Elseif операторы

Шартты оператордың тағы да бір кеңейтілген түрі – elseif операторын пайдалану. elseif – бұл else және іf сөздерінің бірігуінен тұрады. Бұл да else сияқты іf шарты орындалмаған жағдайда, бірнеше әрекеттерді тармақты түрде орындау кезінде қолданылады. Мұның еlse операторынан айырма­шылығы – elseif шарты дұрыс болғанда ғана альтернативтік әрекеттер орындалады. else және elseif операторлары арқылы кеңейтілген іf операторы құрылымын былай етіп көрсетуге болады:

if (1-өрнек) 1-орындау_блогы;

elseif (2-өрнек) 2-орындау_блогы;

... else N-орындау_блогы;

Бір іf блогында бірнеше elseif операторлары бола береді. Егер алғашқы іf шарты мен алдыңғы elseif шарттары False болып, қарастырылып отырған elseif шарты Тrue болса, онда осы elseif операторы орындалады. Мысалы:

Мысал. elseif шартты операторы

<?

$names = array("Азат","Бекзат","Айым");

if ($names[0]=="Азат") {

// егер жиымдағы бірінші ат Азат болса

echo "Сәлем, Азат!";}

elseif ($names[0] == "Бекзат"){

// егер жиымдағы бірінші ат Бекзат болса

echo "Сәлем, Бекзат!";}

elseif ($names[0] == "Айым"){

// егер жиымдағы бірінші ат Азат, Бекзат емес, Айым болса

echo "Сәлем, Айым!";}

else {

// егер жиымдағы бірінші ат Азат,Бекзат,Айым болмаса

echo "Сәлем, $names[0]. Ал сен кімсің?";}

?>

Осы скрипттің жұмысының нәтижесі мынадай болады::

Сәлем, Азат!


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: