшықтарына ұқсағандықтан бұл жүйені біз ұялы деп атаймыз. Желінің ұялы құрылымы жиіліктерді екінші реттік қолдану негізімен тікелей байланысты. Осыған байланысты бірдей жиіліктер бір-бірінен белгілі бір ара қашықтықта орналасқан ұящықтарда қайталануы мүмкін.

Әрбір ұяшықтың центрінде негізгі базалық станция орналасқан(БС). Бұл БС өз ұяшығының шегінде барлық жылжымалы станцияларға қызмет етеді. Абонент бір ұяшықтан басқа ұяшыққа орын ауыстырған кезде бір байланыс станциясынан басқа байланыс станциясы оған қызмет көрсете бастайды. Байланыс станциялардың арналардың коммутациясы коммутация центрінде жүзеге асады (КЦ). Бұл УПАТС немесе ақырғы құқықтары негізінде ортақ қолданыстағы телефондық желіге (ОҚТС) қосылады.

Шын мәнінде ұяшықтар қатаң геометриялық пішінде болмайды. Ұяшықтардың шынайы шекаралары дұрыс емес қисық түрінде болады (2-сурет). Олар радиотолқындардың өшуі мен таралу шарттарына тәуелді. Демек, қызмет ететін террмoторияның жерінің рельефіне салулардың тығыздығына және басқа факторларға тәуелді. Сонымен қатар, сенімді қабылдаудың зонасының шегінде сигналды қабылдауға мүмкін болмайтын облыстарда болады(көлеңке аймақтар). Осыған сәйкес базалық станцияның орналасуы ұяшық центрімен шамамен ғана сәйкес келеді. Бұны бірмағыналықпен анықтау қиынға соғады. Егер базалық станция бағытталған антенналарды қолдамаса, онда БС ұяшық шекараларында болады.

4.7.1 Ұялы радиобайланыс желілерінің даму кезеңдері.

Бір кезеңде ұялы радиобайланыс желілерінің аналогтық желілері пайда болды.Бұл аналогтық жүйелер,басқаша айтқанда стандарттар,кеңінен тарала бастады.Оларға жататындары:

- AMPS–жетілдірілген ұялы телефондық қызмет түрі,«североамериканский стандарт» атымен танымал,800 МГц диапазонын қолданады. AMPS өзінің сандық дамытылған түрі D-AMPS-пен бірге Казақстанда қолданылады;

-TAСS-900 МГц диапазонындағы ортақ қолданыстағы байланыс жүйесі,ETACS(Англия) және JTACS/NTACS(Япония) модификацияларымен Англияда,Италияда,Испанияда,Австрияда,Ирландияда қолданылады.Бұл аналогтық стандарттардың ішінде таралуы бойынша екінші стандарт;

- NMT 450 және NMT 900 –солтүстікеуропа елдерінің ұялы радиобайланыс желілерінің стандарттары 450 және 900 МГц диапазонын қолданады.Олар «скандинавский стандарт» атымен де танымал және аналогтық стандарттардың ішінде таралуы бойынша үшінші орын алады;

- С-450 (диапазон 450 МГц) -Германиядажәне Португалияда қолданылады;

- RTMS - 450 МГцдиапазонында жұмыс істейтін және Италияда қолданылатын ұялы радиобайланыс жүйесі;

- Radiocom 2000 (диапазон 170, 200, 400 МГц) – Францияда қолданылады;

- NTT – 800...900МГц диапазонында жұмыс істейтін телефон мен телеграфтың жапондық үшвариантты схемасы.

Радиалды және радиалды-аймақтық байланыстарды, максималды алыс қашықтыққа жетуі, таратқыш қуатына, қабылдағыштың сезімталдығына, шудың дәрежесіне тәуелді және станциялардағы антенналардың арасындағы тікелей көру қажеттілігімен шектеледі. Мұндай жүйелердің таратқышы максималды қажетті алыс қашықтықта байланыспен қамтамасыз ету үшін үлкен қуатқа ие болады. Бөлінген жиіліктер жолағында жұмыс істейтін таратқыштар саны шектелген, себебі көрші арналар арасындағы жиіліктерінің айырмашылығы 12,5кГц болады

Ұялы радиобайланыс желілерінің дамуының екінші кезеңі қазіргі кезде де тұрақты дамып жатқан ақпарат таратудың сандық жүйелерін қолданумен басталды.Еуропада жағдай көптеген аналогтық жүйелердің бір-бірімен үйлеспейтіндігімен ушығып тұрды.Бұл жағдайда ең дұрыс шешім болып ортақ еуропалық GSM (GSM 900 - диапазон 900 МГц) стандартын құру болып табылады.Стандартың 1982 жылдан басталған құрылуынан оның бірінші рет қолдануына дейін 10 жыл уақыт кетті.Алғашқы тәжірибелі GSM желісі 1990 жылы пайда болып,1992 ж. алғаш рет Германияда қолданысқа енді. GSM-900 — қозғалмалы байланыс жүйесінің ең кең тараған түрі.Оператордың жиілік ауқымы 890—960 МГц. GSM-900 стандартының басқа стандарттармен салыстырғандағы басты артықшылығы телефон аппараттары өлшемдерінің шағын болуы жәнеаккумуляторының зарядталмай ұзақ уақыт бойы жұмыс істеуі. GSM операторында орнықты байланыс ең жақын базалық станциядан (үдеткіштер мен антенналар қолданғанда) 35 км-ге дейін жетеді.GSM-900 стандартында бөгде қосылудан қорғану үшін абоненттің арнайы модулі — SIM-карта қолданылады.Бұл картада белгілі абонент туралы нақтыақпаратжазылғанмикросұлбаорнатылады,сондықтан оны GSM стандартты кез келген ұялы аппаратта қолдануға болады.Әрбір картаның арнайы идентификациялықнөмірі болады.SIM картаның тағы бір жетістігі абонент аппаратты ауыстырғанда оның ұялы нөмірі және ондағы барлық ақпараттар сақталады.

GSM стандарты техникалық дами отыра,1989 жылы жаңа 1800 МГц жиілік диапазонын құрастыруға барды.Бұл бағыт жеке байланысжүйесі деген атпен танымал.Соңғы дамыған стандарттың ағымдағы GSM 900 жүйесінен айырмашылығы техникалық емес,ал маркетингтік.Қолданыстағы GSM стандартына қосымша енгізілген стандарт түрі 1990-1991 жылдары Еуропада құрастырылды.Ол DCS 1800деген атау алды.Бұл сандық байланыс түрі бастапқы кезде PCN деген атау алды,ол аударғанда «жеке байланыс желісі» деген мағына береді және 1993 жылдан бастап қолданыла бастады.1996 жылы оны GSM 1800 деп атау ұсынылды.АҚШ-та бұл диапазон бос болмағандықтан,1900 МГц диапазонында жиілік бөліну мүмкіндігі табылды.Ол кейіннен Америкада жеке байланыс жүйесі PCS деген атау алды.1900 МГц диапазонын құру 1995 жылдан басталды.Бұл диапазонда жұмыс D-AMPS стандартымен бекітілген және сәйкес келетін GSM стандарты құрастырылған(«американдық» GSM 1900 - стандарт IS-661).

Аталған сандық жүйелердің барлығының тығыздалуы уақыттық канал бөлінісі бар TDMA көптік рұқсат әдісімен жасалған.Алайда 1992-1993 жылдың өзінде АҚШ-та кодтық канал бөлінісі бар CDMA көптік рұқсат әдісінің негізінде ұялы радиобайланыстың стандарты-IS-95(диапазон 800 МГц) стандарты жасалынып шығарылды.Ол 1995-1996 жылдардан бастап Гонконгта,АҚШ-та,Оңтүстік Кореяда,әсіресе Оңтүстік Кореяда –аса кеңінен, алАҚШ-та 1900 МГц диапазоны үшін арналған стандарт түрі қолданыла басталды.

Қазақстандағы негізгі сандық стандарттар ретінде келесілерді алып қарауға болады:

§ D-AMPS; диапазондары 800 МГц және 1900 МГц);

§ GSM - ұялы радиобайланыстың жаһандық жүйесі,диапазондары 900, 1800 и 1900 МГц.Бұл барлық абоненттердің 1/4 –не қызмет көрсететін таралуы бойынша әлемнің екінші стандарты;

§ CDMA - кодтық канал бөлінісі бар көптік рұқсат, диапазондары 800 және 1900 МГц).

Жылжымалы байланыстың үшінші буыны ІМТ-2000 жүйесімен ұсынылған және келесі артықшылықтарға ие:

1. Жаһандық желіні қамтамасыз ету;

2. Қолданыстағы желілермен үйлестіру;

3. Көрсетілетін қызмет түрін арттыру.Оған жоғары сапалы сөздік төменжылдамдықты байланыспен қатар,жоғары жылдамдықты мультимедиа және Internet-ке сымсыз байланысын жатқызуға болады;

4. Байланыстың әртүрлі жағдайлары мен шарттарына бейімделу;

5. Көрсетілетін қызметтерге шапшаң түрдегі рұқсат;

6. Радиоресурстарды тиімді пайдалану.

Жылжымалы байланыстың үшінші буының Еуропалық жүйесі(UMTS жүйесі) ISDN және GSM сияқты екінші буын жүйелерінің дамытуының нәтижесі болып табылады.IMT-2000/UMTS байланыс жүйесін құрудағы соңғы мақсат-жылжымалы және стационарлық байланыс желілерінің(спутниктік жүйелермен қатар ұялы және пейджингтік байланыс жүйелерін қосқанда) түрлерін біріктіретін әмбебап байланыс желісін құру.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: