Justify – екі шетін де туралау

Соңғы мəнді justify қолдану қиын, өйткені ұзын сөзді тасымалдауды браузер білмейді (мысалы, орысша немесе қазақша мəтіндерді).

Жақтаулар.

border-style элементті қоршап тұратын жақтау сызықтардың түрін анықтайды. Мəндері мынадай:

none – жақтау жоқ (келісім бойынша); solid – кəдімгі тұтас жақтау;

double – қоссызық; groove – «ойыс» жақтау сызығы;

ridge – «дөңес» жақтау сызығы; inset – «ойыс» элемент;

outset – «дөңес» элемент.

border-color – жақтау сызығының түсін анықтайды. Бұл қасиет border-style берілсе ғана жұмыс істейді.

border-width – жақтау сызығының қалыңдығын береді. Бұл қасиет те border-style берілсе ғана жұмыс істейді. Қалыңдығын сан бірліктерімен (пайыздық жазу жоқ) немесе келесі сөздермен беруге болады:

thin – жіңішке; medium – орташа; thick – жуан.

margin – элементтегі блок шеттерінде бос қалатын өріс енін береді.

Санмен, пайызбен (блок ені негізінде) немесе түйінді сөзбен – auto беріледі. Auto болса, тиімді мəнді браузер өзі анықтайды.

padding – элемент пен жақтау арасындағы қашықтықты береді. Санмен немесе пайызбен беріледі.

Сыртқы түрді анықтау

width – элементтің енін тағайындайды. Санмен, пайызбен немесе auto түйінді сөзімен беріледі. Auto болса, тиімді мəнді браузер өзі анықтайды.. Бұл қасиет <DIV> и <SPAN> элементтері үшін қолданылады, олар элементтерді блокқа біріктіреді.

height – элемент биіктігін тағайындайды. Санмен немесе auto түйінді сөзімен беріледі. Бұл қасиет те <DIV> и <SPAN> элементтері үшін қолданылады.

Бір программа фрагментін толық келтірейік:

Мысал

<HTML> <HEAD>

<!-- Подключение свойств CSS -->

<STYLE type="text/css">

<!--

P {

font-family: "Arial Cyr",Helvetica,sans-serif;

font-size: 0.5cm;

color: blue;

background-color: yellow; }

-->

</STYLE>

<TITLE>Пример 4</TITLE>

</HEAD>

<BODY bgcolor=white text=black>

<P> Тестирование - это защитная сеть вокруг вашей программы, последняя и,

Порой, единственная надежда на серьезное повышение ее качества до того, как она выйдет в

свет (Лу Гринзоу "Философия программирования").

<H6 style="color: red; background-color: silver; letter-spacing: 20px">


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: