Келісім мерзімі

Мұнда келісімнің күшіне енетін күні мен аяқталатын күні көрсетіледі. Даталар цифрмен де жазбаша да, я болмаса 2 вариантта да көрсетіледі. Мысалы, "Келісім 2000 жылдың 20 мамырында екі мыңыншы жиырмасыншы мамырында күшіне енеді". "Келісім 2001 жылдың 20 мамырында, екі мің бірінші жылдың жиырмасыншы мамырында өз күшін жояды».

8. Сынақ мерзімі

Егер жұмысшы сынақ мерзімімен қабылданатын болса, онда оның мерзімі көрсетіледі. Сынақ мерзімі күнмен де, аптамен де көрсетіле береді. Мысалы, Жұмысшыға екі апта сынақ мерзімі белгіленеді. Жұмысшы үш ай сынақ мерзімімен қабылданды.

9. Жұмысшының міндеттері

Мұнда жұмысшының кәсіптік міндеттері және оның қандай құжат (бұйрық, нұсқау т.б.) негізінде жүзеге асырылатындығы атап көрсетіледі. Мысалы,

Жұмысшы өз міндеттерін мезгілінде және сапалы атқаруға;

келісімнің 1.3 пунктінде айтылған еңбек және өндірістік тәртіпті сақтауға;

техника қауіпсіздігі талаптарын сақтауға;

мемлекеттік құпияны жария етпеуге;

ішкі еңбек тәртібі ережесіне бағынуға міндетті.

10. Жұмыс берушінің міндеттері

Бұл бөлікте жұмысшыны қалыпты еңбек жағдайымен қамтамасыз ету, еңбекақы төлеу мерзімі, медициналық сақтандыру, зейнетақымен қамтамасыз ету сияқты әкімшілік өз мойнына алған негізгі міндеттер айтылады. Мысалы, Әкімшілік Қазақстан Республикасының Еңбек туралы заң кодексіне сәйкес қалыпты еңбек жағдайымен қамтамасыз етуге міндеттенеді. Зейнетақымен қамтамасыз ету және медициналық сақтандыру жалпы Қазақстан Республикасы азаматтарына ортақ негізде жүргізіледі.

11.Жұмысшының еңбек құқын қорғауға қосымша кепілдік беретін мағлұмат

Бұл бөлікте жұмысшының еңбек құқын қорғауға берілетін қосымша кепілдіктер жайында айтылады. Атап айтқанда, басқа жұмысқа ауыстыру, еңбек демалысын өткізуге берілетін жеңілдік, қоғамдық көлікте жүруге берілетін жеңілдік, медициналық, мәдени және тұрмыстық қызмет көрсету, тұрғын үймен қамтамасыз ету т.б. Мысалы, Еңбек келісімінде көрсетілген мерзім аралығында, жұмысшы көрсетілген міндеттерді толық атқарып, келісім талаптарын орындаған жағдайда жұмыс беруші әкімшілік тарапынан қосымша мынадай жеңілдіктерге кепілдік береді:

А) Қазақстан Республикасы Президентінің 21.04.1993 жылғы №431 Жарлығында айтылған жеңілдіктерді толық пайдалануға;

ә) Қазақстан Республикасы Президентінің 22.07.1995 жылғы №132 Жарлығында айтылған жеңілдіктерді толық пайдалануға;

б) Жеке тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін пайызсыз қарыз алуға.

12. Еңбек пен демалыс тәртібі

Бұл бөлікте жұмысшының еңбек тәртібі, оның ерекшеліктері айтылады. Мысалы, Жұмысшыға 5 күндік (40 сағаттық) жұмыс күні белгіленеді. Толық емес жұмыс күніне көшіру қосымша өзара келісім негізінде жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасы Еңбек туралы Заң кодексіне сәйкес жұмысшы өз міндетін атқаруға демалыс, мейрам күндері де шақырылуы мумкін.

13. Ақшалай сыйлық көлемі және оның төлену тәртібі

Бүл бөлікте еңбекақы төлеу тәртібі және қосымша берілетін ақшалай сыйлық көлемі мен оның берілу тәртібі айтылады. Мекеме немесе ұйымның өз ерекшелігіне, жүмыс беруші мен жұмысшы арасындағы келісім жағдайына қарай;

а) лауазымдық төлемақы көлемі (айына_____теңге);

о) сағаттық төлемақы көлемі (сағатына _____теңге);

б) атқарылатын жұмыс ерекшелігіне қарай үстемеақы (лауазымдық төлемақы мөлшерінің ____ пайызы);

в) басқа қосымша ақы мөлшері (теңгемен я пайызбен);

г) мереке күндері берілетін ақшалай сыйлық мөлшері (теңгемен, пайызбен) көрсетіледі.

14. Демалыс алу тәртібі

Бүл бөлікте негізгі еңбек демалысының ұзақтығы, қосымша алынатын демалыс ұзақтығы, оларды алу тәртібі, сонымен қатар ақы төленбейтін демалыс алу тәртібі анықталады. Мысалы,

"Жұмысшыға жылына бір рет Қазақстан Республикасыныц Еңбек туралы Заңы кодексіне сәйкес, ұзақтыгы 18 жұмыс күні мөлшерінде ақылы демалыс беріледі. Демалыстың берілу мерзімін әкімшілік анықтайды. Жұмысшының қалауына қарай екі бөлікке бөлініп те беріледі. Мұнда демалыстың бір бөлігінің ұзақтығы кемінде бес жұмыс күнінен тұрады.

Ақы төленбейтін қосымша демалыс 10 жұмыс күні мөлшерінде жұмысшының жеке басының жағдайына байланысты әкімшілік шешімімен беріледі."

15. Келісім бойынша жасалатын басқа да жағдайлар мен шарттар

Бұл бөлікте келісімінің негізгі бөлімдерінде айтылмаған, екі жақтың қосымша міндеттері сөз болады. Мысалы, "Жұмысшыға жылына бір рет арнайы жұмыс киімі мен аяқ киім беріледі". "Жұмысшының мектеп жасына дейінгі баласы болса, ұйымның балабақшасынан орын беріледі. "т.б.

16. Келісімдегі ерекше жағдайлар

Бұл бөлікте екі жақтың жазбаша келісімін қажет ететін ерекше жағдайлар айтылады. Бүл жағдайлар әр мекемедегі еңбекті ұйымдастыру ерекшелігіне байланысты, сондықтан әр мекеменің ішкі жағдайына қарай қаралады. Сонымен қатар бұл бөлікте ерекше жағдайлардан басқа келісім бұзылатын немесе қайта қаралатын, күшін жоятын жағдайлар сөз болады.

17. Келісімнің тоқтатылуы

Бұл бөлікте келісім күшін жоятын жағдайлар атап көрсетіледі. Мысалы,

"Келісім мынадай жағдайда тоқтатылады:

екі жақтың бірі келісім мерзімін ұзартудан бас тартқанда (бул жөнінде келісім аяқталудан 1 ай бұрын жазбаша хабарлану керек);

- мезгілінен бұрын - егер екі жақтың бірі үнемі өз міндетін орындамаса;

- кәсіпорын я мекеме таратылған жағдайда;

Келісім мезгілінен бұрын тоқтатылатын болса, ол жайлы екі жақ бір-біріне мерзімінен 15 жұмыс күн бұрын жазбаша хабарлау керек ".

18. Екі жақтың мекен-жайы мен реквизиттері

Бұл бөлікте екі жақтың толық мекен-жайы мен реквизиттері жазылады. Жұмыс беруші мекен-жайы сол жаққа, жұмысшы мекен-жайы оң жаққа жазылады. Мысалы,

"индекс 480100 "индекс 480005

Алматы қаласы, Алматы қаласы

Сәтбаев көшесі, 22 Тастақ ықшамауданы

Қаныш Сәтбаев атындағы №2 үй 89 пәтер

Қазақ ұулттық техникалық, Бейсенова А.Ж. "

университетінің ректоры Нүсіпов Е.Н."

19. Сигнатура Қолы

Дата

Еңбек келісіміндегі сигнатура, дата бөліктерінің жазылуы, безендірілуі басқа іс қағаздарындағыдай.

21.Келісімге қосымша

Егер келісімге қосымша берілетін құжат немсе мәліметтер болса ол жайында екі жақ қол қоятын жолдан 1 интервал төмен алынып ескерту жазылады.

10. Басқару, ұйымдастыру, өкім шығару қызметіне қатысты құжаттар.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: