Интернеттегі клиент-серверлік архитектура

Бірнеше компьютерлердің келісімді жұмысын қамтамасыз ету үшін оларды өзара байланыстыру қажет. Ол үшін компьютерлердің арасында өзара ақпараттық байланыс ұйымдастыру қажеттігі туындайды.

Әр түрлі компьютерлердің арасында өзара ақпараттық байланыс ұйымдастыру келесі мәселелерді шешуге мүмкіндік береді:

- ақпараттарды өте үлкен қашықтықтарға тарату (жүздеген, мыңдаған километрге);

- өте бағалы, құнды ақпараттық, программалық және аппараттық ресурстарды бірнеше компьютерлердің ортақ пайдалану; Бұл ресурстар - өте қуатты үрдісор, сиымдылығы мол жинақтауыш, жоғары өнімді баспа құралдары, мәліметтер базасы, программалық жабдықтар және т.б. болуы мүмкін.

- мәлімет жинақтауыштармен жұмыс істегенде компьютерлер арасында өзара ақпарат алмасу;

- ауқымды жобамен бірігіп жұмыс істегенде, пайдаланушы адамдарға жалпы мәліметтердің соңғы көшірмесін кез келген уақытта алып отыру.

Компьютерлер арасындағы байланысты ұйымдастырудың негізгі үш тәсілі бар:

1. қатар орналасқан екі компьютерді арнайы кабель көмегімен олардың коммуникациялық порттары арқылы біріктіру;

2. модем арқылы сым немесе спутниктік байланыс торабы көмегімен бір компьютерден екіншісіне мәліметтер беру;

3. компьютерлерді компьютерлік желіге біріктіру.

Көп жағдайларда екі компьютер арасында байланыс ұйымдастырғанда бір компьютерге ресурстарды жеткізуші (программалар, мәліметтер және т.б.) рөлі, ал екіншісіне осы ресурстарды қолданушы рөлі бекітіледі. Мұндай жағдайда бірінші компьютер сервер, ал екіншісі - клиент немесе жұмыс станциясы деп аталады.

Сервер – сыртқы жад көлемі өте үлкен, өнімділігі өте жоғары компьютер. Ол бірігіп пайдаланатын бағасы жағынан өте қымбат ресурстарды үлестіруді басқару арқылы басқа компьютерлерге қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді.

Клиент – сервердің қызметтерін пайдалана алатын кез келген компьютер.

Кейбір жағдайларда бір компьютер сервер әрі клиент те бола алады. Ол компьютер өз ресурстарын және сақталып отырған мәліметтерін басқа компьютерлерге береді және сонымен қатар олардың ресурстары мен мәліметтерін пайдалана алады.

Клиент деп пайдаланушы атынан серверден қызмет түрлерін алатын, қолданбалы программаларды да айтуға болады.

Компьютерлік желі дегеніміз – бір-бірімен мәлімет алмаса алатын, кем дегенде екі компьютердің байланыс жасауына арналған ақпарат өңдеудің тармақталған жүйесі.

Басқаша айтқанда желі деп дербес компьютерлердің, принтер, модем, факсимильдік аппарат тәрізді есептеу құрылғыларының бір-бірімен байланысқан жиынын айтады. Компьютерлік желі әрбір қызметкерге басқалармен мәлімет алмасып құрылғыларды ортақ пайдалануға, қашықта орналасқан қуатты компьютерлердегі мәліметтер базасымен қатынас құруға және тұтынушылармен тұрақты байланыс жасауға мүмкіндік береді.

Желі құрамына кіретін компьютерлер мынадай жұмыстар атқарады:

· желімен қатынас құруды ұйымдастыру;

· олардың арасында мәлімет алмасуды басқару;

· желі тұтынушыларына есептеу құрылғыларын пайдалануға беріп, оларға әртүрлі қызмет көрсету.

Компьютерлік желілерді түйіндер (компьютерлер және желілік жабдықтар) мен оларды байланыстыратын тараулардың (байланыс арналары) жиыны ретінде қарастырады. Желі тарауы – қатар орналасқан екі түйінді қосатын жол. Түйіндер шеткі (тек бір тараудың соңында орналасқан), аралық (біреуден көп тараулардың шеттерінде орналасқан) және шектес (мұндай түйіндер басқа түйіндері жоқ бір ғана жолмен қосылған) болып бөлінеді.

Интернет сөзі Interconnected networks (байланысқан жүйелер) терминінен шыққан, яғни техникалық көзқараспен – кіші және ірі желілердің бірігуі, ал кең мағынасында - бір-бірімен мәліметтер алмасатын жер жүзіндегі миллиондаған компьютерлер арасында бөлінген ақпараттық кеңістік деуге болады. Интернет – бұл қайталанбас жетістіктерді толығымен біріктіретін технология болып табылады. Пайдаланушылар көп жағдайда Интернетті желінің ақпараттық құрамы ретінде түсінеді. Интернет ең күшті және тәуелсіз ақпарат қоры, байланыстың сенімді және жедел тәсілі, жер жүзіндегі миллиондаған адамдардың шығармашылық түрде өзін өзі көрсету және ақпараттық технологияларды дамыту негізі болып табылады.

Интернетке қосылған барлық компьютерлерді екі түрге бөледі: серверлер және клиенттер. Бір компьютерде серверді де клиентті де орнату мағынасында бөлу онша қатаң жүргізілмейді. Жергілікті компьютерде Web-сервер орнатылуы мүмкін және осыған қарамастан, дәл осы компьютерде браузермен және пошталық клиентпен де жұмыс жасауға болады.

Сервердің басты міндеті – сервиске қайсыбір клиент сұраныс жібермейінше әр кезде жұмыс жасап және күту жағдайында болу. Серверде сұраныстардың көптігінен оның жұмысы баяулап және белгілі бір сұраныстарға қызмет көрсетуді тежейді. Серверге сұраныс белгілі бір хаттама шегінде болады. Хаттама дегеніміз – бұл желіде компьютерлер арасында байланысты қамтамасыз ететін стандарттар жиыны. Серверлік программалар клиенттік программаларға қызмет көрсету үшін компьютердің аппаратты ресурстарын қолданады. Клиент-программа сұраныс құрып, оны желі арқылы белгілі бір адреске жібереді және алдын ала белгіленген хаттама арқылы сервер-программамен өзара байланысады. Бір компьютерде бірнеше серверлік программаларды орнатуға болады. Әрбір сервер-программа үшін өзіндік клиент-программасы болады. Осылай, Web-клиент Web-серверге, пошталық клиент – пошталық серверге хабар береді және т.с.с. Серверлік программа әрқашан сұранысты орындауға дайын болу керек, сол себепті сервер-программа жұмыс жасайтын компьютерлерге сенімділікке және өнімділігіне қатысты жоғары талаптар қойылады. Клиенттік компьютердің жұмысының тұрақтылығы бір адамның жұмысына әсер ететіндіктен, олардың жұмысына сенімділігіне байланысты аз талаптар қойылады, ал аппаратты сервердің жұмысының сенімділігіне байланысты көптеген клиенттердің жұмысының жүргізілуі тәуелді болады. Жоғарыда көрсетілген тәсіл (клиент-серверлік архитектура) дербес компьютер пайдаланушысына өзінің жұмыс үстелінен Интернетке қосылған миллиондаған серверлердің ресурстарына қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Желінің архитектурасы желінің негізгі элементтерін анықтайды, оның жалпы логикалық ұйымдастыруын, техникалық, программалық қамтамасыз етілуін, кодтау әдістерін сипаттайды. Архитектура сондай-ақ пайдаланушының жұмыс істеу принциптерін және интерфейсін анықтайды.

Клиент-серверлік архитектурада қызметтік әрекеттер қолданбалы программалар кешені арқылы жүзеге асырылады, оларға сәйкес түрлі қолданбалы үрдістер орындалады. Клиент-серверлік архитектураның құрылымы 1.1-суретте көрсетілген.

1.1- сурет. Клиент-серверлік архитектура

Клиент-серверлік архитектурада объектілердің төрт тобы бар: клиенттер, серверлер, деректер және желілік қызметтер. Клиенттер пайдаланушылардың жұмыс орнында, жүйелерде орналасқан. Деректер негізінен серверлерде сақталады. Желілік қызметтер ортақ қолданылатын серверлер және деректер болып табылады. Желілік қызметтер деректерді өңдеу процедураларын басқарады.

Клиент-серверлік архитектураның мынадай артықшылықтары бар:

· жұмыс станцияларының саны көп желілерді ұйымдастыруға мүмкіндік береді;

· желілік әкімшілік етуді жеңілдететін пайдаланушылардың есептік жазбаларын, қауіпсіздікті және желіге қатынауды орталықтан басқаруды қамтамасыз етеді;

· желілік қорларға тиімді қатынауға мүмкіндік береді;

· пайдаланушылар бір ғана құпия сөз арқылы пайдалану құқығы бар барлық қорларға қол жеткізе алады.

Клиент-серверлік архитектураның артықшылықтарымен қатар, кемшіліктері де бар:

· сервер бұзылған кезде желі жұмыс жасамай қалады, кем дегенде желілік қорлар жоғалады;

· әкімшілік ету үшін жоғары мамандандырылған адам қажет;

· желілер мен желілік құрылғылары бағасы жағынан қымбатқа түседі.

Желінің архитектурасын таңдау

Желінің архитектурасын таңдау желінің тағайындалуына, жұмыс станцияларының санына және онда орындалатын жұмысқа байланысты.

Біррангілі желіні таңдау керек, егер:

· пайдаланушылардың саны 10-нан аспаса;

· барлық машиналар бір-біріне жақын орналасса;

· қаржылай мүмкіндік жоғары болмаса;

· ДБ сервері, факс-сервер немесе басқа арнайы серверді қажеттілігі болмаса;

· орталықтырылған әкімшілік етудің қажеті болмаса немесе оған мүмкіндік болмаса.

Клиент-серверлік желіні таңдау қажет, егер:

· пайдаланушылардың саны 10-нан артық болса;

· орталықтандырылған басқару, қауіпсіздік, қорларды басқару немесе қорға көшірме жасау қажет болса;

· арнайы сервер қажет болса;

· ауқымды желіге қатынау қажет болса;

· пайдаланушылар деңгейінде қорларды бөлу қажет болса.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: