Поль С. Брэгг 5 страница

Сіз ашығуға дайынсыз ба?

Егер сіз ешқандай шүбаланбай, ашығудың маған пайдасы бар десеңіз, онда дайынсыз. Есіңізде болсын, санаңызда – ойыңызда ашығам деген мақсат ұяласа, онда нәтиже болады. Сіз осылай, әр клеткаңызды – ашығу жақсы жағдайға әкелетініне өте сенімдімін деп иландырасыз. Осы жағдайда, сіздің клеткаңыз, бұйырығыңызды қабылдауға дайын болады.

Ашығуды 24 сағат таза сумен бастаңыз. Осы бір тәулік ішінде, таза судан басқа аузыңызға нәр салмаңыз. Егер осы уақыт ішінде жеміс жеп қойсаңыз, бұл ашығу емес, жеміс диетасы ғана болады және осы кезеңде жеміс - жидек шырынын ішіп қойсаңыз, бұл да ашығу емес. Менің айтайын дегенім, ашығу кезеңінде асқазаныңызда таза судан басқа ештеңе болуға тиіс емес. Сіз түскі астан, келесі күнгі түскі асқа дейін, немесе кешкі тамақтан ертеңгі кешкі тамаққа дейін 24 сағат бойы тамақтан тиылуыңыз керек. Егер сіз кофе, шәй, ішімдік, сыра ішуге дағдыланып, осылырды ұрттап қойсаңыз жайсыз жағдайға тап боласыз, атап айтқанда – басыңыз ауырады.

Есіңізде болсын, ашығу – қоздырғыштарды қолданатын жаман әдеттеріңізден арылуға көмектеседі, таза сумен 24 сағат ашыққанда, шығару мүшелері арқылы ағза улы заттардың ескі қалдықтарынан құтыла бастайды. 24 сағаттық ашығу кезінде, адамдар өздерінің күнделікті тіршіліктерін жалғастыра береді, кейде асқазаны аздап қана мазасызданады. Егер санаңыз тәніңізді билесе, бәрі ойдағыдай болады. Асқазанды бастағы ми билеу керек, керісінше емес!

Қандай жағдайда болмасын, өз ойлаған ойыңды іске асыратын қажетті үш нәрсе бар: ерінбей еңбек етуге әдеттену, денсаулықты күтуге әдеттену, ғылымды үйренуге әдеттену. Егер осы әдеттер бойыңызда бар болса, онда сізге, осындай әдеттері бар әйел махаббатын силайды, сіз де, ол да осы мезеттен бастап, әрқашанда бақытты боласыз.

ЭЛБЕРТ ХАББАРД

ТАРАУ

Мен неліктен тек таза су (дистиллирован) ғана ішемін

Осы кітапта ашығу жайын баяндағанымда, ылғи қайталаймын: «Тек таза су ғана ішіңіз, жемііс – жидектердің шырындарының дәмін де татпаңыз». Таза су: бұл аш –екі – о. Осы формуланың білдіретіні, судың құрамында сутегінің екі, оттегінің бір бөлігі бар. Егер сіз жауынның немесе қардың суын ішсеңіз, оның құрамында минералды заттар жоқ, осы су минералдардан 100 пайыз таза. Егер сіз жеміс – жидектердің шырынын ішсеңіз, онда таза сумен бірге шырында еріген қоректі заттарды – табиғи қант, микроэлементтер мен витаминдерді қоса ішесіз. Егер сіз таза суды құдықтан, өзеннен т.б. жерден ішсеңіз, біліп алыңыз, бұлардың құрамында еріген минералды заттар бар. Кейде осы суларды қатты сулар дейді, себебі құрамында өлі заттар көп. Енді аздап химиядан түсіндірейін. Табиғатта екі зат бар: тірі (органичесие), өлі (неорганические). Өлі заттар инертті, бұның мағынасы оларды ағза, тіршілік иелері сіңіре алмайды.

Біздің ағзамыз тірі немесе бұрын тірі болғандардан шыққан 16 элементтен құралады. Біз алма немесе басқа жемістер мен көкеністерді жесек – олар тірі заттар. Олар жинап, теріп алғанша белгілі уақыт өмір сүрді. Осының еттен, балықтан, сүттен, жұмыртқадан жасалған тағамдарға да қатысы бар. Біздің өміріміз бен денсаулығымызды қалыпты ұстау үшін, тірі заттар өмірлік қажеттілік. Егер бізді, адам аяғы баспаған, ешнәрсе өспейтін аралға апарып тастаса өліп қаламыз, тіпті аяқ астымыздағы топырақта керекті 16 элемент бар болса да, біздің ағзамыз бұны сіңіре алмайды. Осы элементтерді топырақтан тек өсімдік қана сіңіре алады. Өлі заттардан бір де бір адам қорек ала алмайды.

Талай жыл бұрын Қытайда экспедицияда болдым, сол кезде осы елдің бір бөлігі аштық пен құрғақшылықтан зардап шегіп жатқан. Мен осы бақытсыз адамдардың, аштығын басу үшін топырақты жегендерін өз көзіммен көрдім. Топырақтағы өлі заттар қанықтырмағандықтан, осы бишаралар азаптанып өлді.

Жылдар бойы естимін, бәленбай судың құрмында минералдар көп екен деп. Не жайындағы әңгіме? Өлі заттар біздің ағзамызға ауыртпалық қана әкеледі, олар қортылып сіңірілмейді, сондықтан да, біздің өтімізде, бүйрегімізде тас пайда болады, қан тамырларымызға улы қышқыл қалдықтары шоғырланады.

Мен өскен Вирджиниде, натрий, кальций, темірлермен қаныққан ауыз суы қатты болды.

Менің көптеген туыстарым мен достарым бүйрек ауруынан өлді. Бұлардың бәрі ерте қартайды, себебі өлі заттар қан тамырларына қақ болып қатып, өлулеріне әкеп соқты. Менің бір ағайым Мериленд штатында, Балтиморда әйгілі Джон Гопкинс атындағы емханада өлді, сол кезде 48 жаста болатын. Дәрігерлер ашып көргеннен кейін айтты, қан тамырларының қатып қалғаны соншалық, балшықтан жасалған түтік сияқты, өлі заттардың оның қан тамырларының қабығына сіңірілуі осындай дәрежеге жетіпті.

Мүмкін сіз естіген шығарсыз: «Буланған таза су - өлі су, оның ішінде балықтар да тіршілік ете алмайды». Әрине, жаңадан буланған таза суда балықтар ұзақ өмір сүре алмайды, оларға өзен мен көлдердегі сияқты өсімдіктер қажет. Енді осыны басқа қырынан қарайық. Сіз Жапоняға үлкен жолаушылар кемесімен бара жаттыңыз дейік. Кеме апатқа ұшырады делік, сіз және басқа жолаушылар қайықтың үстінде бірнеше күн, ашық теңізде қалуға мәжбүр болдыңыздар. Ішетін суыңыз тек қана жауындікі. Сіз айтпайсыз ғой: «Жауынның суы буланған таза су, ішпеймін, себебі өлі су». Әрине сіз ішесіз, осымен жер бетіндегі буланған таза су ішетін миллиондаған адамдардың қатарына қосыласыз. Көпшілік адамдар тек осындай су ғана ішеді. Бермуд аралдарының топырағы борпылдақ өте бос, кеуек сияқты. Сондықтан жергілікті тұрғындар үйлерінің төбесін су жиналатын етіп жасайды да, суды ыдыстарына құйып алады.

Иса пайғамбар кезеңінде, әлемді билеген Капридегі құдіретті Тиберия императорының сарайының қабырғасына жасалған, жауын суын жинайтын керемет астау бар. Бүгін де 2000 жыл өтсе де, жергілікті тұрғындар құрғақшылық болғанда осы ыдысты пайдаланады. Мен осыны өз көзіммен көрдім. Егер сіз Капри аралына бара қалсаңыз өзіңіз де көресіз.

Осыдан талай жылдар бұрын, мен өзімнің марқұм досым Дуглас Фербенкспен бірнеше ай Тынық мұхитындағы Полинезия аралдарында саяхаттадық, сонда тек таза жауын суын ішетін дендері сау, сымбатты түземдіктерді көрдік. Қоршаған мұхиттың суы ішуге жарамсыз. Аралдар шұрық, тесік су ұстамайтын ұлу қабыршықтарының топырағының үстіне орналасқан, түземдіктер сол себепті жауын суын немесе кокс жаңғағының шырынын ғана ішеді. Біздің кемеде бірнеше дәрігер болды, осы дәрігерлер аралдың ең кәрі дегендердің жүректерін тексергенде, осы уақытқа дейін, тап осындай денсаулықтары мықты қарияларды көрген жоқпын деді. Назар аударыңыз, мен тек кәрі жасы жеткен адамдар туралы айттым. Мен бұрын соңды осындай әдемі, сұлу еркек - әйелдерді кездестірген емеспін. Олар өздерінің жастарын білмейді, тіпті бұндай түсінік сөз қорларында да жоқ. Олар жылдар өтсе де көп өзгермейді, туған күндерін атамайды. Шалдарының өздері, шапшаң ұлттық билерді жастардан кем билемейді.

Бірнеше жыл бұрын мен Мароккадағы Атлас тауына экспедицияға шықтым, осында шөл ортасында тұратын алапат адамдарды көрдім, олар тек жауын суын ғана қолданады.

Әлемдегі барлық дәріханаларда, дәрілер тек қайнатылып буланған судың негізінде жасалады. Қайнатып буланған су ағзадан тірі заттарды шайып кетеді деген пікір дұрыс емес. Ол өлі су емес. Ол адам ішетін ең таза су. Қайнатылып буланған су, қазіргі өркениетті дамыған адамның ағзасында шоғырланған уларды ерітеді, бүйректегі тастарды шаяды. Бұл жұмсақ су. Осы сумен шашыңызды жуып байқасаңыз, көзіңіз жетеді. Жер бетінде су айланып тазаланады. Күн суды бұлтқа айландырады, олар жауын түрінде таза су болады. Табиғаттың ұлы ғажайыптарының бірі.

Осыдан 50 жыл бұрын болжағанмын, теңіздің тұзды суын, таза суға айландыратын қондырғылар жасау керек болады деп. Менің болжамым іс жүзіне асқанын көрдім. Кубадағы АҚШ – тың Гуантанамодағы үлкен әскери тұрағында, қайнатып буланған суды ғана қолданады. Американың әскери теңіз флотында, мыңдаған адамдары бар кемелерде көп су алып жүретін орын жоқ, сондықтан олар теңіз суын қайнатып буландырып ішеді.

Калифорния штатындағы Голливудтағы менің үйіме суды 20 литрлік ыдыспен алып келеді, осы су менің жұмыс орнымда да бар. Бұл суды Американың кез келген дүкенінен алуға болады, осы суды сәбилер тамағына және басқа мақсаттарға пайдаланады.

Мыңдаған үйлерде су жұмсартқыштар бар, себебі қатты су балалардың терісіне, кір жуғанда қолға әсер етеді. Жұмсартқыштан су ішпеңіз. Жыл бойы қайнатылып буланған суды ішіп байқаңыз, сонан кейін басқа суды ішкіңіз келмейді. Ашыққан кезде қайнатылып буланған судан басқа ешнәрсе ішпеңіз.

Денсаулық - әлемдегі ең табиғи қалып. Деніңнің сау болуы табиғи, себебі біз табиғаттың бір бөлшегіміз. Табиғат бізді жақсы қалыпта ұстауға бар күшімен тырысады, себебі өзінің істері үшін біз оған қажетпіз. ЭЛБЕРТ ХАББАРД

ТАРАУ

Қанша ашығу керек?

Жаңадан бастаушыларға бірінші кезекте қандай кеңес беру керек? Алғашында 10 күннен артық ашығуға болмайды, оның өзі талай жыл ашығудан тәжрибесі бар маманның бақылауымен өтуі керек.

Ашығу – ағзаны ғылми әдіспен тазалау, сондықтан ғылми түрде өткізілуі тиіс. Менің пайымдауымша, осы күнгі саумыз деп жүрген адамдардың 60 – 70 пайызы және ауыр науқастардың 85 – 90 пайызы, ағзаларында жиналған уларды шығарамыз деп, ұзақ 23 – 35 күн ашықса өліп қалады. Ұзақ ашығу маманның бақылауымен өтуі керек, себебі ашығуды қай кезде аяқтауын нақ айта алады. Маман, біздің бүйрегіміз улардан қалай тазаланып жатқанын бақылайды, ол күніне бірнеше қабат кіші дәретіңізді тексереді, егер бүйрегіңізге салмақ түсіретіндей улы заттар көп бөлініп жатса, онда ашығуды қолма қол тоқтатады. Ең білгір маманның өзі де айта алмайды: «Сізге 30 не 40 күн ашық» - деп. Мен өзім мөлшермен 21 – 35 күн ашығу тағайындаған кісілерімді жиі бақыладым. Кей кездерде, алғашқы 6 күнде улы заттар өте көп мөлшерде бөлініп, ашығуды доғаруыма тура келді. Сонан кейін ашыққан адам, табиғи тағамға көшіріліп, бірнеше аптадан кейін ашығуды ары жалғастырдық. Егер улар тағы көп бөліне бастаса, ашығуды қайта тоқтата тұрдық. Білмейтін адамдар айтады: «Неғұрлым көп ашықсаң, соғұрлым тазаланасың». Мен бұған сенбеймін, себебі қазіргі жетілген адам өте әлсіз. Табиғат жаратылысының бір де – бір тіршілік иесі адам сияқты қомағайланып, тамақтану заңдылығын бұзбайды. Мені дұрыс түсініңіздер, адам табиғат заңдылығын аттап өте алмайды. Табиғи заңдылықты бұзуға тырысып, ол өзін құртады. Бүкіл әлемдік тартылыс заңын адам бұза ала ма? 25 – ші қабаттан секіріп, адам тірі қала ма? Әрине жоқ. Осының да табиғи тамақтану заңдылығына қатысы бар. Өңделген өлі тамақтарды жеуге адамды иландыруға болады. Денсаулық, ұзақ өмір сүру жайында айтылған насихатқа адам шүбәсіз сенеді. Ал аурудың өтемі өте қымбат болады.

Емханаларға, дәрілерге, операцияларға, дәрігерлерге, медбикелерге ақшаны кім көп шашады? Біз!

Әлемдегі басқа ұлттармен салыстырғанда, өмірін сақтау үшін ақшаны кім көп шашады? Біз!

Бізді жалықтырған, толып жатқан аурулармен күресу қорларын кім ұйымдастырып жүр? Біз!

Жер шарындағы басқа ұлттармен салыстырғанда, сансыз демалыс үйлерін, емханаларды кім салып жатыр? Біз!

Әртүрлі емдеу әдістерін газет, журнал, радио, теледидарлар арқылы насихаттауға кім ақша шашып жатыр? Біз!

Аспирин, т.б. ауру басатын дәрілердің сансыз мөлшерін кім қолдануда? Әрине, біз!

Балалардың өзіне арнайы аспирин жасап шығардық, олардың өзіне ауру басатын дәрі қажет. Менің көзқарасым бойынша, қандай түрде болмасын аспирин өте қатерлі дәрі, осыны жиі қолданғандар өз бастарын қатерге байлағандар.

Маманның бақылауынсыз ұзақ ашығуға неге қарсы екенімнің тағы бір себебін айтайын. Жәй адам тек қана дұрыс тамақтанбаудан, ауамен судың ластануынан, химиялық қалдықтар мен тұздан ғана уланбайды, қосымша ішкен дәрілерінен де уланады. Сондықтан ағзаны ұзақ ашығу арқылы тазалау теория жүзінде жақсы, ал іс жүзінде жоқ. Мен өз тәжрибемде қысқа мерзімдік ашығуда тамаша нәтижелерге жетсем де, ұзақ ашығудың да өте сәтті болатынын дәлелдедім. Аптасына 24 – 36 сағат ашығу да ағзаны тазалайтынына көзім жетті. Осы кезде таңғы астан бас тарту жақсы көмектеседі. (жаңа үзіп алынған жемістерді жеуге болады). Ұзақ өмір сүргісі және өміршеңдігін арттырғысы келген адам, бірнеше ай табиғи тамақтарды қолдана, өзін 3 – 4 тәуліктік ашығуға дайындай алады. Төрт ай бойы, апта сайын 24 – 36 сағаттан үзбей ашықса, адам 7 тәуліктік аштық ұстауына болады. Осы аралықта улы заттардың көпшілігі ағзадан шығарып тасталынады. Алты ай тазаланғаннан кейін, 7 тәуліктік ашығу қарапайым іске айналады. Алғашқы 7 күндік ашығу ғажайып нәтиже береді, өз өзіңізге таң қаласыз. Тағы бірнеше айдан кейін, ағзаңыз 10 тәуліктік ашығуға дайын, бұл кезде сіздің әр клеткаңыз толық тазаланатын болады.

Ашығу тәжірибесі

Осындай саналы және мақсатты, ішкі тазалану бағдарламасын басшылыққа алып іске асырсаңыз, ашығу – сіздің өміріңіздің бір бөлшегіне айланғанына қуанатын боласыз. Өз ағзаңызда, санаңызда күн сайын болып жатқан ғажайып өзгерістерді, жетілуді көріп, дұрыс өмір сүріп жатқаныңыздан ләззат аласыз.

Қанша ашығу керек?

Көптеген адамдар өздерінің келте ғұмырларын салауатты өткізгеннің орнына, құртумен шұғылданады. Барлығы қарымта қайтару заңына бағынғандықтан, сіз қиналып барып марапатталасыз. Мен үшін денсаулығымды жөндеуге және ғұмырымды ұзартуға кеткен еңбек адал. Мен өмірде іздегенімді таптым.

Неғұрлым жиі ашықсаңыз, соғұрлым ұзақ ашығатын боласыз

Мен сіздің ашығу мерзіміңізді 10 тәулікпен шектегім келмейді. Арасы 3 айдан, 6 он тәуліктік ашығу өткізбей, 10 тәуліктен артық ашығуға кеңес бермеймін. Осындай қорыңыз болса, 15 тәулік ашығуыңызға болады. Осылай ашығу арқылы, сіз ағзаңызды тамаша тазалай аласыз. Сіз, не болатынын білесіз. Егер осыдан кейін 21 – 30 тәулік ашыққыңыз келсе, қалай өткізу керек екенін білесіз.

Маған келетін болсақ, апта сайынғы 24 – 36 сағат және жылына 4 қабат 7 – 10 тәуліктік ашығу мен үшін жеткілікті. Мен аптасына 12 рет қана тамақтанам, кей кезде онан да аз, егер құрсағым қатты ашпаса тамақ ішпеймін. Тағы ескертейін, ашығу ілім. Сондықтан да, ғажайып күтемін деп өзіңізді ұзақ ашығуға аса қысамаңыз. Тәжрибелі маманның кеңесіне құлақ асыңыз. Маман қысқа мерзім ашыққаның да пйдалы екенін мақұлдайды. Сізді апта сайынғы 24 – 36 сағаттық және әр тоқсандағы 7 – 10 тәуліктік ашығуыңыз, сізді ұзақ мерзімге ашығуыңызды дайындайды. Егер қажеті болмаса, ұзақ ашығуға мен өзім сенбеймін. (бұл жағдайда маманның бақылауы қажет). Менің мыңдаған шәкірттерім дүние жүзі бойынша, осы кітаптағы бағдарламаны ұстанады. Олар өздерімен болған ғажайып өзгерістерге дән риза.

ТАРАУ

Қандай мерзімдегі ашығу жақсы нәтиже береді

Қандай мерзімдегі ашығу жақсы нәтиже беретіні жайлы мамандардың өз араларында әр түрлі көзқарастар бар. Англияда ең жақсы 30 тәулік аштық ұстау деп есептейді. Сондықтан ағылшындардың емханаларында 30 күндік ашығу қолданылады. Ағылшын дәрігерлерінің көмегімен, ашығушы адам төсекте ғана жатады, тұруға бірнеше минут қана рұқсат етіледі. Германияда ашығу 21 тәулік. Франция 14 тәуліктік ашығуды қолдайды. Бізде, яғни Америкада 30 тәуліктік ашығуды жақтайды.

Америкада және шет елдерде, ашығу барысын терең білімді, тәжрибелі мамандар іс жүзіне асырады. Ашығу ғажап ілім, көп оқу керек. Бірақта, әлемде өз беттерінше 30 күн одан да көп күндер ашыққан жүздеген адамдар бар. Мен әр түрлі елдерге саяхат жасап, денсаулық жайында лекциялар оқығанымда тыңдармандарымнан сұраймын, ашығумен шұғылданған адамдар бар ма деп. Сөйтсем, менде дәрігердің бақылауынсыз – ақ 30 одан да көп күн ашығып, керемет нәтижелерге жеткен шәкірттерім көп екен. Бәрібір, егер адам 30 не одан ұзақ мерзімге ашығуға бел байласа, маманның бақылауында болғаны дұрыс. Ол сізге, ағзадан улы заттар қиналып, ауыр шыққан кезде көмектеседі.

Мен жақсы тамақ пен салауатты өмірде ұстаған қысқа ашығуға сенемін

Менің ашығу туралы теориям төменде көрсетілгендей. Алдымен адамның табиғатымен санасу керек, біздің әрқайсымызда жүрексүну көп. Егер ашығу мерзімі аз болса, адамдардың көпшілігі ашығуды ұстанатынына мен сенімдімін. Көпшілігі 24 – 36 сағаттық ашығуды ықыласымен ұстайды, өзін жақсы сезіне бастағанына көзі жеткеннен кейін, 3 тәуліктік ашығуды жүзеге асырады, себебі өзіне сенімі артады. Келесі қадамы 7 – 10 тәулік ашығу. Менің көптеген шәкірттерім, 10 тәуліктік ашығуды талай қайталап, 15 ал кейбіреулері 21 тәулік ойдағыдай ашығып жүр. Олар 24 сағаттық ашығудан бастап, біртіндеп ұзақ мерзім ашығуда. Неғұрлым мол тәжірибе жинасаң, ашығуға деген сеніміңіз беки түседі. Егер бұрын ашығып көрмесеңіз 24 – 36 сағаттық ашығудан бастаңыз. Сонда ашығудың ғажайып әсерін өзіңіз көресіз. Сіз қысқа мерзімде де ашығып, ағзаңызды толық тазалай аласыз. Есіңізде болсын, неғұрлым жиі ашыққан сайын ағзаңыз тазарғанның үстіне тазарып, оң нәтижесі шоғырлана береді, ашығу арасында салауатты өмір салтын ұстаныңыз.

Жамандықтан жақсылыққа өзгеру, адамды танымастай қылып өзгертеді.

Менің ашығуымның жеке бағдарламасы

Мен жанұяммен бірге, ашығу арқылы алатын зор жақсылықты мойындап, сеземін. Мен апта сайын 24 – 36 сағат үзбей ашығамын. Сондай – ақ, жыл бойы 4 қабат. Ұзақ жылдар бойы осы кестені сақтаймын, өзімді аса жоғары деңгейде ұстаймын, мен бейне бір жан біткен динамо – машина сияқтымын. Менің күнім, кейбір адамдардың жылынантығыз. Менде жұмыс пен ойынға деген өлшеусіз қуат бар. Мен ешқашан да шаршамаймын, маужырамаймын. Мен әркез рухани және денелік тынымсызбын. Маған дүние жүзін аралап көптеген лекциялар оқуыма, жазу жазуыма т.б. міндеттерді орындауыма тура келеді. Осының бәріне уақытым де, күшім де жетеді.

Барлық бос уақытымды өзіммен құрдас сияқты араласып сөйлесетін, тәні де, жаны да жас балалар, қыз – жігіттермен өткіземін. Ерте қартайған адамдардан ауаша жүремін, себебі маған жаман әсер етеді. Олар өздерін ұзақ уақыт бойы, қартайып біткен адамбыз деп иландырып алып, нәтижесінде осыдан қартайып кеткен адамдар. Осылардың көпшілігі, осыдан 30 жыл бұрын рухани өліп қалған адамдар, жерлеуімізге шығын шығармайық деп, жер бетінде текке жүр.

Мен спорт, теннис, малтыу, альпинистік, би үйірмелерінде шұғылданамын. Маған, көңілдің көтеріңкілігін, қимылдың жылдамдығын сақтайтын твист сияқты шапшаң билер ұнайды. Мен гавай әуездерінің ырғағымен билегенді ұнатамын. Гавай аралдарында лекция оқығанымда, би кештеріне жиі қатысамын.

Сіздің денеңіз ашығумен тазаланғаннан кейін, өзіңізді әрқашанда керемет сезінесіз, табиғи қалыпта өмір сүретін боласыз. Табиғат адамды бақытты болу үшін жаратты, оны мамыражай етіп, қорқыныштан, келеңсіздіктен, езілуден азат еткен.

Кітаптың жақсы қызметі, хабарлап қана қоймайды, ойлануға мәжбүр етеді.

ЭЛБЕРТ ХАББАРД

ТАРАУ

24 сағаттық ашығуды қалай өткізу керек

Сіздің 24 сағаттық ашығуыңыз, түскі астан – келесі түскі немесе кешкі тамақтан, ертеңгі кешкі тамаққа дейінгі аралықта болу керек. Осы кезеңде жеміс, шырын т.б. тағамдарды аузыңызға салмайсыз, дәмін де татпайсыз, тек таза су ғана ішуге болады. 24 сағаттық ашығуда бір – ақ нәрсеге рұқсат. Егер қаласаңыз бір стакан таза суға кішкене қасықтың үштен бір бөлігі мөлшерінде табиғи бал немесе лимон шырынын қосуға болады. Бұл қоспалар улар мен маңқаны еріткіш. Сонда судың дәмі кіріп, бүйректегі сүзгілерден жеңіл өтеді. Ашығуда бүйрек ең маңызды жұмыс атқарады. Міне сондықтан да, ашығудың қай түрінде болмасын қайнатылған бу суын көп ішу керек. Мен алдында айтқанмын, 24 сағат ашықаннан кейін, кіші дәретіңізді шыны құтыға құйып, салқын жерге бірнеше апта сақтап қойыңыз. Сіз өз көзіңізбен шыққан уларды, маңқаны, қиыршықтарды көресіз.

Ғажайып мүшелер

Біздің екі бүйрегімізде, қалыпты жұмыс істейтін миллиондаған сүзгілер бар, ағза ашыққан кезде, қос бүйрек улы заттарды қарқынмен шығара бастайды. Барлық өмірлік күштер мен жүйке қуаты ағзада талмай жұмыс жасайды, себебі олар бұрынғыдай бос тамақ шайнау, жұту, қорту, сіңіру жұмыстарын атқарып жатқан жоқ. Сіздің ағзаңызда қандай алапат өмірлік күш бар екенін, өзін көрсететін мүмкіндік бермей, болжай да алмайсыз.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: