Switch операторы

switch – бұл шарттарды тексеру мен соған байланысты әр түрлі әрекеттерді тармақты түрде орындаудың тағы да бір тәсілі. Бұл оператор аты қазақ тіліне «ауыстырғыш» (переключатель) деп аударылады. Оның мағынасы да осыған сәйкес келеді. Айнымалының қандай мәнге ие болғанына байланысты әр түрлі әрекеттер блогы орындалады. Бұл оператордың атқаратын жұмысы if...elseif...else операторлары тізбегіне немесе if операторлары тобына ұқсас болып келеді. switch құрылымын мынадай түрде жазуға болады:

switch (өрнек немесе айнымалы){case 1-мән: 1-орындау_блогы break;case 2-мән: 2-орындау_блогы break;... default: келісім_бойынша_орындау_блогы}

if операторынан айырмашылығы – бұл жерде өрнектің мәні логикалық типке келтіріл­мейді, ол тек case түйінді сөзінен (мәні1, мәні2 және т.б.) кейінгі мәндермен салыстырылады. Егер өрнектің мәні қандай да бір нұсқамен сәйкес келсе, онда сол жолдың орындау блогы атқарылады да, қос нүктеден кейінгі әрекеттер жолдың соңына дейін немесе break операторына (ол бар болса) дейін орындалады. Егер өрнектің мәні бірде-бір нұсқамен сәйкес келмесе, онда келісім бойынша орындау блогы, яғниdefault түйінді сөзінен кейінгі әрекеттер атқарылады. switch операторында өрнек бір рет қана есептеледі, ал elseif операторында ол әр тексеру сайын есептелінетін еді, сондықтан өрнек күрделі болғанда, switch операторы жылдам жұмыс істейді.

Алдыңғы мысалды осы switch операторын қолданып қайтадан шығарайық.

Мысал. switch шартты операторы

<?

$names = array("Азат","Бекзат","Айым");

switch ($names[0]){

case "Азат": echo "Сәлем, Азат!"; break;

case "Бекзат": echo "Сәлем, Бекзат!"; break;

case "Айым": echo "Сәлем, Айым!"; break;

default: echo "Сәлем, $names[0].Ал сіздің атыңыз кім?";

}

?>

Осы скрипттің де жұмысы нәтижесі мынадай болады:

Сәлем, Азат! While операторы While операторының құрылымы: while (өрнек) { орындау_блогы }

немесе

while (шарт): орындау_блогы endwhile; түрінде болады. Бұл – қарапайым цикл. Ол өрнек мәні false болғанша, орындау_блогын қайталап отырады (if операторындағы сияқты өрнек логикалық типке келтіріледі). Мұнда өрнек мәні цикл ішінде өзгертіледі де, ол цикл басында қайта есептелініп отырады. Енді осы оператор көмегімен 10-ға дейінгі жұп сандарды анықтау алгоритмін келтірейік.

Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: