Белгілейді

Ескерту. 48-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа

енгізіледі) Заңымен.

49-бап. Жедел медициналық көмек

1. Жедел медициналық көмек - денсаулыққа келетін елеулі зиянның алдын алу немесе өмірге

төнген қатерді жою үшін шұғыл медициналық көмекті талап ететін аурулар мен жай-күй туындаған

кездегі медициналық көмек ұсыну нысаны.

2. Жедел медициналық көмек көрсету үшін Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау

саласындағы заңнамасында белгілеген тәртіппен жедел медициналық көмектің мамандандырылған

ұйымдары мен қызметтері құрылады.

3. Жедел медициналық көмек көрсету тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.

Ескерту. 49-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа

енгізіледі) Заңымен.

50-бап. Санитариялық авиация

1. Санитариялық авиация - пациенттің тұрған жеріндегі медициналық ұйымда медициналық

жабдықтың немесе тиісті біліктілігі бар мамандардың болмауы салдарынан медициналық көмек көрсету

мүмкін болмаған кезде халыққа шұғыл медициналық көмек ұсыну нысаны. Санитариялық авиация

нысанында медициналық көмек ұсыну әртүрлі көлік түрлерімен білікті мамандарды межелі жерге

жеткізу не науқасты тиісті медициналық ұйымға тасымалдау жолымен жүзеге асырылады.

2. Санитариялық авиация нысанында медициналық көмек ұсыну тәртібін Қазақстан

Республикасының Үкіметі белгілейді.

Ескерту. 50-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа

енгізіледі) Заңымен.

51-бап. Төтенше жағдайлар кезіндегі медициналық көмек

1.Төтенше жағдайлар кезіндегі медициналық көмек - әлеуметтік, табиғи және техногендік

сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде апаттар медицинасы қызметінің медициналық көмек көрсету

Нысаны.

2. Төтенше жағдайлар кезінде медициналық көмек ұсыну тәртібін, оның түрлері мен көлемін

Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

Ескерту. 51-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2013 № 121-V Конституциялық заңымен

(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

52-бап. Қалпына келтіру емі және медициналық оңалту

1. Қалпына келтіру емі және медициналық оңалту туа біткен және жүре келе пайда болған

аурулардан, сондай-ақ қатты, созылмалы аурулар және жарақаттар салдарынан зардап шегетін

азаматтарға көрсетіледі.

2. Қалпына келтіру емі және медициналық оңалту денсаулық сақтау ұйымдарында, сондай-ақ

санаториялық-курорттық ұйымдарда жүргізіледі.

3. Азаматтарға Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасында және

Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгіленген тәртіппен санаториялық-курорттық


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: