Есеп №54

52 жастағы науқаста өкпенің өспесін хирургиялық жолмен алып және химиотерапиялық емдегеннен кейін сол жақ бұғанаасты лимфа түйінінің ұлғайғандығы анықталды. Биопсияда құрылымы алынып тасталған өкпе жасушасына ұқсас өспе жасушалары анықталды.

1. Науқастың лимфа түйіндерінде өспе жасушаларының пайда болуын қалай түсіндіруге болады?

Өкпедегі қатерлі өспенің метастаздары, олар лимфогенді таралған.

2. Берілген жағдайдың даму сатылары мен патогенезін түсіндіріңіз.

Өспе жасушалары(малигнизацияланған) жасушалардың беттеріндегі зарядтың азаюы, осыдан олардың бір-бірінен ажырауы, протеолитикалық белсенді болуы, дәнекер тінді бұзып, қ.т. н/е лимфа тамырлары арқылы таралуы, қан тамырына жабысып, эмбол түзу, осыдан жаңы тінге ену, екіншілік түйін.

3. Бұл жағдайдың дамуы канцерогенездің қай сатысына сәйкес келеді?

Бұл канцерогенездің 3 – прогрессия сатысына сәйкес – өспе жас-ң жаңа қасиеттерге ие болуы.

4. Өспе ауруларын емдеу ұстанымын түсіндіріңіз.

· Хирургиялық емдеу;

· Химиотерапия – өсіп-өнуді тежейтін дәрілер(өспенің);

· Антиоксиданттар, интерферон, иммундық жүйені стимулдайтын дәрілерді ж/е витаминдерді пай-у.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: