{
text-align: right;
color:red;
font-family: "Arial Cyr",
Geneva, sans-serif;}
-->
</STYLE> </HEAD>
<BODY bgcolor=#DFF0D5 text=black>
<H2> Жеке файл стилі </H2> <HR>
<P> Бұл қарапайым мəтін
<H3> Бұл тақырып </H3>
<P> Бұл да қарапайым мəтін
</BODY></HTML>
Браузер мұндағы тақырыптарды жұмыр қаріппен (рубленый қаріп) қызыл түсте оң жақ шетке туралап орналастырады. Браузердің мұндай əрекетін мынадай кодтар атқарады (3 мысал):
Мысал
<STYLE type="text/css">
<!--
Н1,Н2,НЗ,Н4,Н5,Н6
{
text-align: right;
color: red;
font-family: "Arial Cyr", Geneva, sans-serif;
}
--></STYLE>
Бұл мысалда үш сипаттама былай берілген:
• text-align: right; – оң жақ шетке туралау;
• color: red; – түсі қызыл;
• font-family: "Arial Cyr", – жұмыр қаріптер түрлері.
Geneva, Helvetica, sans-serif;
Тақырыптар Arial Cyr қарпімен берілуі тиіс (егер тұтынушы компьютерінде ол бар болса). Егер ол қаріп болмаса, браузер келесі көрсетілген Geneva, Helvetica қаріптерін немесе əйтеуір бір жұмыр қаріпті («sans-serif») пайдаланады. Егер бір де бірі табылмаса, «үнсіз келісім бойынша қаріпті» (по умолчанию), көбінесе Times New Roman қарпін қолданады.
|
|
11.Бірнеше HTML-файлдарға арналған стиль
Əдетте бірнеше файлдарға арналған стильдер басқа бір жеке файлға бөлек жазылады. Мұндай файл типі (кеңейтілуі).css болып жазылады. Мысалы, style.css файлына мынадай стильдерді жазайық:
BODY {margin-left: 40рх;}
Hl,H2,H3,H4,H5,H6
{
text-align: right;
color: red;
font-family: "Arial Cyr", Geneva, sans-serif;
}
Осы стильдерді іске қосу үшін HTML-файлдың тақырып <head>...</head> бөлігіне мынадай сілтеме орналастыру керек: <LINK rel=stylesheet type="text/css“ href=style.css>
Осы стильдік файлға бірнеше HTML-құжаттар сілтеме жасай алады. Осы файлға бір өзгеріс енгізу ішкі сілтемелері бар ондаған парақтарға əсер етеді. Мынадай стильдік анықтау body {margin-left: 40рх;} барлық жолдар үшін сол жақ шеттен 40 пиксель шегініс береді. Міне, HTML тіліндегідей тəг қолданбай, өріс көрсетпей, стиль арқылы ғана осындай мүмкіндіктер жасауға болады екен.