Жолдама хат

Абай атындағы Алматы мемлекеттік упиверситетіндегі филология ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғайтын ДР 14.05.04 диссертациялық кеңес 10.02.02 — қазақ тілі мамандыгы бойынша Оспанова Өміргүл Ақанқызының "Қазақ тіліндегі көсемшенің магынасы мен қызметінің дамуы" атты кандидаттық диссертация жұмысын және авторефератыныц 2 данасын мемлекеттік тіркеу мен микрофильмнен өткізу үшін жіберіп отыр.

Диссертацияның қоргалган күні 11 наурыз 1999 жыл.

Диссертация кеңесі төрайымы,

филология гылымының докторы,

профессор З.Қ. Ахметова

Үлгі:

Абай атындағы Алматы мемлекеттік университеті.

480100, Алматы қаласы, Достық даңғылы, 13. тел. 91-33-77

Қазақстан Республикасы Ғылым Академиясы

А.Байтұрсынов атындағы

Тіл білімі институтының директоры

К.Ш.Құсайынов мырзаға

Қызметтік хат

Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің филология гылымдарының докторы гылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғайтын кеңес шешімімен (хаттама №11, 10-шы ақпан 1998 жыл) Сіз басшылық жасап отырған А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты мына диссертацияга жетекші ұйым болып бекітілді: Бейсембекова Жұлдыз Сардарбекқызының "Қазіргі қазақ тіліндегі бұйрық райдың парадигмасы мен мағыналық құрамы" атты кандидаттық диссертациясы, 10.02.02. — қазақ тілі мамандығы бойынша.

Осыган орай аталған диссертацияны Сізге жіберіп отырмыз, оның қорғалуы 1998 жылғы 18 наурызға белгіленді. Оган 1998 жылғы 16 наурыз мерзіміне дейін пікір беруіңізді өтінеміз:

Жетекші ұйым басшысының қолы елтаңбалы мөрмен бекітілуге тиіс. Пікірде кеңейтілген түрде мынадай тұстарға жауап беруіңізді сұраймыз:

1. Зерттеу тақырыбының өзектілігі және оның жалпы гылымдармен және жалпы мемлекеттік бағдарламамен байланысы.

2. Диссертацияның 'Ғылыми дәрежелер мен ғылыми атақтар беру туралы Ереженің " үшінші бөлімі қоятын талаптарга сәйкестігі.

Диссертациялық кеңестің ғылыми хатшысы,

филология гылымының кандидаты, доцент Қолы Мұсатаева М.Ш.

Постскриптум. Постскриптум - латын тілінен аударғанда "хаттың аяқ жағына, қол қойылғаннан кейін "р.s." таңбаларын қойып тұрып, одан кейін жазылатын сөздер немесе мәтін" деген мағына береді.

Постскриптум қызметтік хаттарда мынадай екі жағдайда ғана жазылады.

1. Адресатқа міндетті түрде жеткізілуі тиіс мәлімет хаттың негізгі мазмұнында айтылмай қалса, хат дайындалып қол қойылып қойса, қойылған қолдан кейін "р.s." белгісі қойылып, қосымша айтылатын мәлімет жазылады. Бұдан кейін қайтадан қол қойылады.

2. Хат мазмұнында айтылған ақпарат, мәлімет өзгерген жағдайда да қойылған қолдан кейін "р.s." белгісі қойылып жаңа ақпарат жазылады. Ол да қайтадан қойылған қолмен расталады. Хатты жедел жіберу қажет болған жағдайда Постскриптум қолмен жазылады. Қол қойылып, датасы көрсетіледі.

"р.s." 4- квартал бойынша жасалған есепті жаңа ғана қабылдап алдым. 1999 жылғы желтоқсанның 31-і сағ. 17.30"

(сигнатура, факсимиле)

"р.s." Шұғыл жолсапарға шығуға тура келіп тұр. Сондықтан 2 аптаға дейін Сізбен кездесе алмаймын. Кездесу уақытын қосымша хабарлаймын. 22.04.98.

Құрметті

(сигнатура, факсимиле)

Кейбір күрделі, күтуге келмейтін, тығыз жағдайларда постскриптум қайталап та жазылады. Онда "Р.р.s." постскриптум белгісі қойылады. Оның жазылу реті де дәл жоғарыда айтылғандай.

Қолданылған мәліметтің дәлдігі туралы

Іс қағаздарында қолданылып отырған ақпарат, мәліметтің барлығы мұқият тексерілуі керек. Іс қағаздарында ақиқаттығы күмән тудыратын мәлімет қолданылмағаны жөн, құжаттардағы шындыққа жанаспайтын қате мәлімет қай кезде жіберіледі:

- дайындалған құжаттың мазмұны мен сапасына немқұрайды бақылау жасалғанда;

құжатты дайындаушының білімі мен тәжірибе деңгейі төмен болғанда; жүктелген тапсырма олардың біліктілігімен сәйкес келмеген жағдайда;

- құжатты дайындаушы өз ісіне немқұрайды, салақ қараған жағдайда;

- құжатты дайындау барысында дұрыс мәлімет қолданбаған жағдайда;

- құжаттарды дайындау барысында бағдарламалық-техникалық құралдарды дұрыс пайдаланбаған жағдайда;

- қүжаттарды дайындау технологиясы бұзылған жағдайда.

Құжат дайындаған жағдайда іскерлік, қатынас жасап отырған мекеменің аты, реквизиттері, мекеме басшысының аты-жөні, лауазымы анық, сауатты жазылуы керек. Құжаттағы сандық мәліметтер, уақыт көрсеткіштері, цифрлар қайта бір тексеріліп барып жіберілуі керек.

Егер құжатта қосымша (приложение) болатын болса ол жолдама хатта көрсетілуі керек, я болмаса құжаттың соңында ескерілуі тиіс. Мысалы, Көлемі 5 беттен тұратын қосымша бөлек дайындалған немесе бұл құжаттан бөлек, 10 беттік қосымшаны қоса жіберіп отырмыз т.с.с,

Құжаттағы бүкіл ақпарат мұқият текесерілуі керек. Құжаттағы ақпартты тексеруді бірнеше түрде жүргізуге болады. Олар мыналар:

1. Техникалық. Мүнда қате жазылған сөздер, дұрыс қойылмаған тыныс белгілері, дұрыс түспеген әріптер т.б. басты назарда ұсталады.

2. Заңдық. Мұнда құжат мазмұнының қазіргі күші бар заңдарға және құқық нормаларына сәйкестігі тексеріледі.

3. Қаржы-экономикалық. Мұнда құжатта шығарылған қаржы-экономикалық шешімдердің үйлесімділік, тиімділік дәрежесіне баға беріледі.

4. Статистикалық. Мұнда құжаттағы статистикалық мәліметтердің актуалъдылығы мен ақиқаттығы, дәлдігі тексеріледі.

5. Конфиденциалдық. Мұнда құжат мазмұнында жариялылығы шектеулі мағлұматтың немесе мемлекеттік құпия болып саналатын я қызметтік, коммерциялық құпия болып табылатын мәліметтің жіберілмеу жағы тексеріледі.

6. Ақпараттық. Мұнда құжатты алушының мекен-жайы, реквизиттері сияқты мәліметтердің дұрыстығы тексеріледі.

Құжаттағы мәліметтердің дәлдігі, оның мерзімінде дұрыс жасалу жауапкершілігі құжат дайындаушы адамға жүктеледі. Егер құжат дайындаушы адам бірнешеу болса жауапты орындаушы белгіленеді.

Құжатты дұрыс дайындап, уақытылы жіберу секретариат қызметкеріне я іс жүргізушіге жүктеледі.

Қызметтік хаттар

Қызмет бабындағы хаттар – басқару қызметінде түрлі оперативті мәселелерді шешу үшін қолданылады.Оның түрлерге бөлінуі осы сипатына байланысты туындайды. Қызмет бабындағы хаттардың негізгі міндеті - әрекетке шақыру, сендіру, дәлелдеу, түсіндіру. Мекемелердегі кіріс-шығыс құжаттарының 80 пайызы қызметтік хаттардан тұрады.

Қызметтік хаттар құрылымы екі бөлімнен тұрады:

1. Бірінші бөлімде осы хатты жазуға себеп болып отырған жәйттер баяндалады. Хат сипатына байланысты жоғарғы органдардың шешімдеріне, мұның алдындағы хаттарға сілтемелер жасалуы мүмкін.

2. Екінші негізгі бөлімде тұжырымдар, тілектер, ұсыныстар, ескертпелер т.б. жазылады. Қызмет бабындағы хатттың мәтіні қысқа әрі айқын, дұрысы бір ғана мәселені қозғауы керек.

Өтініш хат – белгілі бір мекемеден атқаратын қызметіне лайық мәселелерді шешуге тілек-өтініш білдіретін хат.

Үлгісі

Ш. Құдайбердиев атындағы Семей мемлекеттік университеті

Семей қаласы

А.Құнанбаев көш.59 үй

Тел.235-39-62

Факс.2-35-45-12

«Көкшеқұрылыс» корпорциясы

09.01.2001. №25 директоры А.Н. Мусинге

Құрылыс материалдарын аудару туралы

өтініш хат

Құрметті Арман Нұрланұлы!

Сізден Шәкәрім Құдайбердиев атындағы Семей мемлекеттік университетінің мебель фабрикасына бөлінген 3300000 (үш миллион үш жүз мың) теңге қаражатына сол фабрикадан құрылыс материалдарын аударуыңызды өтінемін.

Университет ректоры,

профессор: қолы Б.Б.Садықов

Ресми хат – белгілі бір мекеменің атқаратын жұмыстарына байланысты мәселелердің жазбаша хабарлануы.

Үлгі

Ақмола облыстық білім департаменті

Астана қ.

Бейбітшілік көш.27 үй

Тел.235-39-62

Факс.2-35-45-12

07.05.2005. №65 Көкшетау қаласындағы

мектептерге

қалааралық жылдық мұғалімдер сайысы туралы

ресми хат

2005 жылдың 10-мамырында Көкшетау қаласындағы «Достар» мәдениет сарайында қалааралық жылдық мұғалімдер сайысы өтеді. Әр мектептен бір мұғалім қатысуға міндетті.

Осыған орай мектепаралық мұғалімдер сайысы өткізілсін. Жеңімпаз туралы толық ақпарат Ақмола облысының білім департаментіне жіберілсін.

Департамент директоры: қолы А.П.Амангелдиев

Ұсыныс хат – қызметкерді белгілі бір қызметке ұсыну жөнінде басшыға жазылатын хат.

Үлгісі

Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті

Көкшетау қ.

С.Сейфуллин көш.26 үй

Тел.235-39-62

Факс.2-35-45-12

03.08.2006. №37 Қазақ мемлекеттік Басқару

академиясындағы экономика

саласы бойынша білім жетілдіру

институтының директоры

Б.Б. Манаповқа

Білімді жетілдіру курсына жіберу туралы

ұсыныс хат

Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің ректораты Экономикалық теория және кәсіпкерлік кафедрасының аға оқытушысы Қожахметова Гүлнар Алтайқызын 2000 жылдың 4-12 желтоқсанға дейін экономикалық пән оқытушыларының білімін жетілдіру курсына жібереді

Университет ректоры,

профессор: қолы А.С.Сәрсенбаев

Сұраныс хат -белгілі бір мекемеден керекті ақпаратты немесе құжатты жіберуді сұрау мақсатында жазылатын хат.

Үлгісі

«Камея» азық-түлік дүкені

Алматы қ.

І.Жансүгіров көш.17 үй

Тел.235-39-62

Факс.2-35-45-12

28.03.2007. №37 «Аңсар» АҚ директоры

И.С.Кабуловаға

Тауарлар тізімін жіберу туралы

сұраныс хат

«Камея» азық-түлік дүкені Сізден түрік кондитерлік тауарының тізімін жіберуіңізді сұрайды.

«Камея» дүкенінің директоры: қолы А.Р.Омаров

Жолдама хат- белгілі бір құжатпен жіберілетін қосымшаның немесе қосымшалардың құрамы, мазмұны, көлемі, саны туралы ақпарат беретін хат.

Үлгісі

«Темір» фирмасы

Алматы қ.

Б.Майлин көш. 29 үй

Тел.235-39-62

Факс.2-35-45-12

28.03.2007. №37 Астана қаласындағы қаржы

бақылау бөлімінің бастығы

Р.О.Сапаров мырзаға

жылдық есеп туралы

жолдама хат

Құрметті Рымғали Омарханұлы!

«Темір» фирмасы қаржылардың жылдық бақылауына байланысты Сізге 2006 жылдың қаңтар-наурыз айларының есептерін жолдайды.

«Темір» фирмасының директоры: қолы Н.Н.Ахметов

Баяндау хат – мекеме басшысының атына жазылған белгілі бір мәселе туралы жан-жақты баяндалған құрастырушының ұсынысы мен талап-тілегі келтірілген хат.

Үлгі

Қ.Сәтбаев атындағы Қазақтың ұлттық техникалық университеті

Алматы қ.

М.Әуезов көш. 142 үй

Тел.235-39-62

Факс.2-35-45-12

23.01.2007. №58 Энергетика және мұнайгаз факультетінің

деканы Қ.Ш.Армановаға

ИР 31-топ студенттерінің сабаққа қатыспауы туралы

баяндау хат

2008 жылдың 10-қаңтар күнгі болған Іс жүргізу пәніне 13 студенттің 3-еуі ғана келгенін Сізге мәлімдей келе, өзге студенттердің сабаққа келмеу себептерін анықтап, деканат тарапынан шара қолдануыңызды сұраймын.

Іс жүргізу пәнінің

оқытушысы: қолы А.С.Бабажанова

Ақпарат хат - белгілі бір ортада атқарылатын жұмыстарға байланысты ақпаратты басқа мекемелерге тарататын жазбаша құжат.

Үлгі

Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті

Көкшетау қ.

Ақансері көш.24 үй

Тел.235-39-62

Факс.2-35-45-12

03.08.2006. №37 Көкшетау педагогикалық оқу орындарына

Әдістемелік семинар туралы

ақпарат хат

Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің Қазақ тілі кафедрасының ұйымдастыруымен 2005 жылдың 8-қаңтарында сағ.11.00-де (№219 дәрісхана) «Мектепте лексикалық тақырыптарды дамыта оқыту» атты ғылыми-әдістемелік семинар өткізіледі.

Ғылыми-әдістемелік семинардың қарайтын мәселелері:

1. Қазақ тілі оқулықтарына енгізілген жаңа лексикалық тақырыптар.

2. Сөздің ауыспалы мағынасының жасалу жолдарыныңоқулықта берілуі

3. Ауыс мағына мен көп мағыналық проблемасы

4. Лексикалық талдау

Мекен-жайымыз: Көкшетау қаласы, Ақан сері көшесі, 24 үй.

Қазақ тілі кафедрасы (215 бөлме).

Байланыс телефондары: 2- 67- 26- 13, 25-55-95

Университет ректоры,

профессор: қолы А.С.Сәрсенбаев

Циркуляр хат – белгілі бір мекеменің бөлімшелеріне атқаратын қызметіне байланысты тапсырма беру сипатындағы бір мезгілде жөнелтілетін хат.

Үлгі

Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті

Көкшетау қ.

Ақансері көш.24 үй

Тел.235-39-62

Факс.2-35-45-12

05.02.2006. №17 Филология факультетінің деканы

О.В.Черненкоға

циркуляр хат

Қысқы сессияның қорытындылары 15.02.2001 ж. дейін оқу бөліміне тапсырылсын.

Оқу бөлімінің басшысы қолы С.Б.Темірханова


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: