Есептер

№7.Жабдықтардың алғашқы құны 256300 теңге, жож қүны 26000 теңге, қызмет мерзімі 30 жыл. Құнды біркелкі (түзу сызықты) есептен шығару әдісі бойынша амортизацияны есептеу керек. Ай сайынғы амортизациялық бөлулер сомасын анықтау керек.

№8.Кәсіпорын 2008 жылы 1-шілдеде 32000 теңгеге машина сатып алды. Машинаны жою құны 2000 теңге, пайдалы қызмет мерзімі 4 жыл. Кәсіпорынның есепті кезеңі календарлық жыл. Түзу сызықты, сандар сомасы бойынша (куммулятивтік),қалдықты азайту (200%) әдістері бойынша 2008 жэне 2009 жылдарға тозу шығындарын, 2010 жыл 31-желтоқсанға баланстық құнды есептеңіздер.

№9.Жабдық техникалық паспортына сәйкес 10500 бөлшек шығаруға қабілетті. Жабдық 186200 теңгеге сатып алынды. Жабдықты жеткізу және монтаждау шығындары 54305 теңгені қүрайды. Жабдықты жою құны 7000 теңге. Өндірістік әдіс бойынша амортизацияны есептеңіздер.

№10.Кәсіпорынды құруда келесідей шығындар болды: кеңес берушілік қызметі үшін-250000 теңге кәсіпорынды тіркеу бойынша шығындар-86900 теңге кәсіпорынды құрудағы басқа да шығындар-6500 теңге.

Материалдық емес актив түрін анықтаңыздвр, оның құнын жэне амортизациясын есептеңіздер. Шоттар байланысын беріңіздер.

Әдебиеттер

1. Толпаков, Ж.С. Бухгалтерлік есеп. II.-Қарағанды, 2009 жыл

2.Мырзалиев, Б.С. Бухгалтерлік есеп теориясы және тәжірибесі.- Алматы, 2008 жыл

3.Баймуханова С.Б. Қаржылық есеп Алматы 2007 жыл

4.Кеулімжаев Қ.К., Құдайбергенов Н.А. Бухгалтерлік есептің теориясы және негіздері Алматы 2006 жыл

Тақырып 9 Шығындар есебі

Тәжірибелік сабақ жоспары:

1.Шығындар анықтамасы

2.Шығындардың бухгалтерлік есебі

Әдістемелік нусқаулар- алғашқы қайнар көздермен жұмыс жасау, қойылған сұрақтар негізінде өзіндік талдау, қорытынды жасау.

Әдебиеттер

    Тақырып 10. Міндеттеме және капитал есебі.

    Тәжірибелік сабақ жоспары:

    1. Ағымдағы міндеттемелердің есебі.

    2. Ұзақ мерзімді міндеттемелер есебі.

    3.Капитал есебі

    Әдістемелік нусқаулар- алғашқы қайнар көздермен жұмыс жасау, қойылған сұрақтар негізінде өзіндік талдау, қорытынды жасау.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: