Компьютерлік желілер

Барлық желілер бір-біріне ұқсас болғанмен, олар екі түрге бөлінеді:

- біррангілі;

- ерекшеленген сервер негізіндегі.

Мүмкіндіктері әр түрлі болатындықтан, біррангілі желілер мен ерекшеленген сервері бар желілер арасында принципиалды айырмашылық бар. Желінің түрін таңдау көптеген факторларға байланысты, мысалы:

- кәсіпорын көлемі;

- қауіпсіздіктің қажетті дәрежесі;

- бизнес түрі;

- әкімшілік қолдаудың ыңғайлылығы;

- желілік трафиктің көлемі;

- желілік қолданушылардың мұқтаждығы;

- қаржыландыру деңгейі.

Біррангілі желілер

Біррангілі желіде барлық компьютерлердің құқығы бірдей болады, яғни компьютерлер арасында иерархия және ерекшеленген сервер жоқ. Әдетте әрбір компьютер сервердің де, клиенттің де рөлін атқара береді; басқаша айтқанда барлық желі үшін жауапты жеке компьютер жоқ. Пайдаланушы өз компьютеріндегі ортақ пайдалануға болатын мәліметті анықтауды өзі шешеді.

Әдетте біррангілі желілердегі компьютер саны 10-нан артық болмайды. Пайдаланушылардың ұжымы кішкене болғандықтан біррангілі желіні жұмысшы топ деп те атайды.

Әрбір компьютер бірмезгілде сервердің де, клиенттің де рөлін атқара алатын болғандықтан, өте қуатты орталық серверді және басқа да күрделі желілер үшін керекті құрылғыларды орнатудың қажеттілігі жоқ. Сондықтан сервер негізіндегі желілерге қарағанда біррангілі желілердің бағасы да арзан болады.

Сонымен қатар біррангілі желілерде желілік программалаық жабдықтардың қауіпсіздігі мен олардың жұмыс өнімділігіне қойылатын талаптар да ерекшеленген сервері бар желілерге қарағанда әлдеқайда төмендеу болады. Ерекшеленген сервері бар желілерде серверлер тек сервер қызметін атқарады да, клиент немесе жұмысшы станциясы қызметін атқара алмайды.

Microsoft Windows NT Workstation, Microsoft Windows for Workgroups және Microsoft Windows сияқты операциялық жүйелерде біррангілі желілерді қолдау енгізілген. Сондықтан осы операциялық жүйелер орнатылған компьютерлерде біррангілі желіні ұйымдастыру үшін қосымша программалық жабдықтың қажеті жоқ.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: